Ашытқы саңырауқұлағы (Saccharomyces cerevisidae)
Ашытқы саңырауқұлағы (сызбанұсқасы):
1-ядро; 2-митохондрия; 3-вакуоль; 4-Гольджи жиынтығы; 5-эндоплазмалық тор; 6-бөлініп шығатын көпіршіктер; 7-шыны май тамшылары; 8-плазмалемма;
9-қабықшасы; 10-бүршіктену арқылы бөлінген жасушалардың ізі; 11-фагосомалар; 12-пиноцитозды көпіршіктер; 13-липидті қосымша заттар; 14-сеграциялық көпіршіктер; 15-бүршіктенудің бастамасы.
Петри табақшасына 20% қант ерітіндісіне нан ашытқысын, олардың арақатынасы 10 мл. : 1 г. болатындай езіп салады да, ашытқы саңырауқұлақтарының белсенділігін арттыру үшін жылы жерге апарып қояды. Содан кейін ашытқы саңырауқұлағынан (Saccharomyces cerevisidae) уақытша препарат дайындау үшін заттық шыныға бір тамшы дайын болған ерітіндіні тамызады. Ашытқы саңырауқұлағынан (Saccharomyces cerevisidae) дайындалған уақытша препаратты алдымен микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қарап, одан кейін үлкен ұлғайтқышқа ауыстырады. Сол кезде ашытқы саңырауқұлағының (Saccharomyces cerevisidae) талломы бір жасушалы екендігін және оның вегетативті көбеюі бүршіктену арқылы жүзеге асатынын көруге болады. Ашытқы саңырауқұлағының (Saccharomyces cerevisidae) қолайлы жағдайда бүршіктенуі тез жүретіндігі сонша тіпті жасушалар бір-бірінен ажырап үлгермейді. Бір тәуліктің ішінде мұндай жасушадан миллиондаған ұрпақ пайда болады.
Ашытқының тіршілік айналымы:
А-бүршіктенуі; Б-жыныс үрдісі; М-мейоз:
1-вегетативті дара; 2-3-бүршіктенуші жасушалар;
4-5-аскостромада қалтаның түзілуі; 6-аскоспоралардың бүршіктенуі.
3-тапсырма. Эуаскомицеттер класс тармағының өкілі - пенициллді (Penicillium) табиғи жағдайда өсіріп, оның сыртқы құрылысын қарастыру.
Пенициллді (Penicillium) табиғи жағдайда, яғни бүлінген тағамдарда (су тиіп ылғалданған нан, бүлінген көкөністер, т.б.) өсіруге болады. Пенициллдің (Penicillium) гифалары бірнеше бөліктерге бөлініп, тарамдалған жіпшелерден тұрады, олардың әрқайсысының ішінде бір-бірден соқтасы болады. Жыныссыз көбеюі конидийлері арқылы жүзеге асады. Конидия сағағы көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді. Олардың жоғарғы ұшы тарамдалған болады. Сағақтың стеригм деп аталатын бұтақшасынан конидийдің тізбегі кетіп жатады. Жаңа пайда болған конидийлері тізбектің түп жағында, ал бұрын пайда болғандары (пісіп-жетілгендері) - оның ұшында орналасады. Бөлініп шыққан конидийлері ауаның ағынымен өсуге қолайлы жерге барып түседі де, мицелий түзіледі.
Пенициллдің (Penicillium) жемісті денесі - клейстотеций. Клейстотеций - тұйықталған, шар тәрізді жемісті дене, қалта оның ішінде көбінесе ретсіз орналасады. Қалта жемісті дененің қабықшасының жыртылуының нәтижесінде босап шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |