117
27 – кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Ы-в
17
ор Ж-н
16
ор М-в
17
ор
О-н
18
ор А-ва
17
ор Б-т
22
ж
С-ва
24
ж Т-н
15
ор К-к
6
о/т
Т-к
19
ор Ж-с
17
ор А-в
20
ор
Д-ва
21
ж Б-н
17
ор Б-н
23
ж
С-й
20
ор Р-ва
20
ор Т-й
20
ор
Сл-ва
23
ж Тө-н
20
ор М-в
17
ор
Ә-й
21
ж
37 зерттелінушіден 9 студент (24,3%) жоғары нәтиже, 27 студент орташа
(73%) және 1 студент (2,7%) төмен нәтиже көрсетті. Жалпы саны
зерттелінушілердің 97,3%-ы тест тапсырмаларын орындап шықты. Айта
кетерлігі, бір зерттелінушінің төмен нәтиже көрсетуі кездейсоқ емес. Ол іс
жүзінде сабаққа қатыспады, бірде-бір өздік жұмысты орындамады, міндетті
бақылау жұмысын тапсырмады. Жалпы алғанда, элективті курсты оқытудың
жоғары тиімділігі болды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы нақты
біліктіліктер мен дағдыларды кәсіби деңгейде меңгеріп, қалыптастыруға ықпал
етті деуге толық негіз бар.
Мұны 28-кестесінде келтірілген экспериментке дейін және кейін
жүргізілген сауалнама нәтижелерінен көруге болады.
Эксперименталды топ зерттелінушілерінің берген жауаптарының
сараптамасы көрсеткендей, элективті курсты оқу кезінде алынған білім
сауалнаманың барлық дерлік сұрақтары бойынша оң нәтиже берді. 5 жауабы
бар бірінші сұрақ бойынша оң динамика алынды. Егер курсты оқығанға дейін
зерттелінуші-студенттердің 16,2%-ы өз біліктілігін арттырғысы келсе, (А
жауабы), оқып болғаннан кейін курсты оқығанға көңілдері толатын
зерттелінушілердің 27%-ы айқындалды, яғни оқытудың алынған нәтижесі
күтілген нәтижеден 10,8% артып түсті, яғни өз жұмыс орнын ақылы негізде
ұйымдастыруды қалайтындардың саны 10,8%-ға артты (Б жауабы).
Қайталай жүргізілген сауалнама кезінде курсты оқу қажеттігін 29,7%-ы
көрсетті (В жауабы). Курс басталғанға дейін зерттелінушілердің 27%-ы оқыту
қажеттігін атаған. Жауаптардан көріп отырғанымыздай, динамика алғашқы екі
жауапта аса маңызды болмаса да оң сипатты.
Ең маңызды өсім «Г» жауабында байқалады - 16,2%. Зерттелінушілер
курсты оқып болғаннан кейін, бұл кәсіп өздеріне ақша табуға мүмкіндік
беретіндігін айқындады.
Бұдан басқа, оқып болған зерттелінушілердің түсінгені, бұл кәсіпті
меңгеру олардың тұлғалық өзіндік жүзеге асырылуына ықпал ететіндігі. Егер
оқу басталғанға дейін зерттелінушілердің бар жоғы 2,7%-ы бұл оларға жеке
тұлға ретінде жүзеге асырылуға көмектеседі деп ойласа, курстан кейін олардың
118
пікірі өзгерді және 8,1% зерттелінушілер спорт маркетологы кәсібі туралы жаңа
білімдерді меңгеруіне мүмкіндік берілгендігін түсінді.
28-кесте ‒ Эксперименталды топтың «Қазақстандағы және шетелдердегі дене
шынықтыру-сауықтыру қызметі маркетингінің негіздері» элективті курсын
оқығанға дейінгі және кейінгі сауалнама нәтижелері
Сауалнама сұрағы
Курсқа
дейін,%
Курстан
кейін, %
1
Сіз спорттық маркетинг бойынша курстан не күтесіз:
А) өз біліктілігімді арттырғым келеді
16,2
27,0
Б) ешкімге тәуелсіз дербес ақылы негізде өз жұмыс орнымды
ұйымдастырғым келеді
24,3
34,9
В) мен дене шынықтыру және спорт саласы бойынша маманға
курсты білу қажет деп есептеймін
27,0
29,7
Г) ақша таба білуді үйренгім келеді
10,8
27,0
Д) тұлға ретінде өзімді жүзеге асырғым келеді
2,7
8,1
2
Сіздің ойыңызша «ДШжС саласы маманының имиджі» мен «дене шынықтыру-
сауықтыру саласы маркетингі» терминдері арасында байланыс бар ма:
А) иә
56,7
81,0
Б) жоқ
24,3
2,7
В) білмеймін
18,9
16,2
3
Дене шынықтыру мен спортты басқарудың нормативтік-құқылық негіздерін атай
аласыз ба:
А) иә
37,8
86,4
Б) жоқ
43,2
0
В) білмеймін
18,9
13,5
4
Сіз қалай ойлайсыз, Қазақстанда дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы
маркетинг қаншалықты дамыған:
А) иә
32,1
8,1
Б) жоқ
42,8
78,3
В) білмеймін
25,0
13,5
5
Шетелдердегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметі маркетингінің дамуы туралы
хабардарсыз ба:
А) иә
48,6
75,6
Б) жоқ
21,6
10,8
В) білмеймін
29,7
13,5
6
«Қазақстанда және шетелдерде дене шынықтыру-сауықтыру қызметі маркетингінің
негіздері» пәнін оқу үдерісіне қосу керек пе:
А) иә
89,1
100
Б) жоқ
0
0
В) білмеймін
10,9
0
Зерттелінушілер сауалнаманың «Иә», «Жоқ», «Білмеймін» деген
сұрақтарына жауап беруі қажет болған кәсіби білім мен түсініктердің болуын
қарастыратын келесі 5 маңызды сауалнама сұрақтары бойынша бірқатар
нәтижелер алынды: курсқа дейін білімгерлердің 56,7%-ы ұсынылған пікірлер
119
арасында бар деп жауап берді, ал курстан кейін олардың саны 81%-ға өсті;
студенттердің 37,8%-ы дене шынықтыруды және спортты басқарудың құқылық
негіздерін атады, ал оқығаннан кейін - 86,4%-ы; студенттердің 42,8%-ында
курс басталғанға дейін ДШжС басқарудың құқылық негіздері туралы
түсініктері де болған жоқ, курстан кейін мұндай жағдай болған жоқ. Курстан
кейін өздері ДШжС басқарудың құқылық негіздерін білетіндігіне, не
білмейтіндігіне сенімсіз зерттелінушілер курсқа дейінгімен (18,9%)
салыстырғанда біршама аз (13,5%) болды.
Қазақстан аумағында дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы
маркетингтің дамуы туралы сұраққа жауап беру кезінде зерттелінушілердің
32,1%-ы бұл қызметтер дамыған, 42,8%-ы дамымаған және 25%-ы
маркетингтің берілген түрінің дамыған, дамымағандығы туралы хабарсыз
екендігі туралы білмейтін болып шықты. Курсты оқу кезінде алынған білімнен
кейін жағдай өзгерді. Зерттелінушілердің 8,1%-ы Республикадағы ДШжС
саласындағы маркетинг дамыған, ал 78,3%-ы дамымаған деп жауап берді. Егер
оқуға дейін зерттелінушілер көбіне бұл сала бойынша хабары аздау адамдардан
естігендеріне, немесе пікірлеріне сүйене отырып, ойша жауап берген болса,
курсты оқып болғанннан кейін сенімді ақпаратты алғаннан кейін олар өз
пікірлерін
өзгертті.
Бұл
жағдайды
қалай
бағалауды
білмеген
зерттелінушілердің саны азайды. Курсқа дейін мұндайлар 25% құрады, яғни екі
есе көп болды. Бұл жерде- зерттелінушілердің жауаптарына курстан алынған
ақпарат әсер етті деп толық сеніммен айтуға болады.
Шетелдердегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметі маркетингінің
дамуына қатысты мұндай сұрақтарға курсты оқығанға дейін келесі жауаптар
алынды: "иә" - 48,6%, "жоқ" - 21,6%, "білмеймін" - 29,7%. Курсты оқып
болғаннан кейін студенттердің дамуы туралы хабардарлық деңгейі біршама
артты - 75,6%, білмеуі біршама қысқарды - 10,8% және білімі бойынша
нақтылықтың болмауы (13,5%) 2,2 есеге азайды.
"Қазақстанда және шетелдерде дене шынықтыру-сауықтыру қызметі
маркетингінің негіздері» пәнін оқу үдерісіне қосу деген сұраныс
зерттелінушілердің курсты оқуды бастағанға дейінгі жауаптарында келесідей
болды: "иә" - 89,1%, "жоқ" - 0%, "білмеймін" - 10,9%. Курсты оқығаннан кейін
барлық зерттелінушілер бірауыздан берілген курстың жүргізілуіне «иә» (100%)
деп жауап берді.
Бұдан басқа, сауалнамаға үш ашық сұрақ енгізілді, оларда
зерттелінушілердің спорт маркетингіндегі кейбір түсініктердің маңыздылығы
туралы пікірі айқындалды. Бұл келесі сұрақтар: 1. Сіз «ДШжС саласындағы
маркетинг» түсінігін қалай қабылдайсыз»; 2. Дене шынықтыру-сауықтыру
қызметі менің түсінігімше:; 3. Дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің
түрлерін атай аласыз ба? Курсты оқуды бастағанға дейін сұрақтарға берілетін
жауаптар зерттелінушілердің ырқына берілді, яғни олардың жауап беруіне де,
бермеуіне де болатын еді. Курсты оқып болғаннан кейін зерттелінушілердің
жауабы қажет болды, бірақ міндетті емес еді. Бұл жайында эксперимент
Достарыңызбен бөлісу: |