66
имиджді қалыптастыру барысында БАҚ мәнін зерделеу. Мәселенің
әлеуметтану жағы
спорт әлеуметтануы аясында спорттағы имидждің пайда
болуы мен дамуының заңдылықтарын, оның әлемдік құрылыстағы орнын;
спортта имидждің қалыптасуына сан алуан әлеуметтік құрылымдардың,
күрделілігі жағынан әр түрлі әлеуметтік жүйелердің, қауымдастық түрлерінің,
әлеуметтік институттардың, үрдістердің ықпал етуін; спорт сияқты еңбек пен
іс-әрекеттің айрықша саласындағы имиджді қалыптастырудың ерекшеліктерін
зерделеу дегенді білдіреді.
Саясаттану жағынан аталмыш мәселе, негізінен, спортшылардың,
спорттың кейбір түрлерінің абыройлы имиджін, спорттық командалардың әр
түрлі халықаралық жарыстардағы, Олимпиадалық ойындардағы жетістіктерін
қолдану арқылы елдің саяси имиджін қалыптастыру заңдылықтарын; спорт
имиджін қалыптастыруға әр түрлі қоғамдық бірлестіктер мен саяси
партиялардың ықпал етуін; мемлекеттік басқару түрлеріне (монархия,
республика т.б.), саяси құрылыс түрлеріне (тоталитаризм, өктемшілдік,
демократия т.б.), мемлекеттік құрылыс түрлеріне (біртекті мемлекет,
федеративті мемлекет т.б.) байланысты спорт имиджін қалыптастыру үрдісінің
ерекшеліктерін зерделеумен байланысты.
Кәсіби имиджге ие болу іскер адам, кәсіпкер, көшбасшы, спортшы үшін
бастапқы мақсат емес, дегенмен, оны игерудің айтарлықтай жеке тұлғалық
және кәсіби сипаттамаға ықпал етіп, терең тәжірибелік мәні бар. Өз имиджі
үшін қам жеу адамдар санасына әсер ету дегенді білдіреді, бұл – ең жақсы өзін-
өзі таныстыру. Имидж ұғымы дербестендіру ұғымына жақын, бірақ, екіншісіне
қарағанда, имидж жеке тұлғаның табиғи қасиеттерімен қоса арнайы жасалған
қасиеттерінен де тұрады. Бұған қоса, имидж адамның сыртқы келбетімен бірге
оның ішкі әлемін, психологиялық тұрпатын көрсетеді. Сонымен, имидж
дегеніміз – жеке тұлғаның, ұйымның әлеуметке немесе оның бірнеше тобына
әсер етуі. Адамдардың белгілі бір тобының жеке тұлғаға, ұйымға қатысты
қандай да бір деректерді, мәліметтерді, әрекеттерді қабылдап, түсінуіне баға
беру спорт жүйесінде имиджді басқарудың маңызды психологиялық негізі
болып табылады.
Спорттағы имидждің сансыз түрінен гносеологиялық және психологиялық
тұрғыдан келесі негізгі топтарды бөліп қарастыруға болады: Олимпиадалық
спорт имиджі, Ежелгі дүниедегі спорт имиджі, жаңа заман кезеңіндегі спорт
имиджі (ХVІІ-ХVІІІ ғғ.), екі дүниежүзілік соғыс арасындағы кезеңдегі спорт
имиджі, бұрынғы КСРО-дағы, ТМД елдеріндегі спорт имиджі, спортшының
имиджі, жаттықтырушы имиджі, спорттық
команданың имиджі, т.б.
Осылайша, дене шынықтыру пәні мұғалімінің имиджі өзара байланысты
және өзара шарттасқан, ішкі және сыртқы құрамдастардан тұратын құрылысы
бар жүйелі тұтас құрылым деп айтуға болады. Ішкі құрамдастарға мыналар
жатады: білім (жалпы кәсіби білім, педагогикалық имиджеологияның
теориялық негізін білу); білік (әдістемелік, психотехнология саласындағы білік,
айқындау-бағалау білігі); жанашырлық пен төзімділік қабілеті; оқушыларды