«Нархоз университеті» АҚ
Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен
БЕКІТІЛДІ
№1 хаттама, «27» қазан 2017 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫ ОРЫНДАУ
ЖӘНЕ РӘСІМДЕУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Алматы
2017 ж.
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 1 -
Мазмұны
Құжаттың паспорты ........................................................................................................................................... - 2 -
Келісім парағы ................................................................................................................................................... - 3 -
1.
Жалпы ереже ............................................................................................................................................ - 4 -
2.
Дипломдық жобалардың тақырыбын қалыптастыру және тапсырыс берушілермен жұмыс ........... - 4 -
3.
Дипломдық жоба тақырыптарын бекіту және жетекшілерін тағайындау ........................................... - 5 -
4.
Жобалық топтағы студенттермен жұмыс ................................................................................................ - 6 -
5.
Дипломдық жобаны қорғаудың тәртібі ................................................................................................. - 6 -
6.
Дипломдық жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар .......................................................................... - 7 -
7.
Қорытынды ереже .................................................................................................................................... - 7 -
7.
Қосымшалар ............................................................................................................................................. - 7 -
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 2 -
Құжаттың паспорты
Құжаттың атауы:
Әдістемелік нұсқаулық (Ереже)
Қысқаша сипаттама:
Әдістемелік
нұсқаулық
(ереже)
дипломдық жобалаудың уақыт шеңбері
мен нормасын есепке ала отырып оны
жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін
анықтайды
Тақырып:
Әдістемелік қамтамасыз ету
Дәрежесі:
Бекіту мерзімі:
27 қазан 2017 ж.
Іс-әрекеттің аяқталу мерзімі:
Аудит мерзімі:
2018 ж. қазан
Аудитке жауапты:
Академиялық
қызмет
жӛніндегі
Проректор
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 3 -
Келісім парағы
Қаржы және технологиялар мектебінің деканы
А.А. Адамбекова
Экономика және менеджмент мектебінің деканы
С.Ы. Умирзаков
Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің деканы
А.М. Джунусов
ХБМ директорының орынбасары
К.К. Нургалиева
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 4 -
1. Жалпы ереже
1.1.
Осы дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
(ары қарай әдістемелік нұсқаулық) алдынғы қолданыстағы ішкі нормативтік
құжаттардың аудиті негізінде әзірленген және әдіснамасын құрайды, уақыт мерзімі
және мӛлшері тұрғысынан дипломдық жобалардың үдерісін жүзеге асыру
жолдарын, сонымен қатар бакалавриат бағдарламасы түлектерінің дипломдық
жобаларына қойылатын техникалық талаптарды айқындайды.
1.2.
Дипломдық жоба – бұл бітіруші түлектің мамандықтың негізгі пәндері бойынша
білімін, қабілеті мен тәжірибелік дағдыларын біріктіре кӛрсететін бітіру жұмысы.
1.3.
Бітіруші түлектер дипломдық жоба орындау және қорғау кезінде:
- білімділік деңгейін (жалпы ой-ӛрісін, кәсіби біліктілігін, арнайы және
мамандандырылған білімін);
- кәсіби құзіреттілігін (мамандығы бойынша қолданбалы міндеттерді ӛздігінен шешу
үшін алған білімдерін қолдана алуы);
- топпен жұмыс істей алу қабілеті және жобалық топ ішінде, сондай-ақ оның
шегінен тыс жерлерде ортақ тіл таба білу;
- ӛз ойын нақты дәлелдермен баяндай алуы, ӛзінің идеялары мен ұсыныстарын айта
және қорғай білу қасиеттерін кӛрсетуі керек.
1.4.
Дипломдық жоба жобалық топ құрамында 3 адамнан 5 адамға дейін, ғылыми
жетекшінің басшылығымен орындалады және жобаның паспортының мазмұны (700
таңбадан аспауы керек). Дипломдың жоба паспортында тӛмендегідей ақпараттар
берілуі керек:
- жобаның тақырыбы;
- жобаның мақсаты мен міндеті;
- жобаның сипаттамасы;
- түйін сӛздер;
- жобаны орындау мерзімі;
- жобаның ғылыми жетекшісі туралы ақпарат;
- жобаның орындаушылары туралы ақпарат.
1.5.
Дипломдық жобада келтірілген барлық мәліметтердің нақтылығы мен әділдігіне
дипломдық жобаның авторы ретінде жобалық топ жауапты болады. Жобаның
толықтығы мен сапасына, сонымен бірге қабылданған шешімдерге студенттермен
бірге жобаның ғылыми жетекшілері де жауапты болады.
1.6.
Дипломдық жобаны дайындау үдерісінде біреудің ойын ұрлауға, ӛзгертуге,
плагиатқа тыйым салынады. Барлық жобалар плагиатты анықтау және кӛшірудің
алдын алу мақсатында бекітілген регламентке сәйкес (STRIKEPLAGIARISM.COM.
жүйесінің базасында) алдын-ала плагиаттан тексерістен ӛтуі тиіс.
1.7.
Жобалар тақырыпқа және тапсырыс берушілерге қарамастан пәнаралық (2 және
одан да кӛп мамандықтарды қамтитын) жобалар болуы да, сондай-ақ бір ғана білім
беру бағдарламасынан да болуы мүмкін.
2. Дипломдық жобалардың тақырыбын қалыптастыру және тапсырыс
берушілермен жұмыс
2.1.
Дипломдық жобаның тақырыбы студенттермен жұмыс істеуге келісетін және кәсіби
тәжірибе базасы ретінде оларды қабылдауға дайын бизнес-әріптестермен
жүргізілген келісімшарт негізінде, сондай-ақ мектептер мен университеттің ішіндегі
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 5 -
ӛзекті болып табылатын мәселені шешуге арналған тақырыптар бойынша бітіртуші
кафедрамен құрастырылады.
2.2.
Бизнес-әріптестер болмаған жағдайда кафедра оларды табуға, сондай-ақ мансапты
дамыту Орталығына хабарлай отырып, бірлесе әрекет етуге міндетті.
2.3.
Студенттердің ӛздері де жобаға қызығушылық танытатын компанияларды ұсынуына
және тапсырыс берушінің сұранысынан жобаның тақырыбын құрастыруына болады.
2.4.
Әріптестермен келіссӛздер ұйымдастыру кезінде клиенттің қызығушылығы мен
оның проблемаларын ескеру маңызды. Серіктестермен қарым-қатынастар
орнатудағы міндетті құрамдас нәрсе ол жобалық ұсыныстар (project proposal)
болып табылады. Мәселені нақты анықтау үшін тапсырыс беруші компания туралы,
оның шешуі тиіс мәселелері жайлы ақпараттар бар 1-1,5 беттен тұратын (project
proposal) жобалық ұсыныс құру керек. Егер клиенттің уақыты болмаған жағдайда,
онда студенттің ӛзіне компанияны зерттеуге, ондағы проблеманы тұжырымдауға
тапсырма беріледі.
2.5.
Кафедралар келіссӛздер жүргізгенде ілтипатты болғандары дұрыс, тапсырыс
бершілерді мәжбүрлеу немесе ӛз айтқандарына кӛндіруге тырысу университеттің
беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.
3. Дипломдық жоба тақырыптарын бекіту және жетекшілерін тағайындау
3.1.
Бітіруші курс студенттерін дипломалды практиканың базасы бойынша бӛлу
басталғанға дейін (қазан-қараша айлары), шығарушы кафедралар жобалық топтарды
қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
3.2.
Факультеттер/мектептер Кеңесінің мәжілісінде қаралған дипломдық жобаның
тақырыптары студенттерге ұсынылады және жобалық топтарды қалыптастыру үшін
тіркеудің басталуы туралы хабарлайды.
3.3.
Кафедраның талаптарын орындай отырып (топтық жобалау бойынша барлық
студенттерді бӛлу үшін), топтар студенттердің ӛз таңдауымен ұйымдаса алады
3.4.
Кафедра жобалық топтың ең жоғарғы құрамын жобаның тақырыбына байланысты
практика базасының мүмкіндігіне және тапсырыс берушінің мүмкіндіктерін ескере
отырып анықтайды, жобалық топ 1 жетекші мен жұмыс істейтін 3 адамнан тұрады.
Пәнаралық жағдайында, жобалық топ 3-5 адамнан тұруы мүмкін, бұл жағдайда әр
мамандық бойынша жетекші тағайындалады.
3.5.
Кафедра бір жобада оның тақырыбы мен бизнес-әріптестің (тапсырыс берушінің)
сұранысына байланысты әр түрлі мамандықтар мен мектептер студенттерінің
қатысуын қолдайды. Тіркеу (бекіту) туралы хабарландыру кезінде дипломдық
жобаның тақырыптары мен жобалық топтарға жазылуға дейін кафедралар
студенттер құрамын дайындап, пәнаралық жобалардың тізімін нақты айқындап
қояды.
3.6.
Жобаның жетекшілері кафедраның профессор-оқытушылар құрамынан бекітілген
педагогикалық жүктемесіне сәйкес тағайындалады.
3.7.
Кафедра профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер алдында дипломалды
(ӛндірістік) практиканың басталуына дейін жобалық топтардың тақырыбы, мәселесі,
әрқайсысының жауапты бӛлімдері туралы алдын ала таныстырылымын
ұйымдастыруы тиіс. Алдын ала болған таныстырылымға тапсырыс беруші
компанияның ӛкілі қатысса, қуана құпталады.
3.8.
Жобалық топтар бойынша студенттерді бӛлу, тақырыптарды бекіту мен жоба
жетекшілерін тағайындау университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде
ректордың бұйрығымен жүзеге асырылады.
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 6 -
3.9.
Жобаның ғылыми жетекшілері жобалық топтағы студенттердің жұмысына тұрақты
түрде мониторинг жүргізуге және жобаға тапсырыс берушімен және жобалық
топпен үнемі байланыста болуға міндетті.
4. Жобалық топтағы студенттермен жұмыс
4.1.
Жобалық топтар әр түрлі мамандықтың, сондай-ақ бір мамандықтың студенттерінің
қатысуымен құрастырылады.
4.2.
Студенттер:
Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, сондай-ақ компания
ӛкілдерінің (тапсырыс берушінің) алдында топ құрамымен, жобаны
тақырыбына, қайсысының кейсі қарастырылатынына таныстырылым
жасауға;
Жүктеменің ӛзара тең бӛлінуіне;
Кафедрамен бектілген кестеге сәйкес дер кезінде ғылыми жетекшіге жоба
шеңберінде орындалған жұмыс туралы есептерін ұсынуға;
Жобаны академиялық адалдық қағидаларын сақтай отырып және басқа
зерттеушілердің дайын тұжырымдарын кӛшіріп алмай ӛзбетімен орындауға;
Кафедрадан және практика базасынан (тапсырыс берушіден) тағайындалған
жетекшілермен байланыста болуға;
Кафедрамен бекітілген мерзімде жоба бойынша талқылауға және
ескертпелер, сыни пікірлер мен пікір алу үшін алдын-ала таныстырылымға
ұсынуға (Google disk-ті қолдану ұсынылады);
Басқа
студенттердің
жобалары
бойынша
таныстырылымдарының
талқылауына және ескертпелеріне қатысуға;
Жобаның жалпы қорытынды нұсқасын сауатты мазмұндау мен біріңғай
жазылу стилін қамтамасыз ету мақсатында редакциялау үшін топтан бір
жауаптыны анықтауға (ұсынуға);
Дипломдық жобаның қорытынды нұсқасын кафедраға кӛрсетілген мерзімде
ұсынуға міндетті.
4.3.
Ғылыми жетекшілер топтағы студенттердің жұмысына мониторинг жүргізеді.
Студенттер жобаның орындалуы және алынған нәтижелер туралы зерттеу
базасының ӛкіліне тұрақты түрде ақпараттар ұсынып отырады.
5. Дипломдық жобаны қорғаудың тәртібі
5.1.
Дипломдық жоба плагиатқа тексерілген, пікір мен сыни пікір алғаннан кейін қағазға
шығарылған және электрондық нұсқада кафедраға ұсынылады.
5.2.
Дипломдық жобаны қорғау МАК-тың ашық мәжілісінде 50% аз емес комиссия
мүшелерінің қатысуымен жариялы түрде жүргізіледі.
5.3.
Тапсырыс берушінің тілегі бойынша жобаны алдын-ала қорғау компанияның
тапсырыс берушінің базасында ұйымдастыруға болады.
5.4.
Пәнаралық жобаларды ашық түрде қорғауды ұйымдастыру үшін сәйкес
мамандықтар
бойынша
МАК
ӛкілдерінің,
ректорат
және
тапсырыс
беруші/серіктестер ӛкілдерінің қатысуымен университет деңгейіндегі жалпы
комиссия құрылуы мүмкін. Осыған байланысты қорғау хаттамасы мамандық
бойынша комиссияда толтырылады.
5.5.
Ғылыми жетекшілер жобаны қорғау бойынша МАК мәжілісіне тапсырыс
берушілердің ӛкілдерін шақыруға міндетті.
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 7 -
5.6.
Қорғау жоғары оқу орындарында қолданылатын оқытудың кез келген тілінде
жүргізілуі мүмкін.
5.7.
Қорғауға дипломдық жобаны сұрақ қою немесе сӛйлеу түрінде талқылауға қатысуға
қызығушылық танытатын барлық тұлғалар қатыса алады.
5.8.
МАК
алдында
дипломдық
жоба
бойынша
қорытынды
жұмыстың
таныстырылымының ұзақтығы – 20-25 минут. Сұрақ-жауапқа - 10 минут уақыт
беріледі.
5.9.
Жобаның ғылыми жетекшілері жоба бойынша жазбаша пікір ұсынады. Сырттан
сын-пікірлер рецензенттермен немесе тапсырыс берушілердің ӛкілдерімен
ұсынылады.
5.10. Дипломдық жобаны қорғау нәтижесі бойынша жобалық топтың әрбір мүшесінің ӛз
бӛлімдерінің орындалу деңгейін негіздеп, алынған нәтижелерін қорғай алуы,
сұрақтарға жауап беруі, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің бағасын
ескере отырып баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға қойылады.
5.11. Дипломдық жобаны қорғау мамандықтар бойынша мемлекеттік аттестациялық
комиссия (МАК) мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді және оның нәтижесі
ӛткізген күні хабарланады.
6. Дипломдық жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар
6.1 Диплом жобасының кӛлемі 30-40 басылған мәтін бет болуы керек.
6.2 Диплом жобасы төмендегідей міндетті құрылымдық элементтерді қамтуы қажет:
- титулдық (бастапқы) парақ (1 қосымша);
- қысқаша түйіндеме (аңдатпа);
- мазмұны;
- кіріспе;
- диплом жобасының негізгі бӛлімі;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
6.3. Титулдық парақ - диплом жобасы туралы бастапқы мәліметтер берілген бірінші бет
болып табылады. Титулдық парақ жобаның жалпы номерлеу беттеріне кіргенімен,
онда бет номері қойылмайды.
6.4. Диплом жобасының паспорты бұл әдістемелік нұсқаулықтың 1.4 тармағында
кӛрсетілген ақпаратты қамтитын 700 таңбадан тұратын мәтін.
6.5. Диплом жобасының мазмұнына – диплом жобасының барлық негізгі бӛлімдері және
тарауларымен тараушаларының беттерінің номерлері кіреді. Бӛлімдері мен
бӛлімшелерінің атаулары диплом жобасының мазмұны бойынша кӛрсетілген
атаулармен толықтай сәйкес келуі керек, олардың атауларын қысқартып жазуға жол
берілмейді.
6.6. Кіріспеде тақырыбының ӛзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеу
нысанасы кӛрсетілуі тиіс. Сонымен бірге қойылған зерттеу сұрақтарының қысқаша
сипаттамасы мен нақты зерттеу әдістері бейнеленуі керек. Осыған қоса топтың әрбір
мүшесінің жобаға байланысты қандай бӛлімдерге жауапты екендігі мен
жауапкершілік кӛлемі кӛрсетіліуі керек. Кіріспенің кӛлемі 3 беттен аспауы керек.
6.7. Диплом жобасының негізігі бөлімі әдеттегідей зерттеу объектісіне қатысты
проблемалық сипаттамасы бар әр бӛлім бойынша қойылған зерттеу нәтижелерінен,
қорытынды және ұсыныстардан тұрады. Негізгі бӛлім 2-3 бӛлімге бӛлінуі мүмкін,
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 8 -
әрқайсысының ішінде бӛлімшелер (параграфтар) болуы мүмкін. Әрбір бӛлімде
қарастырылған сұрақтар бойынша қысқаша қорытынды болуы қажет. Жобаның
негізгі бӛлімінің кӛлемі 25-28 бет.
6.8. Қорытынды кӛлемі зерттелген мәселе бойынша нақты зерттеу объектісіне негізделген
2-3 бет болуы керек. Қорытындыда тек қана зерттеулердің нәтижелері мен
қолданылған нақты зерттеу әдістерінің негізіндегі тұжырымдар болуы керек.
6.9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Ол диплом жобасында бекітілген талаптарға
сәйкес рәсімделеді және араб сандарымен нүктесіз, абзацтан номерленеді.
Әдебиеттер тізімін рәсімдеу талаптары 2-қосымшада кӛрсетілген.
6.10. Диплом жобасының мәтіні бойынша қолданылған деректерді реттік номері бойынша
және тік жақшамен қолдану ретімен сілтеме жасап кӛрсету керек. Бірдей дерек кӛзі
бірнеше рет қайталанған жағдайда тік жақшаның ішіне реттік номерінен басқа да, сол
бетке сәйкес номері де кӛрсетіледі (мысалы [1, 15 б.]).
6.11. Қосымша диплом жобасы мәтініндегі сілтемелер тәртібіне сәйкес, жобаның жалғасы
ретінде келесі бетіне тіркей беру керек. Әрбір қосымшаны жаңа беттен оң жақ
бұрышына «Қосымша» деп және номерін жазып кӛрсету қажет. Қосымша араб
сандарымен номерленіп, мәтінге қатысты симмертиялы жазылып, тақырыбы бас
әріппен жаңа жолдан жазылуы керек. Егерде диплом жобасында құндылығы бар
құжат қолданылса, қосымша ретінде ӛзгеріссіз түпнұсқаны тіркейді. Қосымшалар
беттері диплом жобасының басқа бӛлімдерімен қатар номерленеді.
6.12. Диплом жобасы А4 форматындағы стандартты қағазда орындалуы және түптелуі
тиіс. Мәтін және басқа да элементтер дербес компьютердің ақ қағаздың бір бетіне
баспа және графикалық құрылғыларды шығаруды қолдана отырып, Microsoft Word
редакторы арқылы «Times New Roman» - қаріпін, кегль – 14, аралық интервал – 1-мен
басылуы керек.
6.13. Әрбір беттің: сол жағы - 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, тӛменгі жағы
20 мм. болуы керек.
6.14. Жобаны орындау барысында біркелкі тығыздық, суреттің айқындылығы мен
нақтылығы сақталуы қажет. Диплом жобасында сызықтар дұрыс, сандар, әріптер
және белгілер анық болуы тиіс.
6.15. Жобада «МАЗМҰНЫ», «КІРІСПЕ», «ҚОРЫТЫНДЫ», «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ», «ҚОСЫМША» сияқты құрылымдық элементтердің атауы,
сонымен қатар негізгі бӛлімдердің атауын бас әріптермен, жолдың ортасынан нүктесіз
«қалың» қаріппен басу тиіс.
6.16. Бӛлімдердің тақырыбын абзац жолдан бас әріптермен бастап, соңында нүкте қоймай
«қалың» қаріппен теру қажет.
6.17. Құрылымдық элементтердің тақырыптарының арасында, диплом жобасының
бӛлімдері мен келесі мәтінде «бос жол» қолданылады.
6.18. Жобаның кіріспесі, бӛлімдері, қорытындысы, пайдаланылған әдебиеттер тізімі,
қосымшасы жаңа беттен басталады.
6.19. Абзацтар жаңа жолдан (азат жол) бӛлінеді, 1,25 шегініс.
6.20. Диплом жобасының беттерін ретімен номерлеуді бүкіл жобада сақтай отырып, араб
сандарымен номерлеу қажет. Беттердің номерін парақтың тӛмен бӛлігінің ортасында
нүктесіз қояды. Жеке бетте орналасқан суреттер мен кестелер жобаның жалпы
беттеріне қосылады. А3 формат парағындағы суреттер мен кестелер бір бет ретінде
есептеледі.
6.21. Бірінші рет немесе келесі бетте айтылатын иллюстрацияларды (сызбалар,
графиктер, схемалар, диаграммалар және т.б.) тікелей мәтіннен кейін
орналастырған жӛн. Диплом жобасындағы барлық суреттерге сілтеме берілуі тиіс.
Суреттің астында жолдың ортасында орналасқан суреттердің атауы болуы тиіс.
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 9 -
Иллюстрация «Сурет» деген сӛзбен белгіленеді. Бүкіл диплом жобасында
иллюстрацияларды араб сандарымен реттік номерімен номерлеген жӛн. Сурет пен
мәтін арасында «бос жол» болуы қажет.
Иллюстрацияларды рәсімдеу үлгісі:
1-сурет – Сегменттік топтарды бӛлгендегі бір күндік қалдықтардың үлесі
Ескерту: автормен құрастырылған
6.22. Кестелер. Кестені жақсы кӛрнекілік және кӛрсеткіштерді салыстыру ыңғайлығы үшін
қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнынан кӛрініс беріп, нақты әрі қысқа болуы қажет.
Кестенің атауы абзацтық шегініссіз сызықша арқылы оның номерімен бірге бір жолда
кестенің сол жақ үстінде орналастырылады. Кестенің бір бӛлігін келесі бетке кӛшірген
жағдайда бірінші беттегі тӛменгі кӛлденең сызық жабылмайды, басқа бӛліктерінің үстінде
сол жағында «кестенің жалғасы» деген сӛз жазылып, кесте номері кӛрсетіледі. Кесте
жобада бірінші рет кӛрсетілетін мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналасуы керек.
Барлық кестелерге жобада сілтеме болуы қажет. Сілтеме жасағанда номерін кӛрсетіп,
«кесте» деп жазу керек. Кестеде мәтіндегі қаріптен кіші қаріп ӛлшемін пайдалануға рұқсат
етіледі.
Кестені ресімдеудің мысалы:
1-кесте – Авансталған капитал табысының деңгейі, %
№
Кӛрсеткіштер
Ӛткен жыл
Есепті жыл
ауытқу(+;-)
1
2
3
4
5
1
Таза табыс, мың тенге
5040
6538
+1498
2
Активтер, мың тенге
30512
37254
+6742
3
Табыс деңгейі, %
16,52
17,55
+1,03
Ескерту: [2] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
6.23. Формулалар мен теңдеулер. Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бӛлек жеке
жолға жазған дұрыс. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғарғы және тӛменгі
В
37%
Стандарт
22%
А
16%
КОРП
6%
Others
0%
VIP
0%
ТОР
1%
С
17%
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 10 -
жақтарында бір бос жол қалдырылуы керек. Белгілер мен сандық коэффициенттердің
мағынасын түсіндіру формулада қандай тәртіпте кӛрсетілсе, дәл сол тәртіппен
формуланың астына орналастырылады. Формулаларды барлық жоба шегінде жолдың
оң жақ шетінде дӛңгелек жақша ішінде араб сандарымен ретпен номерлеген дұрыс.
Формуланы жазуға мысал:
ОС
СОС
К
(1),
Мұндағы: К – жеке айналым қаражатымен қамтамасыз ету коэфиценті;
СОС – жеке айналым қаражаты;
ОС – айналым қаражатының жалпы кӛлемі.
7. Қорытынды ереже
7.1.
Бұл Ереже университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде бекітіледі. Бұл Ереженің
әрекет ету мерзіміне шек қойылмайды.
7.2.
Ереженің келесі аудитінің мерзімі 2018 жылдың қазан айы. Аудитті ӛткізу үшін
жауапты - Академиялық қызмет жӛніндегі Проректор, Оқу-әдістемелік
басқармасының бастығы
Құрастырушылар:
Н. В. Дальке
Оқу-әдістемелік басқарма бастығы
Құжаттармен қамтамасыз ету бӛлімі
тексеру туралы белгісі
О. Б. Турысжанов
Бӛлім бастығы
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 11 -
8. Қосымша
Қосымша 1
Диплом жобасының титулдық бетін рәсімдеу үлгісі
Нархоз университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Қаржы және статистика» кафедрасының меңгерушісі,
э.ғ. д., профессор
___________ Интыкбаева С.Ж.
«__» ________ 20__ж., №__ хаттама
* (бірнеше мамандық бітірушілерімен
орындалған жобаға
рұқсатты барлық бітіруші
кафедра меңгерушілері береді,
кафедра атауы алфавиттік ретпен жүргізіледі)
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
тақырыбы «_____________________________________»
«5В050900 – Қаржы» мамандығы бойынша
(жоба бірнеше мамандық бойынша орындалған болса барлық мамандықтар кӛрсетілуі
қажет)
Орындағандар:
«5В050900 Қаржы»
мамандығының
IV курс студенттері
________________
Студенттің қолы
________________
Студенттің қолы
________________
Студенттің қолы
А.Т. Ахметов
И.Д. Иванова
Д.Ю. Тен
Ғылыми
жетекшісі:
э.ғ.д.., профессор
___________________
Жетекшінің қолы
И.И. Рыскулов
(пән аралық жоба орындалған жағдайда әр мамандық жетекшілері көрсетіледі)
Алматы, 20__
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 12 -
Қосымша 2
Әдебиеттер тізімін рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Тізімде әрбір дерек кӛзі келесі тәртіп бойынша кӛрсетіледі:
1) Кӛп таралымды әдебиеттер үшін – тізімдегі реттік номері; автордың аты-жӛні; кітаптың
атауы (мақала үшін – атауы, жинақтың, журналдың атауы, оның номері); баспасы; шыққан
жылы және бетінің саны.
а) Кітапты сипаттау авторлардың аты-жөнін көрсетуден басталады, мысалы:
1. Фадеев К.А. Ақпараттық ӛркениет философиясы. – М.: ВЛАДОС, 2004. – 336 б.
2. Савинков В.М.
Дерекқорлар ақпараттық жүйелерін жобалау. – М.: Қаржы және
статистика, 2008, - 351 б.
б) Егер автор ұжымдық болса, онда мәліметтер тақырыптан кейін көрсетіледі,
мысалы:
1)
Экономикалық
информатика:
ЖОО
арналған
оқулық,
В.В.Евдокимовтың
редакциясымен. – М.: Қаржы және статистика, 2008. – 351 б.
в) Бірнеше томнан тұратын басылым төмендегідей сипатталады, мысалы:
Кунт Д.Э. Бағдарламалау ӛнері / ағылшын тілінен аударған Козаченко Ю.В. 3 т. – М.:
Просвещение, 2007. – 144 б.
2) Аз таралымды материалдар үшін – құжаттың атауы және оның белгілері; Министрліктер
атауы (бӛлімдері), институттар, жыққан жылы мен жері.
а) Мақаланы сипаттаған кезде мерзімді басылымның томы, шығарылымы, номері
және беттері көрсетіледі:
1. Белоусов Р. Ресейдің экономикалық әлеуеті. // Экономист №11, 2007. – 3-11 бб.
б) Еңбектер жинағынан және бір автордың таңдамаларынан, сол сияқты
жинақтардан, жылнамалардан, энциклопедиялардан және т.б. алынған мақалаларды
тіркеу:
1. ЖОО арасындағы конференцияның баяндама тезистері. КУАМ. – Кӛкшетау, 2014. т 3.
505 б.
3) Түпнұсқалары тек электронды түрде ғана бар (Internet, intranet) материалдар үшін -
автордың аты-жӛні; мақаланың атауы; толық WEB – мекен-жайы, сілтеменің жарыққа
шыққан күні кӛрсетіледі.
Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- 13 -
Қосымша 3
ҚОЛДАНЫЛУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАДЫ
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ
«_____________________________» кафедрасы
МОНИТОРИНГ ЖОСПАРЫ
«____________________________» тақырыбына жазылған дипломдық жоба
Жоба тобының құрамы,
студенттердің аты-жӛні
мамандығы
Жетекшілердің қолы : ______________________ / Аты-жӛні /
(жеке қолы)
______________________ / Аты-жӛні /
(жеке қолы)
Студенттердің қолы: ______________________ / Аты-жӛні /
(жеке қолы)
_______________________ / Аты-жӛні /
(жеке қолы)
________________________ / Аты-жӛні /
(жеке қолы)
________________________ / Аты-жӛні /
(жеке қолы)
№
Жұмыс кезеңдері
Мониторинг күні
Орындалу уақыты
Достарыңызбен бөлісу: |