36
факторлар толығырақ қарастырылған [2]. Нақты ДҚБЖ-дан тәуелсіздігі.
ДҚБЖ-нің барлық жетекші жеткізушілері SQL-ді қолданады, және SQL
қолдамаған бірде-бір жаңа ДҚБЖ жетістікке жете алмайды. Реляциялық
деректер қорын, онымен жұмыс жасайтын бағдарламаны бір ДҚБЖ-дан
екіншісіне минималды жетілдіру арқылы және қызметкердің қайта
дайындауы арқылы ауыстыруға болады.
Сұраныстарды,
есептеу
генераторларын
және
қосымшаның
генераторларынқұруға арналған бағдарламалар сияқты персоналды
компьютерлерге арналған ДҚБЖ-ның құрамына кіретін бағдарламалық
құралдар көптеген типтердің реляциялық деректер қорымен жұмыс
жасайды. Сондықтан, SQL оның танымалдығының маңызды себебі болып
табылатын нақты ДҚБЖ-нен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Бір есептеу
жүйесінен екіншісіне өту қабілеті. ДҚБЖ-сін жеткізушілер әр түрлі есептеу
жүйелеріне арналған бағдарламалық өнімдерді ұсынады: персоналды
компьютерлерден және жұмыс станцияларынан локалды желілерге, мини-
компьютерлерге және үлкен ЭЕМ-дерге дейін.
2сурет - Жекешелендіру объектілерінің блок-сұлбасы
SQL көмегімен құрылған және бір тұтынушылық жүйеге есептелген
қосымшалар өзінің өсу көлемі бойынша үлкенірек жүйеге ауысуы мүмкін.
Корпоративті реляциялық деректер қорынан алынған ақпарат деректер
қорында жеке бөлімшелерге немесе жеке деректер қорына жүктелуі мүмкін.
37
Соңында, реляциялық деректер қорына арналған қосымшалардың алдымен
үнемді персоналды компьютерлерде үлгісін жасап алып, сосын қымбат
көппайдаланылатын жүйеге ауыстыруға болады. SQL тілінің стандарттары.
SQL тілінің ресми стандарты Америкалық ұлттық стандарттар институты
(American National Standards Institute – ANSI) және Халықаралық
стандарттар ұйымы арқылы (International StandardsOrganization – ISO) 1986
жылы жарияланды және 1992 жылы айтарлықтай кең тарады. Сонымен
қатар, SQL АҚШ-тың ақпаратты өңдеу бойынша федералды стандарты
(FIPS – Federal Information Processing Standard) болып табылады және оған
сәйкес келуі есептеу техникасы саласына қатысты 35 үлкен үкіметтік
келісім-шартта болатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Еуропада
UNIX операциялық жүйесінің негізіндегі бағдарламалаудың ауыспалы
ортасына арналған X/OPEN стандарты SQL-ді деректер қорына рұқсат
беруге арналған стандарт ретінде көрсетеді.
Деректер қорына рұқсат етуді қамсыздандыру бойынша бұл
компанияның стандарты ODBC (Open Database Connectivity – ашық
деректер қорымен өзара әрекеттесу – SQL-ға негізделген бағдарламалық
интерфейс болып табылады. ODBC хаттамасы Microsoft компаниясының өзі
сияқты басқа да жетекші жеткізушілер жасап шығарған Windows-тың кең
тараған қосымшалары арқылы жұмыс жасайды. ODBC-ның жұмыс жасауын
барлық жетекші реляциялық деректер қоры қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар, ODBC SQL Access Group жеткізушілерінің консорциумымен
мақұлданған стандарттарға негізделеді [2].
Реляционды негіз. SQL реляционды деректер қорының тілі болып
табылады, сондықтан ол мәліметтер көрінісінің реляционды моделінің
танымал болған кезінде танымал болды. Реляциялық деректер қорының
кестелік құрылымы пайдаланушыға түсінікт, сондықтан SQL тілі
қарапайым және оқып білу үшін жеңіл болып табылады. Реляционды
модельде реляционды деректер қорының эволюциясы мен іске асырылуы
негізделген көрнекті теориялық іргетас бар. Реляциялық модельдің
табыстылығы бойынша танымалдық толқынында SQL реляциялық деректер
қорына арналған жалғыз тіл болды [4, 7].
Ағылшын тілін еске салатын жоғары деңгейлі құрылым. SQL
операторлары олардың оқылуын және түсіндірілуін оңайлататын
қарапайым ағылшынша сөйлемдер сияқты көрінеді. Бұл SQL операторының
мәліметтерді іздеу тәсілін анықтайтын емес, алуға қажетті мәліметтерді
сипаттауымен анықталған. SQL-дің көмегімен пайдаланушы өте күрделі
сұраныстарға санаулы минуттарда немесе секундтарда интерактивті
режимде жауап ала алады, ал бағдарламашыға пайдаланушы үшін сәйкес
бағдарламаны жазу үшін күндер немесе апталар қажет болуы мүмкін. SQL
жылдам сұраныстар жіберетіндіктен, мәліметтер қолжетімді бола бастады
және оларды дәйекті ете отырып шешім қабылдауға жәрдемдесуі мүмкін
[7].
38
Деректер қорына бағдарламалық рұқсат. Бағдарламашылар деректер
қорының сұранысынан тұратын қосымшаларды жазу үшін SQL тілін
пайдаланады. Сол бұрынғы SQL операторлары интерактивті сияқты
бағдарламалық рұқсат ету ретінде қолданылады, сондықтан мәліметтер
қорына сұраныстан тұратын бағдарлама бөлімдерін алдымен интерактивті
режимде тестілеп, содан соң бағдарламада құруға болады. Бағдарламалық
рұқсат етуге арналған дәстүрлі деректер қорында тек бағдарламалық
құралдар қолданылады, ал жылдам сұраныстарды орындау үшін – осы екі
рұқсат ету режимінің арасында қандай да бір байланысы жоқ басқалары [4].
Мәліметтердің әр түрлі көріністері. SQL-дің көмегімен деректер
қорын құрушы деректер қорының әр түрлі пайдаланушылары оның
құрылымының және мазмұнының әр түрлі көріністерін көре алатындай
жасауы мүмкін. Мысалы, деректер қорын әрбір пайдаланушы деректер
қорының бөлімдеріне немесе сауда аймағына байланысты мәліметтерді
көре алатындай етіп жобалауға болады. Одан басқа, деректер қорының әр
түрлі бөлімдеріндегімәліметтер араластырылған және пайдаланушыға бір
қарапайым кесте ретінде көрсетілуі мүмкін. Осыған сәйкес, көріністерді
деректер қорының қорғанысын күшейту үшін және оның талаптарын жеке
пайдаланушының нақты талаптары ретінде пайдалануға болады [8].
Деректер қорымен жұмыс жасауға арналған толыққанды тіл.
Бастапқыда SQL интерактивті сұраныстар тілі ретінде ойлап табылған,
бірақ қазір ол деректерді оқу шеңберінен алшақтап кетті. SQL деректер
қорын құруға, оның қорғанысын басқаруға, оныңмазмұнын өзгертуге,
деректерді оқуға және мәліметтерді қатар жұмыс жасайтын бірнеше
пайдаланушымен бірігіп пайдалануға арналған толыққанды және логикалық
тіл болып табылады. Тілдің бір бөлімін оқу кезінде меңгерілген тәсілдер
кейінірек пайдаланушының жұмыс өнімділігін жоғарылататын басқа
командаларда пайдаланылуы мүмкін [2].
5.3 Мәліметтер қорын жобалау
Мәліметтер қоры 6 өзара бір-біріне байланысқан кестеден тұрады.
Негізгі кестелер "TIP" және "Sostoyanie" өзара байланысты кестелер болып
табылады.