Сурет 2.9. Түркістан-Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы бағыттар бойынша көлік ағындарының қозғалыс қарқындылығының картограммасы
Жоғарыда көрсетілген 2.9-шы суретте Түркістан көшесіндегі көлік құралдарының қарқындылығы Байтұрсынов көшесіндегі қозғалыс қарқындылығымен салыстырғанда жоғары екендігін көрсетеді. Қиылыстағы көлік ағынының ең жоғарғы пайызын жеңіл автомобильдер 65 пайызын құрайды жалпы пайдаланудағы көлік 25 пайызын жүк автомобильдері 5 пайызы және өзге көлік құралдары 5 пайызын құрайды. Көлік құралдарының осы сияқты қиылыстағы сағаттық қозғалыс қарқындылығы 1275 авт/сағ құрайды. Сонымен қатар қиылыстың екі жерінен жүргіншілер ағыны өтеді.
2.10-шы суретте Түркістан-Қонаев (сол жақ тарамы) көшелерінің қиылысындағы көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы келтірілген.
Талдау кезінде Түркістан көшесіндегі көлік қарқындылығы Қонаев көшесіндегі қарқындылығынан 5 есе көп екені анықталды, көлік ағынының құрамы мынандай: Жеңіл автомобилдер 60 пайыз, жалпы пайдаланудағы көлік 25 пайыз, жүк автомобилдері 10 пайыз және басқа көліктер 5 пайыз. осы қиылыста жүргінші ағындары үш жерден жолды қиып өтеді. Көлік құралдарының қиылыстағы сағаттық қозғалыс қарқындылығы 1190 авт/сағ.
Бұл қиылыста да басты жол бағыты болып, қозғалыс қарқындылығы басым Түркістан көшесі саналады қиылыстағы өтетін көлік құралдарының құрамы келесідей: жеңіл автомобилдер 65 пайыз, автобустар 20 пайыз, жүк автомобильдері 8 пайыз, мотоциклдер мен басқалар 7 пайыз, көлік құралдарының сағаттық қозғалыс қарқындылығының өлшемі 1620 авт/сағат құрайды.
Түркістан- Түркістан қиылысындағы көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы 2.12-ші суретте келтірілген.
Сурет 2.11 Түркістан-Қонаев (сол жақ тарамы) қиылысындағы көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы
Қозғалыс қарқындылығы Түркістан көшесіндегі басым екені айқын көрініп тұр. Қиылыстағы көлік ағынын ең жоғары пайызын жеңіл автомобильдер 65 пайызын құрайды, одан кейін жалпы пайдаланудағы көліктер 25 пайыз, жүк автомобильдері 6 пайыз және де мотоциклдер 4 пайыз құрайды.
Сурет 2.12 Түркістан-Түркістан көшелерінің қиылысындағы көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы
Қиылыстағы көлік ағындарының сағаттық қозғалыс қарқындылығы 1385 авт/сағ. тең. Қиылыстың үш жағынан да жүргінші ағындары кесіп өтеді.
2.13-ші суретте Түркістан-Чернышевский көшелерінің қиылысындағы көлік және жүргінші ағындарының шартты картограммасы келтірілген. Бұл қиылыс өте күрделі болып есептеледі. Жүргіншілер ағыны қиылыстың төрт жағынан да кесіп өтеді және де қиылыстың күрделілік дәрежесі (m=2.12) Түркістан көшесіндегі ең үлкені.
Түркістан-Чернышевский көшелерінің қиылысында қозғалыс қарқындылығы өте жоғары.
Қиылыстағы көлік ағындарының сағаттық қарқындылығы 1900 авт/сағ. тең. Бұл жерде көлік ағындарының құрамы келесідей: 60 пайызын жеңіл автомобильдері, 25 пайызын автобустар, 10 пайызын жүк автомобильдері және 5 пайызын басқа да көліктер құрайды. Сонымен қатар қиылыстың төрт жағынан да жүргіншілер ағыны өтеді.
Келесі 2.14-ші суретте Түркістан-Колохова көшелерінің қиылысындағы бағыттар бойынша көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы келтірілген. Колохова көшесінде көлік ағындары бір бағытта екі жолақпен, ал кері бағытта бір жолақпен жүреді. Бұл қиылыста да көлік ағындары Түркістан көшесінде басым екні анық көрінеді. Қиылыстағы көлік ағындарының сағаттық қарқындылығы авт/сағ. тең. Көлік ағынының ең жоғарғы пайызын жеңіл автомобильдер 67 пайызын құрайды, одан кейін жалпы пайдаланудағы көліктер 18 пайыз, жүк автомобильдері 12 пайыз, және мотоциклдер 3 пайыз құрайды. Қиылыстың төрт жағынан да жүргінші ағындары өтеді. Бұл қиылыста да көлік ағындарының басымы Түркістан көшесімен өтеді. Қиылыстың сағаттық қарқындылығы 1970 авт/сағ. құрайды. Көлік құралдарының пайыздық құрамы төмендегідей: жеңіл автомобилдер 70 пайыз, автобустар 20 пайыз, жүк автомобильдері 6 пайыз және басқада көліктер 4 пайызын құрайды. Қиылыста 4 жерден жүргіншілер ағыны өтеді. Күнделік жағынан өте күрделі болып саналады.
Соңғы 2.15 суретте Түркістан-Титов көшелерінің қиылысындағы бағыттар бойынша көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы көрсетілген.
Сурет 2.13. Түркістан-Чернышевский қиылысындағы көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы
Бұл қиылыс Шымкент қаласындағы ең басты және қауіпті қиылыстардың бірі болып есептеледі.
Түркістан-Титов қиылысында көлік ағындары шамамен біркелкі таратылған. Қиылыстың сағаттық қозғалыс қарқындылығы 2910 авт/сағ. құрайды.
Бұл көрсетілген Түркістан көшесіндегі көлік ағындарының ең үлкені.
Сурет 2.14. Түркістан-Колохова көшелерінің қиылысындағы көлік және жолаушы ағындарының картограммасы.
Көлік құралдарының пайыздық құрамы келесідегі: жеңіл автомобилдер 67 пайыз, автобустар 22 пайыз, жүк автомобильдері 7 пайыз басқа да көп көлік түрлері 4 пайыз қиылыстың 4 жағынан да жүргіншілер ағыны өтеді.
Көше жол торабындағы көлік ағындарын төмендегі үш параметрмен сипаттауға болады:
қарқындылық N(уақыт бірлігінде жолдың белгілі бір қимасы арқылы өтетін автомобильдер саны);
орташа жылдамдық V (берілген аралықты уақыттың белгілі бір аралығында жүріп өткен барлық автомобильдер жылдамдығының орташа мәні);
тығыздық Д (жолдың ұзындық бірлігіне, әдетте 1км-ге шаққандағы автомобильдер саны).
Осы үш параметр өзара көлік ағынының теңдеуімен байланысқан:
N=Д* V авт/сағ. (2.2)
Сызба түрде бұл теңдеу көлік ағынының диаграммасы болып табылады. Бұл диаграмманың жалпы көрінісі 2.16-шы көрсетілген.
Диаграмманы және теңдеуді қолдана отырып, көлік ағынының сипаттамаларын анықтауға болады. Осылайша, орташа жылдамдықты тангенс координаталары басым координаталары белгілі бір қарқындылықпен тығыздықты сипаттайтын (N/Д) нүктемен жалғастыратын түзудің иілу бұрышымен,түрлендіреді.
Берілген жағдайларда мүмкін боларлық ең жоғарғы қозғалыс қарқындылығына көлік ағынының белгілі бір тығыздық кезінде (диаграмма А нүктесі) қол жеткізіледі және бұл шама қозғалыс жолағының немесе тұтас алғандағы жолдың өткізу қабілеті деп аталады. Ағынның А нүктесімен салыстырғандағы жоғарғы тығыздығы кезінде қозғалыс қарқындылығы төмендейді. Бұл қозғалыстың жоғарғы тығыздығы кезінде кідірістердің туындаумен, жылдамдықтың төмендеуімен және уақыт бірлігінде кез-келген қима немесе жол бөлігі арқылы жүріп өтетін автомобильдер санының кемуімен түсіндіріледі.
Көлік ағынының негізгі диаграммасынан және теңдеумен қозғалысты реттеуге қажетті өте маңызды қорытынды жасауға болады: жол арқылы автомобильдердің ең жоғарғы мүмкін боларлық санын өткізу қажеттілігі туындаған жағдайларда, ең жоғарғы қарқындылықты қамтамасыз ететін жылдамдықтың белгілі бір тәртібін жол белгілерінің көмегімен орнату қажет.
Қозғалыс сипаттамаларының бірі болып көлік ағынындағы басып озулар еркіндігі болып табылады.
Жеңіл автомобильдер мен жылдам жүретін, епті жүк автомобильдері қажетті жылдамдықты ұстап отыру үшін баяу қозғалып бара жатқан көлік құралдарын басып озуға ұмтылады.
Қозғалыс қарқындылығы өскен сайын басып озулардағы қажеттілікте арта түседі.
Сурет 2.15. Түркістан-Титов көшелерінің қиылысындағы көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы.
Достарыңызбен бөлісу: |