5
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
қолданылған
Уәждеме
–
түбінде
бір
адамның
сұраныстарының
толық
қанағаттандырылуына әкеп соғатын қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге
асыруға итермелейтін оның бойындағы белсенді күйі.
Қызмет – орындалуы кезінде материалдық-затты өнім ретінде болмаған,
жаңа нәрсе түзілмейтін, бірақ бар, жасалған өнімнің сапасын өзгертетін іс-
әрекет, жұмыс.
Қызмет көрсету нарығы – өндірісті емес сала өнімдері еңбегінің
нәтижелері болып табылатын қызметтермен алмасу саласы.
Салауатты өмір салты – жеке тұлғаның күнделікті мәдени тіршілік
әрекетінің нормаларын, құндылықтарын, оның қызметімен реттелетін мәнділігі
мен нәтижелерін біріктіретін, оқу-еңбектену, әлеуметтік және биологиялық
қызметтердің толыққанды, шектеусіз орындалуына ықпал ететін ағзаның
бейімделулі мүмкіндіктерін нығайтатын түрлері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Желілі маркетинг – тәуелсіз дистрибьюторлар басқа да тәуелсіз
дистрибьюторларды үйрете алатын құқық алатындай және осы өзінің
үйренгендерін сатудан комиссиялық үлесін алатын кез келген жүзеге асырылу
жолы.
Функционалды бәсекелестік – тауарлар (қызмет) – ауыстырымдар
арасындағы бәсекелестік.
Маркетинг (ағылшын market – нарық) – нақты тұтынушылардың
сұраныстарын қанағаттандыруға және нарықты зерттеу мен болжау негізінде
табыс табуға, өндіріс-экспортердің сыртқы және ішкі ортасын зерттеуге,
маркетингті бағдарламалардың көмегімен нарықтағы іс-әрекеттің стратегиясы
мен тактикасын жасауға бағдарланған өнім өндірудің кешенді жүйесі.
Маркетинг – нақты бір тіршілік деңгейін қамтамасыз ететін адамдардың
тауарлар мен қызметтер өніміне берілетін үдеріс.
Спорттағы маркетинг – бұл нарықтық қызмет, сондықтан спорттың
қаржылық мүмкіндіктері дамуының нақты келешегін қарастыруға болады.
Дене шынықтыру және спорт саласы маркетингі– белсенді демалыс
саласын, дене шынықтыру бойынша білім беру мен спортты дамыту бойынша,
сондай-ақ, олардың сұраныстары мен талаптарын қанағаттандыру үшін дене
шынықтырумен және спортпен шұғылдануда дене шынықтыру-спорттық іс-
шаралардың көрермендері ретінде тұрғындарды баулуға арналған нарықтық
қызмет.
Өнім сапасын басқару – оңтайлы сапалы өнім жасауды және оның
толыққанды қолданылуын қамтамасыз ететін факторлар мен жағдайларға
барлық деңгейде
әсер ететін тұрақты, жоспарлы, мақсатты-бағытты үдеріс.
7
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Б
- Белсенділік
ҚазСТА
- Қазақ
спорт және туризм академиясы
БТ
- Бақылау тобы
ЭТ
- Эксперименттік топ
ДШжС
- Дене шынықтыру және спорт
СӨЖ
- Студенттің өзіндік
жұмысы
СОӨЖ
- Студенттің оқытушы көмегімен өзіндік жұмысы
Абай
ат.ҚазҰПУ
- Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық
университеті
ҚазМемҚызПУ
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті
ҚазСТА
- Қазақ спорт және туризм академиясы
ДСҚ
- Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі
ЖҚӨБ
- Жеке
қасиеттерін өзіндік бағалау
РбҚҚ
- В.Ф. Ряховский бойынша қарым-қатынасқа түсу
ӨДТ
- Өзіндік дамуға талпыныс
ЖЭС
- Жаңа
экономикалық саясат
ЖОО
- Жоғары оқу орны
ДДҰ
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ЖБП
- Жалпыға
білім беру пәндер циклі
МҚ
- Міндетті құрылым
МмМТ
- Менеджер- маркетологтар тобы