Дипломдық жобаға (жұмысқа) ТҮсіндірме жазба



жүктеу 10,35 Mb.
бет77/78
Дата14.05.2018
өлшемі10,35 Mb.
#12224
түріДиплом
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78

Жобаның қысқа мерзімді мақсаттарына өнімнің өтім көлемін ұлғайту, автоматтандыруды жүргізу мен өзіндік құнды төмендету арқылы өнімнің бағасын төмендету жатады.

Кәсіпорынның әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілікке ие болуы, яғни өз өнімін – жазғы дизель отынын тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет елдерге экспорттау бизнестің болашақтағы мақсаты болып табылады.
Жұмыстардың орындалу тізбесі


  1. Жоспарлау мен құрастыру бұл жобаның басталуына дейін, яғни 2007 жылдың тамыз айына дейін жасалған болатын.

  2. Сауда ұйымдар қызметі 2007 жылдың тамыз айында басталады.

  3. Тауарлық түрге келтірілген өнім, яғни тауарлы жазғы дизель отыны ары қарай ЖҚБ-не, одан тұтынушыларға жеткізіледі.

  4. Өндіруге қажетті материалдарға тапсырыс алдын ала беріледі және барлық шикізат өндіруге қажетті мөлшерде жеткізіледі.

  5. Өндірісті және өнім шығаруды бастау уақыты 2007 жылдың тамыз айына жоспарланған.

  6. Алғашқы тапсырыстар 2007 жылдың тамыз айында қабылданады.


Жобаның тәуекелділігін талдау
Атырау мұнай өңдеу зауытынан шығатын экологиялық таза әрі сапалы мұнай өнімдері Қазақстанның ұлттық энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда зауыттың басқалардан артықшылығы оның географиялық орналасуы болып табылады.

Атырау МӨЗ-ы Батыс Қазақстанның мұнайын өңдеуші және өңдейтін республикадағы жалғыз мұнай өңдеу өндірісі болып табылады. Бұл жағдай оны дамыту мен қайта жаңартуға көз жеткізер дәйектерді келтіруге мүмкіндік береді:



  • Атырау және онымен шектесетін аймақтарда Қазақстан мұнайының негізгі қорлары бар, олар анағұрлым болашағы бар (дүние жүзілік стандарт бойынша) кен орындары болып табылады;

  • мемлекет Атырау МӨЗ-ы арқылы республикада мұнай өнімдерінің нарығында ұлттық саясат жүргізе алады;

  • жоғары сапалы өнімнің ішкі нарығын қамтамасыз ету импорттың төмендеуіне әкеледі.

Қазіргі заманда арнаулы компьютерлік бағдарламалар көмегімен мұнай мен газды игерудің және өндірудің әртүрлі жолдары пайдаланылуда. Әрине бұл жұмыстар өте қымбат болғанымен тиімділігі өте жоғары.

Атырау МӨЗ-дағы Жапония технологиясы бойынша жетілдірілген дизель отынын сутекпен тазалау қондырғысында алынған жазғы дизель отыны отандық нарықта ғана емес, сонымен қатар шет елдердің өнімдері – дизель отындарымен бәсекеге түсе алады. Себебі зауыттан шығатын өнімнің –жазғы дизель отынының құрамындағы күкірт 0,005%-ға дейін азайтылған, Евро-2005 стандартының талабына жауап береді және қоршаған ортаға зиянсыз өнім болып табылады [41-44].


Қорытынды
Қазақстанның мұнай өңдеу кәсіпорындарының мұнайды алғашқы өңдеу қуаттылығы жылына 18,5 млн. тоннаны құрайды. Қазақстанда «Атырау МӨЗ» ЖШС технологиялық дамыған мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі болып саналады. Бұл мұнай өңдеу зауыты Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарын экологиялық таза дизель отынымен қамтамасыз етеді.

Зауыттың техникалық жағдайы жақсы, сондықтан өнімдердің кең ассортиментін шығаруға мүмкіндігі бар. Еліміздің автопаркі негізінен дизельдік көліктерге ауыстырылғандықтан, оған деген сұраныс жылдан жылға өсіп жатыр және мұнайды өндіру көлемі де өсуде. 2001 жылмен салыстырғанда сұйық отынға (бензин, дизель отыны) сұраныс 1,5 есеге өсті. Қондырғының қуаттылығын, көмірсутек шикізатын өңдеу тереңдігін ұлғайту қажет, бірақ заңмен бекітілген жалпы қабылданған экологиялық талаптарды қадағалау қажет, яғни мұнай өңдеу өнеркәсібінің қалдықтарын утилизациялайтын жаңа технологияларды ендіру қажет.

Жазғы дизель отынын өткізудің бизнес-жоспары жасалған бұл жоба тұтынушыларды құрамындағы күкірт 0,005%-ға дейін азайтылған экологиялық таза және Евро-2005 стандартына жауап беретін жазғы дизель отынымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

15 Ғылыми-зерттеу жұмысы элементтері
Қазақстан мұнайының май фракцияларын гидроөңдеу
Өңдеуге түсетін мұнайдың май дистилляттарында біршама мөлшерде керек емес төмен индексті көмірсутектер мен шайырлар бар, сондықтан да гидрогенизациялық өңдеу ауыр қосылыстардың (полициклді ароматикалық, гетероциклдік және т.б.) бөлігін парафинді-нафтенді және алкил орынбасқан моноциклдік ароматикалық көмірсутектерге гидрокаталитикалық айналуы нәтижесінде шикізаттың көмірсутектік құрамының өзгеруіне негізделген.

Гидроөңдеу мұнай шикізатының химиялық құрылымына белсенді араласуына мүмкіндік береді: яғни гетероатомдарды бөліп алып тастау арқылы алкилді орынбасушысымен бірге парафинді және моноциклді ароматикалық көмірсутектерді алады; полициклді ароматикалық көмірсутектерді тұтқырлық индексі жоғары болып келетін алкилді орынбасқан нафтендерге айналдырады. Май дистилляттарын гидрлеу 340-420ºС температурада, 10-30 МПа қысымда тотыққан сульфидті катализаторларда және 215-420ºС температурада, 6-17 МПа қысымда металцеолитті катализаторларда жүргізеді.

Май дистилляттарын гидрокаталитикалық өңдеу процесінің зерттелуі 360; 380; 400; 420ºС температурада, 9; 10; 11; 12 МПа қысымда және 0,25; 0,5; 0,75 және 1,0 сағ-1 шикізатты берудің көлемдік жылдамдығында модификацияланған АКМ катализатордың қатысуында жүргізілді.

Май дистилляттарының бастапқы физика-химиялық сипаттамасы 15.1 кестеде келтірілген.

15.1 кестеден көрініп тұрғандай, зерттелуші мұнайдағы май дистилляттары сапалық көрсеткіштері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Қарашығанақ мұнайындағы май дистиллятының тығыздығы аздау, ал Қаражанбас мұнайындағы май дистиллятының тығыздығы жоғары. Май дистилляттары құрамындағы күкіртті қосылыстардың жоғарылығымен (2,0% мас. дейін) сипатталады.

Вакуум дистилляттарының гидроасылдандыру процесіне температураның әсері 10,0 МПа қысымда және 0,5 сағ-1 шикізатты берудің көлемдік жылдамдығында жүргізілді.

15.1 а суреттен көрініп тұрғандай, процестің температурасын жоғарылатқан сайын бастапқы вакуумды дистилляттардың гидрокүкіртсіздену дәрежесі де жоғарылайды.

420ºС температурада май дистилляттарының гидроасылдандыру процесінің жылдамдығы максималды мәніне жетеді, яғни температураның ұлғаюымен процестің жылдамдығы өседі, бірақ бұл кезде жанама реакциялар да күшейеді.

Температураны 360-тан 420ºС-қа жоғарылату Қаражанбас мұнайының вакуумды дистиллятына айтарлықтай әсер етеді – бұл дистилляттың күкіртсіздену тереңдігі 16%-ға көтеріледі. Осы жағдайда Қаламқас мұнайы вакуумды дистиллятының күкіртсіздену тереңдігі бар болғаны 7%-ға көтеріледі.

Май дистилляттарының гидроасылдандыру процесіне қысымның әсері 380ºС температурада, 0,5 сағ-1 шикізатты берудің көлемдік жылдамдығында зерттелді.

15.1 б суреттен көрініп тұрғандай, гидрогенизаттар үшін қысымның әсері 9-11 МПа қысымы аралығында айтарлықтай, ары қарай қысымды жоғарылату гидрокүкіртсіздену тереңдігіне әсер етпейді, сондықтан да процесті 9-11 МПа қысымда жүргізген тиімді.
Кесте 15.1 – Бастапқы май дистилляттарының физика-химиялық қасиеттері


Көрсеткіштер

Мұнай кен орны мұнайының май дистилляты

Қарашығанақ

Теңіз

Қаламқас

Қаражанбас

200С кезінде тығыздығы, кг/м3

879,0

887,0

890,1

917,8

Күкірт құрамы, % мас.

1,16

1,10

1,98

1,65

Қату температурасы, ºС

30

28

-4

-17

Кокстенуі, %

0,37

0,10

0,39

0,30

Күлділігі, %

0,02

0,015

-

-

500С кезінде кинематикалық тұтқырлығы, мм2

21,94

21,18

14,12

17,45

Топтық химиялық құрамы,

% мас.


парафин-нафтенді

ароматикалық

соның ішінде:

жеңіл


орта

ауыр


шайырлар

65,2


32,6
12,8

11,3


8,5

2,2


60,3


35,6
12,0

4,7


18,9

4,1


67,3


28,9
5,8

16,6


6,5

3,8


55,8


41,6
16,9

15,8


8,9

2,6


Фракциялық құрамы, ºС:

бастапқы қайнау

10%

50%


90%

соңғы қайнау


328


377

396


482

492

352

373


406

458


485

362


394

415


460

498

-

-

-



-

-


Вакуумды газойльдердің гидротазалау тереңдігіне шикізатты берудің көлемдік жылдамдығының әсері 380ºС температурада және 10 МПа қысымда жүргізілді (15.1 в суреті).



Шикізатты берудің көлемдік жылдамдығы 1,0 сағ-1-ден 0,25 сағ-1-ге дейін төмендету кезінде Қарашығанақ, Теңіз және Қаражанбас мұнайындағы вакуумды дистилляттардың гидрокүкіртсіздену тереңдігі 79-81%-дан 89-91%-ға дейін ұлғаяды. Шикізатты берудің көлемдік жылдамдығын төмендету
Май дистилляттарының күкіртсіздену тереңдігінің процесс жағдайына тәуелділігі

А




Б



жүктеу 10,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау