Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66

31 
 
Қазақстанда  маркетинг  ғылымның  бағыты  ретінде,  шаруашылық  қызмет 
саласы  және  өндірістік  қызметті  басқару  жүйесі  республиканың  нарықтық 
экономикаға  көшуінен  басталды.  1991  жылдан  бастап  өндіріс  орындары  мен 
ұйымдарда  маркетингтік  қызмет  орындары  мен  маркетинг  бойынша 
мамандықтар ашыла бастады. Әсіресе маркетинг қағидаттары енгізіле бастаған 
экономиканың  белсенді  бөлімдері,  сауда,  ауыл  шарушылығы,  қаржылық 
құрылымдар  мен  банкілер.  Ол  кештеу  өндіріс  орындарында,  қызмет  көрсету 
саласында,  соңынан  коммерциялық  емес  қызметте  дами  бастады.  1993  жылы 
қазақстандық  жоо  арасында  бірінші  болып  Қазақ  мемлекеттік  басқару 
академиясында  маркетинг  бойынша  мамандар  даярлау  бойынша  мамандық 
ашылды.  
Алғашқы  рет  «маркетинг»  термині  Қазақстанда  1990-шы    жылдардың  
басында  қолданыла  бастады.  1992  жылы  оқу  орындарында  «Маркетинг 
негіздері»  курсы  оқытыла  бастады,  ал  1994  жылы  маркетолог-мамандардың 
алғашқы бітірушілерін шығару жүзеге асырылды.  
Маркетинг  саласында  жұмыс  істейтін  кәсіби  маркетологтар  мен 
мамандарды  бірлестіру  үшін  Қазақстанда  2000  жылы  «Қазақстандық 
Маркетинг Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі құрылды.  
Әдебиетке  жасалған  талдау  келесідей  түйін  жасауға  алып  келді:  соңғы 
жылдары  маркетинг  бойынша  мамандарға  сұраныс  артқан,  маркетологтарға 
деген талаптар күшейген. 2002 жылы жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша 
«Қазақстандық  Маркетинг  Ассоциациясы»  сарапшылары  өндірістердің 
жартысынан  астамы  өз  құрылымында  маркетинг  бөлімдері  және  маркетинг 
бойынша  мамандары  бар  деп  мәлімдейді.  36,3%  компанияларда  жеке 
айқындалған    маркетинг  қызметі  бар,  үштен  бірінің  (28,6%)    құрамында 
маркетингті  даярлығы  бар  мамандары  бар.  Өндірістердің  20%  астамы 
маркетинг  қызметін  басқа  қызмет  салалары  бойынша  бөліп  алған. 
Фирмалардың 11%  маркетингті ұйымдастырудың басқа жолдарын қолданады: 
жекелей департаменттерде және маркетинг қызметі салаларында 5 адамға дейін 
жұмыс жасайды [160,с. 17].  
Сонымен қатар, спорттағы маркетинг мәселесіне келсек, Қазақстанның кең 
ауқымды  жарыстарға  қатысуы  маркетингке  ауқымды  мүмкіндіктер  ашатынын 
айта  аламыз,  себебі  нақ осы  маркетинг  тиянақты  тұтынушылардың  санасында 
дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметінің  маңыздылығын  айқындай  түседі. 
Тұрғындардың  тарапынан  осы  деңгейлі  ауқымды  және  көріністі  спорттық  іс-
шараларға, олардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне  деген қызығушылығы – 
мұның  барлығы  түрлі  жас  деңгейіндегі  және  түрлі  мүмкіндікті  адамдар  үшін 
олардың 
санасында 
дене 
шынықтыру 
және 
спорттың 
базалық 
құндылықтарының жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
 Дегенмен,  адамдардың  спортпен  шұғылдануға  деген  талпыныстары,  дене 
шынықтыру-спорттық ұйымдарға баруы, спорттық тауарлар, спорттық киімдер 
мен аяқ киімдер алуы сияқты мәселелердің басқалай себептері бар. Адамдарды 
дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға баулитын бірінші себеп – спорт 


32 
 
бұл  сұлулық,  динамика  және  грация.  Екінші  себеп  –  ашық  қарсыластықтың 
мүмкіндігі,  нақты  ережелермен,  шынайылық  және  қайсарлық  таныта  білу 
мүмкіндігі. Бәсекелестік мүмкіндігі  өзіндік жүзеге асырылуға және қандай да 
бір  спорт  түрін  таңдауына,  онда  шеберліктің  жетістіктеріне  және  атақ-даңққа 
қол жеткізуіне мүмкіндік береді.  
Жоғарыда  көрсетілгендей,  маркетингтің  қалыптасуының  басты  шарты  – 
толыққанды  нарықтық  қарым-қатынастардың  болуы.  Бірақ,  Қазақстандағы 
нарықтық экономиканың құрылуы өндірістің құлдырауымен, жұмыссыздықтың 
артуымен,  сыртқы  да,  ішкі  де  көптеген  өндірістердің  банкротқа  ұшырауымен, 
инвестициялық  белсенділіктің  және  өнімді  тұтыну  деңгейінің  төмендеуімен, 
отандық тауарлардың төмен бәсекелестігімен сипатталады.  
Қазақстанда өтпелі кезеңнің алдын сипатталған ерекшеліктері нәтижесінде 
маркетингтің  экономиканың  түрлі  салаларында  қалыптасуының  өзіндік 
арнайылығы бар. Бастапқыда  ол сауда және қаржы секторлары сияқты біршама 
бәсекелес салаларда, соңынан өндірісте дами бастады.  
Маркетингтің  Қазақстанда  дамуын  шартты  түрде  екі  кезеңге  бөлуге 
болады.  Бірінші  кезең  шамамен  1990-шы  жылдарда  басталды  және  негізінен 
коммерциялық  бағытта  болды.  Сондықтан  бұл  кезеңді  өндірістің  маркетингті 
қызметінің  коммерциализациялануы  деп  айтуға  болады,  бұл  кезде  маркетинг 
тұжырымдамасы    толығымен  жүзеге  аспады,  тек  оның  қағидалары  мен 
элементтері қарастырыла бастады.  
1997  жылдардан  қалыптаса  бастаған  екінші  кезеңіне  өндірістің  маркетинг 
операциясы  тән.  Сол  кезеңнен  бастап  бүгінгі  күнге  дейін  маркетинг  
тұжырымдамасы  өндірістің  стратегиясы  мен  тактикасының  қалыптасуындағы 
басты  идеясына  айнала    алмады,  өйткені  оның  дамуына  қажетті  жағдайлар 
жасалмаған. Республика экономикасы депрессия күйінен шығып, қалпына келу 
кезеңіне  енді,  дегенмен  де  маркетингтің  республикамызда  дамуы  толық 
қалыптаспаған.  
Сонымен  ғылыми  әдебиеттің  талдауы  мынадай  түйін  берді:  маркетингтің 
экономиканың өтпелі кезеңіндегі басты ерекшеліктері:  
1.  Отандық  экономикада  маркетинг  теорияда  да,  практикада  да  өзіндік 
дамуы  бар  динамикалық  түсінік  болып  табылады.  Оның  экономиканың  түрлі 
салаларындағы  өндірістердің  іс-жүзінде  қолданылуының  кейбір  теориялық 
салалары  мен  мүмкіндіктерін  қазақстандық  мамандар  мен  ғалымдар  зерттеу 
үстінде.  Дегенмен,  ескере  кететін  жәйт,  қазақстандық  экономикадағы  өтпелі 
кезеңіндегі  маркетинг  тұжырымдамасының  практикалық  бағыттылығының 
жеткіліксіздігін атай кеткен жөн.  
2.  Отандық  өндірістердің  практикалық  қызметінде  маркетингтің  жекелей 
қызметтері  орындалуда.  Өндірістер  мен  ұйымдардың  маркетингтік  қызметті 
жүзеге    асыруында  жүйелілік  пен  кешендік  жоқ.  Өнеркәсіптер  іс-жүзінде 
маркетингтің  жекелей  элементтерін  ғана  қолданады,  олардың  бар  қызметінде 
қазіргі  күнде  кешенді  тұтынушылық  сұранысты,  нарықтық  конъюнктураны, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау