Дипломдық жоба тақырыбы: "Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі жол-көлік оқиғаларын төмендету бойынша іс-шараларды жасау."



жүктеу 4,39 Mb.
бет3/45
Дата16.02.2018
өлшемі4,39 Mb.
#9796
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

Соңғы үш жылда балалардың жол-көліктік зардап шегуінің талдамасы 1-5-ші кестеде келтірілген.

Кесте 1.5

Балалардың жол-көлік оқиғаларынан зардап шегудің талдамасы.



Жәбірленуші балалар катигориясы

3 жылда жәбір шеккендер

Соның ішінде өз кінәлары бойынша

жүргіншілер

3

16

1

7

Жолаушылар

-

3

-

1

Велосипед айдаушылар

-

5

-

2

Барлығы

3

24

1

10

Жоғарыдағы кестедегі мәліметтерге назар аударсақ соңғы үш жылда 3 бала қаза болған және 24 бала әртүрлі деңгейде жарақат алған.

Бұл балалардың жол қозғалысы ережелерін білмеуімен түсіндіріледі. Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын кеміту үшін мектептерде жол қозғалысы ережелері бойынша сыныптар ұйымдастырылғаны жөн.

Балаларды оқытудың мәнін бағалай отырып, жол қозғалысы ережелерін жастайынан білу және сақтау әдеті бүкіл өмір бойы сақталып қалатындығын ескеру қажет.




    1. Дипломдық жобаның мақсаты мен міндеттері.

Дипломдық жобаның мақсаты Шымкент қаласындағы Түркістан көшесіндегі жол-көлік оқиғаларының себептерін талдау және оларды азайту іс-шараларын өңдеу болып табылады. Осы аталған мақсатты орындау үшін келесі міндеттерді шешу қажет:



  • көшедегі көлік және жүргіншілердің қауіпті қиылыстардағы шиеленісу нүктелерін анықтау;

  • көшедегі қауіпті қиылыстардағы көлік және жүргіншілердің ағындарының қарқындылығын анықтау;

  • аталған зерттеулерден кейін көше-жол торабындағы тар орындар мен жол-көлік оқиғаларын төмендетуге арналған іс-шараларды жасау;

  • көлік ағындарының атмосфераға зиянды заттарды лақтыруын есептеу және оларды төмендету бойынша іс-шаралар жасау;

  • ұсынылған іс-шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау.

2. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ




    1. Жалпы нұсқаулар

Жол көлік торабындағы, көшелерді, қалаларды, тар орындарды анықтаудың негізгі кемшілігін тек болып жол көлік оқиғалары туралы ғана қорытынды жасау мүмкінділігі болып табылады. Ал жол қозғалысын ұйымдастырудың басты міндеті олардың алдын – алуға негізделген. Көптеген зерттеулер жол көлік оқиғаларының әсіресе «шиеленісу нүктелері» деп аталатын орындарда, яғни жол қозғалысына қатысушылардың өзара спецификалық әсерлесуі орын алатын жерлерде жиі болатындығын көрсетіп отыр. Осылайша мүмкін болатын шиеленісу нүктелерін анықтау және оларды аластату жол көлік оқиғаларының пайда болуын күтпей ақ, қозғалыс жағдайларының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әсіресе жолдың қиылысуы ерекше мәнге ие болады.көше жол торабындағы қиылыс дегеніміз жолдардың қиылысуынан туындайтын аймақ. Қиылыс тротуарларының немесе жол шеттерінің сыртқы шекараларының байланысуы ойдан құрастырылған сызықтар мен шектеледі. Қиылыстар үшін ағындарды әртүрлі бағыттар бойынша бөлу. Сондай-ақ қозғалыс троекторияларының тоғысуы мен қиылысуы тән..



Сурет 2.1. Барлық бағыттардағы қозғалысы рұқсат етілген жағдайдағы төрт бағытты шиеленісу нүктесі.


Ағындардың осы аталған әсерлесулері жүзеге асырылатын көше жол торабы орындары бөлінуі(ауытқу), тоғысу (қосылу) және қиылысу нүктелері немесе жалпы алғанда шиеленісу нүктелері деп аталады. Әрбір шиеленісу нүктесіне тән ерекшелігі жол-көлік оқиғаларының пайда болуының мүмкін болатын қауіпі ғана емес, сонымен қатар көлік құралдарының кідіру ықтималдылығы да болып табылады

Қозғалыс бағыттары бойынша бір-бір жасағы бар қарапайым реттелмейтін төрт бағытты қиылыстың әрбір бағытында ауытқуы мен тоғысудың 8 нүктелері, қиылысудың 16 нүктесі, яғни барлығы 32 шиеленісу нүктелері болады. Бұдан бөлек, 8 нүктеде көлік және жүргіншілер ағындары өзара қиыласады. Бұл 21-ші суретте келтірілген.


2.2. Көлік және жүргінші ағындарының шиеленісу нүктелерін анықтау.
Дипломдық жобада қарастырылып отырған Шымкент қаласының Түркістан көшесінде барлығы 10 қиылыс бар. Оның ішінде 6 қиылыста жол қозғалысы бағдаршаммен реттеледі. Төменде осы қиылыстардағы шиеленісу нүктелерін талдау жүргізеді.

2.2-ші суретте Түркістан- Байтұрсынов көшелерінің қиылыстардағы шиеленісу нүктелерінің талдамасы жасалған.

Түркістан-Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы шиеленісу нүктелерінің талдамасы, мұнда 2 ауытқу, 2 тоғысу және 5 қиылысу нүктелерінің барын көрсетіп отыр. Сонымен қатар 8 нүктеде көлік және жүргінші ағындары қиылысады.

Қиылыстың күрдлілік дәрежесін келесі формула бойынша анықтаймыз:

m=5*nқ+13* nт+ nа (2.1)

мұндағы nқ, nт, nа- сәйкесінше қиылысу, тоғысу және ауытқу нүктелерінің саны:

m=5*5+3*2+2=33

яғни көлік торабы қарапайым болып есептеледі, себебі m< 40



сурет 2.2 Түркістан – Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы шиеленісу нүктелері


Төменде Түркістан-Қонаев көшелерінің қиылысындағы шиеленісу нүктелерінің талдамасы келтірілген. Дипломдық жобаның 2-ші сызба бетінде келтірілген көшенің көрінісіне сәйкес, Қонаев көшесінің сол жақ тарамы бір жақты(көліктер бағыты қиылысқа қарай бағытталған) қозғалыс болып жасалған. Талдама жасау барысында бұл қиылыста 2 қиылысу және 2 тоғысу нүктелері бар екені анықталады, және де көлік пен жүргінші ағындары 10 нүктеде қиылысады.(2.1)формулаға сандық мәндерін орнына қойып, қиылыстың күрдлілік дәрежесін анықтаймыз.

m=5*2+3*2+0=16

Көлік торабы қарапайым болып табылады.

Келесі 2.4-ші суретте Түркістан-Қонаев (оң жақ тарамы) көшелерінің қиылысындағы шиеленісу нүктелерінің талдамасы орындалған.


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау