8
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан қоғамының қайта құрылуы
жағдайында балалар мен оқушы жастардың денсаулық күйі туралы мәселе
маңызды болып отыр. Спорт, дене шынықтыру, салауатты өмір салты бірлесе
отырып, жастардың тіршілік әрекетінің жаңа жағдайларға бейімделуіне,
тоқтаусыз нашарлап бара жатқан экологиялық жағдайға қарсы тұра білуіне
көмектесуге қабілетті сенімді қорғанысы болуы қажет.
Бұл өз кезегінде балалар мен жастардың бойында өзінің денсаулығы мен
денесінің жетілуін нығайтуға қатысты құнды бағдарланулар мен ойлануларды
қалыптастыруға қойылатын талаптың көкейкескілігін арттырады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 12
сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Еліміздің
жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық дамудың
жаңа моделін жасауымыз қажет» деп міндет қояды.Осы міндетті шешудің жолы
ретінде жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойымызға сіңіру қажеттігін
ұсынады [1].
Жоғарыда айтылғаннан шығатыны, бүгінгі таңда ең маңызды міндет
ретінде нарықтық қарым-қатынастың барлық тұстарын барынша ең жоғары
дәрежеде дамыту көзделуде, ол өз кезегінде қызмет маркетингі мүмкіндіктерін
қарастырады.
Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-
2050» жолдауы: құрылған мемлекеттің жаңа саяси курсы» жолдауында: «Дене
шынықтыру және спорт мемлекеттің ерекше бір қамы болуы керек. Нақ осы
салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып табылады. Дегенмен,
елімізде барлығына қол жетімді спорттық нысандар, спорттық құрал-
жабдықтар жетіспейді. Осыған орай, Үкімет пен мемлекеттік органдар дене
шынықтыруды, бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру
нысандарын типтік жобалар, соның ішінде аулалық дамыту бойынша іс-
шаралар қолдану қажет....» деп атап өтті [2].
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт» туралы
Заңында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат
міндеттері «дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың
тіршілік қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету» және тұрғындардың
жаппай демалыс орындарындағы дене шынықтыру мен спортты дамытудың
негізгі бағыттарын «спорттық клубтардың және дене шынықтыру-сауықтыру
мен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу секциялары» ретінде
анықталады [3].
Үздіксіз дене белсенділігі адамдардың шығармашылық ұзақ өмір сүруіне
және жұмыс қабілеттілігіне әсер етеді, ерте қартаюының алдын алады. Сондай-
ақ, дене шынықтыру мен спорттың темекі тартудың, маскүнемдіктің,
нашақорлық пен қылмыстың, әсіресе өскелең ұрпақтың арасында алдын-алуға
ықпал етеді.
9
Біздің зерттеуіміз үшін қызығушылық туғызып отырған мәселе, әдебиет
талдауы көрсеткеніндей, 5,3 млн. тұрғыны бар Финляндияның тәжірибесі, онда
тұрғындардың 90% жүйелі түрде спортпен шұғылданады, бұл жайында
«Баршаға арналған спорт» конгресінде айтылды.
Келесі деректерге сүйенсек, әлем тұрғындарының 60% қажетті дене
жүктемесін орындамайды, нәтижесінде тіпті жастардың арасында диабет,
сколиоз, және остеохондроз аурулары өсіп келеді.
Сонымен қатар, дене тәрбиесіне байланысты АҚШ тәжірибесін алдыңғы
қатарлы деп атап көрсетсек болады. 1987 жылдың желтоқсан айында Сенат
дене тәрбиесі мәселесі бойынша Резолюция қабылдайды, оған сәйкес,
бастауыш сынып мектептерінің оқу жоспарына күнделікті дене шынықтырумен
шұғылдану енгізілген. Міндетті дене шынықтыру сабақтарымен қатар саны 25
мыңдай болып келетін спорттық клубтардың дамуына көбірек көңіл бөлінеді.
Дене шынықтыру және спорт саласын әлеуметтік жаңғырту бойынша
мәселелердің бүтіндей бір жүйесінің шешімі алдын-ала қарастырылатын
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму
Тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша міндеттер маңызды болып табылады.
Тұжырымдама қызметкерлердің жұмыс орындарында денсаулығы мен
салауатты өмір салты қағидаттарын нығайтуға арналған бағдарламалардың
2016 жылдан бастап өндірістер мен ұйымдарда енгізілуін қарастырады [4].
Қазақстан
Республикасында
нарықтық
қарым-қатынастарды
қалыптастыру жағдайында тек қана дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың
ұйымдастыру-құқықты түрлері және фукнционалды бағыттылығы ауқымы
бойынша ғана емес, «Дене шынықтыру және спорт» саласы қызметкерлерінің
барлығын басқару және экономикалық қызметті бірлестіру жүзеге асырылады.
Осыған байланысты дене шынықтыру және спорт бойынша мамандарды
кәсіби даярлауға қойылатын талаптар түбегейлі өзгертіледі, өйткені олар
жоғары мектепте білім алу барысында заманауи басқару мен нарықтық
экономиканың теориясын және практикасын меңгеріп қана қоймай, оларға сай
ойлану бейнесін қалыптастырып, спорттық кәсіпкерлік саласындағы басқару
мен экономикалық мәдениет элементтерін меңгеруі қажет.
Бұқаралық дене шынықтыру қазіргі кезде түрлі деңгейлі және кәсіпкерлік
қызмет спорттық комитеттеріне сәйкес бөлімдерінің желісі – дене шынықтыру
саласында қызмет көрсетуші жекеменшік өндірістер желісі арқылы мемлекеттік
басқару тұрғысынан дамуда. Ескере кететін жайт, жекеменшік фирмалар
көрсететін қызметтер ауқымы әлдеқайда кең.
Нарық негізгі экономикалық заңдарға бағынатындығы баршаға аян, бірақ
біз оның өзіне тән қасиеті бар деп есептейміз және маркетингті басқарудың
қағидаттарын өндірістік саласына болсын, дене шынықтыру-сауықтыру қызмет
саласына болсын механикалық тұрғыдан көшіре салу оның ерекшелігінің
арқасында мүмкін емес деп есептейміз. Денсаулықты кеңінен алғанда
салауатты өмір салты Қазақстан тұрғындарының басым бөлігі көңіл бөлетін
категорияға жатады. Спорттық қызмет көрсету саласы өндірістерінің
Достарыңызбен бөлісу: |