Дурмекбаева Шынар Нурлыбековна 6B01514 Биология 6В01507 Химия-биология мамандығының студенттері үшін Ботаника пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған Әдістемелік нұсқаулар



жүктеу 0,79 Mb.
бет1/29
Дата17.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#39289
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
botanika zerthanal k sabaktar (1)


Н.4.02-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
ОӘК шешімімен
Төраға
Касенова Б.
« » 08 2019 ж.
Биология және оқыту әдістемесі кафедрасы
Дурмекбаева Шынар Нурлыбековна
6B01514 Биология
6В01507 Химия-биология
мамандығының студенттері үшін

Ботаника

пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Оқу нысаны: күндізгі


Көкшетау 2019 ж.
Әдістемелік нұсқаулар Ботаника пәнінің силлабусына сәйкес құрылған және курс зертханалық жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.
Биология және оқыту әдістемесі кафедрасының отырысында бекітілген
«____» _______________ 2019 ж. /№ _1_________хаттама/

Кафедра меңгерушісі Дурмекбаева Ш.Н.


Жаратылыстану- ғылымдары факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
«____» ____ 2019 ж. /№ ______1____хаттама/

ОӘК төрағасы Касенова Б.



Зертханалық жұмыс № 1-2


ТАҚЫРЫБЫ: Микроскоп құрылысы және онымен жұмыс істеу. Препараттар даярлау. Өсімдіктер клеткасының құрылысы. Хлоропластар.
Тапсырма.

  1. Микроскоп құрылысы және жұмыс істеу ережелерімен танысу.

  2. Препараттарды даярлау техникасымен танысу.

  3. Басты пияз (Allium cepa) клеткасының цитоплазма, ядро, пластидтер, вакуоль және клетка қабықшасын қарау.

  4. Сужапырақ өсімдігі (Elodes canadensia) жапырағындағы хлоропластар ды анықтау.

Қажетті материалдар мен құралдар: Басты пияз (Allium cepa), сужапырақ (Elodea canadensis) өсімдігінің жас немесе фиксацияланған өркендері, микроскоп, препаральды лупа, препаральды ине, заттық шыны және жабындық әйнек, су.
Тапсырмаға түсініктеме. Жарық (немее оптикалық) микроскоп – зерттелетін заттың кері бейнесін ұлғайтып көрсететін құрал.
Оқу лабораториясында биологиялық микроскоптар М-9, МБИ – 1 жиі қолданылады. Мккроскоптың негізгі бөлімі болып оптикалық жүйесі, қосымша болып жарық беру және механикалық құрылымы табылады.
Оптикалық бөлімге обьектив және окуляр жатады. Обьектив ұлғайтылуы 8, 20, 40 және 90. Бұл сандар обьектив цилиндрінде көрсетілген. «90» обьективті қолдану кезінде линза мен зерттелетін обьект арасына иммерсионды сұйықтық қажет (кедр майы, синтетикалық алмастырушылар және т.б.). Окуляр цилиндрге орналастырылған екі линзадан тұрады, онда 7х, 10х, 15х және т.б. ұлғайтулар көрсетілген. Окуляр арқылы обьектив көмегімен бірге ұлғайтылған зат бейнесін көреміз. Жалпы ұлғайтылуды анықтау үшін окуляр көрсеткішін обьектив көрсеткішіне көбейтіледі. Жарық бергіш құрылым жарықтың обьектіге бағытталуы үшін және жарық күшін реттеу үшін қажет. Оған айна, иристі диафрагма және конденсор жатады. Айна қозғалмалы орналасқан және ойыс және дөңес беткейі бар. Жарықтың әлсіз көзінде айнаның дөңес, ашық жарықта ойыс беткейін қолдану қажет. Жасанды жарық кезінде жарық фильтрі қолданылады. Иристі диафрагма қозғалмалы металл пластинкасынан тұрады және жарық интенсивтілігін реттеу үшін қажет. Конденсор көмегімен арнайы бұранда арқылы айнадан өтетін жарық сәулелері концентрленеді. Конденсор 2-3 линзадан тұрады. Жарық құрылымын дұрыс пайдалану зерттелетін обьектінің нақты және жақсы жарықталған кескінін береді.
Механикалық бөлім штатив, заттық үстелше және препаратты бекітушіден тұрады. Штатив негізден және тубус ұстағыштан тұрады. Негіз микроскопқа беріктік қасиет береді. Тубус ұстағышқа окуляр бекітілген. Микроскопты тасымалдағанда тубус ұстағыш ручка ретінде қолданылады. Окулярға қарама- қарсы тубус бөлімінде обьектив цилиндрі бекітілетін ұяшықтары бар айналмалы револьвер орналасады. Егер микроскопта тубус вертикальды орналасса, жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін студент өзіне қарай бұра алады.
Револьвер астындағы үстелшеге препарат қойылатындықтан, ол заттық үстелше деп аталады. Оның ортасында жарық сәулелері өтетін саңылау болады. Заттық шыны заттық үстелшеге қойылып, арнайы бекіткіш- клемм арқылы бекітіледі. Үстелшені айналмалы қозғау оның бүйір жанында орналасқан екі бұранда арқылы жүзеге асады.
Микроскопты дұрыс қоюда макробұранда- кремальера және микробұранда- қолданылады.
Микроскоп дұрыс және қарауды талап ететін құрал. Оны құрғақ, таза ұстау қажет және оған реактив тамуына жол бермеу керек. Үстелге қою кезінде және тасымалдауда абай болуы керек. Микроскопты арнайы жәшікте немесе тығыз матамен немесе полиэтиленді пленкамен жауып қою қажет.

  1. жүктеу 0,79 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау