26
D=50 мм құбырды таңдап аламыз. Құбырларды кесу үшін бірінші өлшеп,
түзетіп тазалап алу керек. Бұл тапсырманы орындауға бізге қажетті құрал-
жабдықтар: электр кескіш, сызғыш, бор, темір, щетка және балға. Құбырдағы
ернектің күюін болдырмас үшін бірінші қабатты сым ұнтақты электродпен
және шамасы 120...140 А токпен пісіреді. Бұл жағдайда Е71Т-GS, FORTE ER
70S-6 және VITA ER 70S-6 қаптамалы электродтарын пайдаланған жөн. Ал
қалған қабаттарды диаметрі 0.8 мм сым ұнтақты электродтармен, шамасы
200...250 А токпен пісіреді. Пісіру қабаттарын бір бағытта құбырды баяу
айналдыра отырып орындайды.
3. Пісіру сапасын кеорсин арқылы бақылаушылар тобы проблемалық
тасырмасы –пісіру қосылыстарын керосинмен сынау. Негізгі құбырды сыртқы
қараудан өткізгеннен кейін жіктен 30-40 мм ара қашықтықта балғамен
соққылайды және дәнекерлік қосылысты шлактан, тоттан, майдан және т.б.
кірлерден жақсылап тазартады. Мұндай соққылау шлактан жақсы тазаруына
және ақаулардың дамуына септігін тигізеді. Осыдан бұйымның қарауға
ыңғайлы жағына бор жағып, келесі жағына керосин жағылады және 5-15
минут ұсталады. Жіктің тығыздығының төмендігін бор жағылған беттегі
тотталған дақтар арқылы анықталады. Керосин арқылы сынау:
а) зертханашыдан дәнекерлік қосылыстардың жиынтығын алу;
б) сыналатын жікке керосиннің қанша уақытта сінетінін қадағалау,
жіктегі түйіршіктер болса да (сіңу коэффициенті 40см
-1/2
х сок
1/2
);
в) үлгідегі бір қабатты жіктің тығыздығын анықтау, дәнекерлеу балқыту
арқылы орындалған. Сынау алдында жіктің бір жағын сабын ерітіндісімен
бояп оны кептіру қажет, ал екінші жағын жіктің керосин жағып, 20-30 минут
ұстау. Жіктің тығыздығының төмен екендігін бор жағылған беттегі дақтар
арқылы анықтау. Сынауды үлгінің төмен және вертикальды жағдайларда
қарастыру.
Менің ұсынып отырған ұсынысым: кейс әдісін теориялық сабақтарда ғана
қолданып қоймай, техникалық колледждарда кәсіби білім алушылардың
біліктілігін жетілдіру үшінде қолдана білсек деген ой. Себебі кәсіптік бағытта
білім алатын студенттердің сабаққа деген қызығушылығы мен іденушілігі
аяқсап тұрғанын тәжірибеден өту барысында айқын байқадым.
Кейс әдісінің студенттің өз бетінше ізденуге, проблеманы шешуге
тырысуға және сөйлеу арқылы өз ойын толық жеткізуге қосар үлесі орасан зор.
Кейс оқыту әдісін пайдаланып тәжірибелік сабақ жүргізудегі басты
мақсатымыз, өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді, өзін-өзі
дамытып, кітаппен жұмыс жасай алатын, теориялық және практикалық
дағдысы қалыптасқан мамандарды дайындауға үлесімізді қосу болды.
Эксперименттік сабақ барысында бірінші сабақта екі студент өте жақсы
нәтиже көрсетсе, алты студент жақсы, төрт студент орташа бағаланды. Екінші
сабақты өту барысында студенттердің ізденушілігі күшейе бастады, төрт
студент белсене қатысса, бес студент жақсы нәтижеге қол жеткізіп, үш студент
орташа бағаланды. Үшіншіін сабақта кейс әдісін қолдану оң нәтиже беретінін
әрі тиімді екенін байқадым студенттер өте белсене қатысты бесеуі өте жақсы,
алтауы жақсы, біреуі орташа нәтижелерге қол жеткізді. Үш рет жүргізілген
27
эксперименнтік сабақ нәтижесі салыстырмалы түрде төменгі диаграммада
көрсетілген.
5 Сурет. Кейс әдісін пайдаланып жүргізілген эксперименттік сабақтың
салыстырмалы нәтижесі
0
1
2
3
4
5
6
7
сабақ1
сабақ 2
сабақ 3
Білім деңгейі жоғарылаған
студенттер саны
Білім деңгейі жақсы
студенттер саны
Білім деңгейі орташа
студенттер саны
28
4 Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы
4.1 Еңбек қорғау заңдары
Дипломдық жұмыстың бұл бөлімі ҚР-ның төмендегідей нормативтік
құжаттарына сәйкес орындалған:
- Қазақстан Республиканың Конституциясы (2011 жылдан өзгерістермен
және толықтырулармен);
- «ҚР Еңбек кодексі» 2007 жылдың 15 мамырдағы №252 – ІІІ ҚРЗ;
- «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» туралы
2002 жылдың 3 сәуіріндегі №314 – ІІ ҚР Заңы;
- 2004 жылдың 28 ақпанындағы №528 – ІІ «Қауіпсіздік және еңбекті
қорғау туралы» ҚР Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» ҚР 1999 жылдың 10
желтоқсанындағы №493-1 Заңы;
- «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР 2014 жылдың 11 сәуіріндегі № 188-
V ҚРЗ.
4.2 Пісіру шеберханасында қауіпті және зиянды факторларды
талдау
Барлық аймақтық оқшаулы бөлімшелер телефон байланыспен немесе
радиобайланыспен қамтамасыз етілу керек.
Құрылыс алаңдарын, уческелік жұмыстардың және жұмыс орындарды
ұйымдастыру барлық кезеңдерінде орындау жұмыстарында істейтін еңбек
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті.
Пісіру жұмыстары кезінде келесі қауіпті және зиянды еңбек шарттары
жұмыскерлерге әсер етеді:
- электр тоғымен зақымдану қаупі;
- электр доға энергиясының сәулелерінен және балқыған металдың
шашырауынан болатын терінің және көру мүшелерінің қауіптері;
- пісіру үрдісі барысында бөлінетін газдар, булар мен шаңдардың адам
ағзасына тигізетің теріс әсері;
- пісіру жұмыстары барысында және бұйымдарды пісіруге дайындау
кезіндегі механикалық жарақаттану;
- жанар газ баллондардың және ацетилен генераторлардың жаруға
қауіптілігі;
- отпен жұмыс барысындағы өрт қауіпсіздігі.
Шаң дегеніміз ‒ жұмыскердің денсаулығына зиянды ықпал ететін
жіңішке дисперсиялы аэрозоль. Адам ағзасына шаң ұзақ әсер еткен кезде шаң
бөлшектері тыныс жүйесіне түсіп, пневмоканиоз деп аталатын ауыр емделетін
ауру туғыза отырып, өкпеге қауіпті өзгертулер әкеледі.
Басқа да өндірістегі зиянды факторларға шуыл мен дірілдеу кіреді,
олардың ұзақ уақытқы әсері, жұмыскерлердің жұмыс қабілеттілігінің
29
төмендеуіне әкеледі. Олар адам ағзасына бірте – бірте әсер етеді және көпке
дейін зақымданғандарын адамдар сезбейді.
Ұзақ уақытқы шуылдың адам ағзасына әсері немесе толық естуді
жоғалтуға әкеледі, ал орталық жүйке жүйесіне әсер еткеннен даңғырлақ
ауруына әкеледі.
Дірілдеу дегеніміз ‒ механикалық серпімді денелердің тербелуі. Егер
адамға дірілдеуі ұзақ уақыт әсер етсе, онда ол адамға дірілдеуік ауруы пайда
болуы мүмкін.
4.3 Өндірістік микроклимат және санитарлық-гигиеналық шаралар
Кәсіпорынды санитарлық-гигиеналық абаттандыру ‒ сау және қауіпсіз
еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған шаралардың маңызды
бөліктерінің бірі болып саналады. Өндіріс ғимараты мен жабдықтарды
пайдалануға
қатысты
санитарлық-гигиеналық
талаптар
санитарлық
нормалармен реттеледі. Онда, ғимарат ішіндегі температура, ылғалдылық, ауа
қозғалысының жылдамдығы, жарықтану, жұмыс орындарының шаңдану
дәрежесі, шу деңгейі мен дірілдер әсері қарастырылған.
Конвертер бөлімшесі үшін санитарлық норма бойынша температура 18
0
С кем болмауы керек, ылғалдылық 40-60% шамасында, ауа қозғалысының
жылдамдығы: суық кезеңде 0,2 м/с, жылы кезеңде 0,3 м/с аспайтын болуы
қажет. Микроклимат нормасын сақтау үшін цех ғимаратында желдету және
жылыту жүйелері орнатылған. Артық жылу шығару шамасы 20 ккал/ м
3
сағ.
аспайтын ғимараттар жылытуды қажет етеді. Жабдықтардан, материалдардан
және адамдардан шығарылатын жылу мөлшері 20 ккал/сағ. аспайтын цехтар
мен бөлімшелер үшін жұмыс орнындағы температура санитарлық норма
бойынша +13-тен +22
0
С дейін рұқсат етіледі.
Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және сақтандыру құралдарымен
қамтамасыз ету. Арнайы киім – өндірістік жағдайда адам денесін сыртқы
ортаның адам денесіні терісі арқылы әсер ететін зиянды факторлардан жеке
қорғау ұраы бол табылады. Арнайы киім өндірістік жағдайда үнемі
пайдаланылатын күнделікті қолданыстағы және қорғаушы қасиетін арттыру
қаеттігін тудыратын қысқа мерзімді қолданыстағы болып бөлінеді.
Арнайы аяқ киім адам аяғын сыртқы ортаның зиянды факторлары мен
механикалық жарақат алудан сақтайтын құрал болып табылады. Арнайы аяқ
киім өндірістік жағдайда үнемі пайдаланылатын және қажет болған жағдайда
оның қорғаушы қасиетін арттыратын (бәтеңке, етік, қысқа қоныш етік, галош)
қосымша аяқ киімдерге бөлінеді.
Қолды қорғаушы құралдар – биялай, қолқап, саусаққап, шынтақтөсем
(аралас түрлері).
Басты қорғау құралы адам басын кез келген жарақат түрінен қорғауға
арналған. Оған жататындар: каскалар, шляпалар, шлемдер, шапкалар,
береттер. Көру органы мен бетті қорғау құралдары зиянды және қауіпті
өндірістік факторлардың (шаң, қатты жарықшақ бөлшектер, шашыраулар, көз
30
қаратпайтын сәулелер) әсерінен қорғауға арналған. Оған жататындар:
қорғаушы көзәйнек, жартылай маскалар, қолмен ұстайтын және басқа киетін
қалқандар, арнайы мақсаттағы қалқандар.
Тыныс органын қорғаушы құралдар (сүзуші және оқшаулаушы) – сыртқы
ортаның зиянды факторларынан адамды жеке қорғауды қамтамасыз етуге
арналған. Сүзуші – сүзгіш материалдарды (картон, талшықты синтетикалық
сүзгіш материал) және зиянды газдарды сіңіруші (белсендірілген көмір) .
Оқшаулаушы – адамның тыныс органын сыртқы ортаның зиянды
факторларынан қорғауды, тыныс алу үшін келетін газ қоспалары арнайы
құрылғы көмегімен жүргізіледі.
Есту органын қорғаушы құралдар 85 децибелден жоғары жиілікті
(ысқыратын, сыңғырлайтын) өндірістік шу әсерінен қорғауға арналған.
4.4 Пісіру шеберханасын желдету
Желдету (vеntіlаtіо ‒желдету) ‒ шеберханаларда, өндіріс орындарында,
т.б.
реттеулі ауа алмастырады, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасайды.
Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай
алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата
желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару
іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-
жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны
әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де,
есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза
ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа
алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.
Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды
заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына
негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т.б.) олардың
пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл
әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету
үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен
(мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық
әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі)
атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.
4.5 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру
Жұмыс орнында еңбекке қолайлы жағдай туғызу үшін рационалды
жарықтандыру маңызды рөл атқарады.
Шеберханадағы жарық, жұмыскер ұзақ уақыт аралығында көздің
қабынуысыз зерттеулер жүргізе алатында болу керек.
31
Жарықтың жүйелі ерекшелігі жағынан табиғи және жасанды деп бөлуге
болады. Табиғи жарық терезе арқылы, ал жасанды жарық электр энергиясы
арқылы беріледі.
Электрлік жарық уақыттың қараңғы тәулігінде жұмыстардың жүргізу
үшін немесе табиғи жарық көзінің жеткіліксіз жағдайында қолданады. Жобада
екі терезе арқылы жасанды жарық қарастырылған.
Шеберханада жасанды жарықтыққа қойылатын барлық талаптар
ескерілген:
- жұмыс кеңістігінде жеткілікті жарықтық жасалған;
- жарықтықтың жоғары сапасы;
- берілген орта шартында сенімді, үздіксіз және ұзақ жұмыс істейтін
жарықтандыру қондырғылары;
- жарықтандыру қондырғыларының өртке және электрлік қауіпсіздігі;
- жарықтандыру қондырғылар қолдануға қолайлығы;
- құрылыстың және қондырғының пайдаланудың тиімділігі.
Табиғи жарықтандыру бүйірлік, үстіңгі және құрастырылған (жоғарғы
және бүйірлік) болып бөлінеді. Жасанды жарықтандыруды есептеу. Пісіру
жұмыстарына арналған шеберханада жарықтану нұршамдар көмегімен жүзеге
асырылады.
4.6 Өрт-жарылыс қауіпсіздігі
Жұмыс орындарына, электр құрылғыларына және өрт сөндіру
жабдықтарына өтетін жол ашық болуы керек. Бөлімшеде өрт қалқаны
орнатылуы қажет. Әр қалқанда ОП-5 және ОУ-8 өрт сөндіргіші, азбест немесе
өртке төзімді материал салынған қапшық (2х2м), балта, сүймен, құрғаққұм
салынған жәшік және жалпақ күрек болуы қажет. Әр өрт қалқанының жанында
әрбір жабдықтың, жауапты адамдардың тізімі жазылып тұруы керек.
Жұмыскерлерді ғимараттан шұғыл түрде қауіпсіз эвакуациялау
мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін сыртқа қарай шығатын эвакуациялық
жолдар салу қарастырылған. Цех ғимаратында эвакуациялық шығу жолы
ғимараттың екі қарама қарсы жағына салынған. Аса шеткері орналасқан
жұмыс орнынан эвакуациялық шығу жолының ең үлкен ара қашықтығы 50 м.
Эвакуациялау жолдарының ені 1,4 м, есіктердің ені 0,9-дан 2,4 м-ге дейін,
сатылар 1,75 - 2,4 м аралығында. Өртті сөндіру үшін цехта қатты, сұйық және
газ тәріздес заттарды қолдану қарастырылған: су, инертті газ, химиялық
немесе ауалы-механикалық көбік, қатты көмірқышқылы, құм, арнайы
флюстар, киіз. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көзі, онда өрт сөндіруге
арналған суды сақтау және беру құрылғылар кешенінен құралған (су
құбырлары, табиғи және жасанды суқоймасы, өзендер және т.б.). Ішкі өрт
сөндіру үшін су шығынының нормасы әрқайсысының өнімділігі 2,5л/с кем
емес екі өрттік су арынымен есептеледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
32
Бұл дипломдық жұмыста, кейс әдісін техникалық колледж студенттеріне
пісіру түрлері пәні бойынша, жартылай автоматпен құбырларды қорғаушы газ
астында пісіру тақырыбына қолданып, сабақ жүргізілді. Сабақ барысында
шағын топтарға бөлінген студенттер проблемалы тапсырманы шешіп, сабаққа
қызығушылықпен және тиянақты кірісті. Әрбір топ кейсті шешу кезінде
пікірталас жүргізіп, өздерінің пікірлерін толықтай дәлелдей алды.
Бұл әдіс арқылы студенттер оқу, білім жинақтау және ізденіс мазмұнын
біріктіру арқылы кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің
бірі болып табылатына көз жеткізді. Әдістің тиімділігі студенттерден
сауалнама жүргізу арқылы дәлелденді.
Қорытындылай келе оқытушы кәсіптік техникалық колледжде білім
алушыларға кейс-стадилік талдау әдісі тосын жағдаяттар, проблемалық
мәселелер туралы тез және нәтижелі ойлауды ғылыми теория мен оның
танымдық әдіснамасын практикада пайдалануға дағдыландыратын әдіс екені
атап көрсетілді.
33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 2012 жылғы 27 қаңтар
2 М. Буравой Углубленное сase study: между позитивизмом и
постмодернизмом // Рубеж, № 10 – 11, 1997.
3 Изменения в образовательных учреждениях: опыт исследования методом
кейс – стадии. \ под ред Г.Н. Прозументовой Томск 2003.
4 Козина И. Case study: некоторые методические проблемы // Рубеж. 1997. №
10-11. С. 177-189.
5 Михайлова Е. И. Кейс и кейс-метод: общие понятия. / Маркетинг, №1, 1999г.
6 Переход к Открытому образовательному пространству. Часть 1.
Феноменология образовательных инноваций. Коллективная монография. Под
ред Г.Н. Прозументовой. Томск. Изд-во Том. Ун-та 2005 г.
7 А.Тапалов «Газ және электрмен пісірушіні өндірістік оқыту
8 К. Өстеміров «Қазіргі білім беру технологиясы». Алматы 2014жыл, 54- 56.б.
9 Нагымжанова К.М п.г.д., профессор, Кенжебекова М.С магистр 2015 жыл,
6-7.б.
10 Сварочное дело: Сварка и резка металлов: Учебник для нач. проф.
образования / Г. Г. Чернышов. – 7-е изд., стер. – М.: Издательский центр
«Академия», 2013. – 496 с.
11 Исин Д.К., Исағұлов А.З., Смолькин А.А. Конструкциялық материалдар
технологиясы. Карағанды, 2006
12 Нұрбекова Ж.К., Сағымбаева А.Е., Білімді бақылаудың автоматтандыру
тәжірибесі. Алматы, 2001
13 Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. - «Жалпы педагогика », Алматы, 2011
14 Ғ.Ақатаева Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыт// Қазақстан
тарихы №4 2005 33-бет.
15 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» туралы 2002
жылдың 3 сәуіріндегі №314 – ІІ ҚР Заңы.
16 2004 жылдың 28 ақпанындағы №528 – ІІ «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
туралы» ҚР Заңы
17 «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» техникалық регламенті Қазаүстан Республикасы Үкіметінің 2010
жылғы 6-шы наурыздығы №2157 қаулысы
18 «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР 2014 жылдың 11 сәуіріндегі № 188-V
ҚРЗ.
Достарыңызбен бөлісу: |