Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет50/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66

122 
 
Біз дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша 
болашақ  дене  шынықтыру  және  спорт  мамандарын  дайындауда  оқу  үдерісін 
ұйымдастырудың мынадай әдістері мен құралдарының кешенін  әзірледік: 
1. Құзыреттілік тәсілі негізінде әзірленген тапсырмалар. 
2. Оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдары. 
3.  Танысу,  қарым-қатынас  және  көшбасшылық    ойындары-  тренингтер. 
Жоғарыда аталғандай, құзыреттілік амал негізінде құрастырылған тапсырмалар 
мен  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  тиімді  жолдарын  біз  29-кестеде  ұсынамыз 
[241].  
 
29-кесте  ‒  Дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі  саласындағы  маркетинг 
бойынша  болашақ  дене  шынықтыру  және  спорт  мамандарын  дайындауда  оқу 
үдерісін ұйымдастырудың тапсырмалары мен түрлері 
 
Тапсырмалардың мазмұны 
Өткізу жолы 


Сізге жақсы таныс дене шынықтыру-спорт ұйымын таңдап, 
оның  маркетинг  саясатының  басты  бағыттарын,  нақты  
маркетингтік 
шаралардың 
мысалдарын 
келтіріп, 
сипаттаңыз.  
Презентация 
негізінде 
талдау  
Дене  шынықтыру-спорт  ұйымы  институционализациясы 
және  дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметін лицензиялау 
рәсімдерін сипаттау 
Жобаларды 
қорғау. 
Пікірталас. 
Түрлі  типтегі  білім  беру  ұйымдары,  балалар-жасөспірімдер 
спорт  клубы  немесе  балалар-жасөспірімдер  спорт  мектебі 
спорт  жарыстары  мен  дене  шынықтыру-сауықтыру 
шараларының жылдық күнтізбелік жоспарын дайындау; 
Жоспар бағдарлама 
Таңдаған  дене  шынықтыру  мен  спорт  түріндегі  қызметтер 
нарығында пайдаланушы сұранысының үлгісін дайындау   
Модель 
(үлгі) 
Сізге  жақсы  таныс  дене  шынықтыру-спорт  ұйымын 
қарастырыңыз.    Осы  ұйым  ұсынатын  үйлесімді  және 
қосымша  қызметтердің    жиынтығына  сипаттама  беріңіз. 
Сіздің ойыңызша,  оның қызмет көрсету саясатының күшті 
және  әлсіз  жақтары  неде?  Осы  ұйымдағы  қызмет  көрсету 
жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар беріңіз.  
Мини-жоба қорғау 
Бұқаралық  сауықтыру  жұмыстарын  ұйымдастырудың 
отандық және шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы талдау 
жүргізу  
салыстырмалы талдау 
Халықты,  соның  ішінде,  ең  алдымен,  жастарды  жүйелі 
түрде    дене  шынықтыру  және  спортпен  айналысуға  тарту 
жөніндегі үгіт-насихат жұмысы әдістерін меңгергендігіңізді 
көрсетіңіз. 
Үлгі-насихат парақшалары 
Спорт 
мектебі 
қызметін 
ұйымдастырудың 
негізгі 
қағидаттарын сипаттаңыз.  
Жазбаша 
 
Танымал дене шынықтыру-спорт ұйымы ұсынатын қызмет 
пакеттерінің  біріне  «сапа  ағашын»  құрастырыңыз.  Оның 
сапасын көтеру жөнінде өз ұсыныстарыңызды беріңіз. 
«Сапа ағашының» үлгісі 


123 
 
29 – кестенің  жалғасы 
 


Спорт  кешеніне  маркетинг  тұрғысынан  сипаттама  беріңіз. 
Осы  кешен  үшін  дене  шынықтыру-спорт  қызметтерін 
өткізуді ынталандыру бағдарламасын дайындаңыз.   
Бағдарлама 
Спорт қызметі туралы келісім-шарт құрастыру  
Сызба- келісімшарт 
Маркетинг қызметі жөнінде ереже дайындау 
Ереже 
Дене  шынықтыру-спорт  бағытындағы  ұйымның  маркетинг 
қызметі стратегиясын дайындау  
 
Жоспар-стратегия 
«Маркетинг»  және  «спорт  маркетингі»  ұғымдарының  мәні 
мен мазмұнын ашу үшін  контент талдау жасау. 
Контент-талдау 
Спорт маркетингіндегі шетелдік үлгілерді жүйелеу  
Портфолио жасау 
 
Қорыта  айтқанда,  барлық  тапсырмалар  маркетинг  және  менеджмент, 
демеушілік  және  PR  іс-зерттеу  негізінде  дене  шынықтыру-спорт бағытындағы 
ұйымның  маркетинг  қызметі  және  спорт  қызметтері  нарығында  жұмыс  істеу 
үшін арналғандығын атап көрсету керек. 
Біз  сондай-ақ  дене шынықтыру-спорт  қызметі  саласындағы  маркетингпен 
болашақ  мамандарды  таныстыруға    бағытталған  ойын-тренинг  кешенін 
көшбасшылық, байланыс дағдыларын қалыптастыруға бағыттап ұсынамыз: 
«Корпоративтік мәдениеттің элементтері» 
Қатысушылар  топ  құруға  шақырылады.  Келесі  кезекте  корпоративтік 
мәдениеттің  құрамдас  бөліктерін  (дәстүрлерді,  әдет,  байланыс  және  т.б.) 
айқындау  керек.  Әр  топ  корпоративтік  мәдениеттің  бірден  үшке  дейінгі  
компоненттерін  жобалауға  алады.  Жаттықтырушы  мынадай  нұсқау  береді: 
«Міндетіңіз  бірлесіп  студенттік  топтың  (курс,  факультет,  университеттің) 
корпоративтік  мәдениет  компоненттерін  дайындап  көрсету    болып  табылады. 
Әр  топ  корпоративтік  мәдениеттің  өз  ерекшелігін  көрсетеді.  Бұл  жұмысты 
орындауға сіздерге  30 минут беріледі. Оның ішіне баяндама дайындау уақыты 
да  енеді.    Баяндама  жасалған  соң,  корпоративтік  мәдениеттің  құрылымдары,   
өзара байланысы талқыланады,  
 «Команданың миссиясы» 
Жаттықтырушы  қатысушыға  команданың  миссиясы  туралы  жеке 
көзқарастарын  білдіруді    ұсынады.  Оны  өзі  ойлап  тауып  бір  бейне,  теңеу, 
немесе  символ  арқылы  білдіруі  тиіс.    Әрбір  қатысушы  өз  метафорасын 
ұсынады, содан кейін топ мынадай мәселелерді талқылауға көшеді:  осы образ-
бейнелердің бәріне ортақ бір нәрсе бар ма? 
Барлық  суреттер  де  сізге  ұнады  ма?  Ойыңызға  неге  осы  немесе  басқа 
образдар  келді?  Жаттығудың  екінші  бөлігінде  қатысушылар  мінсіз 
миссиясының    метафорасын  жасайды.  Әркімді  тыңдап  болғаннан  кейін, 
қайтадан барлық метафораларға ортақ тұстарды табуға  тырысу керек және топ 
мүшелерінен көзделген мақсаттарды көрсету талап етіледі.  


124 
 
«Ынтымақтастық метафора» 
Қатысушылар  тобындағы  командалардың  арасында  өзара  әрекеттестікті 
көрсететін  карикатура  жасауға  міндеттеледі.  Сурет,  нобай,  және  т.б.  арқылы 
карикатура түрлі нысандарда ұсынылуы мүмкін. 
«Басқа командалармен өзара әрекеттестік» 
Топ  үш  командаға  бөлінеді.  Картоннан  түсті  бөліктерін  қосып 
араластырыңыз  да,  үш  команда  арасында  кездейсоқ  түрде  оларды  таратыңыз.  
Таратылған қиындылар саны әр командада біркелкі болмаса оның  айыбы жоқ. 
Әрбір  команда  орындарына    отырады.    Міндет  тұтас  парақ  болатындай  етіп 
қиындылардың түрлі бөліктерін сәйкестіре құрастыру болып табылады. 
Жетіспейтін  бөліктерін  алу  үшін,  команда  басқа  командалардың 
делдалдармен  алмасуды  өткізетін  екі  адамды  шығарады.  Ортада  жүретін  
делдал кез келген адам болуы мүмкін. 
Әр  топ  қай  түсті    жинап  құрастыратыны  туралы  өзі  шешім  қабылдайды. 
Бірінші болып бір түсті бөліктерді толық жинаған топ жеңімпаз болады. 
«Ой ұшқырлығы» 
Топ    қарапайым  міндетті  шешу  үшін  бірнеше  топшаларға  бөлінеді. 
Мақсат- ұшқыр ойлауға, салмақты шешім қабылдауға дағдыландыру. Мысалы, 
қарындаш,  өшіргіш  немесе  фанерді    қолданудың  мейлінше  көп  жолдарын  5 
минутта ойлап табу. Миға шабуыл тәртібінде   топшалар көп шешімдер ойлап 
табу жолында бәсекеге түседі. 
«Орындықты орнына қойыңыз» 
Ортаға  қысқаша  тәжірибеге  қатысуға  еріктілерді  шақырыңыз.  Оларға: 
«орындықты  аяғынан    көтеріп,  оны  қолыңызды  алға  созған  күйі  алдыңызда 
ұстап  тұрыңыз.  Енді  аяқ-қолды  бүкпей,  өзіңіз  еңкеймей  тігіңізден  тік  тұрып 
жерге қойыңыз, Орындықты түсіріп алуға болмайды. 
Қатысушы  алдымен  өзінің  ойына  келген  әдістің  бәрін  байқап  көрсін.  Ал 
қарапайым  және  тек  жалғыз  ғана    оң  шешім  -  ол    орындықты  алып,  қалыпты 
бұзбай жерге қою үшін басқа қатысушылардан көмек сұрау болып табылады. 
«Шеңберден босап шық!». 
Барлық    қатысушылар  шеңбер  құрып  дөңгелене  тұра  қалады  да,  бір-
бірлерінің  қолынан ұстап тұрады. Шеңбердің ішіне өз қалауымен кірген адам 
2-3  минут  ішінде  қайтадан  босап  шығуға  міндетті.  Бірақ  одан  шығу  тіпті  де 
мүмкін емес. Шыға алмаған қатысушы өлген болып есептеледі. Өйткені ешкім 
қолын ажыратпайды. Егер біреу қолын босатып шеңберден шығуға көмектессе, 
онда ол да өз еркі.  Өмір сүруге деген өз ынтасын дәлелдей алатын қатысушы 
ғана  шеңберден босап шыға алады. 
«Мақсатты сұхбат». 
Бұл  ойын  жұппен  жүргізілетін  жұмыстың  бір  түрі.  Қатысушыларға 
сұрақтар  тізімі  беріледі.  Олардың  бір-біріне  қойған    сұрақтарға  жауаптары  
негізінде  қатысушы  әріптесі    туралы  хабарлама  дайындайды.  Хабарлама 
тұсаукесерін  басқа қатысушыларға көрсетеді.   


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау