Д-1 жалпы автомобильдің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеін агрегаттар мен механизмдерінің (тежегіштерді, басқару механизмін, басқару доңғалақтарының орантылуын, жарықтандыру приборларын) техникалық дағдайын, қалдық газдардың улылық деңгейін және отын үнемділікті диагностикалаға арналған. Бұл кезде тек автомобильді пайдалануға жарамдылығын анықтаумен (шұғыл-диагностика), немесе негізгі ақауларды анықтау және реттеу жұмыстарын орындаумен шетелуі мүмкін. Шұғыл диагностика бақылау-тексеру пунктінде автомобиль желіге шығу алдында немесе кейі орындалады, ал Д-1 1-ТҚК алдында орындалады.
Д-2 автомобильдің тарту-экономикалық көрсеткіштері бойынша диагностикалау үшін және оның негізгі агрегаттары, жүйелері мен механизмдерінің ақауларын анықтау үшін қолданылады. Д-2 негізінен 2-ТҚК алдында жөндеу жұмыстарын дайындау және оның ТҚК кезінде бос тұру уақытын азайту үшін орындалады. 2-ТҚК кезінде Д-2 бірге бір мезгілде технологиялық қажет реттеу жұмыстары да орындалады.
3.1-кесте Диагностикалық параметрлер және оларды өлшеу құралдары
Автомобильдің эксплуа-тациялық қасиеттері
|
Диагностикалық параметрлер
|
Диагностикалау құралдары
|
Мамандандырылған
|
Әмбебап
|
Тарту- экономика-лық
Тежелуі
Жүріс қасиеттері
|
Nk, Pk, va, Ff, sB, sp, tp, jp, CO, A, Q
PT, sT, j3, t3, s3
Pб
|
Тарту сапасы стендтері
Тежеу стенді
Жүріс сапасының стенді
|
Кешенді стенд
-//-
-//-
|
3.2. Автомобильдердің ТҚК мен жөндеу сапасын басқару
Жылжымалы құрамның жұмысқа қабілеттілік деңгейін және АТК техникалық қызметінің жұмысының тиімділігін жоғарылату резервтерінің бірі автомобильдердің ТҚК мен жөндеу сапасын жоғарылату болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында орындалған жұмыс және еңбекақы арасындағы тәуелділік көп жағдайда АТК-да қолданылатын жылжымалы құрамның ТҚК мен жөндеуінің сапасын басқару жүйесінен байланысты болады.
Жобамен АТК-да автомобильдердің ТҚК мен жөндеу сапасын қолма-қол болжау жүйесін қолдану ұсынады. Бұл жүйе келесі принциптерге сүйенеді. Персоналдың еңбегінің сапасы шапшаңдылық принципі бойынша бағаланады. Жұмысты орындағаннан соң жеткілікті қысқа мерзім ішінде кәсіпорынның жөндеуші жұмысшысының еңбек сапасының деңгейі болжанады.
Персонал жұмысының сапасы комплекстік бригада немесе жұмысшылар тобы қызмет көрсететін нақты агрегаттар бойынша жүргізіледі.
Еңбек бригадалық әдіспен ұйымдастырылған кезде сапаны басқару жүйесі персонал жұмысының сапасын екі рет ескеруге мүмкіндік береді.
Бірінші жағдайда, бригаданың еңбекақы қорын қалыптастыру кезінде, екінші рет-бригада қорын орындаушыларға үлестіру кезінде. Бригаданың еңбек сапасын есептеу негізіне бірінші кезекте бригадаға бекітілген агрегаттар мен жүйелердің белгіленген уақыт мерзімі ішінде тоқтаусыз жұмыс істеу көрсеткіштері алынады. Осы кезде ТҚК мен жөндеуді орындағаннан соң наработка немесе тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы көрсеткіштері қолданылады.
Жалақыны аударуды ыңғайлы ету үшін техника-құндық кестелерді пайдаланады.
Еңбек сапасын бағалауды ақпарат жүйесімен қамтамасыз ету үшін жалпы қабылданған АТК құжаттары (есепке алу қағазы, бақылау талоны, агрегатты жөндеуге берілетін карточка, қосалқы бөлшектер мен материалдарға талап қағазы).
Бригада персоналының еңбек сапасын шапшаң бағалау принципі.
АТК-да автомобильдердің агрегаттары мен тораптарының жөндеу сапасын бағалау кезіндегі негізгі қиындық жұмыстағы анық брактан басқа еңбек нәтижелері ұзақ мерзім ішінде анықталуында. Егер еңбек нәтижесіне қызықтыруды агрегат ресурсының соңына дейін қалдыратын болсақ онда орындаушылардың өз еңбегінің нәтижесіне деген қызығушылығы жоғалады.
Сондықтан, жөндеу сапасын шапшаң бағалап, орындаушыларға аралық төлем жүргізіп отыру керек. Сапаны шапшаң бағалау мәнісі тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығын және күтілетін орташа наработканы агрегаттардың жөндеуден кейінгі бағалау мерзімі ішінде бірінші істен шығулары саны бойынша бағалау жатады.
Болжауды бағалау мерзімінің ұзақтығын анықтау.
Автомобильдердің агрегаттары мен тораптарының жөндеу сапасының көрсеткіштерін болжау дұрыстығы және дәлдігі бағалау мерзімін арттырумен өседі ( - бет).
Бағалау мерзімін оптимизациялаудың математикалық моделі келесі түрге келеді:
∆общ= [β(1-Pи)+Ри (1-β)]→ min
мұндағы ∆общ- l агрегаттарды болжауда және жөндеуші жұмысшылармен бағалау мерзімі ішінде ақпаратты жадыда сақтау кезіндегі қосынды қателік;
β- l агрегаттарды жөндеуден кейін болжаудың сенімді ықтималдығы.
Pи- орындалған жөндеулер жөнінде ақпараттарды сақтау ықтималдығы.
Математикалық модель ұтымды бағалау мерзімін (lоц) анықтауға мүмкіндік береді.
4. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБА
Егер технологиялық есептеу іріленген көрсеткіштер бойынша жүргізілсе, техникалық жобада жобаланатын нысанның көрсеткіштері тереңдетіліп зерттеліп анықталады. Атап айтқанда, анықтамалықтар мен каталогтардан учаскедегі жұмыстарды орындауға қажет технологиялық құрал-жабдық таңдалады, олардың ұтымды орналасуы көрсетілген учаскенің технологиялық жоспары дайындалады, бөлімшедегі операциялардың біреуіне технологиялық карта құрастырылады
4.1. Диагностикалау учаскесінің техникалық көрсеткіштері
Жобаның 2-бөлімінен диагностикалау учаскесі бойынша есептеу нәтижелерін 4.1- кестеге келтіреміз.
Кесте 4.1
№
р/б
|
Көрсеткіштер
|
Белгіленуі
|
Мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9
|
Жылдық еңбек мөлшері,ад-сағ:
Технологиялық қажет жұмысшылардың саны, ад.
Жұмысшылардың тізімдік саны, ад.
Бекет саны
Диагностикалау учаскесі алдындағы күту бекеттерінің саны
Учаске ауданы, м2
Смена саны
Учаскенің жыл ішіндегі жұмыс күндерінің саны
Смена ұзақтығы, сағ
|
ТD
PT
РШ
XD
nD
FD
c
Dр.з
Тсм.
|
2380
2
2
1
1
108
1
357
7
|
4.2. Технологиялық жабдықты таңдау
Гараж жабдығы бойынша табельдер мен каталогтарды / / пайдаланып, диагностикалау учаскесі үшін технологиялық құрал-жабдықтарды таңдап аламыз. Учаскедегі жабдықтар мерзіммен қолданылатындықтан, яғни толық жүктелмей жұмыс істейтіндіктен, олардың саны сол учаскеге арналған жабдықтар табелі бойынша тағайындалады. Учаске үшін таңдалған жабдықтарды 4.2.-кестеге келтіреміз.
Кесте 4.2
Диагностикалау учаскесіне арналған технологиялық құрал-жабдықтар
№
р/б
|
Жабдықтың атауы
|
Марка,
модель
|
Әзірл.
завод
|
Техникалық сипаттама
|
Саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
2
3
4
|
Жылжымалы домкрат
Мотор-тестер
Жарық күшін және фаралардың орналасу бұрышын тексеруге арналған аспап
Жеңіл автомобильдердің алдыңғы доңғалақтары-ның орнатылу бұрыш-тарын бақылауға және реттеуге арналған стенд
|
«Аурас»
«Элкон»
К-303
–
|
АСО
Вен-грия
РАСО
-
|
Жүк көтерімділігі 1,5 т,
габаритті өлшемдері –108х240х245 мм
Жылжымалы, габаритті өлшемдері – 1280х1000х 550 мм
Жылжымалы,габаритті өлшемдері –
600х600 мм
Габариттік өлшемдері –
6975х4150 мм
|
1
1
1
1
|
5
6
7
8
9
10
11
|
Доңғалақтарды теңгеруге
арналған стенд
Отын насостарын тексеруге арналған аспап
Компрессометр
Басқару жүйесін тексе-руге арналған аспап
Слесарь-электрик құрал-саймандар жиынтығы
Вентилятор
Газоанализатор
|
К-125
К-436
179
К-402
2443
В–501
Элкон
|
Вен-грия
Вен-грия
РАСО
РАСО
РАСО
РАСО
Вен-грия
|
Жылжымалы, Nэ= 1,5 кВт
Тасымалды, габариттік өл-шемдері – 500х100 мм
Тасымалды,өлшеу шкаласы 10 кгс /см2дейін, габариттік өлшемдері –
365х70х170 мм
Тасымалды, әмбебап, өлшемдері–245х160х110мм
Жиынтықта 28 зат бар
-
Тасымалды
|
1
1
1
1
1
1
|
4.3. Диагностикалау учаскесінің технологиялық жоспары
Диагностикалау учаскесінің технологиялық жоспары СНиП 11-93-74 және ОНТП - АТП - СТО – 80 талаптары ескеріліп жасалады.
Жобамен Д-1 мен Д-2 жұмыстарын бір әмбебап учаскеде ұйымдастыру қарастырылып отыр, бұл еңбек және материалдық ресурстарды толығырақ пайдалануға мүмкіндік береді. Диагностикалау учаскесі алдында бір күту бекеті қарастырылған.
Технологиялық жабдықтар орналастырылған диагностикалау учаскесінің технологиялық жоспары жобаның графикалық бөлімінің 4-ші бетінде көрсетілген.
4.4. Технологиялық картаны құрастыру
Диагностикалау учаскесіндегі жұмыстардың өнімділігін және сапасын арттыру үшін технологиялық картаны құрастырамыз.
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Жұмыстың мазмұны: Автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарының түйісу бұрыштарын стендте бақылау
Автомобиль маркасы: Лада -110
Еңбек мөлшері: 21,7 ад-мин.
Орындаушы: разряды 5-ші оператор-диагност
№
р/б
|
Жұмыстардың мазмұны
|
Еңбек мөлшері
ад-мин
|
Жабдық,
құрал-сайман
|
Техникалық шарттар мен нұсқаулар
|
1
|
Стендтің жүгіртпе барабандарын бейтарап орнына келтір, ол үшін стенд тұтқасын бұрау арқылы барабан осьтерін бағыттауыштарға перпендикуляр ет.
|
1,0
|
Доңғалатардың орна-тылу бұ-рыштарын бақылауға ж/е реттеу-ге арналған стенд
|
Алдын-ала шүберінді қосылыстардағы саңылауларды, доңғалақ күпшектері подшипниктерінің люфтісін,шиналарда-ғы ауа қысымын ж/е доңғалақтардың тең-герілуін,алдыңғы ас-паның барлық топса-лы қосылыстарының техникалық күйін тексеру керек
|
2
|
Автомобильді алдыңғы доңғалақ-тарымен жүгіртпе барабанға орнат
|
1,5
|
|
-
|
3
|
Оң жүгіртпе барабан жетегінің электр қозғалтқышын іске қос
|
0,1
|
|
-
|
4
|
Барабан және алдыңғы оң доңғалақ осьтерін параллель ет.Бұл үшін тұтқаны бұрау арқылы барабан табанын бірқалыпты айналдырып оның осьтік қозғалысын қадағала
|
2,0
|
|
Барабанның осьтік қозғалысы тексеріле-тін доңғалақ осіне оның осі параллель болған кезде тоқтай-ды
|
5
|
Электрқозғалтқышын өшіріп, лим-ба көрсеткішін жазып ал
|
1,0
|
|
Түйісу бұрыштары болу керек:
ГАЗ-3110, 0010¢– 0025¢
ГАЗ-3221, 0003¢– 0030¢
|
6
|
Алдыңғы сол доңғалақтың түйісу бұрышын жоғарыда көрсетілген ретпен тексер
|
3,1
|
|
7
|
Нәтижелер бойынша реттеуді ж/е
соңғы бақылауды орында
|
12,0
|
Кілттер жиынтығы
2334-ПИ
|
8
|
Автомобильді стендтен шығар
|
1,0
|
|
-
|
5. КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ
5.1. Жобаланатын стенд қызметі
Автомобильдердің алдыңғы басқарылатын доңғалақтарының ұтымды орнатылу бұрыштарын бақылап, ұстап тұру оның сенімді тұрақтылығы мен басқарымдылығын, шиналардың және алдыңғы аспа бөлшектерінің тозуын төмендетуді, пайдалану қауіпсіздігін және жанармай шығынын азайтуды қамтамасыз етеді.
Орнатылу бұрыштарын диагностикалау кезінде доңғалақтардың түйісу және қиралаңдау, шүберіннің көлденең және бойлық бұрыштары шамаларының өзгеруі анықталады.
Жеңіл автомобильдердің осы параметрлері бастапқы мәндерге дейін жоғары сапалы реттеу операцияларын орындау арқылы қалпына келтіріледі.
Жеңіл автомобильдердің алдыңғы басқарылатын доңғалақтарының орнатылу бұрыштарын диагностикалаудан алдын шүберінді қосылыстардағы радиал және осьтік саңылауларды, доңғалақ күпшегі подшипниктерінің люфтісін, шиналардағы ауаның қысымын және доңғалақтардың теңгерілуін, амортизаторлардың және алдыңғы аспаның барлық топсалы қосылыстарының техникалық күйін тексереді.
Анықталған ақауларды түзеткеннен кейін алдыңғы басқарылатын доңғалақтардың орнатылу бұрыштарын бақылайды және реттейді.
Жобаланған стенд жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін қызмет етеді.
5.2. Стендтің құрылысы және жұмыс істеу принципі
Жобаланған стенд қызмет көрсетілетін автомобильдің кіруіне арналған бағыттауыштары 2 және тіреуі 3 бар станинадан 1 тұрады. Станинаға реттеуге арналған сол және оң құрылғылары орнатылған. Әрбір құрылғы көтергіш табаннан 4, жүгіртпе барабаннан 5, барабанды айналдыру жетегінен - электр қозғалтқышынан 6, белдікті берілістен 7, тісті берілістен 8, барабанды тік ось айналасында бұруға арналған механизмнен 9 тұрады. Аталған механизм 9 екі сатылы тісті және червякты берілістерден тұрады. Бұрауды тұтқа 10 арқылы жүзеге асырады. Лимбалар 11 және 12 жүгіртпе барабанның көлденең жазықтықта бұрылу бұрышының мәнін көрсетеді. Лимба 12 червяк осінде бекітілген және лимба 11 айналымдарын есептеу үшін қызмет етеді. Жүгіртпе барабанның корпусы қуыс цилиндрлі болып келеді және онда шеңбер бойымен бірдей қашықтықта орналасқан төрт ішкі осьтік ойықтар (паздар) бар, олармен барабан білікке 14 бекітілген сегіз бағыттауыш роликтерге 13 тіреледі. Роликтер 13 барабанға айналымды біліктен береді және оған автомобильдің рульдік тұтқасының әсерінен осьтік жылжуға мүмкіндік береді. Төменгі жақтағы табан 4 червякты доңғалақ 15 орнатылған жарты осьпен аяқталады, ол бұру механизмінің 9 кинематикалық тізбегін аяқтап, екі конустық роликті подшипникке 16 келіп тіреледі.
Стенд келесі түрде жұмыс істейді. Жұмысты бастаудан алдын барабандарды 5 ось бойынша ортадағы орнына келтіреді. Роликті подшипниктерге 16 тірелетін табан 4 тұтқаны 10 бұрау арқылы бейтарап орнына қояды.Осы кезде барабандардың 5 осьтері бағыттауыштарға 2 перпендикуляр болуы керек. Бағыттауыштар 2 арқылы автомобильді алдыңғы доңғалақтарымен тіреуіштерге 3 тірелгенге дейін станинаға 1 орнатады, осы кезде басқарылатын доңғалақтар жүгіртпе барабандарды басуы керек. Электрқозғалтқышының 6 бірін іске қосып, айналымды белдікті беріліс 7, тісті беріліс 8 және роликтері 13 бар білік арқылы тиісті жүгіртпе барабанға береді. Тұтқаны 10 бұрап, механизм 8 арқылы барабаны айналып тұрған табанды 4 айналдырады да оның осьтік жылжуын қадағалайды. Барабан осі басқарылатын доңғалақ осіне параллель болған кезде табанның 4 осьтік жылжуы тоқтайды. Электрқозғалтқыштарын өшіріп, лимбалардың 11 мен 12 көрсетулерін жазып алады. Осы ретпен басқа доңғалақтың түйісу бұрышын бақылайды.
Бақылау нәтижесі бойынша қажет жағдайда реттеу жұмыстарын және соңғы тексеруді орындайды.
5.3.Стенд элементтерін беріктікке есептеу
Стендке әсер ететін күштер:
× 0,5 × 0,5
wк
Rz Rz
Ry
Md
Басқарылатын доңғалақтың жүгіртпе барабанмен жанасу нүктесіндегі тік реакция күші/7/:
Rz = 0,5× g, (5.1)
мұнда – жүктелмеген автомобильдің белдігінің қабылдайтын салмағы =745 кг;
g – еркін түсу үдеуі;
Rz = 0,5×745×9,81 = 3654 Н.
Басқарылатын доңғалақтың тірек бетімен жанасу нүктесінде бүйірлік реакция тұрақты әсер етеді/8/:
Ry = f × Rz, (5.2)
мұнда f – үйкеліс коэффициенті, f = 0,05;
Rу = 0,05 × 3654 = 183 Н.
Жүгіртпе барабанға түсетін келтірілген орта салмақты есептеу кезінде автомобильді 20 км/сағ жылдамдықпен қозғалады деп есептейді.
= 3,6 wк rк, (5.3)
мұнда rк – доңғалақтың домалау радиусі, rк = 0,313 м (Лада-110);
wк – доңғалақтың бұрыштық жылдамдығы;
wк = ;
wк = рад/с.
Барабанның айналу моменті/8/:
Мб = (j + f ) Rz rк, (5.4)
мұнда j – шина мен жол беті арасындағы үйкелісті анықтайтын коэффициент, j = 0,7;
Мб = (0,7 + 0,05) 3654 × 0,313 = 857, 78 Н×м.
Достарыңызбен бөлісу: |