8
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан қоғамының қайта құрылуы
жағдайында балалар мен оқушы жастардың денсаулық күйі туралы мәселе
маңызды болып отыр. Спорт, дене шынықтыру, салауатты өмір салты бірлесе
отырып, жастардың тіршілік әрекетінің жаңа жағдайларға бейімделуіне,
тоқтаусыз нашарлап бара жатқан экологиялық жағдайға қарсы тұра білуіне
көмектесуге қабілетті сенімді қорғанысы болуы қажет.
Бұл өз кезегінде балалар мен жастардың бойында өзінің денсаулығы мен
денесінің жетілуін нығайтуға қатысты құнды бағдарланулар мен ойлануларды
қалыптастыруға қойылатын талаптың көкейкескілігін арттырады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 12
сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Еліміздің
жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық дамудың
жаңа моделін жасауымыз қажет» деп міндет қояды.Осы міндетті
шешудің жолы
ретінде жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойымызға сіңіру қажеттігін
ұсынады [1].
Жоғарыда айтылғаннан шығатыны, бүгінгі таңда ең маңызды міндет
ретінде нарықтық қарым-қатынастың барлық тұстарын барынша ең жоғары
дәрежеде дамыту көзделуде, ол өз кезегінде қызмет маркетингі мүмкіндіктерін
қарастырады.
Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-
2050» жолдауы: құрылған мемлекеттің жаңа саяси курсы» жолдауында: «Дене
шынықтыру және спорт мемлекеттің ерекше бір қамы болуы керек. Нақ осы
салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып табылады. Дегенмен,
елімізде барлығына қол жетімді спорттық нысандар, спорттық құрал-
жабдықтар жетіспейді. Осыған орай, Үкімет пен мемлекеттік органдар дене
шынықтыруды, бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру
нысандарын типтік жобалар, соның ішінде аулалық дамыту бойынша іс-
шаралар қолдану қажет....» деп атап өтті [2].
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт» туралы
Заңында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат
міндеттері «дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың
тіршілік қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету» және тұрғындардың
жаппай демалыс орындарындағы дене шынықтыру мен спортты дамытудың
негізгі бағыттарын «спорттық клубтардың және дене шынықтыру-сауықтыру
мен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу секциялары» ретінде
анықталады [3].
Үздіксіз дене белсенділігі адамдардың шығармашылық ұзақ өмір сүруіне
және жұмыс қабілеттілігіне әсер етеді, ерте қартаюының алдын алады. Сондай-
ақ, дене шынықтыру мен спорттың темекі тартудың, маскүнемдіктің,
нашақорлық пен қылмыстың, әсіресе өскелең ұрпақтың арасында алдын-алуға
ықпал етеді.