Дипломдық жобаға (жұмысқа) ТҮсіндірме жазба


Азаматтық қорғаныс шаралары



жүктеу 10,35 Mb.
бет73/78
Дата14.05.2018
өлшемі10,35 Mb.
#12224
түріДиплом
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78

Азаматтық қорғаныс шаралары
Дизель отынын гидротазалау қондырғысында соғыс жағдайындағы төтенше жағдайларда жұмысшыларды және мамандарды қорғау шаралары қарастырылған.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де жұмысшылар мен мамандардың қорғаныс орны қарастырылған, ол автокөлік цехы аймағында, басқару бөлмелерінің жер асты қабатында, механикалық-жөндеу цехы аймағында орналасқан. Негізгі құрылыстар бір адамға 0,5м2 алаңда және 1,5м3 көлемде соғылған. Мұндай бөлмелер 1300 адамға есептелінген. Бөлме биіктігі еденнен бөлме еденінен 2,2м құрайды.



Бөлме ішінде (0,450,45) отыратын және (0,51,8) жататын орындарымен жабдықталған. Негізгі өткелдер ені 1,8м. Жобаланып отырған дизель отынын гидротазалау қондырғысының жұмысшылары соғыс жағдайында, үлкен апаттар кезінде, өндірістік авариялар кезінде РМЦ аймағындағы қорғаныс бөлмелерінде қорғануларына болады.

Агрегеттар және технологиялық процесс өтетін жерлерде жұмыс істейтін жұмысшылар үшін арнайы жабдықталған, жабық, пульттары бар бөлмелер дайындалған.

Зауытта 24 адамнан тұратын бір санитарлы бригада және екі санитарлы пост, зауыт пункті бар.

Ірі өндірістік авариялар, табиғат апаттары, катастрофа қауіпі төнгенде:



  • Егер техникалық құрылғылар істен шыққан болса, бір адам басқару орындарына белгі беру керек;

  • Тәулік бойы объектте бақылау мен барлау, кезекші топ ұйымдастыру қажет;

  • Радиациялық және химиялық бақылау посттарын дайындау керек, қорғаныс бекеттері, өрт сөндіру бекетін, санитарлы посттарды дайындау керек;

  • Жинақылықты тексеру керек;

  • Жеке және медициналық қорғау құралдарын бөлу керек.

Радио жүйесі арқылы жұмысшыларға, мамандарға және басшыларға қауіп туралы хабарлау керек.

Объекттің сенімділігін көтеру инженер-техник жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар қауіп факторларының екінші рет қайталанбауына, өрт сөндіру жұмыстарының жақсаруына, өндірістік емес орындардың және көмекші объектілердің жұмысына көңіл бөлу керек.

Апаттың болу мүмкіндігін немесе болуын аудан немесе облыстық азаматтық қорғаныс штабының көмегімен хабарланатын болса, ал «Атырау МӨЗ» ЖШС зауытында диспетчер бөлімі хабарлайды.

Ірі өндірістік апат болған жағдайда:



  • мөлшер өлшеу бақылауын енгізу керек;

  • басшы үшін индивидуалды топ;

  • басқа жұмысшылар мен мамандар үшін топ.

Жұмысшылар мен мамандар эвакуациясы кешенді түрде өтеді. Эвакуация кезіндегі медициналық көмек санитарлы постар мен пунктар арқылы іске асады [34-38].
Қорытынды
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мұнай химия өнеркәсіп объектісіне жатады. Мұнай және оның өнімдері жеңіл тұтанғыштық және жарылыс қауіпі бар заттарға жататындықтан ядролық қару қолдану әрекетінде зауыттың аумағында ірі көлемдегі өрт пен жарылысты тудыруы мүмкін. Өрттер жарық сәулесі мен соққы толқынынан туындаған екіншілік факторлардан болуы мүмкін.

Гидротазалау қондырғысының шикізаты мен өнімі дизель отыны болып табылады. Оның өздігінен тұтану температурасы 425°С, дизель отынының жарылысы қымбат тұратын құрал-жабдықтың қирауына әкеп соғуы мүмкін. Жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау үшін панаханалар қарастырылған, әрбір жұмысшының жұмыс орнында газқағарлар бар. Цехтардың ғимараттары жоғары төзімді болат пен алюминий қорытпаларынан дайындалған төзімді және жеңіл материалдармен құрастырылған.




Электр қауіпсіздігі бойынша ЭЕМ-де жасалынған есептеулер
Қалдық зарядтың сақталуына және үлкен сыйымдылықтағы конденсаторларда қалдық зарядтарды жоятын әртүрлі тізбектер әрекеттерінің тиімділігіне әсер ететін себептерді зерделеу.

Электрлік және механикалық блоктаудың болуына қарамастан қызмет көрсету персоналы таратқыштар шкафтарында орнатылған үлкен сыйымдылықтағы конденсаторлар зарядтарының кернеуіне түсуі мүмкін. Сондықтан, таратқыштың электр қоректендіру сұлбасына тегістеуші сүзгі конденсаторларының қалдық зарядтарын шешуге мүмкіндік беретін арнайы разрядты тізбектер енгізіледі.

Разрядты резистордың оңтайлы кедергісін мына формула бойынша анықтауға болады:



(1)

Uқал – сүзгі конденсаторындағы қалдық кернеу (қоректенусіз), В;

Uқос – сүзгі конденсаторында шекті кернеу, В;

Сф – сүзгі конденсаторының сыйымдылығы, Ом.





жүктеу 10,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау