Автомобильдерді сатуға дайындау. Сату алдында автомобиль сапасы әзірлегіш завод тағайындаған талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сату алдында автомобильге қызмет көрсету әзірлеген завод белгілеген кепілдемені қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады және оның орындалғаны жөніндегі белгі сервис кітапшасына қойылады.
Жеңіл автокөліктерді сатуға дайындау кезінде келесі үш кешендік жұмыстар орындалады:
міндетті;
қажеттілік бойынша ақауларды түзету;
сатып алушының тілегі бойынша және онымен ақысы төленетін қосымша жұмыстар.
Міндетті жұмыстар кешені кезінде орындалады:
кузовтың консервациялық қабатын алу және жуу-тазалау жұмыстарын жүргізу;
қозғалтқыштағы, шассидегі және кузовтағы нөмірлердің құжатпен сәйкестігін тексеру;
техникалық құжаттардың, қосалқы бұйымдар мен құралдардың барлығын тексеру;
қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тораптар мен жүйелерді тексеру және реттеу;
механикалық зақымдардың бар-жоқтығын анықтау.
Қажеттілік бойынша орындалатын жұмыстар кешенінде міндетті жұмыстар кешенінде анықталған және реттеумен түзетілмейтін ақаулар жөнделеді.
Қосымша жұмыстар кешенінде автомобильдің төбесіне багажник, сигнализация және т.с.с. орнатылуы мүмкін.
Автомобильдерге кепілді қызмет көрсету. Кепілді мерзім ішіндегі ТҚК жоспарлы-ескерту жүйесі бойынша арнайы автоорталықтарда орындалады.
1.3. Жобаланатын нысан сипаттамасы және жоба тақырыбын негіздеу
Диагностикалау учаскесі тапсырмаға сәйкес жобаланатын нысан болып табылады.
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу тиімділігін арттыру үшін оларға қызмет көрсеткенге дейін және көрсеткеннен кейін техникалық жағдайлары туралы жеке ақпараттар алу қажет. Бұл кезде талап етілетін ақпараттарды алу үшін агрегаттар мен механизмдерді бөлшектемей және көп еңбек шығындарынсыз орындалуы қажет. Техникалық қызмет көрсету кезінде жасырын және жаңадан басталып келе жатқан тоқтап қалулар туралы ақпараттар алу алдын-ала немесе кеш жөндеулерді болдырмау үшін маңызы зор.
Автомобильдерді диагностикалау ТҚК мен жөндеу жүйесінің бір элементі болып табылады. Автотранспорт кәсіпорындарында диагностикалау әрбір жеке алынған автомобильдің техникалық жағдайы туралы бірыңғай, дұрыс ақпараттармен техникалық қызмет көрсету мен жөндеу процесін қаматамасыз етеді.
Автмобильдердің техникалық жағдайын жолда бақылау орнатылған диагностикалау приборларымен орындалады; күнделікті қызмет көрсету кезінде бақылаулар тексеру арқылы қамтамасыз етіледі; 1-ТҚК кезінде негізінен автомобиль қозғалыс қауіпсіздігін қаматамасыз ететін механизмдеріне Д-1 жалпы диагностикалау кешенімен қаматамасыз етіледі; 2-ТҚК және АЖ алдында агрегаттар мен механизмдерге тереңдетілген диагностикалау Д-2 орындалса, анықталған ақауларды жойғаннан кейін диагностикалау кешенін қолданады. Бұл жағдайда реттеу және жөндеу жұмыстарының сапасын аралық және қорытынды тексеруді қамтамасыз ету үшін, автомобильді қосымша орын ауыстырып жүрмес үшін, оны ТҚК мен жөндеу операцияларымен бірге орындайды.
ТҚК кезіндегі диагностикалау жұмыстары автомобильдің, оның агрегаттары мен мен тораптарының бөлшектемей техникалық жағдайын анықтауға арналады. ТҚК кезінде диагностикалау жұмыстары автобустар үшін жалпы жұмыс көлеменің 5-9 процентін құрайды.
Д-1 жалпы автомобильдің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеін агрегаттар мен механизмдерінің (тежегіштерді, басқару механизмін, басқару доңғалақтарының орантылуын, жарықтандыру приборларын) техникалық дағдайын, қалдық газдардың улылық деңгейін және отын үнемділікті диагностикалаға арналған. Бұл кезде тек автомобильді пайдалануға жарамдылығын анықтаумен (шұғыл-диагностика), немесе негізгі ақауларды анықтау және реттеу жұмыстарын орындаумен шетелуі мүмкін. Шұғыл диагностика бақылау-тексеру пунктінде автомобиль желіге шығу алдында немесе кейі орындалады, ал Д-1 1-ТҚК алдында орындалады.
Д-2 автомобильдің тарту-экономикалық көрсеткіштері бойынша диагностикалау үшін және оның негізгі агрегаттары, жүйелері мен механизмдерінің ақауларын анықтау үшін қолданылады. Д-2 негізінен 2-ТҚК алдында жөндеу жұмыстарын дайындау және оның ТҚК кезінде бос тұру уақытын азайту үшін орындалады. 2-ТҚК кезінде Д-2 бірге бір мезгілде технологиялық қажет реттеу жұмыстары да орындалады.
«Сервис-Лада» диагностикалау учаскесі өндірістік ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан және __ м2 аудан алады. Диагностикалау учаскесінде 2 оператор-диагност жұмыс істейді. Учаске 5-күндік жұмыс аптасы бойынша ұзақтығы 8 сағат бір ауысыммен жұмыс істейді. Бөлімшенің жұмыс режимі сағ.1100-ден – 2000-ге дейін, түскі үзіліс сағ.1500-1600. Учаскенің технологиялық жабдығы негізінен онда орындалатын жұмыс түрлеріне сәйкес келеді.
Диплом алдындағы практика кезінде диагностикалау учаскесінің жұмысын зерттеу нәтижесінде оның ұйымдастырылуы мен технологиясында келесі кемшіліктер анықталды:
учаскедегі диагностикалық жабдықтардың басым бөлігі, соның ішінде автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарының орнатылу бұрыштарын тексеруге және реттеуге арналған стенд өз ресурстарын өтеп, дәлдігі төмен көрсетулерді береді, бұл өз кезегінде диагностикалаудың тиімділігін төмендетеді;
учаске технологиялық карталармен қамтамасыз етілмеген, бұл жұмыстарды ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді;
ТҚК-1 мен ТҚК-2 алдындағы диагностикалау жұмыстары толық көлемде емес және мерзімділігінен едәуір ауытқып, көбінесе тапсырыс бойынша орындалады.
2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Бастапқы мәліметтерді таңдау
Техникалық-экономикалық негіздеу бөлімінен технологиялық есептеу орындауға келесі мәліметтерді қабылдаймыз/1/:
бір жылдағы қызмет көрсетілетін автомобильдер саны авт;
станция типі - әмбебап, өзіндік қызмет көрсететін станция;
қызмет көрсетілетін автомобильдердің орташа жылдық жүретін жолы LГ = 14000 км;
автомобильдердің бір жылдағы қызмет көрсету станциясына кіру саны NГ = 3;
қызмет көрсету станциясының жұмыс режимі Джұм.ж = 357 күн бір жылда және жұмыс күнінің ұзақтылығы С = 1 смена, ұзақтылығы Тсм=7 сағат.
ТҚК станциясының жұмысының жылдық көлемін есептеу
Қызмет көрсету станциясының жылдық жұмыс көлеміне техникалық қызмет көрсету (ТҚК), ағымдағы жөндеу (АЖ) және жуу-тазалау жұмыстары кіреді.
Техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың жылдық көлемі келесі теңдеумен анықталады/1/:
(2.1)
мұндағы NCTO – жобаланатын станциядағы бір жылдағы қызмет көрсетілетін автомобильдер саны;
LГ – автомобильдің жылдық орташа жүрісі, км;
t – ТҚК мен АЖ бойынша жұмыстардың меншікті еңбек көлемі, ад-сағ/1000км.
ОНТП-АТП-СТО-80 сәйкес ТҚК станцияларындағы орындалатын ТҚК мен АЖ жұмыстарының меншікті еңбек көлемі автомобильдер класы мен станциядағы жұмысшы бекеттер санына байланысты бекітілген [1,7.1 кесте].
Бірнеше маркалы автомобильдерге қызмет көрсетуге арналған әмбебап ТҚК станциялары жобалау кезінде қосынды жылдық еңбек көлемі анықталады/1/:
(2.2)
Достарыңызбен бөлісу: |