Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Жабындық ұлпа деген не?
2. Жабындық ұлпа пайда болуына және құрылысына қарай неше түрге бөлінеді?
3. Алғашқы жабындық ұлпа қандай өсімдіктерге тән?
4. Устьиценің құрылысы қандай?
5. Түктер қалай орналасады, олар қандай қызмет атқарады?
6. Соңғы жабындық ұлпа деген не? Оның қандай түрлері бар?
7. Тоз өсімдіктерінің қандай мүшелерінің сыртын қаптап жатады?
8. Тоз арқылы газ алмасу және булану(транспирация) қалай жүреді?
9. Жасымықшаның клеткалық құрылымы қандай?
2-жұмыс
Жұмыстың орындалу барысы.
А). Қосжарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасы.
Кәдімгі қызылбояу өсімдігі жапырағының эпидермасын сыдырып алып, заттық шыныға тамызылған глицерин тамшысына салып, бетін жабын әйнекпен жабады. Микроскопты кіші ұлғайтқышқа, одан соң үлкен ұлғайтқышқа қою арқылы эпидермисті қарайды. Эпидермистің негізгі клеткаларына, устьице типі, трихомалар түрлеріне назар аудару және суретін салу.
Түйнекті фломис өсімдігі жапырағы эпидермисінен препарат даярлау және суретін салу.
Қосжарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасы.
Кәдімгі қызыл бояу, подмаренник настоящий, Calium verum L..
Жапырақтың эпидермис клеткаларының қабықшасы әлсіз және орташа иректелген. Жоғары және төменгі эпидермис клеткаларының пішіні мен мөлшерінде айырмашылықтар бар. 1 мм (8х10) жоғарғы эпидермис клеткаларының саны орташа мөлшермен –201, 3; төменгі эпидермис клеткаларының орташа саны- 280, 7. Жоғарғы эпидермис клеткаларының санына қарағанда төменгі эпидермис клеткаларының саны артық. Устьица клеткаларының пішіні бүйрек тәріздес, 1 мм жоғарғы эпидермисте устьицалар саны- 55, 2; төменгі эпидермисте-51,1, устьицалар аппаратының типі- парацитті. Төменгі эпидермисте жай қарапайым түкшелер кездеседі. Олар бір клеткалы, түзу болып келген және ұшы өсіндімен аяқталады.
Түйнекті фломис, зопник клубненосный, Phlomus tuberosa L Жапырақтың эпидермис клеткаларының қабықшасы иректелген. Төменгі эпидермис клеткаларына қарағанда жоғарғы эпидермис клеткалары кеңейген.1 мм жоғарғы эпидермис клеткаларының орташа саны – 465, 2; төменгі эпидермис клеткаларының орташа саны- 546, 23. Жапырағы гипостоматикалық, яғни устьицалар төменгі эпидермисте кездеседі. Устьицалар 3-6 клеткалармен қоршалған, аномоцитті. Жоғарғы эпидермисте 3-4 клеткалы қарапайым түкшелер шашыранды орналасқан. Сонымен қатар, эфир майлы бездер кездеседі. Төменгі эпидермисте жүйкенің маңайында жай түкшелерде бар. Ұзын, бұтақтанған және безді түкшелердің түрлері де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |