10
барлығының дерлік дамуына кедергі келтіріп отырған мәселе де осында болып
отыр.
Маркетингті басқару жүйесі өндірістің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етуге арналған, осында маркетингті басқару сапасы, соның ішінде дене
шынықтыру-сауықтыру қызметінде де басты орынды иеленеді.
Қызмет көрсету маркетингі, әсіресе дене шынықтыру-сауықтыру қызметі
маркетингі, педагогикалық басқару тұрғысынан алғанда аз зерттелген және
біздің елімізде тауарлар маркетингіне қарағанда аздау қолданылады, сондықтан
жүйелі түрде зерттеуді, іс-жүзінде практикаға енгізуді қажет етеді. Қызмет
көрсету сапасы, осыдан келіп оның бәсекеге қабілеттілігі тек қана оның нақты
бір тұтынушыға зерттеу өзектілігін айқындайды.
Заманауи маркетинг коммерциямен ғана шектеліп қалмайды, ол барлық
дене шынықтыру-спорттық, соның ішінде мемлекеттік ұйымдардың
барлығына нарық жағдайында сақталып қалудың және дамуды қалыптастыру
мен жүзеге асырудың тиімді әдістемесін ұсынуға, коммерциялық емес
ұйымдарға тұрғындардың бойында өз денелерін жетілдіруге, дене
жаттығуларымен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға деген қосымша
уәждер мен ынталандырулар қалыптастыруға; дене шынықтыру-сауықтыру мен
спорттық жұмысты шұғылданушылардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін
ескеретін, жүзеге асырылушы бағдарламалар қажеттігінің сұранысын
арттыратын біршама оңтайлы және мобилді етуге қабілетті. Бұл маркетингтік
тәсілді дене шынықтыру жүйесін басқаруды жетілдіру, шұғылданушылардың
тұлғалық дене мәдениетін қалыптастыру, дене шынықтыру-сауықтыруды және
спорттық жұмысты жобалау мен жетілдіру құралының факторы ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми әдебиет сараптамасы көрсеткеніндей, қазіргі уақытта ғылыми
әдебиетте берілген мәселені көтеруге және шешуге қажетті білімнің ауқымды
көлемі жинақталған. Мысалы, болашақ педагогтарды даярлаудың жалпы
теориялық салалары С.Г. Вершловский [5], А.В. Даринский [6], С.Б. Елканов [7],
В.И. Загвязинский [8], В.А.Кузьмина [9], Л.Ф. Сластенин [10] және т.б. шетел
ғалымдарының және К.Б. Жарықбаев [11], К.К. Қунантаева [12], Г.А. Уманов
[13], Н.Д.Хмель [14] сияқты отандық ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты
қарастырлған.
Дене шынықтыру және спорт маманының кәсіби қалыптасуы мәселелері
А.В. Быковтың [15], Т.В. Бондарчуктың [16], К.Я. Вазинаның [17], В.М.
Выдриннің [18], С.С. Добровольскидің [19], С.С. Коровиннің [20], А.М.
Кузьминнің [21], Л.И Лубышеваның [22], В.Ф. Пешковтың [23], Ю.М.
Николаеваның [24] және т.б. еңбектерінде зерттелген.
Қазақстанда дене шынықтыру оқытушысын даярлау мәселелері келесі
бағыттарда ашылған:
- дене шынықтыру факультеті студенттерін ересек тұрғындармен
сауықтыру жұмысын жүргізуге даярлауды жетілдіру (В.И.Лебедева) [25];
11
- дене шынықтыру оқытушысын нарықтық жағдайда жұмыс істеуге
даярлау (Б.И.Орумбаев) [26];
- бейімделулі дене шынықтыру мамандарын даярлау жүйесінің ғылыми-
әдістемелік негіздемесі (С.Ж.Сыздыкова) [27];
- «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім беру сапасын
басқару жүйесін жүзеге асыру технологиясы (Ж.А.Юмашева) [28] және т.б.
Сонымен бірге, түрлі ғылыми әдебиет және алдыңғы қатарлы
педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, қазіргі уақытта дене шынықтыру және
спорт саласындағы маркетинг мәселелеріне деген қызығушылықтың артуына
қарамастан, дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің маркетингі мәселесі
теория саласында да, тәжірибе саласында да жеткілікті дәрежеде өз шешімін
таба қойған жоқ.
Дене шынықтыру және спорт саласында Қазақстан Республикасының
спорттық-білім беру кеңістігіндегі заманауи жағдайларды ескеретін бүтін жүйе
ретінде маркетингті дамыту мәселесі ғылыми ізденіске ашық күйінде қалып
отырғандығы белгілі. Мемлекеттің басқару мәдениетінің жоғары деңгейін
меңгерген маркетолог мамандарына деген сұранысы мен дене шынықтыру-
сауықтыру қызметі саласындағы болашақ дене шынықтыру және спорт
мамандарының қазақстандық қоғамның заманауи жағдайлары мен талаптарына
жауап беретін кәсіби мәдениетін дамытудың тиімді жүйесінің болмауы
арасындағы қарама - қайшылық айқын болып отыр.
Берілген мәселенің шешімін іздеу барысында «Дене шынықтыру-
сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша болашақ дене
шынықтыру және спорт мамандарын даярлау» тақырыбы анықталды.
Зерттеу мақсаты: дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы
маркетинг бойынша болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын
даярлауды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін әзірлеу.
Зерттеу нысаны – жоғары оқу орнының біртұтас педагогикалық үдерісі.
Зерттеу пәні – дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы
маркетинг бойынша болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын
даярлау үдерісі.
Зерттеу міндеттері:
1.
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг
мәселесінің зерттелу деңгейін анықтау.
2. «Маркетинг», «дене шынықтыру-сауықтыру қызметі», «дене
шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша болашақ
дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау» ұғымдарының мәнін
нақтылау.
3. Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша
болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудың құрылымды-
мазмұндық моделін құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |