11
- дене шынықтыру оқытушысын нарықтық жағдайда жұмыс істеуге
даярлау (Б.И.Орумбаев) [26];
- бейімделулі дене шынықтыру мамандарын даярлау жүйесінің ғылыми-
әдістемелік негіздемесі (С.Ж.Сыздыкова) [27];
- «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім беру сапасын
басқару жүйесін жүзеге асыру технологиясы (Ж.А.Юмашева) [28] және т.б.
Сонымен бірге, түрлі ғылыми әдебиет және алдыңғы қатарлы
педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, қазіргі уақытта дене шынықтыру және
спорт саласындағы маркетинг мәселелеріне деген қызығушылықтың артуына
қарамастан, дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің маркетингі
мәселесі
теория саласында да, тәжірибе саласында да жеткілікті дәрежеде өз шешімін
таба қойған жоқ.
Дене шынықтыру және спорт саласында Қазақстан Республикасының
спорттық-білім беру кеңістігіндегі заманауи жағдайларды ескеретін бүтін жүйе
ретінде маркетингті дамыту мәселесі ғылыми ізденіске ашық күйінде қалып
отырғандығы белгілі. Мемлекеттің басқару мәдениетінің жоғары деңгейін
меңгерген маркетолог мамандарына деген сұранысы мен дене шынықтыру-
сауықтыру қызметі саласындағы болашақ дене шынықтыру және спорт
мамандарының қазақстандық қоғамның заманауи жағдайлары мен талаптарына
жауап беретін кәсіби мәдениетін дамытудың тиімді жүйесінің болмауы
арасындағы
қарама - қайшылық айқын болып отыр.
Берілген мәселенің шешімін іздеу барысында «
Дене шынықтыру-
сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша болашақ дене
шынықтыру және спорт мамандарын даярлау» тақырыбы анықталды.
Зерттеу мақсаты: дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы
маркетинг бойынша болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын
даярлауды теориялық
тұрғыда негіздеп, әдістемесін әзірлеу.
Зерттеу нысаны – жоғары оқу орнының біртұтас педагогикалық үдерісі.
Зерттеу пәні – дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы
маркетинг бойынша болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын
даярлау үдерісі.
Зерттеу міндеттері:
1.
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг
мәселесінің зерттелу деңгейін анықтау.
2. «Маркетинг», «дене шынықтыру-сауықтыру қызметі», «дене
шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша болашақ
дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау» ұғымдарының мәнін
нақтылау.
3. Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша
болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудың құрылымды-
мазмұндық моделін құрастыру.