16
Істей
алуы
тиіс:
электрлік
желілермен
жарықтандырылған
құрылғыларды пайдалану және өшіре, қоса білу, электр қауіпсіздігін сақтау,
электр тоғына түскен кезде алғашқы медициналық көмекті көрсете білу.
Пісіру материалдарын оқу пәні нәтижесінде білім алушы білуі тиіс:
- электр пісіруші жабдықтаудың құрылысы;
- пісіруді жалғаудың және тігістің түрлері;
- электродтардың белгілерін және түрлерін іріктеу әдістері;
- пісірудегі металдарды дәнекерлеу туралы мағлұмат;
- металдардың және дәнекерленген тігістердің механикалық қасиеттері;
-қызмет
көрсететін электрмен пісіруші машинасының, газбен
дәнекерлеуші аппаратураның, автоматтардың, жартылай автоматтардың және
плазматронның құрылысы;
- пісірудің тігіске ұсынылған қажеттілік;
- болаттардың үлгілеріне байланысты электродтардың үлгілерін таңдау
әдістері;
- бақылаудың түрлерінің және оларды сынаудың әдістері;
- пісіру бойынша бөлшектерді дайындау ережесі;
- металл үлгісіне және оның қалыңдығына байланысты металды ысыту
тәртібін таңдау ережесі;
- пісіру кезіндегі өзгерістердің пайда болуын ескерту және оларды жою;
- пісірілген тігістердің сапасын көзбен көріп, бақылап тарату;
- кесу сапасын көзбен көріп, бақылау.
2.5 Жартылай автоматпен құбырларды қорғаушы газ ортасында
пісіру технологиясы
Жартылай автоматпен құбырларды қорғаушы газ ортасында пісіру үшін
жұмыс орнын, шеберхананы оқу жағдайына дайындап, ретке келтіреміз.
Жұмыс орны газ астында қорғап пісіру жартылай автоматы «ПРОФИ» MIG-
250, электрод ұстағыштар, ұнтақты сым электродтар мен маскалар, арнайы
киімдер – брезент кеудешелер, шалбарлар, бас киімдер, қолғаптар, балғалар
және темір щеткалармен жабдықталып, қамтамасыз етілуі керек.
Металды пісіруге дайындаймыз. D=50 мм құбырды таңдап аламыз.
Металды кесу үшін бірінші өлшеп, түзетіп тазалап алу керек. Бұл тапсырманы
орындауға бізге қажетті құрал-жабдықтар: сызғыш, бор, темір, щетка және
балға.
Газ ортасында жартылай автоматпен пісіру үшін металдың қалыңдығына
байланысты тоқ көзі мен газ қысымын ретке келтіріп аламыз. Біздегі
құбырлардың қалыңдығы 2 мм болса 0.4-0.6 Мпа қысымға қоямыз, ал
қалыңдығы 3-4 мм болса 0.6-0.8 Мпа қысым таңдап алып пісіреміз.
Металл мен электродты дайындап алғаннан кейін қорғаушы газ
ортасында пісіру жартылай автоматы «ПРОФИ» MIG-250 атты аппаратты тоқ
көзіне қосамыз. Тоқ күшін металдың қалыңдығына байланысты I=(40...60)d
таңдап аламыз. Сосын жартылай автоматпен құбырларды қорғаушы газ
17
ортасында пісіру тапсырмасын орындаймыз. Ұнтақты сым электродтармен
пісіру кезінде жіңішке білікшенің ені электрод стерженінің диаметрінен 0,8-
1,5 шегінде ауытқиды. Құбырға білікше салған кезде білікшенің ені 12мм-дей
болуы керек, электродтың көлденең қозғалысы білікшенің ортасынан 3мм-ден
аспауы керек.
Магистралдық және өндірістік құбыр желілерін монтаждау жұмысы
кезінде құбырларды біріктіруді пісіру әдісімен орындайды. 0,07 МПа-дан
жоғары қысыммен жұмыс істейтін құбырларды Мемлекеттік қалалық
техникалық бақылау ережелеріне сәйкес пісіреді. Осы ережеге сәйкес құбыр
желілерін пісіруге арнаулы оқудан және дайындықтан өткен пісіруші
мамандар жіберіледі. Пісіру жұмыстарын ауа райының температурасы -20 С-
тан жоғары жағдайда ғана орындауға рұқсат етіледі. Себебі бұдан төмен
температурада тегіс металына газдар қатты сіңеді.
Құбырлардың пісірілетін ернектерін майдан, сырдан және басқадай
органикалық қабыршықтардан тазалау үшін бензин немесе арнаулы
еріткіштер қолданлады. Ал ернектерді таттан, кірден тазалау үшін болат
щеткалар немесе шар қайрақ тастар қолданылады.
Құбырларды құрастыру жұмысы олардың түйісу ернектері мен осьтерінің
дәл келуін қамтамасыз етуі қажет.
Құбыр желілерін қол доғасымен пісіру. Құбыр желілерін біріктіру
кезінде, олардың айналатын және айналмайтын түйістіру бірікпелері тік,
төбелік және көлденең түсетін тегістермен орындалады. Айналатын түйістіру
бірікпелері бір құбырды екінші құбырға немесе бірнеше құбырларды бір
құбырмен пісіріп біріктіру кезінде орындалады. Ал айналмайтын түйістіру
бірікпелері ондаған – жүздаген метрге созылған бір құбыр желісін, екінші
құбыр желісіне жалғастырушы тігіспен және құбыр желілерінің ең соңғы
біріктіру тігісімен орындалады.
1 Сурет. Құбырлардың түйістіру бірікпелерінің түрлері.
а) айналатын түйістіру бірікпелі құбыр; б) айналмайтын түйістіру
бірікпелі құбыр; в) көлденең түйістіру бірікпелі құбыр.
I–құбырды айналдыру бағыты; II–пісіру бағыты.
18
Құбыр қабырғаларының қалындығының аз болғанына қарамастан, пісіру
бірікпесін екі-үш қабат етіп орындайды ( 2-сурет). Көп қабатты тігіс негізі
түпкі тігістің сапасын жоғарлатуымен бірге бірікпенің тығыздығын
арттырады. Қол доғасымен құбырдың айналатын және айналмайтын түйістіру
бірікпелерін орындайды.
2 Сурет. Тігіс
қабаттарының орындау тәртібі
Айналатын түйістіру бірікпелерін орындау кезінде, бірінші қабат негізгі
түпкі тігістің жақсы балқуын және балқу сапасының жоғары болуын
қаматамасыз етуге ұмтылу керек. Бұл жағдайда, балқыған металл шөгіндісінің
құбырдың ішкі бетінде аз болуын қадағалау керек. Ол үшін 3-суретте
көрсетілген тәртіппен пісіру жұмысын орындау керек. Мысалы, бірінші
қабатты 1-нүктеден 2-нүктеге дейін және 4-нүктеден 3-нүктеге дейін
құбырдың түйісу сызығының бойымен пісіру керек. Содан соң, құбырды 90
бұрып тігісті 4-нүктеден 1-нүктеге дейін және 3- нүктеден 2-нүктеге дейін
жүргізеді.
3 Сурет. Құбыр диаметрін секцияларға бөлу және
пісіруді орындау
тәртібі
Ернектің күюін болдырмас үшін бірінші қабатты сым ұнтақты
электродпен және шамасы 120...140 А токпен пісіреді. Бұл жағдайда Е71Т-GS,
FORTE ER 70S-6 және VITA ER 70S-6 қаптамалы электродтарын
пайдаланған жөн. Ал қалған қабаттарды диаметрі 0.8 мм сым ұнтақты
электродтармен, шамасы 200...250 А токпен пісіреді. Пісіру қабаттарын бір
бағытта құбырды баяу айналдыра отырып орындайды.