2 ДӘРІСТЕР
1-дәріс
тақырыбы: Қазақстан Конституциясы және БАҚ пен этика
Паблик рилейшнз концепциясының дамуы. Қоғаммен байланыстың теориясы мен іс-тәжірибесі.
Қазіргі қоғам дамумен пайда болған Паблик Рилейшнз қарым-қатынастың, байланыс жасаудың әдіс-тәсілдерінің ара-жігін ашып көрсететін байланыстың ерекше түрі. Паблик Рилейшнз анықтамасының өзінің әр алуандығының өзі оның қызметінің сан қырлы екенін көрсетеді. Диплом жұмысында осы алуан сараптамаларға өзімше сараптама жасап, оның Қазақстандағы қызметінің бірнеше қырларын ашып көрсетуге тырыстым. Паблик Рилейшнз (public relations–«қоғаммен байланыс»)- өзіне берілген анықтамалар санына қарағанда кең мағыналы ұғым екенін жан-жақты талдау арқылы жұмыстың өзектілігі айшықтала түсті. 1975 жылы (Foundation for Public Relations Research and Education)атты американдық ұйым осы сөздің 500 анықтамасын тапқан болса, бүгінгі таңда Қазақстанда Паблик Рилейшнз тоғыз түрлі қызметімен көрніс табуда.
Ағылшындық С.Блэк PR-ға мынадай анықтама береді: «Шынайы және толық ақпарат арқылы қоғаммен байланысты жетілдірудегі ғылым және шеберлік өнер болып табылады»[1, 26 б].
Көптеген пікірлерге қарамастан, PR-дың негізгі болмысы: ғылымнан технология байланысымен өнерге дейінгі сатылардан тұрады.
PR-ға өзге пікірді ХХ ғасырдың басында Э.Бернэйз білдірді: «паблик рилейшнз – қоғамның бейімін және іс-әрекетін, сондай-ақ ұйымның қоғам көзқарасымен байланыстық әрекетін өзгертуге негізделген, бағытталған күш»[2, 56 б]. PR-ды анықтаудағы «әрекеттік» пікірді Британдық қоғаммен байланыс Институты да (IPR) жалғастырады: «паблик рилейшнз – ұйымның қоғаммен жағымды байланыс орнатуға бағытталған ұзақ жоспарлы іс-әрекет.
PR практикалық іс-әрекетке негізделген байланыс түрі деген көзқарасты қолдайды. Осы зерттеушілердің ішінен В.Г.Корольконың пікірі PR анықтамасына сай келеді:
«паблик рилейшнз – ақпаратпен (соның ішінде әлеуметтік) басқарудағы арнайы жүйе, қоғамдық пікір қалыптастырудағы коммуникациялық байланыс.
Жоғарыда аталған пікірлердің ішінен PR теоретиктері В.Хазятон және С.Ботан зерттеулері негізді деп айтуға болады: «паблик рилейшнз – бұл әлеуметтік ғылымдарға жататын тез қарқынмен дамып келе жатқан ғылыми бағыт»[3, 71 б ].
1978 жылы Мехикода өткен Бүкіләлемдік PR ассамблеясының ассоциациясында PR-дың ғылыми сипаттамалары айтылды. Осы ассамблеяға 30 ұлттық PR ассоциациясы қатысты. Осында паблик рилейшнз практикасы – қоғамға және ұйымға бірдей қызмет ететін, өмірге енгізілетін жаңалықтарды алдын ала ұтымды жоспарлауға, саралауға мүмкіндік беретін әлеуметтік ғылым және өнер түрі деген пікір толық қолдау тапты. Идеалистік жалпылықтан арылған, ешбір болжамсыз пікірді айрықша атап өту қажет. Бұны Джон Рокфеллер де айтқан, адаммен байланыс орната білу – бұл біз қант пен кофені қалай сатып аламыз, сондай мүмкіндігі бар тауар деген. Және бұл үшін екі есе артық төлер едім – деп коммерциялық қырын танытып отыр.
Түрлі анықтамалар мен көзқарастарға қарамастан, зерттеушілер бір тұжырымда келісушілік білдіреді: қоғаммен байланыстың бір әрекеті – ұйыммен оның толық аудиториясымен коммуникациялық басқару түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |