Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 520630 Аймақтану Ғылыми жетекші: Алматы, 2006 мазмұны кіріспе


ЕО-тың лаңкестік мәселесі күресіндегі еуропаның қауіпсіздік құрылымдары: НАТО, Еуропалық Кеңеспен ынтымақтастығы



жүктеу 0,82 Mb.
бет4/5
Дата22.05.2018
өлшемі0,82 Mb.
#16389
түріДиплом
1   2   3   4   5

2.3 ЕО-тың лаңкестік мәселесі күресіндегі еуропаның қауіпсіздік құрылымдары: НАТО, Еуропалық Кеңеспен ынтымақтастығы
НАТО-ның қауіпсіздік туралы мәселесінде лаңкестік үнемі басты назарда болған жоқ. 1999 жылы қабылданған стратегиялық концепцияда да лаңкестікті жаңа қауіп түрінде мойындамағанымен, үлкен мән берген жоқ. Солтүстікатлантикалық одақтың саяси, әскери потенциалына, концепциясына лаңкестіктің сипаты пайда болуы туралы мәселелерге арналған саяси дискуссиялар өткізілмеді. Яғни, 2001 жылдың 11 қыркүйегіне дейін лаңкестік мәселесіне аз көңіл бөлінді. Бұл оқиғадан кейін жергілікті халық пен әскери күштерге лаңкестік төндіретін қауіп туралы жиі айтыла бастады. Тіпті НАТО жұмысының барлық аспектілері лаңкестік мәселесіне қатысты қайта қаралды. НАТО-ның АҚШ-та орын алған лаңкестік әрекетке деген реакциясы тез әрі шешімді болды. Оқиғадан кейін бір күннен одақтастар НАТО-ның тарихында бірінші рет Вашингтон келісім шартындағы 5 бапты (ұжымдық қорғаныс пунктін) пайдаланды.

Содан бері НАТО-ның 2002 жылы Прагада, 2004 жылы Стамбулда жоғары деңгейде өткен кездесулерінде қабылдаған саяси стимулдары мен дерективінің негізінде солтүстікатлантикалық одақ лаңкестікпен күресте тиімді тәсілдер тауып, қомақты үлес қосуға ұмтылуда. Осы мақсатта саясатта, концепцияда, әскери потенциалды көтеруге және НАТО-ның партнерлік байланыстарын кеңейтуге лаңкестік мәселесі жиі көтеріліп отырды.

Солтүстікатлантикалық одақта 2001 жылдан бері лаңкестікке қатысты нақты жазылған, қалыптасқан баяндаушы саясат бар. Солтүстікатлантикалық Кеңестің шешімдерімен министрлер кеңесінде, жоғарғы деңгейдегі кездесулерде қабылданған құжаттарда анықталған бұл саясат лаңкестікті барлық формасында талдап, онымен табандылықпен күресуге шақырады.

Лаңкестікпен күрестегі ең маңызды нәрсе – одақтастардың арасындағы ауызбіршілік пен ұйымшылдық мәселесі. Бұл қауіптің көпқырлылығы, жан-жақтылығын ұғынған НАТО-ның ең негізгі жобасы одақтас мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты пайдалану болды. Солтүстікатлантикалық Кеңес пен еуроатлантикалық одақтастық кеңесінің күн тәртібіндегі негізгі мәселе – лаңкестік мәселесі болды. Одақтастар мен басқа да ұйымдар арасында лаңкестік мәселесіне қатынасты жүйелі кеңестер өткізіліп отырды.

Лаңкестік төндіріп отырған қауіптерге байланысты солтүстікатлантикалық одақтың барлық концепциялары мен доктриналары қайта қаралып шықты. Солтүстікатлантикалық одақтың Прагалық Самитте қабылданған ең маңызды жаңа құжатты НАТО-ның әскери концепциясы болды.

Әскери концепцияда Солтүстікатлантикалық одақтың біріккен әскери күштерінің лаңкестікпен күресте қосатын потенциалдық үлесі анықталып, бұл оларға әскери күштерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес қорғаныс мақсатында әскери күштерді пайдалануға шешім қабылданды. Оған дезорганизация лаңкестік қақтығыстар, өзге мемлекеттер халыққа, территорияға, инфрақұрылымға төндірген қауіп; лаңкестер сыбайластықта болып, олар қорғанатын орын тауып берген жағдайлар жатады. Егер қажет болса, химиялық, биологиялық, радиологиялық немесе ядролық (ХБРЯД) қару қолданған жағдайды әскери күштер ұлттық үкіметтің көмегімен лаңкестік әрекеттерді жоя алады.

НАТО өз әскерлерін қажет болған жағдайда кез келген жерде, кез келген уақытта апара алады. Ол Солтүстікатлантикалық одақ шешімнің негізінде жүзеге асады [77].

Лаңкестікпен күрес мақсатында одақтастар өз күштері мен құралдарын дамыту, жетілдіруге бағытталған көптеген шаралар ұйымдастырды. Соның ішінде, ядролық, химиялық және биологиялық қарулардан қорғанатын аналитикалық лаборатория, ЯХБ-ға қарсы шығатын топ, ЯХБ қаруларынан қорғанудың виртуалдық орталығы химиялық және биологиялық заттардан қорғанудың артық заттары, НАТО ауруларын бақылау жүйесі бар. Оған қоса, НАТО-ның ХБРЯД қаруларынан қорғайтын қорғаныс батальоны бар. Ол жаппай қырып тастайтын қауіпті заттарды қолданған лаңкестік ұйымдарға қарсы шығып жойып жіберетін топ.

НАТО-ның лаңкестікпен күрестегі тағы бір маңызды аспектісі – барлау қызметі. Негізгі мәселелерді талдау мен қолға түсірген мәліметтерді одақтас мемлекеттер өзара алмасып отырады. Сол үшін барлау бөлімшесі құрылды. Құжаттарды дайындау барысында бұл бөлімше НАТО елдері мен одақтас республикалардың әскери барлау ресурстарын пайдаланады. Бұл бөлімшенің алдында саяси шешім жасау үшін қажет болатын барлау материалдарын тиімді, қажетсіз сараптау секілді қиын, күрделі әрі маңызды тапсырма тұр.

Одақтастар мен сыбайластар лаңкестік әрекеттерге азаматтық қызмет орындарының дайындығын күшейту мақсатында бірлесе жұмыс істейді.

Әсіресе, бейбіт халыққа қарсы лаңкестер қолданатын және катастрофа жасайтын химиялық, биологиялық, ядролық және радиологиялық қаруларды пайдалануға жол бермеудің амал-тәсілдерін қарастыруда [78].

НАТО одақтастарға өте маңызды сұрақтарды талдайтын, қоғамдық резонанс тудыратын конференциялар мен шаралар ұйымдастыруға көмектеседі. Бұл 2001 жылдың 11 қыркүйегінен бір айдан кейін «Бүркітке көмек» атты операциямен басталып (2001 жылдың қазаны), 2002 жылдың мамырына дейін жалғасты.

Бұл көмектің түрі алыстан бақылайтын радиологиялық түрде жалғасын тапты. Ол ЕО мен НАТО-ның саммиттерінде, кездесулерінде, тіпті Афиныдағы олимпиадалық ойындарда да пайдаланылды. Бұл операция НАТО-ның жетекшілігімен Ауғанстан мен Батыс Балкандағы экстремистік топтарға қарсы пайдаланды.

Солтүстікатлантикалық одақтың Ауғанстандағы қызметі оның лаңкестікке қарсы күресте БҰҰ-мен ынтымақтастығын жоғары, жаңа деңгейге көтереді. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның контрлаңкестік комитеті мен мекемелерінің арасында мықты байланыс бар. Олар лаңкестік пен жаппай қырып салатын қару түрлерінің таралуына байланысты ақпараттар алмасып, кеңестер беріп отырды. ОБСЕ, ПЗРК-пен лаңкестік және шекаралық бақылаудың экономикалық аспектілері жөнінде жүйелі түрде кеңестер беріліп отырады. НАТО өзінің әуедегі қозғалысын, әскери азаматтық координациясын күшейту мақсатында ЕВРОБАҚЫЛАУМЕН, Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен және халықаралық әуе транспорты ассоциациясымен тығыз қарым-қатынас жасап отыр [79].

ОБСЕ қызметінде лаңкестікпен күрес үнемі басты назарда. Лаңкестік табиғаты күрделі әрі ауқымды болғандықтан, оған әр қырынан келуді талап етеді. 1999 жылы Стамбул Саммитінде қабылданған Платформада халықаралық лаңкестікті жою және болдырмаудың негізгі сферасы барлық ұйымдармен ынтымақтастықта болу деп көрсетеді. Осыған байланысты Португалияда, Бішкекте түрлі жоспарлар, келіссөздер жасалды.

Халықаралық және аймақтық ұйымдардың алға дамудағы жауапкершілігінің маңыздылығын, лаңкестікпен күресте көтерілген инициативаларды жүзеге асырудағы артықшылығын түсінген Еуропадағы қауіпсіздік ұйымы лаңкестікпен және ұйымдасқан қылмыспен күрестің жаңа бөлімшесін құрды.

АҚШ бұл жаңа бөлімшенің жұмыс істеуіне қажетті 250 мың долларды тегін берді. ОБСЕ құрамына Еуропаның, Орталық Азияның және Кавказ аймағының 55 елі, сонымен бірге, Америка мен Канада елдері кіреді. ОБСЕ шекарасы Ауғанстан, Иран, Пәкістан елдеріне шейін созылады.

ОБСЕ-нің пресс-хатшысы Айхан Эвренселдің мәлімдеуінше, АҚШ-тың берген қаржысы бұл антилаңкестік бөлімшеге шекаралық аудандардағы криминал белсенділігін анықтауға, соның ішінде, есірткі контрабандасын, ақша айналымын, адам сатуды, лаңкестік әрекеттерді, жасалған құжат дайындауды анықтауға мүмкіндік береді. ОБСЕ пресс-хатшысы, бәрінен де адам сату мәселесі кең тарап бара жатқандығын, оларды жалған туристік құжаттар дайындау арқылы шетелге алып кететіндігін, жалған құжатты ажырату қиынға соғатындығы лаңкестерге бір елден екінші елге оңай жылжуға септігін тигізіп отыратындығын баса көрсетті.

2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік әрекетке ОБСЕ-нің берген жауабы Бухарест жоспары мен Бішкек бағдарламасы болды. Оның үстіне ОБСЕ төрағасы Данияның бұрынғы сыртқы істер министрі Ян Троеборгты өзінің жеке өкілі етіп тағайындады. Оның міндеті Бухарест, Бішкек құжаттарында қаралған инициативаларының орындалуы және төрт стратегиялық бағытта: қоғамдық тәртіпті сақтау, шекараны қорғау, контрабандымен және лаңкестікті қаржыландырумен күрес болды.

ОБСЕ өзінің миссиялары мен институттары арқылы осы құжатта айтылған жоспарларды іске асыруға және БҰҰ жұмысына көмек беруді көздеді. Осыған қоса, 2002 жылы 6-10 шілде аралығында Берлинде өткен ОБСЕ Парламент Ассамблеясының 11-ші кезекті сессиясының тақырыбы: «ХХІ ғасырдағы ауқымды мәселе: лаңкестікке қарсы тұру» деп аталды. Бұл мәселе үш жалпы комитетте қаралып, ал қорытынды декларацияны Ассамблея қарайды. Соның арасында, яғни 2001 жылдың 21 желтоқсанында ОБСЕ-нің Бас секретары БҰҰ резолюциясы аясындағы ОБСЕ позициясы және оның қызметі, контрлаңкестік комитет бойынша баяндама жасады (1373/2001).

ОБСЕ-ден басқа халықаралық ұйымдар, Еуропалық Кеңес лаңкестікпен күрес мәселесін алдыңғы орынға қойды. 2001 жылдың 8 қарашасындағы өзінің 109 сессиясында Министрлер комитеті лаңкестікпен күреске қатысып, барлық халықаралық құжаттардың тиімділігі арттырылсын деген шешім шығарды. Осыған байланысты ол көпсалалы топ құрды. Топ қылмыстық, коммерциялық, әкімшілік және басқа да құқықтық аспектілерді қарастырды. Аталған топ өз жұмысында адам құқығы жөніндегі ережелер мен заңдарды, лаңкестікпен күресті юстиция министрлерінің Конференциясы, Парламент Ассамблеясы резолюциясын, Министрлер Комитетінің шешімі мен декларациясын басшылыққа алады.

Лаңкестікпен күрестегі өз мүмкіндіктерін жетілдіру мақсатында және халықаралық антилаңкестік коалицияны қолдау мақсатында әр түрлі саяси, дипломатиялық және құқықтық әрекеттер жасады. ЕО-тың лаңкестікпен күреске арналған міндеттемесінде сегіз критерийге негізделген жоспарын жасайды.

НАТО өз тарихында бірінші рет 1949 жылы қабылданған ұжымдық қорғаныс туралы келісім шартының 5 бабына жүгінеді. Ұжымдық қорғанысқа кірген 7 бақылау жүйесі: ПВО НАТО, Жерорта теңізінің әскери-теңіз тобы, НАТО-ның серіктестері мен одақтастарының талибтарға қарсы әскери шараларға қатысып, сонымен бірге, Ауғанстандағы қауіпсіздік пен шаруашылықты қайта қалпына келтіруге ат салысты. Сыртқы Істер министрлерінің Кеңесі мен Еуро-Атлантикалық кеңестің мүше елдерінің өкілдері өздерінің бар мүмкіндіктерін тыныштық үшін, Бейбітшілік үшін пайдалануға, өз жерін лаңкестіктен қорғауға бірауыздан келісті.

Яғни, лаңкестік әрекет – бұл жақсылықтың зұлымдықты түбегейлі жоюы үшін әлі де болса күресіп, көп еңбектенетіндігінің белгісі.



ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, мемлекеттің қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын, сондай-ақ, ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алу - әрбір мемлекеттің басты міндеті болып саналатындығы белгілі. Бірақ ХХІ ғасырдың басында халықаралық саяси жүйе маңызды өзгерістерге ұшырады, әсіресе бізбен қарастырылып отырған лаңкестік мәселесінің алға шығуы.

Халықаралық лаңкестер әрекет жасайтын қазіргі шақыру шартының ерекшелігі және саяси ортаның күрделілігі бір ғана нақтылы әскери әрекеттердің жеткіліксіздігін көрсетеді, сондықтан, шақыруға деген маңызды жауабының жаңа түрі экономикалық саясат саласындағы дипломаттық және қаржылық тұрғыда жатыр. ЕО-тың көптеген елдерінде құрылған лаңкестік топтардың инфрақұрылымын табу және жоюға көздеген ішкі қауіпсіздік саласында көптеген шаралар қабылдау қажет. Қаншалықты осы салынатын күштің қажеттілігін жамандат кеселін қоздырушыларды пайдалануымен бірге лаңкестік актілерден тиімді қорғалу жұмыстарын жөндеу барысында ЕО – тың күрделі мәселелері дәлелдейді. Барлық қолданылатын шаралар демократия негізін қозғамау және азаматтық құқық пен еркіндікті сәйкессіз шектемеу қажет, сонда да еркіндіктің алғы шарты қауіпсіздік болатындығын ұғу қажет.

ЕО - та 11 қыркүйектегі терактар есебімен ішкі қауіпсіздікті нығайту бойынша шараларды қабылдауға жарым – жартылай дайындалуда, тіпті кейбірі қабылданған шаралар талас тудырмайды, мысалы аэропорттарда аса қатты бақылау, олардың қызметшілерін мұқиятты түрде тексеру, ұшақтарды шығарып салатын күзетшілерді пайдалану және маңызды объектілерде полиция қызметкерлер санын көбейту. Осы шаралардан кейін, тез арада, ізінше, елге кіруге құқық беретін құжаттар, визалар және жеке куәліктерінде биометриялық мәліметтер енуі тиіс. Көз алдымызда жиналған американдық тәжірибеге қарай отырып, сондай – ақ, көптеген жылдар бойы тиісті. Көңіл бөлінбеген азаматтық қорғалыстың және апаттардан қорғау қызметінің мәні мен рөлін көтеру қажет. Еркіндік пен негізгі азаматтық құқықтық ұйытқысы дербесті болу үшін алдымен, мекендеу қағазын беруден бұрын елде шетел азаматтары мекендейтіндігі туралы анықтамаларды конституцияны қорғау бойынша мекемелерден алу, мәліметтер жүйесінде зерттеудің жаңа ережелерін енгізу, негізгі куәлар туралы заңының өзгеру барысында діни бірлестіктер мен одақтардың жеңілдіктерін өзгерту үрдісінде рұқсат етілгендердің анық шекарасын орнату қажет.

Еуропалық заңдылықтардың жүргізілген талдауы ЕО елдерінде заң шығармашылық әрекет үшін қызығушылық тудыратын лаңкестікке қарсы күрес жөнінде құқықты регламентацияларының белгілі заңдылықтарын көрсетуге мүмкіндік береді.

- Біріншіден, лаңкестікке қарсы күресу саласында заңдылық нормаларының кодификациясы оны тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады;

- екіншіден, елдердің ішкі құқығы осы бағытта халықаралық келісімді тәжірибедегі өзгеріске өз уақытында, жүйелі түрде барлық оның оң бастамаларын көрсете отырып әсерін тигізу керек;

- үшіншіден, әлемдік бірлестіктердің дамыған елдері үшін өз заңдылшықтарын демократизациялау жөнінде жалпы тенденциясына қарамастан мемлекет лаңкестік әрекеттерге қатысуы мен істелген лаңкестік актілері үшін жазалаудың және жауапкершіліктің жоғарғы шарасын қарастырады;

- төртіншіден, арнайы қорғану құқығы бар адамдар жасаған зорлық – зомбылық актісі үшін қылмыстық құдалау төтенше антилаңкестік заңдылық нормаларымен қарастырылады;

- бесіншіден, ЕО елдерінде, лаңкестікке қарсы күресті белгілейтін заңдылық және кейбір нормативті актілерді дайындау және қабылдау барысында ЕО елдерінде қабылданған “Лаңкестікке қарсы күрес жөнінде” заңдар қалпында болатын модельділік принципін қолданбай – ақ, республикадағы құрылатын қоғамдық – саяси және криминогендік жағдай ерекшеліктерінен мақсатқа сәйкес алынады.

XXI ғасырға аяқ баса, Еуропа халықаралық қауіпсіздік қаупінің сапалы жаңа түрі – халықаралық лаңкестікке тап болды. Лаңкестік әлемнің әр түрлі бұрыштарында орын алғандығына қарамастан, бүгінгі күнде бұл мәселе бүкіл әлемге әйгілі. Жасалатын лаңкестік актілердің арасын түрлі тәсілдері, лаңкестіктің ұйымдасқан қылмыспен байланысы және оның халықаралық өзгешелігі қашаннан белгілі. Бірақ, қазір лаңкестіктің глобализация үрдісі бұрынғыдай емес, айқынды болып келеді. Бүгінгі лаңкестік – бұл енді ұлттық емес, бүкіл әлемдік мәселе, бұл қауіптің өзіне барабар әдістермен және тәсілдермен ғана шешілуі мүмкін.

Лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі халықаралық бірлестік глобальды, көп жақты, аймақтық және екі жақты дәрежелерде жүзеге асады.

АҚШ – та 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған оқиға лаңкестік және сепаратизм мәселесіне жаңаша қарауға мәжбүр етті, бұрыннан бері глобальды сипатқа ие болған лаңкестікке қарсы күресінің бірыңғай майданын құру мәселесіне келу қажеттілігін білдірді.

Лаңкестік – қазіргі дүние жүзінің халқы қақтығысатын ең қауіпті құбылыстардың бірі болып табылады. Бұлармен дамыған мемлекеттер сияқты өз реформалау және даму кезеңдерін игерген елдер де есептесуіне тура келеді.

Қазіргі уақыттың нақты фактісі, лаңкестік немесе экстремизм көптеген елдердің қауіпсіздігіне қауіп төндіруде, бұл орасан зор саяси, экономикалық және тіпті адамзат шығынына ұшыратады. Лаңкестіктің құрбаны әр ел және әр адам бола алады. Осыдан, халыққа деген лаңкестік актілердің психологиялық әсері, соның ішінде таралатын мәліметтердің шектелмеген еркіндік салдары күшейеді.

Өзінің мазмұны және негізгі формалары бойынша халықаралық лаңкестік тұтастай лаңкестік ретінде соншалықты күрделі әлеуметтік – саяси құбылысты құрайды. Оның қоғамға деген қауіп – қатерінің айғағы – лаңкестерге қарсы әрекеттерінің тиімді жүйесін құруға жеке мемлекеттерінің табанды және көбінесе зая кеткен, сәтсіз әрекеті болып табылады.

XXI ғасырға аяқ баса отырып, дүние жүзілік бірлестіктер халықаралық қауіпсіздік қаупінің сапалы жаңа түрі – халықаралық лаңкестікке тап болды. Лаңкестік әлемнің әр түрлі бұрыштарында орын алғандығына қарамастан, бүгінгі күнде бұл мәселе бүкіл әлемге әйгілі. Жасалатын лаңкестік актілердің арасын түрлі тәсілдері, лаңкестіктің ұйымдастырылған қылмыспен байланысы және оның халықаралық өзгешелігі көпшілікке танылған. Бірақ, қазір лаңкестіктің глобализация үрдісі бұрынғыдай емес, айқынды болып келеді. Бүгінгі лаңкестік – бұл енді ұлттық емес, бүкіл әлемдік мәселе, бұл қауіптің өзіне барабар әдістермен және тәсілдермен ғана шешілуі мүмкін.

Сонымен бірге, Еуропада лаңкестікке қарсы күресінің негізгі мәселесі әр түрлі елдердің арнайы қызметтерінің арасындағы әлсіз үйлестігі болып табылады. Лаңкестікке қарсы күрес жөнінде пайда болған координатор орны азғантай мөлшерде бөлінетін қаражаттардан бола мәселені шешкен жоқ. Нәтижесінде, бірінші орынға осы күресте Еурополдың Бірыңғай Еуропалық полициясы шықты. Бірақ, ЕО көптеген органдары сияқты Еуропол жетекшісін белгілеу ЕО жетекші елдерінің арасында шексіз саудаға айналуда.

Бүгінгі таңда Еуропада лаңкестік мәселесіне бар байыппен қарайды және қауіпке қарсы әрекетінің әр түрлі әдістерін, әсіресе құқықтық және дипломатиялық әдістерді пайдаланады, бұл әдістер, еуропалықтардың пікірінше, америкалық тәсіл болғанымен ең әсерлі әрі ұтымды болып табылады.




Сілтемелер


  1. Н.А. Назарбаев. ҚР Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы. 2002ж. // Каз. Правда 27 қараша 2002.

  2. Қазақстан тездетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында. 2005 жылғы 18 ақпанындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына үндеуі. – www.akorda.kz

  3. Н.А. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Ең жеке – қабілеті 50 әлмнің елдерінде Қазақстанның кіруі, Қазақстан өз дамуындағы жаңа ілгері жылжуының табалдырығын- да стратегиясы. – 2006 жылдың 1 наурызы – www.akorda.kz

  4. Гушер А.И. Проблема терроризма на рубеже третьего тысячелетия новой эры человечества. // Евразийский вестник. – 2000. –№3. – с.65

  5. Берсибаев Б. Глобализация и угрозы исламского терроризма. – Алматы, – 2003. – с.301

  6. Дулатова Д.Е. Виды современного терроризма и методы борьбы с ним. // Аргументы и факты. – 2001. – №47

  7. Исаев К.И. Терроризм в прошлом и настоящем: подходы к классификации в контексте антитеррористической программы ЕС // Мировая экономика и международные отношения. – 2004. – №2. – с.112-115

  8. Клепацкий Л. Мировая экономика и терроризм за сто лет // Мировая экономика и международные отношения. – 2001. – №9. – с.98

  9. Шакуро Е. Терроризм – главная угроза международной безопасности // Белорусский журнал международного права и международных отношений. – 2003. – №3. – с.71

  10. Сатановский Е. Глобализация терроризма и его последствия // Международная жизнь. – 2001. – №9-10. – с.24

  11. Жакенов Д.Т. Военно-политические аспекты борьбы с международным терроризмом // Analytic. – №7, – 2003.– с.56-59

  12. Тусупбаева Г. Геополитические аспекты обеспечения международной безопасности // Мировая экономика и международные отношения. – 2002. – №5. – с.98-101

  13. Кожихов А. Международное сотрудничество в борьбе с международным терроризмом // Analytic. – №9, – 2003.

  14. Амербеков Р.Н. Интернационализация терроризма и новая парадигма безопасности // Казахстан в глобальных процессах. – 2005. – №2. – с.99-105

  15. Ашимбаев М.С. Национальная безопасность Казахстана: новое понимание, новые угрозы // Казахстан-Спектр. – 2004. – №2. – с.64-69

  16. Амребаев А.М. К вопросу о «новых» угрозах в условиях современного миропорядка. – www.kisi.kz

  17. Тажин М.М. О природе терроризма // Свободное общество. – 2005. – №2. – с.12-16

  18. www.kisi.kz

  19. Трунов И.Л. Правовые механизмы борьбы с терроризмом в Европейском союзе: тенденции совершенствования // Международное публичное и частное право. – 2004. – №3. – с.32-37

  20. Ляхов Е.Г. Терроризм и межгосударственные отношения в Европе. – М., 1991. – с.216

  21. Меньших А.А. Законодательство о борьбе с терроризмом во Франции – гарантия государственной защиты прав личности. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата юридических наук. – М., – 2000. – с.18

  22. Кормушкина И.В. Европейская система предотвращения терактов // Европа сегодня. – 2003. – №3. – с.89-94

  23. Ланцов С.А. Проблема терроризма в международных отношениях: правовые и политические аспекты // Международная жизнь. – 2004. – №2. – с.59-64

  24. Назарбаев Н.А. Казахстан в ХХІ веке. Алматы, 2000 г.

  25. Послание Президента РК народу Казахстана в 2004 г. //www.president.kz

  26. Дулатова Д.Е. Виды современного терроризма и методы борьбы с ним. // Аргументы и факты. 2001 г. №47

  27. Исаев К.И. Терроризм в прошлом и настоящем: подходы к классификации в контексте антитеррористической программы ЕС, Архив КИСИ // www.kisi.kz

  28. Гушер А.И. глобализация и интернационализация терроризма. // Экскурс в историю терроризма // «Знание – Власть!», №7 (132), 2001 г.

  29. Замковой В.И., Ильчиков М.З. Терроризм – глобальная проблема современности. – М. – 1996. – с.99

  30. Гушер А.И. Проблема терроризма на рубеже третьего тысячелетия новой эры человечества. // Евразийский вестник. 2000, № 3.

  31. Амребаев А.М. К вопросу о «новых» угрозах в условиях современного миропорядка. Архив КИСИ // www.kisi.kz

  32. Шмаль Ш., Харач А. Международный терроризм как вызов международному публичному праву. – М., - 2001. – с. 341

  33. Шмаль Ш., Харач А. Международный терроризм как вызов международному публичному праву. – М., - 2001. – с. 389

  34. Романов В.А. Предотвращению и пресечению терроризма – адекватную международно-правовую основу. Международное право. М., 1999 г. с. 301

  35. Ляхов Е.Г. Терроризм и межгосударственные отношения в Европе. – М., 1999. – с.59

  36. Ляхов Е.Г. Терроризм и межгосударственные отношения в Европе. – М., 1999. – с.59

  37. Ланцов С.А. Проблема терроризма в международных отношениях: правовые и политические аспекты // Международная жизнь. – 2004. – №2. – с.59

  38. Кормушкина И.В. Конвенционный механизм борьбы с международным терроризмом // Международное право. – 1999. – №2. – с.21

  39. Дулатова Д.Е. Виды современного терроризма и методы борьбы с ним. // Аргументы и факты. – 2001. – №47. – с.12-15

  40. Кормушкина И.В. Европейская система предотвращения терактов // Европа сегодня. – 2003. – №3. – с.89

  41. Ланцов С.А. Проблема терроризма в международных отношениях: правовые и политические аспекты // Международная жизнь. – 2004. – №2. – с.59-64

  42. Ляхов Е.Г. Терроризм и межгосударственные отношения в Европе. – М., 1999. – с.48

  43. Кормушкина И.В. Европейская система предотвращения терактов // Европа сегодня. – 2003. – №3. – с.89-94

  44. Ланцов С.А. Проблема терроризма в международных отношениях: правовые и политические аспекты // Международная жизнь. – 2004. – №2. – с.59

  45. Жданов Н.В. Правовые аспекты борьбы с террористическими актами международного характера. – М., – 1994. – с.59

  46. Кормушкина И.В. Европейская система предотвращения терактов // Европа сегодня. – 2003. – №3. – с.92

  47. Ляхов Е.Г., Попов А.В. Терроризм: национльный, региональный и международный контроль. – М.; Ростов на Дону, – 1999. – с.94

  48. Галич П.Д. К вопросу о терроризме и эффективности контртеррористических мер для осуществления прав человека. // Международные процессы. – 2004. – №2. – с.25

  49. Кормушкина И.В. Конвенционный механизм борьбы с международным терроризмом // Международное право. – 1999. – №2. – с.25

  50. Меньших А.А. Законодательство о борьбе с терроризмом во Франции – гарантия государственной защиты прав личности. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата юридических наук. – М., – 2000. – с.18

  51. Кормушкина И.В. Конвенционный механизм борьбы с международным терроризмом // Международное право. – 1999. – №2. – с.25

  52. Ланцов С.А. Проблема терроризма в международных отношениях: правовые и политические аспекты // Международная жизнь. – 2004. – №2. – с.61

  53. Хиггинс Р. Терроризм и международное право. – М., – 1997. – с.457

  54. Хиггинс Р. Терроризм и международное право. – М., – 1997. – с.460

  55. Трунов И.Л. Правовые механизмы борьбы с терроризмом в Европейском союзе: тенденции совершенствования // Международное публичное и частное право. – 2004. – №3. – с.32

  56. Чернышев О., Генералов В. Принципы правового регулирования международного сотрудничества в борьбе с актами терроризма // государство и право. – 2004. – №2. – с.45-51

  57. Трунов И.Л. Правовые механизмы борьбы с терроризмом в Европейском союзе: тенденции совершенствования // Международное публичное и частное право. – 2004. – №3. – с.32

  58. Мовкебаева Г.А. Политико-правовые аспекты борьбы ЕС с терроризмом // Саясат. – 2003. – №11

  59. Кожихов А. Международное сотрудничество в борьбе с международным терроризмом // Analytic. – №9, – 2003. – с.48

  60. Романов В.А. Предотвращению и пресечению терроризма – адекватную международно-правовую основу. Международное право. – М., – 2001. – с.233

  61. Мовкебаева Г.А. Политико-правовые аспекты борьбы ЕС с терроризмом // Саясат. – 2003. – №11

  62. Мовкебаева Г.А. Политико-правовые аспекты борьбы ЕС с терроризмом // Саясат. – 2003. – №11

  63. Романов В.А. Предотвращению и пресечению терроризма – адекватную международно-правовую основу. Международное право. – М., – 2001. – с.233

  64. Романов В.А. Предотвращению и пресечению терроризма – адекватную международно-правовую основу. Международное право. – М., – 2001. – с.233

  65. Порогин П.А. Апология терроризма и призывы к террористической деятельности // Современная безопасность. Сборник материалов. РИСИ при Президенте РФ. М., – 2004. – с.354-361

  66. Гушер А.И. Проблема терроризма на рубеже третьего тысячелетия новой эры человечества. // Евразийский вестник. – 2000. – №3. – с.65

  67. Шмаль Ш., Харач А. Международный терроризм как вызов международному публичному праву. – М., - 2002. – с. 658

  68. Исаев К.И. Терроризм в прошлом и настоящем: подходы к классификации в контексте антитеррористической программы ЕС // Мировая экономика и международные отношения. – 2004. – №2. – с.112-115

  69. Трунов И.Л. Правовые механизмы борьбы с терроризмом в Европейском союзе: тенденции совершенствования // Международное публичное и частное право. – 2004. – №3. – с.36

  70. Ляхов Е.Г. Терроризм и межгосударственные отношения в Европе. – М., 1999. – с.216

  71. Кормушкина И.В. Европейская система предотвращения терактов // Европа сегодня. – 2003. – №3. – с.92

  72. Кормушкина И.В. Европейская система предотвращения терактов // Европа сегодня. – 2003. – №3. – с.89-94

  73. Ланцов С.А. Проблема терроризма в международных отношениях: правовые и политические аспекты // Международная жизнь. – 2004. – №2. – с.59-64

  74. Ляхов Е.Г. Терроризм и межгосударственные отношения в Европе. – М., 1999. – с.220

  75. Галич П.Д. К вопросу о терроризме и эффективности контртеррористических мер для осуществления прав человека. // Международные процессы. – 2004. – №2. – с.32-39

  76. Кормушкина И.В. Европейская система предотвращения терактов // Европа сегодня. – 2003. – №3. – с.94

  77. Хеннинг Рикке. Ответ НАТО терроризму // НАТО Ревью. 2005. №5. с.56

  78. Иванов В. НАТО начинает переход в ХХІ век. Реалии. // Независимое военное обозрение. – 22 октября 2004 г.

  79. Хеннинг Рикке. Ответ НАТО терроризму // НАТО Ревью. 2005. №5. с.59


жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау