Дурмекбаева Шынар Нурлыбековна 6B01514 Биология 6В01507 Химия-биология мамандығының студенттері үшін Ботаника пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған Әдістемелік нұсқаулар


-жұмыс. Препараттарды даярлау техникасымен танысу. Уақытша препарат даярлау



жүктеу 0,79 Mb.
бет3/29
Дата17.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#39289
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
botanika zerthanal k sabaktar (1)

2-жұмыс. Препараттарды даярлау техникасымен танысу.
Уақытша препарат даярлау. Өсімдіктердің анатомиялық құрылысын қарастыру үшін уақытша препараттар даярланады.
Препарат жасауға қажет құралдар: заттық және жабын әйнектер, пипетка, зерттелетін зат, сорғыш қағаз, сапты ине, глицерин, су, ұстара немесе, скальпель, пинцет және бритва.
Заттық шыныға пипеткамен бір тамшы су тамызады. Өсімдік мүшесінен жұқа көлденең немесе ұзынынан кесінді даярлап, тамшы суға орналастырылады да, сапты инемен түзейді. Жабын әйнекпен ауа қалмайтындай, ақырындап жабады. Жабу үшін сапты инені сол қолымен ұстап, оның ұшын тамшы судың сол жақ жиегіне қарай қисайта тіреу қажет. Онан соң оң қолмен жабын әйнектің бір жиегін суға тіреулі тұрған инеге тақап барып, жабу керек. Мұқият жабу арқылы зерттелетін зат пен судың арасында ауа көпіршіктері қалмайды.


Пайданылатын әдебиеттер:
Ш.Н: Дүрмекбаева. «Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы». Көкшетау. 2004. – Б. 4-15.


  1. Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Өсімдіктер клеткасы қандай екі бөлікке (протопласт және қалған бөлігі) бөліп қарастырамыз? Бұлардың бір-бірінен негізгі айырмасы неде?

  2. Қандай органеллалар цитоплазманың субмикроскопиялық құрылымын құрайды?

  3. Ядроны құрылымдық элементтері, химиялық құрамы және атқаратын қызметі қандай?

  4. Мацерацияланған клеткалар деп қандай клеткаларды атаймыз? Оның себебі неде?

  5. Жарық микроскопымен қарағанда клетка құрылысының қандай бөліктерін көреміз.

  6. Хлоропласттың пигменттік құрамы , атқаратын қызметі қандай?

  7. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің хлоропласты мен төменгі сатыдағылар хроматофорларының пішіндері қандай?

  8. Хлоропластың мембраналық құрылысы ( строма, тилакоидттар немесе ламеллалар, грандар) неден тұрады?

Басты пияз (Allium cepa) шырынды қабыршақтары – эпидерманың тірі клеткалары микроскоп арқылы ядро және цитоплазма, сонымен қатар, клетка қабықшасы, вакуольді оқып- үйренуде жақсы обьект болып саналады.


Ядро сыртынан ядро қабықшасымен қапталған, іші ядро шырынынан тұрады. Онда хромосомалы- ядрошықты комплекс орналасқан. Алайда бөлінбеген клеткада хромосомалар көрінбейді. Оларды клетканың бөлінуі кезінде, яғни қысқарып, жуандағанда байқалады ( ядроның бөлінуі 2 тақырыпта оқытылады). Ядрошықтар (саны 2) бөлінбеген клеткада анық көрінеді.
Клетка қабықшасы микроскоп арқылы линиялар түрінде байқалады.

жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау