Дипломдық жобаға (жұмысқа) ТҮсіндірме жазба


Графикалық материалдар тізбесі



жүктеу 10,35 Mb.
бет2/78
Дата14.05.2018
өлшемі10,35 Mb.
#12224
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78

Графикалық материалдар тізбесі



Сызба атауы

Парақ саны


Орындалу мерзімі

Жетекшісі


1

Технологиялық жүйесінің сызбасы







Дәуренбек Н.М.

2

Құрал-жабдықтардың орналасу жобасының сызбасы







Сатаев М.И.

3

Реактордың бөлшектермен қоса сызбасы







Дәуренбек Н.М.

4

Жылуалмастырғыштың бөлшектерімен қоса сызбасы







Дәуренбек Н.М.

5

Ректификациялық колоннаның бөлшектерімен қоса сызбасы







Дәуренбек Н.М.

6

Бақылау, өлшеу приборлары және үдерісті автоматтандыру сызбасы










7

Техника-экономикалық көрсеткіштер кестесі







Төлеметова А.С.

Тапсырманың берілген уақыты _________________________________2006 ж.


Дипломдық жоба жетекшісі__________________________________________

(қолы) (А.Ж.Т.)

Тапсырманы орындауға қабылдаған студент___________ _Алтаев Р.Ж.__

(қолы) (А.Ж.Т.)



Мазмұны
Аннотация ...........................................................................................................

Нормативтік сілтемелер .....................................................................................

Анықтамалар .......................................................................................................

Белгілеулер және қысқартулар ..........................................................................

Кіріспе...................................................................................................................

1 Әдеби шолу........................................................................................................

2 Өндіріс әдісін таңдау және оның құрылыс орны...........................................

3 Шикізат, реагент және дайын өнімдердің сипаттамасы...............................

4 Жобаланушы қондырғының технологиялық схемасының суреттемесі және оның ерекшеліктері....................................................................................

5 Процестің материалдық тепе-теңдігі..............................................................

6 Технологиялық есептеулер..............................................................................

7 Механикалық есептеулер.................................................................................

8 Негізгі және қосалқы құрал-жабдықтарды таңдау........................................

9 Өндірісті аналитикалық бақылау....................................................................

10 Бақылау - өлшегіш приборлар және процесті автоматтандыру.................

11 Қоршаған ортаны қорғау................................................................................

12 Тіршілік қауіпсіздігі.......................................................................................

13 Процестің техника-экономикалық көрсеткіштері.......................................

14 Бизнес-жоспар.................................................................................................

15 Ғылыми-зерттеу жұмысы элементтері.........................................................

Жалпы қорытындылар.........................................................................................

Қолданылған әдеби көздер тізімі.......................................................................

Қосымша...............................................................................................................


Аннотация

Дизель отынын сутегімен тазалау қондырғысының берілген дипломдық жобасы негізгі 15 тараудан тұрады.

Республика халық шаруашылығындағы мұнай өндірісінің маңызы кіріспеде берілген.

Әдеби шолуда дизель отынын сутегімен тазалау процесі бойынша отандық және шет елдік әдебиеттер бойынша талдау жасалынған. Талдау нәтижесінде өндірістің әдісі мен қондырғының құрылыс орны таңдалды.

Дизель отынын сутегімен тазалау қондырғысының технологиялық схемасының суреттемесі келтірілген .

Жобаланушы қондырғының материалдық тепе-теңдігі құрастырылды және негізгі аппараттардың тексеру технологиялық есептемелері жүргізіліп, дизель отынын сутегімен тазалау реакторы сейсмикалық және жел жүктемесіне есептелінген.

Технологиялық есептеулер негізінде негізгі және қосалқы құрал-жабдықтар таңдап алынды.

БӨҚжА тарауында қондырғының кейбір бөліктері автоматтандырылған және деңгей, шикізат шығыны, қысым, температураны көрсететін құралдар орнатылған.

Қоршаған ортаны қорғау тарауында қоршаған ортаға тигізетін шығындар есептелген.

Тіршілік қауіпсіздігі тарауында қондырғыдағы қауіпсіздік жұмыстары бойынша күтпеген жағдайларда қолданатын іс-шаралар жасалған.

Дипломдық жобаның экономикалық бөлімінде қондырғының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері есептелген.

Ғылыми-зерттеу бөлімінде Қазақстан мұнайының май фракцияларының гидротазалау процесі зерттелген.

Түсіндірме жазба 177 беттен, 57 кестеден, 8 суреттен тұрады. Дипломдық жобаның сызба бөлімі 9 парақтан тұрады.

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жобада сілтемелер келесідей нормативті құжаттарға қолданылған:

МЕСТ 22387.2-77. Көмірсутекті газдар. Құрамындағы күкіртсутек мөлшерін анықтау әдісі.

МЕСТ 3900-85. Мұнай және мұнай өнімдері. Тығыздықты және салыстырмалы тығыздықты пикнометрмен анықтау.

МЕСТ 19134-74.Мұнай және мұнай өнімдері. Кокстенуді анықтау әдісі.

МЕСТ 33-82 Мұнай және мұнай өнімдері. Кинематикалық тұтқырлықты анықтау әдісі.

МЕСТ 6258-85 Мұнай және мұнай өнімдері. Шартты тұтқырлықты анықтау әдісі.

МЕСТ 20287-74 Мұнай және мұнай өнімдері. Қату температурасын анықтау әдісі.

МЕСТ 4333-87 Мұнай және мұнай өнімдері. Ашық тигельде тұтану температурасын анықтау әдісі.

МЕСТ 6356-75 Мұнай және мұнай өнімдері. Жабық тигельде тұтану температурасын анықтау әдісі.

МЕСТ 2177-82 Мұнай және мұнай өнімдері. Фракциялық құрамын анықтау әдісі.

МЕСТ 511- 82. Бензиндер. Октан санын анықтау әдісі

МЕСТ 6321- 69. Мұнай және мұнай өнімдері. Мыс пластинкасындағы зерттеу

МЕСТ 11011-85 Мұнай және мұнай өнімдері. Фракциялық құрамын анықтау әдісі.

МЕСТ 5985-79 Мұнай және мұнай өнімдері. Қышқылдылық пен қышқыл санын анықтау әдісі.

МЕСТ 3122-67. Дизель отындары. Цетан санын анықтау әдісі

МЕСТ 4039-49. Бензиндер. Индукциялық кезеңді анықтау әдісі.

МЕСТ 6365-75. Мұнай және мұнай өнімдері. Лап ету температурасын анықтау әдісі.

СН-245-71. Өнеркәсіп орындарын жобалаудың санитарлық нормалары.

ҚНжЕ II-90-90-81 Өнеркәсіп орындарының өндірістік ғимараттары. Жобалау нормалары.

ҚНжЕ II-92-76 Өнеркәсіп орындарының қосалқы ғимараттары мен бөлмелері.

ҚНжЕ II-106-79 Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары. Жобалау нормалары.

ҚНжЕ II-33-75 Жылу беру, желдету және ауаны кондиционирлеу. Жобалау нормалары.

ҚНжЕ II-2-80 Ғимараттар мен құрылғыларды жобалаудың өртке қарсы нормалары.

ҚНжЕ II-89-80 Өнеркәсіп орындарының бас жоспарлары. Жобалау нормалары.

МЕСТ 12.2.020-76. Жарылыстан қорғалған электр құрал-жабдықтары.

МЕСТ 12.1.005-76. Жұмыс аймағының ауасы. Жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар.

МЕСТ 12.1.021-80. Өрт қауіпсіздігі.



Анықтамалар

Автоматтандыру – энергия, материалдарды немесе ақпаратты алу, түрлендіру, беру және қолдану процестерінде қатысатын адамды жартылай немесе толық босататын техникалық, экономика - математикалық әдістердің және басқару жүйелерінің қолдануы.

Өлшеу құралы – бақылаушының қабылдауына қолайлы түрде өлшеу ақпарат сигналы өндіруіне арналған өлшеу құралы.

Бақылаушы – төмен кернеулі электрлік көп позициялы ауыстырып қосушы аппарат, оның көмегімен электрлік энергия қабылдағыштарының жұмыс тәртібін өзгертеді.

Түрлендіргіш – берілген функционал тәуелділікпен бір немесе бірнеше сигналдармен байланысқан шығатын сигналды қалыптастырушы электрлік, гидравликалық және пневматикалы құрылғы.

Терможұп - температураны өлшеуге арналған құрылғыларда, басқару жүйелерінде және бақылауда термиялық сезімтал элемент. Өзара екі жүйелі қосылған әр текті және жартылай өткізгіштерден тұрады.

Реттеуші органдар – технологиялық құбырларда құрастырылатын конструкциясы бойынша ұсынылатын құрылғылар. Бұл әртүрлі клапандар, шибер жапқыштары және т.б.

Фракция – белгілі диапазонда қайнау температурасымен ерекшеленетін мұнай құрастырушысы.

Гидротазалау (сутекпен тазалау)мұнай өңдеудегі сутектендіру процесіне жатады, әр түрлі мұнай өнімдері күкіртті, азотты, оттекті, металорганикалық қосылыстардан және қанықпаған көмірсутектерден тазартылады.

Дистиллят – айдап алынған өнім. Мұнайды айдағанда алынған өнімдер – бензин, керосин, дизель отыны, майлар дистиллятқа жатады.

Дизель фракциясы – 230-350°С (180-350°С) аралығында айдалады. Бұл фракцияны автомобильдерде, тракторларда, тепловоздарда, теңіз және өзен кемелерінде орналасқан дизель қозғалтқыштардың отыны есебінде пайдаланады. Қажет болған жағдайда, оны гидрогенизациялық әдіспен күкірттен тазалайды.

Иодтық сан мұнай өнімдерінің құрамындағы қанықпаған көмірсутектердің мөлшерін сипаттайды.

Тұтқырлық – сұйықтық ағымына кедергісі.

Мұнай өнімдерінің күлділігі – мұнай өнімінің қалдығын күлсіз қағаз сүзгісінде жағудан қалған салмағын анықтау.

Мұнай өнімдерінің қышқылдылығы – 100 см3 мұнай өнімін бейтарапатандыруға жұмсалатын мг КОН (калий гидроксиді).

Белгілеулер және қысқартулар
МЕСТ – мемлекеттік стандарт

«Атырау МӨЗ» ЖШС – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ЛК-6у – жылына 6 млн. т мұнай өңдейтін Ленинградтық құрастырма қондырғысы

ТУ - техникалық шарт

ОСТ – салалық стандарт

МӨЗ – мұнай өңдеу зауыты

МЭА - моноэтаноламин

ТЭҚ– тетраэтилқорғасын

АИ-93 – зерттеу әдісі бойынша октандық саны 93 автомобиль бензині

МТБЭ – метилтретбутил эфирі

СН – санитарлық нормалар

ҚНжЕ – құрылыс нормалары және ережелері

20-V-001, 002– колонналар

20-E-001A/B/C, 002A/B/C/D – жылуалмастырғыштар

20-P-001A/B, 001A/B – сораптар

20-A-005 – конденсатор

20-D-001 – сыйымдылық

20-R-001 – гидротазалау реакторы

20-A-001 – тауарлы дизель отынының тоңазытқышы

20-C-001 – ортадан тепкіш компрессор

ТЖК – табиғи жарықтандыру коэффициенті

Кіріспе

Энергетикалық қорлар қазіргі экономикада жетекші рөл атқарады. Кез келген мемлекеттің өндіргіш күштерінің деңгейі негізінен энергия қорларын жұмсау ауқымымен анықталады. Энергия қорларының маңызының зорлығына дүние жүзінде өндірілетін пайдалы қазбалардың 70%-дан астамы энергия көздеріне жататындығы дәлел бола алады.

Энергия қорларының негізгі түрлері - көмір, мұнай, табиғи газ, гидроэлектроэнергиясы және ядролық энергия.

Мұнай мен газ XX ғасырдың 60-жылдарының ортасында дүние жүзілік энергетикада жетекші рөл атқара бастады. Германия, Ұлыбритания сияқты елдерде мұнай мен табиғи газдың жалпы энергия қорын пайдаланудағы үлесі 55-60%, АҚШ-та және Жапонияда ол 75-80%-ды құрады.

Дүние жүзі бойынша мұнайды пайдаланудың жоғарғы деңгейі, ғалымдар мен мамандардың жақын кезеңде мұнай қорының таусылу мүмкіндігі туралы ойларын дәлелдей түседі. XXI ғасырдың соңына таяу дүние жүзілік мұнай қорының таусылуы туралы пікірлер көп айтылуда.

Мұнайдың энергия өндіруде негізгі шикізат болған кезеңінде, оның дүние жүзілік экономикалық және саясаттық мәні арта түсті. Мемлекетте мұнай қорының бар болуы, мұнайды және мұнай өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндігі бұл мемлекетке экономикалық және әлеуметтік өркендеуде үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мұнайдың дүние жүзілік бағасының өзгеріп тұруы, мұнай базарындағы коньюктура, мұнай өндіруші елдермен қатар, мұнайды өндірісіне шеттен алып келіп пайдаланатын елдер үшін экономикалық саясатта күрделі өзгерістер жасауға тура келеді.

Мұнайдың дүние жүзілік барланған қоры 306 млрд.т., оның 95 млрд.т. өндірістік өндірілетінін құрайды. Мұнай кен орындарының дүние жүзілік елдерде және аймақтарда орналасуы біркелкі емес. Өндірілетін мұнай қорының жартысынан көбі Таяу және Орта Шығыс (Сауд Аравия, Ирак, Кувейт), тағы Солтүстік Африка (Ливия, Алжир), Индонезияда, Иранда, сонымен қатар Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде орналасқан [1].



Дүние жүзі бойынша, ал оның ішінде Қазақстанда мұнай қоры қомақты екенін соңғы жылдары анықталды. Әсіресе Каспий теңізінің Қазақстан бөлігіндегі жағалауының Қашаған кен орнының мұнай қоры шамамен 7,0 млрд.т. деп болжануда. Бұл өте жоғарғы көрсеткіш, дүние жүзіндегі кен көздерінің ішіндегі ең ірісі деп анықталуда [2].

Қазақстан Республикасы көмірсутектік шикізат қоры бойынша әлемнің жетекші елдерінің қатарына кіреді, ал тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) республикаларының арасында Ресейден кейін екінші орынды иеленеді.

Қазақстан халықаралық тәжірибені қолдана отырып, мұнай мен газ саласының дамуында үлкен жетістіктерге жетті. Алайда қазақстандық экономиканың өзіндік даму жолы бар, сондықтан мұнай және газ саласын өркениетті және тиімді басқарудағы өзінің артықшылықтары мен жеке әдістерін қолдану қажет [3].

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында өндіруші сектордың тиімділігін арттыру бойынша мәселе осы жолдаудың үшінші міндетінде баяндалған.

Көмірсутегі секторын одан әрі дамытуды, шетел мен жергілікті инвесторлар тартуды экономиканы әртараптандырумен тікелей байланыстыру және жаңа келешегі мол өндірістер құру жөніндегі аса маңызды міндеттерді шешу қажет.

Қазақстанның аса бай жер қойнауын игеріп жатқан шетелдік әріптестер елдің мүддесіне қарай нақты бетбұрыс жасап, біздің экономикамызды әртараптандыруға шешуші түрде, нарықтық негізде қатысуға тиіс.

Бұл мәселеде Қазақстанмен келісетін компаниялар қолдауға ие болады. Ең алдымен, Қазақстанның ұлттық басымдықтары негізге алынады.



Бұл ретте Қазақстан энергия ресурстарын беріп отырған көршілер мен халықаралық әріптестер мүдделерінің тұрақтылығын, болжамдылығын және ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді.

Қазақстанның өңірлік, содан кейінгі жерде әлемдік энергетикалық кеңістіктегі тұғырларын одан әрі нығайтудың толымды стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті.



Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі – энергия өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл секторлардың кірістілігін көтеру. Әсіресе, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәліздері сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс [4].

Дизель отындарының экологиялық қасиеттеріне кері әсерін тигізетін негізгі факторлар олардың құрамындағы күкіртті қосылыстар болып табылады. Есептеулер көрсеткендей, құрамында 0,2% (2000 млн-1) күкірті бар 50-54 млн. т дизель отыны жанғанда атмосфераға шамамен 200 мың т күкірт оксидтері шығарылады, ал олардың айтарлықтай бөлігі ірі қалаларға тиесілі. Одан бөлек күкірттің полициклді ароматты көмірсутектермен қосылысы дизельді қозғалтқыштардан шыққан газдарда қатты бөлшектердің негізгі көзі болып табылады.

Шет елдерде дизель отынындағы күкірттің құрамына қойылатын талап жыл өткен сайын қатаңдана түсуде, яғни 1996 жылы 500 млн-1-ден 2005 жылы 50 млн-1-ге дейін. Бірқатар елдерде бұл көрсеткіштер тіптен бөлек. Швецияда қазірдің өзінде күкірттің құрамы 10 млн-1-ден жоғары болмау керек. Америка құрама штаттарында (АҚШ) 2006 жылдың ортасынан бастап 15 млн-1 деңгейінде шектеу енгізілді, яғни осы елдің мұнай өңдеу зауыттарының 80%-ы өте аз күкіртті дизель отынын – ultra low sulfur diesel (ULSD) өндіруде, ал 20%-ы оны өндіруге 2010 жылы өтеді.

2009 жылдан бастап Еуропаның барлық елдерінде дизель отынындағы күкірттің құрамы 10 млн-1-ден аспайтындай деңгейде орнатылуда, ал 2010 жылы автокөліктердің барлық дизель паркі күкірттің құрамы нөлге жақын – NZSD (near zero sulfur diesel) отынға ауыстырылады [5].

Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша, оның ішінде біздің елде де күкіртті және жоғары күкіртті мұнайлардың үлесі жоғары болғандықтан, олардан алынатын өнімдердің (алғашқы айдаумен де, қайта өңдеумен де) құрамында күкіртті қосылыстар болады. Олар құрал-жабдықтарды және қозғалтқыш бөлшектерін коррозияға түсіреді, ал отынды жаққанда күкірт ангидридіне айналып қоршаған ортаны уландырады. Гидрогенизациялау процестерін пайдалану мұндай күкіртті қосылыстарды күкіртті сутегіне айналдыруға мүмкіндік береді. Оны газ өнімдерінен жеңіл бөліп алып, күкіртке немесе күкірт қышқылына айналдырады.

Сондықтан да бензиндерді, дизель отындарын, майларды және басқа мұнай өнімдерін асылдандыру, олардың құрамындағы күкіртті қосылыстарды ыдыратып, күкіртті сутегі күйінде бөлу мақсатында гидротазалауды жүргізеді. Осы мақсатта көбінесе алюмокобальт- және алюмоникельмолибден катализаторларын қолданады. Бұл процесте шикізаттың күкіртсізденуімен қабат, қанықпаған көмірсутегі қанығады, ал кейбір жағдайда ароматты көмірсутектердің нафтен көмірсутектеріне дейін айналуы орын алады [6].

Қазіргі кезде және болашақта Қазақстанның алдында экологиялық және пайдалану кезіндегі қасиеттері жақсартылған дизель отынын өндіру міндеті тұр. Ол үшін қазіргі істеп тұрған гидротазалау қондырғыларын, катализаторларды және технологияны жетілдіру керек.



Қазақстан бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіргеннен кейін Қазақстаннан осы ұйымның стандарттарының сақталуы талап етіледі, оның ішінде 1400 сериялы ISO экологиялық менеджмент стандарттары бар [5].

Жетілдіруден кейін Атырау мұнай өңдеу зауыты октан санын жоғарылататын қосындыларсыз этилденбеген АИ-80, АИ-92, АИ-93, АИ-95, АИ-96 бензин маркаларын, керосин отынын, жазғы және депрессорлы қосындысыз қату температурасы минус 35ºС болатын қысқы дизель отынын, сондай-ақ Евро-2005 стандартына сәйкес құрамында күкірт 0,005 пайызға дейін төмендетілген экологиялық таза дизель отынын өндіруде. Есептеулер бойынша, егер Қазақстанда осы экологиялық таза дизель отынының барлығы қолданылса, онда көліктен шығатын күкіртті ангидрид шығарылымдары елде жылына 12 мың т-ға дейін азаятын еді [7].


1 Әдеби шолу

Дүние жүзі бойынша мұнайды қайта өңдеу процестері арасында гидрогенизациялық каталитикалық процестердің үлесі соңғы кездері күрт өсуде. Ол мынадай себептерге байланысты:



  • жалпы баланста күкіртті және жоғары күкіртті мұнайлардың үлесінің үздіксіз өсуімен;

  • табиғатты қорғауға және тауарлы мұнай өнімдер сапасына талаптың өсуімен;

  • шикізатты алдын-ала терең гидроасылдандыруды талап ететін белсенді және талғамды катализаторларды қолданатын каталитикалық процестердің (мысалы, каталитикалық риформинг және крекинг) өсуімен;

  • мұнайды терең өңдеуді одан әрі жүргізе беру қажеттігімен.

Мұнай шикізатын сутегі қысымымен термокаталитикалық өзгерту нәтижесінде құрамы ыңғайлы өнімдер алуға болады. Гидрогенизациялық процестердің, сутегінің әсерінің тереңдігіне қарап және мақсатына байланысты үш түріне айырады.

Бензиндерді, дизель отындарын, майларды және басқа мұнай өнімдерін асылдандыру, олардың құрамындағы күкіртті қосылыстарды ыдыратып, күкіртті сутегі күйінде бөлу мақсатында гидротазалауды жүргізеді. Осы мақсатта көбінесе алюмокобальтмолибден және алюмоникельмолибден катализаторларын қолданады. Бұл процесте шикізаттың күкіртсізденуімен қабат, қанықпаған көмірсутегі қанығады, ал кейбір жағдайда ароматикалық көмірсутектердің нафтен көмірсутектеріне дейін айналуы орын алады.

Гидрокүкіртсіздендірудің мақсаты күкіртті мұнайлардың ауыр қалдықтарының құрамындағы күкірт мөлшерін азайту, сөйтіп оларды қазан отыны есебінде пайдалану.

Гидрокрекинг – мұнай шикізатын (негізінен ауыр күкіртті дистилляттар) бензин, реактив және дизель отындарын алу үшін терең термокаталитикалық өзгерту.

Негізгі өндірістік гидрогенизациялық процестерді, мынадай гидрокүкіртсіздендіру катализаторларын (АІ-Со-Мо немесе А1-Ni-Мо) және ыдыратушы катализаторларды (Рt және Рd төсегіште) пайдаланып, 350-500ºС температура аралығында, процестің тереңдігіне байланысты 3,0 МПа-дан (гидротазалау) 15-20 МПа дейінгі (гидрокрекинг) қысымда жүргізеді.

Мұнай өнімдерін гидротазалау процесінде гетероорганикалық қосылыстардың гидрогенолизі жүреді, нәтижесінде олар тез бөлінетін күкіртті сутегі, аммиак, суға гидрленіп айналады, ал металдар катализатордың қуыс-беттеріне отырады. Осындай мақсатты реакциялардан бөлек жанама реакциялар да жүреді – көмірсутектердің аздап гидрокрекингтеуі, ароматикалық және түзілген қанықпаған көмірсутектердің сутегімен парафиндерге дейін қанығуы. Бірақ бұл реакциялардың үлесі гидротазалауда көп емес.

Гидротазалауда әртүрлі дистилляттарды – тура айдау бензинінен бастап ауыр газойльдерге дейін, тағы қайта өңдеу өнімдерін де салады.
Процестің физика-химиялық негіздері
Мұнай фракцияларында күкірт негізінен меркаптандар, сульфидтер және әртүрлі тиофендер мен олардың туындылары күйінде кездеседі. Гидротазалауда күкіртке тұрақты катализаторлар – алюмокобальтмолибденді немесе алюмоникельмолибденді қолданады. С-S байланыс энергиясы (227 кДж/моль) С-С байланысқа (≈332 кДж/моль) қарағанда көп аз болғандықтан, мұнай өнімдерін гидротазалауда осы байланыс (C-S) үзіліп, шыққан бөлшектер сутегімен қанығып соңғы өнімдерге айналады.

Гидротазалау гидрогенизациялық процестердің тереңдігі ең аз процеске жатады. Гидротазалауға алғашқы айдау дистилляттарымен қатар (бензин, реактив және дизель отыны, вакуум газойлі), қайта өңдеумен алынған дистилляттарды да (пиролиз шайырының жеңіл фракциясы, бензиндер, кокстеу мен каталитикалық крекингтеудің жеңіл газойльдері), тағы да мұнай майлары компоненттері мен парафиндерді де салады.

Бұл дистилляттар гидротазалаудан кейін күкіртті, азотты және оттекті қосылыстардан арылады, сонымен қатар, егер дистиллят қайта өңдеумен алынатын болса, онда қанықпаған көмірсутектері қанығады, нәтижесінде олардың сапасы көтеріліп тұрақтылығы артады. Барлық күкіртті қосылыстар (немесе олардың негізгі бөлігі) гидротазалауда қаныққан көмірсутегін түзіп күкіртті сутегіне ауысады.

Меркаптанды, тиофенді және басқаларын гидрогенолиздегенде мынадай реакциялар орын алады:

RSH + H2 → RH + H2S


жүктеу 10,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау