Бақылау тапсырмалары:
1) Күрделігүлділер тұқымдасына (Compositae) жататын 2-3 түрді морфологиялық жағынан сипаттау.
2) Күрделігүлділер тұқымдасына (Compositae) жататын 2-3 түрдің морфологиялық сипаттамасын жазғаннан кейін анықтағыштың көмегімен өсімдіктердің түрлерін анықтау.
Зертханалық сабақ № 29, 30
Сабақ тақырыбы. Астық тұқымдасы - Gramineae.
Сабақ мақсаты. Астық тұқымдасының (Gramineae) түрлерімен танысу.
Тапсырма.
1. Астық тұқымдасының (Gramineae) түрлерін морфологиялық талдау.
Қажетті құрал-жабдықтар.
Табиғи құралдар: астық тұқымдасының (Gramineae) түрлерінің жинақтамасы.
Қосымша құрал-жабдықтар: зертханалық жұмысқа арналған дәптер, сурет салатын альбом, жай қарындаш, қара және қызыл түсті қалам, түрлі түсті қарындаштар.
|
Астық тұқымдасы - Gramineae
|
1
|
Бамбуктәрізділер тұқымдас тармағы - Bambusoideae
|
-
|
Саса туысы - Sasa
|
-
|
Филлострахис туысы - Phyllostachys
|
-
|
Арундинария туысы - Arundinaria
|
2
|
Қоңырбастар тұқымдас тармағы - Poaeoideae
|
-
|
Бидай туысы - Triticum
|
|
Қатты бидай
|
T. durum
|
|
Жұмсақ бидай
|
T. aestivum
|
|
Екі дәнді бидай
|
T. dicoccum
|
-
|
Қарабидай туысы - Secale
|
|
Жабайы қарабидай
|
S. sylvestre
|
|
Мәдени қарабидай
|
S. cereal
|
-
|
Арпа туысы - Hordeum
|
|
Қосқатар арпа
|
H. distichum
|
|
Кәдімгі арпа
|
H. vulgare
|
-
|
Сұлы туысы - Avena
|
|
Қарасұлы
|
A. fatua
|
|
Егістік сұлы
|
A. sativa
|
-
|
Қоңырбас туысы - Poa
|
|
Жуашық қоңырбас
|
P. bulboga
|
|
Шалғын қоңырбас
|
P. pratensis
|
|
Біржылдық қоңырбас
|
P. annua
|
-
|
Бидайық туысы - Agropyron
|
|
Жатаған бидайық
|
A. repens
|
-
|
Арпабас туысы - Bromus
|
|
Қылтанақсыз арпабас
|
B. inermis
|
|
Тарақбоз
|
B. tectorum
|
|
Қарабидай арпабасы
|
B. secalinus
|
3
|
Тарылар тұқымдас тармағы - Panicoideae
|
-
|
Жүгері туысы - Zea
|
|
Кәдімгі жүгері
|
Z. mays
|
|
Көпжылдық жүгері
|
Z. diploperenne
|
-
|
Күріш туысы - Oryza
|
|
Екпе күріш
|
O. sativa
|
-
|
Құмай туысы - Sorghum
|
|
Кәдімгі құмай қонақ
|
S. vulgare
|
|
Жүгері
|
S. burra
|
|
Құмай
|
S. halepense
|
-
|
Тары туысы - Panicum
|
|
Тары
|
P. miliaceum
|
-
|
Борыққамыс туысы - Saccharum
|
|
Борыққамыс
|
S. officinarum
|
|
Жабайы борыққамыс
|
S. spontaneum
|
1-тапсырма. Астық тұқымдасының (Gramineae) түрлерін морфологиялық талдау.
Астық тұқымдасының (Gramineae) түрлерін анықтауға кіріспес бұрын оған морфологиялық талдау жүргізу қажет, содан кейін тиісті сипаттамалар жасалынып, жекелеген мүшелері сурет салатын альбомға салынады.
Өсімдіктерді морфологиялық талдау мынадай жоспар бойынша жүргізіледі:
1) Бір-, екі- немесе көпжылдық өсімдік.
2) Дара- немесе қосжынысты өсімдік.
3) Тамыр жүйесі шашақ, кіндік немесе аралас.
4) Сабағы тік, жатаған, өрмелегіш, шырмалғыш. Домалақ, қырлы. Сабақ ортасы толық немесе қуыс. Түктері бар немесе жалаңаш. Өркеннің түр өзгерістері бар ма? Қандай?
5) Жапырағы сағақты, сағақсыз. Жапырақ серігі бар немесе жоқ. Жапырақ тақтасының пішіні және шеті қандай? Жүйкеленуі қандай? Түсі қандай, түктері бар немесе жоқ?
6) Жапырақтың түр өзгерісі бар ма? Егер жапырақ күрделі болса, қандай: қауырсынды күрделі немесе саусақты күрделі, жапырақшалары қандай?
7) Жапырақтарының орналасуы қарама-қарсы, кезектесіп немесе шоқтанып.
8) Гүлдері жеке немесе гүлшоғырына біріккен бе? Гүлшоғыры моноподиальды немесе симподиальды.
9) Моноподиальды гүлшоғыры жай (шашақ, масақ, собық, себет, шатыр, қалқанша) немесе күрделі (сыпыртқы, күрделі масақ және т.б.).
10) Гүлі актиноморфты немесе зигоморфты.
11) Гүлсерігі жай немесе қосарланған.
12) Тостағаншасы біріккен немесе бірікпеген.
13) Күлтесі біріккен немесе жеке, күлте жапырақшаларының саны.
14) Аталығы жеке немесе біріккен. Мөлшері бірдей немесе әр түрлі. Аталығы қанша?
15) Аналығы біреу немесе бірнешеу. Жатыны қандай (жоғарғы, ортаңғы, төменгі)?
16) Жемісі жай немесе күрделі. Құрғақ немесе шырынды. Жеміс типі.
17) Жемісте тұқым саны нешеу? Тұқымның сыртқы құрылысы қандай?
Астық тұқымдасының (Gramineae) түрлеріне морфологиялық талдау жасағаннан кейін гүлдің және оның жеке бөліктерінің, жапырақтың және басқа мүшелерінің суреттері сурет салатын альбомға салынады.
Содан соң астық тұқымдасына (Gramineae) жататын түрді анықтауға кіріседі. Өсімдіктердің түрлерін анықтауға арналған кітаптың (анықтағыш) екіге айрылатын, дихотомиялық белгілері бойынша құрастырылған, тұқымдасты, туысты және түрді анықтауға арналған кестесі болады. Бұл әрбір сатысы екі, кейде үш бөліктен - тезадан, антитезадан, синтезадан тұратын сандармен белгіленген (1, 2, 3 және т.б.) кесте. Анықтауды бірінші сатыдан бастайды: тезаны және антитезаны түгелімен оқып шығып, бір-бірімен салыстырады, содан соң оларды анықтап отырған өсімдікке белгілері сәйкес келетінін таңдап алады. Егер де таңдап алған тезаның немесе антитезаның соңында сан тұрса, онда анықтауды одан әрі жалғастыру қажет. Ол үшін сандармен көрсетілген келесі сатыға көшеді. Осылайша таңдап алынған тезаның немесе антитезаның соңында тұқымдастың аты берілгенше сатыдан сатыға көшіп отырады.
Тұқымдастың атының қасындағы тұрған сан туысты анықтауға арналған кестенің қай бетте тұрғандығын көрсетеді. Туысты анықтауда сол жоғарыда көрсетілген тәсілмен жүргізіледі.
Туыстың атының қасында тұрған сан түрді анықтауға арналған кестенің нөмірін көрсетеді. Түрдің атынан кейін қысқартылған немесе толық түрде, осы түрді ғылымға алғаш рет таныстырып, сипаттап жазған ғалымның тегі тұрады.
Анықтаудың нәтижесінде тұқымдастың, туыстың және түрдің ғылыми (латын тіліндегі) атын және олардың орысша (егер мүмкін болса қазақша) баламаларын табады.
Бақылау тапсырмалары:
1) Астық тұқымдасына (Gramineae) жататын 2-3 түрді морфологиялық жағынан сипаттау.
2) Астық тұқымдасына (Gramineae) жататын 2-3 түрдің морфологиялық сипаттамасын жазғаннан кейін анықтағыштың көмегімен өсімдіктердің түрлерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |