Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.
2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.
3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.
4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.
5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.
11 -Дәріс
тақырыбы: Бұқаралық коммуникация құралдарының бөлігі ретіндегі БАҚ
Саяси коммуникация ақпараттың дамыған ғасырында саяси субъектілердің қоғамды басқарудағы, яғни, өз мақсаттарын жүзеге асырудағы билік үшін күресте қолданылатын тиімді құралдарының бірі болып отыр. Қазіргі таңдағы саяси коммуникация, Қазақстандағы саяси жүйедегі өзгерісті бейнелеп, ақпараттық технологияларға негізделген, билік пен қоғамның өзара қатынастарының дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, саяси коммуникация билік үшін күресте қоғамның қолдауын қажет етеді, ал қоғам өз мүддесінің ескеріліп билікте жүзеге асуына ықпал жасауға себепші болады, яғни, бұл өзара келісімді қамтамасыз ететін негізгі басымдық екендігімен ерекшеленеді. Саяси коммуникацияны жүзеге асырудағы ақпараттық технологиялар жаңа заман талабына сай жаңартуды қажет етеді, бұл ақпарат алмасудағы өзара тиімділік мәселесін шешуге септігін тигізеді. Қазақстандағы саяси коммуникацияның қалыптасуы мен даму кезеңі тікелей сайлау кезеңдерімен нақтыланатындықтан оның тәсілдері, саяси қызметті жүзеге асырудағы бірден-бір үздіксіз процесс саналады.
2. Қоғам мен билік арасындағы өзара байланысын былай қарастыруға болады: біріншіден, сайлау науқанындағы өзара байланыс, бұл кезеңде саяси коммуникацияның құралдарын тиімді пайдалану, екіншіден, қоғамның қажеттіліктерін өтеу мақсатында қолданылатын тұрақты байланыс, саяси коммуникацияның жаңа тәсілдерін жетілдіру қажет екендігін көрсетеді. Қазақстандағы Паблик рилейшнз (PR) қадамдарын жетілдірудің қажеттілігі сайлау науқандары қарсаңында нақтылы байқалады. Осыған орай, елімізде PR мамандарына деген сұраныстың қажеттілігі туындайды. Паблик рилейшнз шаралары билік пен қоғамды жақындастыруда, яғни өзара түсіністік таныту арқылы еліміздегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі сенім құралы. Біздің елімізде PR агенттіктердің қызметі әлі жеткілікті дамымаған және заңдылық базасы да толық қалыптаспаған. PR агенттіктерінің қызметі мемлекетіміздің саяси тұрғыдан тұрақты дамуындағы биліктің азаматтық қоғам ұйымдарымен ұдайы қарым-қатынас орнатудың тиімді мүмкіндіктерін ұсынады. Еліміздегі паблик рилейшнздің (PR) атқаратын қызметі тікелей саяси модернизацияның жемісі болып табылады.
3. Қазақстандағы саяси коммуникацияның негізгі құралы ретіндегі БАҚ-тың қызметі ерекше орын алады. Өйткені, саясаттағы саяси субъектілердің атқаратын қызметі туралы ақпарат қоғамда тікелей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұқаралық ақпарат құралдары саяси жүйедегі саяси билік қызметіне қатысты қоғамдық пікірді қалыптастырады. Саяси субъектілердің билік үшін күресінде, сайлау науқандарында өзара бәсекеге түсуінде сайлаушылардың дауысын иеленуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі басым. Жариялы құрылым саналатын бұқаралық ақпарат құралдарының бүгінгі таңдағы тұтынушыларының саны артуда және оларды таратудағы бұқаралық коммуникация құралдары да кеңінен даму үстінде. Алайда, бұл бұқаралық ақпарат құралдары үнемі сенімді, объективті мәліметтер таратады дегенді білдірмейді. Ақпараттар тарату аясына қарай, әсіресе сайлауалды науқандарында бұқаралық ақпарат құралдарының манипуляциялық тәсілдеріне кеңінен орын беріледі. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарының билік пен қоғамның өзара байланысын қамтуда шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Бүгінгі таңда, еліміздегі саяси коммуникацияны жүзеге асырудың тиімді құралдарының бірі – отандық БАҚ өзіндік ықпалға ие.
4. Демократиялық жүйедегі мемлекеттердің бір ерекшелігі – өз елінің азаматтарымен тең дәрежелі диалогқа түседі. Қазақстан Республикасы демократиялық принциптерді қалыптастыру үстіндегі жас мемлекет. Қоғам мен билік арасындағы байланыс дұрыс жолға қойылмаған жағдайда, азаматтардың билікке деген сенім білдірмеуі немесе саяси шеттетілуі анықталады. Соның салдарынан саясатқа деген азаматтардың селқостық танытуы орын алады да, билік қоғам тарапынан болатын саяси қолдауды жоғалтады, ол азаматтардың саяси процеске қатысуда белсенділік танытпауынан байқалады. Елімізде билік пен қоғам арасындағы байланыс жеткілікті деңгейде дамымаған. Мұндай жағдайларды болдырмас үшін елімізде саяси PR (паблик рилейшнз) шаралары тұрақты қызмет атқаруы және саяси субъектілердің халықпен байланысын реттеудің мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс. PR (паблик рилейшнз) агенттіктер билік пен қоғамның өзара қарым-қатынасында келісім мен сенімді қалыптастырады.
5. Қазақстанда саяси коммуникацияның қалыптасуы өзіндік ерекшеліктеріне байланысты түрлі кезеңдерден өтті. Саяси коммуникацияның қалыптасуы мен дамуы тікелей саяси басқару нысанына байланысты. Яғни, мемлекетіміздегі жүргізіліп жатқан реформалар мен қабылданып жатқан нормативтік заңды құжаттар, шығарылған шешімдер, қаулы, қарарлар саяси коммуникацияның жүзеге асырылуының нақтылы нәтижесі. Саяси коммуникацияның нығаюына, бүгінгі таңда мемлекетіміздегі ақпараттық технологиялардың дамуы да өз ықпалын тигізеді.
6. Қазақстандағы саяси коммуникацияны жетілдіру мен тиімділігін арттыруда тікелей оның құралдарын орынды қолданудың жолын қарастыру қажет. Сайлау науқанында қолданылатын «лас технологиялар» саяси коммуникацияның ерекшелігін немесе тиімділігін көрсетпейді, керісінше құқықтық базасының жеткілікті қарастырылмағандығын көрсетеді. Интернет – елімізде билік пен қоғам арасында дәл қазіргі кезеңдегі жедел ақпарат алмасудың көзі болып отыр. Дегенмен, бұл желі де ақпараттандыру жағынан еліміздің барлық тұрғындарын қанағаттандырмайтыны белгілі. Қазақстандағы саяси модернизация билік пен қоғам арасындағы өзара байланыста жариялылықтың, келісімнің, сенімнің болуын талап етеді. Саяси билікті жүзеге асыруда саяси субъектілермен қатар, қоғамның да мүддесі ескерілгені азаматтық қоғамды қалыптастырудағы ізгіліктердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |