ІІ тарау. Еуропалық Одақ елдерінің саясатындағы лаңкестік қаупіне қарсылық әрекеті
2.1 Еуропалық Одақ аясындағы лаңкестікпен күрес механизмдерінің құқықтары
1960 жылдың аяғында 1970 жылдың басында дүниежүзілік қоғамдастықтың алдында халықаралық лаңкестік әрекеттерге қарсы күресті жетілдіру, дамыту мәселесі тұрды. Дәл осы кезеңде қоғамда болып жатқан саяси үрдістерге ықпал ету, кедергі жасау мақсатында лаңкестік әрекеттер өрши түсті. Лаңкестік белсенділігінің күшейгені соншалық оның географиялық ауқымы тез кеңейіп, бүкіл аймаққа таралды. Оған қарсы тұру үшін, яғни лаңкестікпен күресу үшін көптеген мемлекеттер өзара келісімге келіп, лаңкестікке қарсы күрестің халықаралық және ұлттық концепциясын жасады.
Әлемдік қауымдастықтың лаңкестік әрекеттерге қарсы күресінің негізінде бірнеше әмбебап халықаралық конвенциялар жатқандығын ерекше атап өту қажет. Соның ішінде:
- әуе кемесі бортында жасалған қылмыстық және басқа да әрекеттер жөніндегі конвенция (1963);
- азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күрес жөніндегі конвенция (1971);
- халықаралық қорғанысы бар тұлғаларға, соның ішінде, дипломатиялық агенттерге қарсы жасалған қылмыстарды жазалау мен жою жөніндегі конвенция (1973);
- тұтқындауға қарсы күрес жөніндегі конвенция (1979);
- ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі конвенция (1980);
-теңіз кемесіндегі қауіпсіздікке қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күрес жөніндегі конвенция (1988);
- бомбалық лаңкестікпен күрес жөніндегі конвенция (1997);
- пластикалық жарылғыш заттарды табу мақсатындағы маркировка туралы конвенция (1999);
- лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі конвенция (1999);
- халықаралық қауымдастықтың лаңкестікке қарсы күрестегі негізгі күштері халықаралық ұйым шеңберінде жүзеге асады [51].
Солардың бірнешеуіне тоқталайық. 1993 жылдың 25 маусымында Вена қаласында адам құқығын қорғауға байланысты өткізілген БҰҰ-ның дүниежүзілік конференциясында қабылданған Декларация мен іс-шаралар бағдарламасында айтылғандай лаңкестік әрекеттер, амал-тәсілдер және оның тәжірибесі барлық формасында үкімет заңдарын жоққа шығарып, мемлекет қауіпсіздігімен территориялық тұтастығының сақталуына қауіп төндіріп, бостандық пен демократияны, адам құқығын таптауға қарсы бағытталады.
Жоғарыда көрсетілген тезистердің жалғасы ретінде БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымының) Бас Ассамблеясының 49-сессиясында (1994 жылғы) халықаралық лаңкестікті жою жөнінде Декларация қабылданды. Бұл Декларацияда лаңкестікке байланысты, соның ішінде, есірткі айналымы заңсыз жолмен қару-жарақ сату, «ақша айналымы» және адамзат баласына қауіп төндіретін ядролық және басқа да материалдарды контрабанда жолымен тасымалдау, сату секілді қылмыстарға қарсы күрес жүргізуде мемлекеттер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастық жақсы нәтиже беретіндігі айтылады [52].
Лаңкестікке қарсы күресте көп жақты ынтымақтастық жүйесі негізінен соңғы отыз жылдың көлемінде дамыды. Соның нәтижесінде құдіретті әрі кең ауқымды БҰҰ және оның арнайы мекемелері ИМО, ИКАО және МАГАТЭ.
Бұл мекемелер құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі лаңкестіктің әр түрлі түрлерімен күрес жөніндегі протоколдардың және 12 универсалды конвенцияның негізінде пайда болды.
Халықаралық антилаңкестік қауымдастықтың ең алғашқы сәтті қадамы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) және әуе кемесі бортында жасалған түрлі қылмыстар туралы Токио конвенциясын қабылдауы болды. (1963 жылғы 14 қыркүйек) бұл конвенция әуе кемесінің қауіпсіздігін сақтау үшін пайдаланылады [53].
Осы конвенцияда ұшу барысында кімде кім күш көрсетіп, заңсыз әрекеттер жасаса, мемлекет оған қарсы іс-шара қолдана алатындығын алғаш рет атап көрсетті.
Конвенцияның анықтауынша, әрбір мемлекет әуе кемесінде заңды бұзған тұлғаларды өз территориясында түсіріп алып қала алады. Осыған байланысты күдікті шыққан мемлекет жедел түрде тергеу жүргізіп, оның нәтижесін тез арада күдікті ұсталған мемлекетке жеткізуі керек.
Токио конвенциясы тағы да бірқатар азаматтың авиацияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған Гаага (1970 жылғы 23 қыркүйек) және Монреаль (1971 жылғы) конвенциясымен толықты.
Гаага конвенциясы бойынша ұшу барысында заңсыз, қылмыстық әрекеттер жасағандарға қатаң жаза қолданылады. Бірақ бұл заң халықаралық азаматтық авиацияға қызмет ететін орындарда, яғни аэропорттарда жасалған заңсыз басқыншылық әрекеттермен күрес жөніндегі қаулы қабылданғаннан (1988) кейін ғана толық қалыптасты. Осының негізінде көптеген елдер де лаңкестік әрекеттерден аэропорттарды қорғайтын халықаралық-құқықтық қауымдастықтың негізі қаланды [54].
Соған байланысты Монреаль конвенциясының шеңбері кеңейтілді. Оның қаулысында [55]:
Егер адам әдейі әрі заңсыз қаруланса, қылмыс жасайды;
Халықаралық адамзаттың авиацияның орны аэропортта қылмыс әрекет жасап, адам денсаулығына нұқсан келтіреді немесе өміріне қауіп келтіреді;
Аэропорттың құрал-жабдықтарына зиян келтіреді немесе аэропорт жұмысының тәртібін бұзады;
Мұндай әрекеттер аэропорт қызметіне Испания, Ұлыбритания, Германия және басқа да Еуропалық Одақ елдеріне лаңкестік үлкен қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты көптеген Еуропалық елдер өз күштерін ХХІ ғасыр туғызып отырған осы залалға қарсы бағыттауда.
Лаңкестікке қарсы күреске байланысты өткізілген мәжілісті Еуропалық Одақ елдерінің ішкі істер министрлері бірауыздан келісілген маңызды құжатты қабылдады (1996 жылдың 30 шілдесінде, Париж). Мұнда олар әлемдегі лаңкестікпен күреске ерекше мән беріп, оның дамуының жаңа тенденцияларын атап көрсетті. Форумға қатысушылар қорытынды пресс-конференция лаңкестікке қарсы күресте қолданылатын шараның 25 түрін атап көрсетті.
Соның бірі, «аталған мәселенің әр түрлі аспектілерімен айналысатын органдар мен мекемелер арасындағы өзара байланысты күшейту, қарым-қатынасты жақсарту деп тапты» [56].
1995 жылы француз баспасөзі берген мәліметі бойынша, Париж және басқа да Франция қалаларының төңірегінде болған лаңкестік әрекеттер барлаушылардың өз мәліметтерін қызғанып полициямен бөліспей, ал полиция өз ақпараттарын прокуратураға бермегендігі салдарынан туындаған. Мұнда, сонымен бірге, радиоактивті, химиялық, биологиялық және уландырғыш заттарды пайдалану арқылы лаңкестікті құрту» және антилаңкестік бағыттағы кәсіби мамандарды даярлауды жақсарту шаралары да сөз болды.
Еуропалық Одақ елдерінің транспорт түрлерінде лаңкестік әрекеттер өте көп мөлшерде тіркелгендігі қоғамдық транспорт қауіпсіздігін жақсарту жөнінде кеңнстер беруді жедел түрде қолға алуды талап етілді.
Еуропалық Одақтың белсенділері - Ұлыбритания, Франция, Испания мемлекеттері өзге мемлекеттерді лаңкестік әрекеттерді жасырып отыратын гуманитарлық, мәдени және әлеуметтік бағыттағы үкіметтік емес бағыттағы ұйымдарды қатаң бақылауға алуға шақырды [57].
Әсіресе, лаңкестер бір-бірімен байланыс жасайтын және өз ойларын жүзеге асыру мақсатында қолданылатын коммуникацияны ерекше бақылауға алу керек деп шешеді. Оған компьютерлік жүйе интернет және сол арқылы берілетін мәліметтер жатады [58].
Өндірісті, сауда ісін және қару-жарақ пен жарылғыш заттарды жетік бақылайтын ұлттық заңдар қабылданды.
Бұл құжатқа қол қойған елдер лаңкестік әрекет жасады деп айыпталған кез-келген адамды сотқа тартуды міндеттеп, лаңкестік әрекетке қатысы бар деп танылғандарды қатаң юристік бақылауға алуға кез-келген белсенді немесе пассив көмек беруге, оларға лаңкестік әрекетті жүзеге асыруға көмек беруге тыйым салынды.
«Евроүштік» барлық ЕО мемлекеттерін лаңкесті топтар мен оның жекелеген мүшелерінің жұмыс істеуіне кедергі жасап отыруға міндеттеп, осы мақсатта шекаралық бақылауды және жеке куәлік беру мен құжатқа виза қоюдың ережесін күшейтуді талап етті.
Көпжақты және екіжақты ынтымақтастықты екі негізгі бағытта халықаралық-құқықтық және оперативтік бағытта дамыту жоспарланды. Біріншісі, қылмыскерлерді еліне қайтару жөнінде ұлттық заңдылықтарды жақындастыруды, сонымен бірге, бұл құжат егер кейбір елдердің арасында ешқандай келісім шарт жасалмаса да, лаңкестерді өз еліне қайтарып беру мүмкіндігін ұсынады.
«Евроүштік» елдері лаңкестік топтарды қаржыландырып отыратын капитал қозғалысына да тосқауыл қойды. Кездесуге қатысқан сарапшылар лаңкестік әрекетіне кедергі жасаудағы бұл тәсілге көптеген мемлекеттердің қарсы болатынын жақсы білді. Себебі, сырт елдерден капитал кіргізу арқылы өз банктері үлкен пайда түсіретіндіктен, көптеген мемлекеттер үшін бұл тәсіл тиімсіз болды [59].
Лаңкестікпен күрестің жетістікке жетуі арнайы ұйымдардың оперативті түрде бірлесе жұмыс істеуіне тікелей тәуелді. Парижде болған конференцияның маңыздылығы сол, ол құқық қорғау органдарының арасында бөліп тұратын қалыптасқан дәстүрлі психологиялық барьерді алып тастады.
Әлемнің жетекші елдері өздерін қорғайтын заң орындарымен салыстырғанда, қылмыстық топтар әлдеқашан ортақ келісімге келіп, ауызбіршілігін күшейткенін, сондықтан лаңкестікті тек бірлесе отырып қарсылық көрсеткенде ғана жеңе алатындықтарын түсінді.
1996 жылдың 12 сәуірінде Парижде өткен мәжілісте трансұлттық ұйымдасқан топқа қарсы жұмыс істейтін ЕО елдерінің жетекші сарапшыларының тобы мынадай мәлімдеме жасады: әрбір мемлекет ұйымдасқан қылмысқа қатысты барлық заңдарына талдау жасауы тиіс; жасалған және дайындалып жатқан лаңкестік әрекеттер туралы сұрақтарға тез жауап беретін орталық органдарын анықтап алуы қажет. Сонымен бірге, қылмыстық әрекеттер, лаңкестікпен күрестің тәжірибесі мен тәсілі талданып, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты күшейту арқылы лаңкестіктің тамырына балта шабу мәселесі алға қойылды.
Соңғы жылдары ЕО елдерінде жағдай күрделене түсуде, мұнда трансұлттық сипаттағы ауыр қылмыстар кең таралып отыр. Соның ішінде, есірткі бизнесі, қару және әскери техника контрабандасы ерекше қарқынмен дамуда [60].
Лаңкестікпен және қауіпті қылмыстардың басқа да түрлерімен күресуде. ЕО елдерінің жауапты органдарының көмегімен 1992 жылғы Маастрихт келісім шартынан кейін де, көптеген мемлекетаралық нормативтік актілерге қол қойылды. Олардың қатарына, ЕО мемлекеттерін ішкі қауіптен қорғауды, территориялық тұтастығы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздейтін дәстүрлі және келісілген заңдар жиынтығы. «Еуропалық Одақ мемлекеттерінің әскери қауіпсіздігінің концепциясы туралы» келісімін жатқызуға болады [61].
1994 жылы ЕО елдерінің ақпараттар кеңістігінің қалыптасуы жөніндегі мемлекетаралық деңгейде келісілген концепция қабылданды, ақпарат таратудың мемлекетаралық қағидаларына сәйкес ЕО елдері өздеріне пайдалы ақпараттарды алмасып отырды. Сонымен бірге, халықаралық лаңкестікті Еуропа елдеріне әскери қауіп төндіріп отырған негізгі нәрсе деп қабылдаған ЕО «ЕО мемлекеттерінің Жалпы ішкі саясаты және қауіпсіздік саясаты туралы» концепцияны қабылдады.
ЕО-тың кодификациялық қызметіндегі ең маңызды нәрсе 2000 жылы қабылданған ЕО мемлекеттері басшылары Кеңесінің 2006 жылға дейінгі аралықта Бағдарламасы болды. Бұл Бағдарламаға қылмыспен күресу жолдарының комплексі, лаңкестік және ұйымдасқан қылмыстық топпен күресу тәжірибесі, ғылыми зерттеулердің нәтижелері енді [62].
Халықаралық лаңкестікпен және экстремизмнің басқа да түрлерімен 2006 жылға дейін күресудің мақсатымен Еуропалық бағдарлама жасалды. Бірақ бұл қабылданған халықаралық нормативті актілер нақтыланбағандықтан, мемлекеттің құқық қорғау органдары мен арнайы ұйымдарына оны өз жұмыстарына пайдалану қиындық келтіріп отыр [63].
Осыған байланысты Франция, Италия, Ұлыбритания, ФРГ және Еуропаның басқа да елдері халықаралық келісімдерге өз моделін енгізді. Мәселен, АҚШ-та лаңкестікке қатысты жалпылама федералдық заң жоқ. Олар жарылыс ұйымдастыруды немесе жасауды, қаруланған тонауды, өрт қоюды, адам өлтіруді, транспорт ұрлауды, ғимаратты басып алуды немесе елшіліктерді жаулап алуды лаңкестік әрекет деп таниды. Бұл қылмыстың бәрі федералдық заң немесе штат заңы бойынша жапзаланып, мотивіне қарай лаңкестік әрекет деп ажыратылады. Яғни, федералдық заң с құрылымында лаңкестік мәселесі әр түрлі аспектіде қарастырылады.
Италия, ФРГ, Франция елдерінде мемлекет ішіндегі және халықаралық лаңкестікпен күресуге арналған арнайы заңдар бар.
Испанияда лаңкестікпен күреске арналған 10-ға жуық арнайы заң бар. Олар жеке құжат болып табылады және мемлекеттің қылмыстық-үрдімтік заңдар жиынтығына өзгертулер мен толықтырулар енгіздіре алады.
Ауғанстандағы кең көлемді антилаңкестік операциялар мен Лондон, Мадридте болған аяусыз лаңкестік әрекеттер сериясы Еуропадағы лаңкестік әрекеттермен күресудің кодификациялық жұмысына үлкен қозғау салды [64].
2004 жылдың 25 шілдесінде елдегі криминалдық жағдайдың қатты күшеюіне байланысты Франция президенті «Лаңкестікпен күресу туралы» заңға қол қойды. Бұл заң бірінші рет Францияның жаңа тарихындағы лаңкестікпен күрестің заңдастырылған және ұйымдасқан негізін, үкімет орындары жұмысының тәртібін, координация мәселесін, сонымен бірге, азаматтардың құқығы, міндеттері және құқығының кепілдігі секілді мәселелері анықтады. Және бұрын талас тудырып жүрген лаңкестік ұйым, лаңкестік қызмет, халықаралық лаңкестік деген түсініктер заң деңгейінде нақтыланды.
2001 жылдың қазанында Франция, Испания, Ұлыбритания және Германия мемлекеттерінің президенттері «Лаңкестік және өте қауіпті басқа да қылмыстармен күрестегі шұғыл шаралар туралы» № 21 Декретке қол қойды.
Ол Еуропа тарихындағы толығымен лаңкестікпен күрес мәселесіне арналған ең алғашқы нормативті акт болып табылады. Ол Еуропа елдерінің ұжымдық методтардың негізінде жасалған.
Декретке сүйенсек, лаңкестікті қоғамдық қауіпсіздікті бұзу мақсатында жасалған күш көрсету немесе қауіп төндіру, қоғамдық тәртіпті бұзу, мемлекеттік органдар шығарған шешімді мойындамау, саяси немесе қоғам жұмысына кедергі келтіру деп түсіндіреді [65].
Оған қоса, бұл құжат коррупциямен және ұйымдасқан қылмыстық топпен күресетін арнайы топтардың жұмысын бақылауды бас прокурордың орынбасарына жүктеді. Аса қауіпті қылмыс немесе лаңкестікті қарастыру ісіне бірнеше соттық специализацияларды енгізді.
Әрине, республикадағы құқық қорғау орындарымен арнайы ұйымдары лаңкестікпен күрес жолында ешқандай қате жібермеуге бағыттауда бұл Декреттің көп көмегі тиді. Бірақ құжаттың кемшіліктері де жоқ емес.
Жалпы, лаңкестікке, өзінің қоғам алдындағы міндетін орындап жүрген халық адамына жасалған қысымды, бір жерде жарылыс немесе өрт болады деп жалған ақпарат беруді де жатқызуға болады.
Кейіннен бұл ақаулар мен кемшіліктерді Франция, Испания, Ұлыбритания және Германия елдердің Президенттері түрлі нұсқау мен өзгертулер енгізе отырып, қалпына келтірді. Мәселен, Еуропа елдеріндегі саяси тұрақтылық пен жеке азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқық қорғау және мемлекеттік органдар жұмысының ұйымшылдық және сапалық деңгейін арттыру мақсатында республикада лаңкестікпен күресуші субъектілерді қорғау үкімет басшыларына міндеттейді [66].
Арнайы антилаңкестік бөлімшелер жұмысының координациясы прокуратураға жүктелсе, ал мемлекеттің ұйымдасқан қылмыстық тобы және коррупциясын күресуші органы Еуропол болды. Оның қалыптасқан координациялық қызметінің формасы мен негізгі бағыттары бар [67].
Лаңкестікпен күресте еуропалық заңдардың жетілген кезі Еуропа Парламентінің 2002 жылдың 2 маусымында «Әлемге, адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы және әскери қылмыстар» Кодексінің қабылдануы болды. Мұнда халықаралық лаңкестікке: бұл басқа мемлекеттің трериториясында адамдарды өлтіру немесе денесіне жарақат түсіру мақсатында өрт қойып, жарылыс жасаған немесе жасайтын, ғимараттарды бұзған немесе қиратқан, жолдар мен байланыс құралдарын үзген, басқа елдердің қоғамдық немесе мемлекеттік қайраткерлерінің денелерін жарақаттаған немесе өлтірген, олардың дүние-мүлкін қиратқан арнайы ұйым деген анықтама береді. Сол үшін олар он жылдан жиырма бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе өмірінің соңына дейін тұтқындалады [68].
ЕО-тың нормативті актілерінде лаңкестікті алдын-ала ойласқан келісім бойынша қылмыс жасайтын топ деп анықтайды. Мұнда бірінші рет лаңкестік әрекет жасағандарды қылмыстық жауапқа тарту мәселесі қарастырылған.
Арнайы антилаңкестік заңдардың қалыптасуына 70-жылдардың басында Батыс Еуропада лаңкестіктің өршуі әсер етті. Соның негізінде лаңкестікпен күресте ішкі және халықаралық заңдарды дамыту үшін бірнеше еуропалық мемлекеттер: Англия, Германия, Испания, Италия, Франция өз заңдарына құрылымдық өзгерістер енгізіп қана қойған жоқ, бірнеше арнайы антилаңкестік заңдар да қабылдады. Батыс Еуропа мен АҚШ-та бір мезгілде антилаңкестік заңдар қабылданумен «жаңа юристік мәдениет» пайда болды.
Тіпті заңдардың «Шұғыл шаралар туралы» (Ұлыбритания, 1973 жылы, «Лаңкестікпен күрес туралы» (Германия, 1986 жылы) «Демократиялық тәртіп қоғамдық қауіпсіздікті қорғаудың жолдары туралы» (Италия, 1979 жылы, «Мемлекет қауіп төндіретін лаңкестікпен күрес туралы» (Франция, 1986 жылы), «Лаңкестікпен күрес және өлім жазасы туралы» (АҚШ, 1996ж.) деп аталауының өзі-ақ, еуропалық мемлекеттер мен АҚШ-тың бұл мәселеге қандай көңіл бөлетіндігін байқатады. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде негізгі халықаралық конвенциялар қабылданды. (лаңкестікпен күрес жөніндегі Еуропалық конвенция (Еуропалық Кеңес, Страсбург, 27.01.77ж.) [69].
Еуропалық Кеңес лаңкестікпен күрес жолында адам құқығының бұзылмауын қадағалайды. Соның нәтижесінде ЕО Министрлер Комитеті бекіткен «Лаңкестікпен күрестің негізгі қағидалары» 2002 жылдың 15 шілдесінде, ал 2002 жылдың 24 қаңтарында «Лаңкестікпен күрес және адам құқығының сақталуы туралы» Ұсыныс 1550 (2002) және Резолюция 1271 (2002) ПАСЕ секілді актілер қабылданды. Бұл осы бағытта жасалған алғашқы негізгі қағидалары көрсетілген халықаралық мәтін, оның 17 негізгі қағидасы бар. Осы мемлекеттер лаңкестікпен күресте, адам құқығына байланысты Еуропалық сот тәжірибемінде басшылыққа алуы тиіс.
Лаңкестікке қарсы күрестің ілгерілеуіне, жақсаруына ықпал жасаған Тәртіпаралық топ болды. Бұл топ 2001 жылы құрылған үкіметаралық сарапшылар комитетінен тұрады. Бұл құжатты сыншылар радикалды әрі саясаттандырылған деп бағалады. Өкінішіне орай, Декретте жеке тұлғаның лаңкестікпен күресі, олардың мүмкіндіктері және басқа да принциптік сұрақтар қамтылмады.
2004 жылдың 18-20 қазанында ЕО-тың лаңқестікке қарсы күрес бойынша сарапшылар комитеті (CODEXTER) лаңкестікке қарсы тұру туралы Конвенцияның алдын ала жобасын қарастырды. Сондай-ақ, сарапшылар Еуропа мемлекеттеріндегі лаңкестікпен күресу жағдайы туралы анықтамалар, куәгерлерді қорғау туралы жаңа құжаттардың дайындалуы сияқты мәселелерді талқылады. 2005 жылдың 15 мамырында Варшавадағы саммитте лаңкестікке қарсы тұру туралы Конвенцияға қол қойылды.
Сонымен қатар, Еуропадағы лаңкестікпен күресуде әр түрлі елдердің арнайы бөлімшелері арасындағы ақпарат алмасуы әлі де жетілмеген. Лаңкестікке қарсы күрес бойынша координатор қызметінің пайда болуымен, қаржының аз бөлінетіндігінен лаңкестік мәселесі шешілмеуде. Нәтижесінде бұл күресте бірінші орынға Бірыңғай Еуропалық полиция Еуропол шығып отыр.
2.2 Еуропалық Одақтың лаңкестікке қарсы күрестегі саяси, әскери және т.б. амал-тәсілдері
Қазіргі таңда Еуропа лаңкестікге қарсы күреске және онымен күресудің тиімді жолдарын табуға ерекше назар аударып отыр. Лаңкестік мәселесін нейтрализациялауда Еуропаның қол жеткізген ең негізгі нәтижесі ұлттық деңгейдегі ынтымақтастықтың координациясы. Бүгінде Еуропа аймағында, антилаңкестік қызметпен айналысатын бірнеше арнайы органдар жұмыс істейді. Лаңкестікпен күреске жауап беретін ЕО-тың органдары.
- лаңкестікке қарсы күрес бойынша координатор – Гийс де Вриес
- Еуропол (ауыр қылмыстармен айналысатын департамент, лаңқестікке қарсы күрес басқармасы).
- ЕО-тың лаңқестікке қарсы күрес жүргізетін арнайы комиссиясы – Рафаэль Бенитез.
- ЕО-тың лаңқестікке қарсы күрес бойынша сарапшылар комитеті CODEXTER.
Үкіметаралық сарапшылар Комитетінің – CODEXTER-дің негізгі міндеті болып ЕО-тың лаңқестікпен күресте қосқан үлесін, ең алдымен, оның белсенді бағыттарын айқындау, талдау жасау болып табылады. Сарапшылар комитеті CODEXTER құқық қорғау орындарымен қарым-қатынаста болатын жеке тұлғалар және куәгерлердің құқықтарын қорғау туралы және зерттеу жүргізудің арнайы методтарына қатысты [70].
Жасалған халықаралық құқық нормаларын қолдады. Сонымен бірге, комитет осы мақсатта Халықаралық инструменттерді пайдалану үшін лаңкестік апологиясы» түсінігіне зерттеу жүргізіп көрді. Оған қоса, CODEXTER комитеті ЕО Министрлер комитетіне лаңкестік әрекеттерден жәбірленгендерге мықты қорған болуды және оларға конпенсация төлеуді ұсынды. Сонымен қатар, CODEXTER комитеті әрбір елдің лаңкестікке қарсы күресу мүмкіндігін бақылап, сараптап отырады.
CODEXTER комитеті ЕО-тың лаңкестікпен күреске дайындығы жөніндегі жалпы конвенциясын талқылап, лаңкестікпен күреске байланысты халықаралық заңда кеткен кемшіліктерді жою үшін құқықтық әрекеттер аясын көбейтуді ұсынды. 2004 жылдың 18-20 қазанында CODEXTER-дің лаңкестік жөніндегі сарапшылар комитеті лаңкестікпен күрес мәселесін реттеп отыратын, халықаралық-құқықтық құжат - Конвенцияның жобасын талқылады. Бұған қоса, сарапшылар мүше мемлекеттердегі лаңкестікпен күрес жағдайынан хабар беріп отыратын қысқаша сөздік құрастыру, куәгерлерді қорғау туралы жаңа құжатты өңдеу, лаңкестік әрекеттерден жәбірленгендерді қорғау, оларға компенсация төлеу, лаңкестікті қаржыландыруға тосқауыл қою секілді негізгі мәселелерді талқыға салды.
2001 жылдың қыркүйегінде Брюссельде ЕО мүше-мемлекеттерінің ішкі істер мен юстиция министрлерінің отырысында Ұлыбритания Бірыңғай Еуропалық полиция – Еурополдың мүмкіндіктерін кеңейтуіне ұсыныс жасады [71].
Үш айдан кейін, 2001 жылдың желтоқсанында Еуроодақтың Лакендік самитінде халықаралық лаңкестікпен күрес мәселесіне еуропалық мемлекеттердің бір бағытта келуі айтылды. Құжатта ЕО елдері лаңкестік қауіп-қатерден қорғану мақсатында ортақ еуропалық саясат аясында әрекет жасайтындығы айтылды. Тәжірибелік жоспар бойынша еуропалық елдер арасында ортақ тұтқындау туралы құжат енгізілді (Испанияның ұсынысы бойынша). ЕО территориясында тыйым салынған лаңкестік ұйымдар тізімінің қалыптасуына және діни экстремистік ұйымдарды қаржыландыру каналдары жауып тасталынды. Бірақ үш жылдан кейін ЕО елдерінің ішіндегі лаңкестікпен күресетін арнайы ұйымдар координациясының деңгейі өте төмен, аз екендігі байқалды.Соның нәтижесінде 2004 жылдың 17 ақпанында Германия, Франция, Испания және Италия мемлекеттерінің ішкі істер министрлері аталған төрт елдің қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі өзара келісімге келді. Ішкі істер министрлігінің басшылары өз елдерінің үкімет басшылары мен парламентке Франция мен Испания мемлекеттерінде жасалған үздік әрі тиімді деп танылған антилаңкестік заң жобалары ұсынды.
2004 жылдың наурызында Мадридте болған лаңкестік әрекеттен кейін Австрия бірден лаңкестікке қарсы күресте ортақ еуропалық арнайы ұйым құруды ұсынды.
Австрия бұл ұсыныста Еуропа қауіпсіздігі біріккен аналитикалық орталыққа зәру деп түсінгендіктерін жасаған болатын. Бірақ Еуропаның бес ірі мемлекеті: Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия елдері бұл ойды құптамады. ЕО-тың төрағасы болып отырған Ирландия Австрияға мұндай ұйымның бар екендігін (Еуропол), ал австриялықтар қажет етіп отырған барлық функцияны халықаралық келісім бойынша атқарып отырғандығын ескертті.
Нәтижесінде ЕО елдеріндегі лаңкестікпен күрес бойынша координатор постын құруға келісті. Бұл келісім еуропалық ішкі істер министрлерінің кезектен тыс, шұғыл отырысында қабылданды. Координатордың негізгі атқатарын қызметіне Еуропа аймағындағы аңкестік әрекеттерді бақылау, барлау мәселесі, қаржыны бақылау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді жұмыстар кірді. Бірақ қауіпсіздік және барлаудың Еуропалық стратегиялық орталығының сарапшыларының пікірінше, координатордың атқаратын міндеті тым қораш әрі күлкілі. Оның үстіне, еуропалық елдер арасында ортақ тұтқындау туралы құжат Мадрид терактінен кейін ғана күшіне енді [72].
2004 жылдың жазында Еуроодақтың 2004 жылдың соңына дейін адамның биометриялық заңдылықтарын паспортқа енгізу заң түрінде бекітіп, ал 2005 жылдың соңына дейін тәжірибе жүзінде қолданысқа енгізуді жоспарлап отырғандығы белгілі болды.
2004 жылдың қазанында Еуропалық Комиссия халықаралық лаңкестіктің Еуропада көрініс табуына қарсы күресетін арнайы кризистік орталықты құруды бекітті. Көп ұзамай бұл ЕО-тың жай, ешқандай негізсіз айта салған әрекеті екені белгілі болды. Себебі, институт ашып қойғанымен, ешқандай қаржы бөлінбегендіктен, оның қызметкерлерінің алдына қойған мақсатына белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы ақиқат. Оның үстіне «Дойче Велленің» мәлімдемесі бойынша, сарапшылар Еуропадағы лаңкестікпен күрестің ғылыми-негізін және сараптамасын қамтамасыз ету үшін шамамен миллиард евро қажет екендігін анықтаған.
2005 жылдың 27 қыркүйегіндегі еуропарламенттің кезекті отырысында оның мүшелері дерективасының лаңкестікпен күрес мақсатында телефон сөйлесулері мен электрондық жолдауларды сақтау керек деген ұсынысын қолдамады. Еуропарламенттің төндіретін қадамы болмақ. Ұлыбритания, Ирландия, Франция және Швеция елдерінің талқысына ұсынылған дерективаның аталған жобасы ЕО елдері азаматтарының телефонмен сөйлесулерін электрондық жолдауларын, интернет сайттарындағы деректерін үш жылға дейін архивтерде сақтауды талап етті.
АҚШ пен ЕО елдерінің халықаралық лаңкестікке қарсы күрестегі тактикасы олардың стратегиялық ойлау мәдениетіндегі айырмашылығын байқатады. АҚШ кез келген күресте қандай жолмен болса да, жеңіске жетуді көздесе, ЕО елдері ешқандай күш қолданбай-ақ мәселені шешуге болады деп есептейді. АҚШ-пен салыстырғанда, Еуроодақ соғыс пен лаңкестікті саяси метафора деп қабылдайды. Ол лаңкестікпен күресте бірде-бір әскери инициативаны ұсынбайды [73].
2001 жылдың 2 қазанында НАТО өз тарихында бірінші рет американдықтардың АҚШ-қа жасалған лаңкестік әрекеттер шетелдер тарапынан жасалғандығын мәлімдегенде, коллективтік қорғаныс туралы статьясын енгізді. Олар мұнымен «қаруланған шабуыл» терминіне жаңа, кеңейтілген мағынада анықтама беріп, жеке адамдар, топтар, ұйымдар немесе мемлекеттер жасаған қарулы акциялардың арасында ешқандай айырмашылық болмайтындығын атап көрсетті. 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттен кейін батыс аналитиктері 1999 жылы қабылданған НАТО-ның стратегиялық концепциясының 24-бабының мазмұнын түсіндіріп, Солтүстік Атлантикалық одақты лаңкестікпен күреске қарсы ұйымға айналдырды.
Бірақ бұл енгізілген схемалық трактовкаға Париж келіспеді. 2002 жылдың қарашасындағы НАТО-ның Прагалық саммитінде сөйлеген сөзінде президент Ж.Ширак Франция позициясын ұсынып: «Біз лаңкестікке қарсы тұруымыз керек, лаңкестікті ешкім жақтамайды, бірақ оған қарумен, әскерлердің күшімен жауап бермеуіміз керек» дейді.
11 қыркүйекте болған трагедиядан кейін американдық БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) «Америка соғыстың алдында тұр» деген айдармен мақалалар шыға бастады. Бұл олардың халықаралық лаңкестікпен күрестегі реалды сипаттамасын береді. Құрама Штаттар, Еуропа емес, дәл өздері ірі лаңкестік шабуылдардың нысанасы екендігін біледі [74].
Лаңкестікке қарсы күресте ЕО-тың ішкі табиғаты күш көрсету тәсіліне емес, заң механизміне жүгінді. Өз мақсаттарына жету үшін лаңкестіктің тура және жанама тәсілдерін пайдаланатын саяси күштерге де үлкен шыдамдылықпен қарап, «компромисс мәдениетін» қолданды. Кейбір жекелеген елдер деңгейінде толеранттық қарым-қатынас өзгеріп отырды. Мысал ретінде 2002 жылдың тамызында Испанияда басктердің лаңкестік ұйымы ЭТА-ның саяси қанаты болып саналатын Батасун партиясында тыйым салынғандығын айтуға болады. Ұлыбританияда да бәрінен қатал антилаңкестік заң қабылданды [75].
Солай десек те, еуропалықтар көбіне адам құқығы мәселесін догмалық тұрғыда түсінудің өзі лаңкестікпен күресте кедергі келтіретінін байқай бермейді. Егер ЕО позициясына сүйенетін болсақ, негізінен лаңкестік құрбандарымен салыстырғанда, лаңкестікке қатысы бар деп танылған күдіктілердің құқығын қорғау бірінше кезекте тұрады.
ЕО елдерінің лаңкестікпен күресте әскери күшті пайдаланбауының негізгі себебі халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауынан туындап отыр. Соғыс кезінде немесе төтенше жағдайлар кезеңінде орын алған мәселердің барлығы бейбіт кездегі тәртіп бойынша шешіле бермейді. Егер ЕО елдері Ресей мен АҚШ елдері бастарынан өткізген лаңкестік әрекеттерді көрсе, онда лаңкестікке қарсы күресудің тәсілін, жолын өзгертері анық.
Жұмысшылар арасында өткізілген дискуссия барысында қоғамды демонстрацияландыратын Өзбекстандағы халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасты, ынтымақтастықты кеңейтетін, Омбусманның іс-әрекетін, республикадағы лаңкестікпен күресте пайдаланылып жатқан шаралар жөнінде мәлімет беретін соттық-құқықтық жүйенің қалыптасып келе жатқандығы мәлім болды.
Пленарлық мәжілістер мен топтардың жұмыстарының қорытындысы бойынша қатысушылар Сеул декларациясын қабылдады. Мұнда ұлттық институттар барлық істі ұлттық деңгейде қарастырды, аймақтық ынтымақтастықты қолдап өз мемлекеттерін антилаңкестік шаралар қолдануда адам құқығының сақталуында тиімді механизм мониторингін қалыптастыратын БҰҰ-н қолдауға шақырды. Декларацияда, сонымен бірге, лаңкестік адам құқығын таптайтындығы, адамның жеке өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіндігі айтылады. Жалпы, антилаңкестік шаралар адам құқығының халықаралық стандартына сәйкес жасалуы тиіс деген мәселені көтереді.
Соңғы кездері әлемнің әр жерінде болып жатқан лаңкестік әрекеттер адам өміріне төніп тұрған қауіптің салмақты екендігін білдіреді. Әлемдік қауымдастық лаңкестікке тоқтауға тек мемлекет қана емес, қоғамның да белсене араласуын талап етіп отыр.
Лаңкестіктің қарапайым нормаларымен күресу мүмкін болмағандықтан, көптеген елдер халықаралық және мемлекет ішіндегі лаңкестік әрекеттермен күресуге бағытталған арнайы заңдар қабылдады [76].
Конференцияда адам құқығын қорғау жұмысының тиімділігін арттыру үшін бес жұмысшы топқа бөлініп қарастырды. Жұмысшылар тобының мәлімдемесіндегі түйінді мәселе адам құқығын қорғауды қамтамасыз ету мен лаңкестікпен күрестің арасындағы балансты табу болады. Конференцияға қатысушылар антилаңкестік шараларда, қақтығыстарда адам құқығының бұзылуынан сақтайтын тиімді тәсілдерді анықтауға тырысты және ұлттық институттар жергілікті халыққа лаңкестіктің тууы, пайда болуы секілді нәрселерді танытуға тырысты.
ЕО Ресей мен АҚШ-тағыдай лаңкестікпен күрес мәселесін кең тұрғыда талдағанды қаламайды. Оны ЕО-тың АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери операциялар ұйымдастыруын қадалағанымен, НАТО-ның коллективтік қорғаныс жөніндегі 5-бапты пайдаланып, 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік әрекетке қарсы шара ұйымдастыруға қарсы болды. Тек бейтарап Австрия, Ирландия, Финляндия және Швеция елдері Еуродақтың резолюциясын қабылдауға шақырған Бельгияның ұсынысын қайтарып тастады.
Еуроодаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлігінің 25 басшысы 2005 жылдың 15 желтоқсанында Брюссельде өткен мәжілісте институттардың бекіткен лаңкестікпен күрес стратегиясын ислам радикализміне қарсы тұру істерін ұйымдастыру шараларын қолдады.
ЕО Кеңесінің пресс-қызметі таратқан мәлімет бойынша мәжіліс қорытындысы материалдарында ЕО-тың халықаралық ұйымдар мен ЕО серіктестері, соның ішінде, Ресей мен АҚШ елдері арасындағы лаңкестікпен күрес мәселесіне арналған саяси диалогты жақтайтындықтарын білдірді.
ЕО Кеңесінің мүшелері лаңкестікке қарсы күресу бағытында БҰҰ-дан ауқымды стратегияны күтуде. ЕО елдерінің СІМ басшылары лаңкестікпен күресте адам құқығы қатаң сақталуы қажет дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |