Жеткiншектердiң дамуындағы қарым-қатынастың рөлi
Жеткіншектің жаңа құқықтарға ие болмақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды. Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды: өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала секілді » қамқорлық жасап, бағып — қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға т.б ренжіп қарсылық көрсетеді. Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігііне сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің құқықтарын шектейді да өз құқықтарын ұлғайтады, өзінің жеке басымен адамдық қадыр-қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тең құқықтылықты талап етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады. Жеткіншектің ересектігі сезімнің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір бірімен қарым-қатынастарындағы құқықтарының мүлдем жаңа мәселесін туғызады.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орнын айқындайтын жай сол, нақ осы уақытта ересек адам баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өтуi жүзеге асады.
Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары жеткіншектің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанамының маңызды мазмұны.
Егер ересектің өзі бастамашылдық білдірсе, немесе жеткіншектің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы жеткіншекке әлі бала деп қарамау болмақ.
Жеткіншек кезеңнің басында егер ересек адамда жеткіншекке әлі бала деп қарайтын көзқарас сақталатын болса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін болатын жағдай қалыптасады. Әлгіндей көзқарас бір жағынан тәрбиелеу міндеттеріне қайшы келіп, жеткіншектің әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі жасайды, ал екінші жағынан, жеткіншектің өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен оның жаңа құқықтарды талап етуіне қайшы келеді. Міне, нақ осы қайшылық ересек пен жеткіншектің қарым-қатынысындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болады. Талас тартыстар мен қиыншықтар жекіншектің құқықтары мен дербестігінің сипаты туралы олардың түсініктерінің үйлеспеушілігінен келіп шығады.
Ересектің қарсылығы жеткіншектің тіл алмау қарсыласудың алуан формалары түріндегі жауап қарсылыққа кезігеді. Бұл қарама-қарсы тенденциялардың болуы мен бір-біріне қарсылық қақтығыстар туғызады. Ересек адам өз көзқарасын өзгертпесе олар жиылып, жеткіншектің қарсыласуы барған сайын табанды бала түседі. Мұндай жағдай сақталатын болса, бұрынғы қарым-қатынастарды бұзу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып, әдетке айналған талас тартыс формасын алуы мүмкін. Бағынбау мен қарсыласудың әр түрлі формалары арқылы жеткіншек ересектермен бұрынғы «балалық» қарым-қатынастарды бұзады да, болашағы бар жаңа «ересек» қатынастарды орнатады. Талас тартыс ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгертпегенше жалғасуы мүмкін.
Талас-тартыс - ересек адамның жеткіншектік кезеңде адамның дамуымен санасуға, жеткіншекке өз жанынан жаңа орын тауып беруге қабілеті жетпегендігінің немесе оған ынтасы болмағандығының салдары.
Егер ересек пен жеткіншектің арасындағы қарым қатынас ересектер қарым-қатынасының белгілі бір типi бойынша мазмұнды, достық ынтымақ, бұған тән өзара сыйластық, сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда ересек пен жеткіншектің қарым-қатынасында оған тән қиыншылықтар болмауы мүмкін. Жеткіншекке ересек адам тарапынан түсінушілік қажет. Нақ осы ынтымақ ересек адамға жеткіншекті әр түрлі істер мен кәсіптерде өзінің көмекшісі және жолдасы жағдайында қоюға, ал өзіне оған үлгі-өнеге, әрі дос болуға мүмкіндік береді.
Құрдас балалардың қарым-қатынасы жеткіншектер үшін ерекше тартымды болады. Жеткіншектің жолдастарымен, құрдастарымен, сыныптастарымен қарым-қатынасы төменгі сыныптардағы балалардың қарым-қатынасынан гөрі күрделірек сан-салалы әрі мазмұндырақ. Жеткіншек кезеңде жақынды дәрежесі жөнінен әр түрлі қарым-қатынастар қалыптасады, оларды жеткіншектер әншейін жолдастар, жақын жолдастар, жеке дос деп нақты саралайды. Жолдастарымен қарым-қатынас жеткіншек үшін ерекше құндылыққа ие болады, оның маңыздылығы соншалық ата-ана, туған туыстармен қарым-қатынас тартылымдылығын едәуір азайтып оқудың өзін екінші қатарға ығыстырады. Әдетте мұны бірінші болып шешесі сезеді, ұлының өзімен алшақтап, қайсыбір өзгеше бір өмір сүре бастағанын бұл туралы айтпай үйден жодастарына баруға асығып тұратынды шығарғанын байқайды. Жеткіншек үшін құрдастарымен қарым-қатынасы оның жеке басының қарым-қатынастар сферасы болып сараланып, бұнда ол дербес іс-әрекет етеді. Оқшау жүретін деп аталатын жеткіншектерде әр түрлі жағымсыз ерекшіліктер болуы мүмкін, бірақ олардың бәріне тән кемшілік жақсы жолдас болу қасиеттерінің жоқтығы. Сыныптастары оны осылай деп санайды, ал жеткіншектер бұл кемшіліктің есесін еш нәрсемен де толыруға болмайды деп біледі. Сондықтан үздік оқушы да оқшау қалуы мүмкін.
Жеткіншектердің достығы. Жеткіншектің жеке басының әлеуметтік-моральдық ересектігінің дамуында қарым-қатынастың ерекше түрі жақын жолдастарымен және досымен қарым-қатынас маңызды роль атқарады. Жыл өткен сайын олар неғұрлым қажет бола түседі. Жеткіншектер сыйлы, беделді, қайсыбір салада озық сыныптастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылады. Жақын жолдастардың қарым-қатынасында әңгімелесу үлкен орын алады. Әр түрлі істе де, серуен кезінде де әңгіме үзілмейді, шфндап келгенде оларды осы әңгімелесу ғана байланыстырады. Маңызды әрi жеке адамға қытысты деп ұғынылатын мазмұнның ұлғайып тереңдеуі ақылдасуға, қолдау мен көмек алуға болатын досқа зерулік туғызады.
Жеткіншектік жаста ер балалар мен қыз балалар арасындағы қарым-қатынаста айтарлықтай өзгерістер болады. Бір-біріне ден қою ұнатуға тырысу ал осыған байланысты өзінің сырт пішініне зер салып ұнамды көрінуге ұмтылу байқалады. Дене және жыныстық жетілуде қыздар балалардан озып кетеді. 5-6 сыныптарда кейбір қыздар балалардан биік әрі ірі болады. Бастапқыда басқа жынысқа көңіл аудару көптеген ер балаларда кіші жастағы жеткіншектерге тән қыз балаларға «тиісуден» көрініп, дамиды. Кейін қарым-қатынас өзгереді, ашықтық қалады, жасқану ұялу, ыңғайсыздану келіп шығады. Басқа жынысты құрадстарына ден қоюдың жеткіншектің жеке басының дамуы үшін маңызы зор. Ұнатқан обьектісіне барынша көңіл аудару саралай ағғарғыштықтан көрінеді. Өзіне ұнаған құрдасының қылығындағы, көңіл-күйіндегі, толғаныстарындағы нәзік өзгерістерді аңғаруға бейіімділік пайда болады. Романтикалық ұнату жеке бастың барлық мүмкіндіктерін ширықтырады, жақсы болуға, жақсылық жасауға, көмектесуге, қорғауға ұмтылдырады. Бұл ден қою өзін-өзі жетілдірудің себептерінің біріне айналады.
Адамның тірілік-тұрмысында көрсетілген қажеттіліктерден басқа, қоғамдық қажеттіліктер де: еңбекке, адамдармен қарым-қатнасқа қоғамдық іс-әрекетке деген қажеттіліктер маңызды орын алады. Бұларды материалдық та, рухани да қажеттіліктерге жатқызуға болмайды, өйткені бұл екеуінде де осы қажеттіліктердің қайсысының болсын белгілі бір нышаны байқалмай қоймайды.
Еңбекке деген қажеттілік барған совет адамдарының негізгі қажеттілігіне айналып отыр. Еңбекке деген қажеттілк өмірге керекті әрі ләззат әперер іс-әрекетпен айналысуға құлшыныс түрінде көрініс табуда. Мұндай жағдайда адам еңбек етпей отыра алмайды: егер ол уақытша бұл мүнкіншілікпен айырылып қалса, мысалы, қарны ашып, тамақ ішкісі келетін сәтте басынан қандай күй кешсе нақ сондай күй кешетін болады.
Өмірдің бірінші қажеттілігіне айналған еңбек адамға үлкен қуаныш пен бақыт әкеледі.
Кеңестiк қоғамда еңбек адамның арының ісіне, адамгершілік мәртебесінің өлшеміне айналады. Ол жеке адам дамуының қайнар көзі болып табылады.
Еңбекке деген қажеттілік таяу болашақта әр адамның қажеттілігіне айналатын болады. Техниканың дамуы еңбек күнін қысқартуға, еңбекті мейлінше жеңіл әрі интеллектуалды етуге мүмкіндік туғызады. Адамдар қабілеттеріне қарай өз еңбегін, күшін қоғам мүддесіне ақысыз-пұлсыз беретін болады және өмірінің мәнін еңбектен іздейтін болады.
Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамның әлеуметтік табиғатын танытады. Бұл қажеттілік еңбекте қалыптасты, өйткені қарым-қатынас – қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың қажетті шарты.
Қарым-қатынас жасауды қажетсіну жеке адам дамуына игі әсерін тигізеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адам басқаларды ғана емес, сонымен бірге өзін де танып біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірбиесін жинақтайды. Адамдармен қарым-қатынас жасау жеке адамды интеллектуалдық және эмоциялық жағынан байыта түседі; білім, тәжірибе және пікір алмасуына өз ықпалын тигізеді. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну достықты туғызады.
Жан-жақты дамыған адамның бойында жоғары әлеуметтік қажеттер басты роль атқара отырып, қажеттіліктердің бәрі де болуға тиісті. Жеткiншектердiң қарым-қатынастарының сипаты оның қызығушылығымен тiкелей байланысты.
Қызығу дегеніміз-жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олрдың өзі емес. Қажеттілік міндетті түрде керек нәрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс-әрекетке адмның жеке қатынасын көрсетеді. Терең тамыр жайған және орнықты болған қызығу қажеттілікке айналуы мүмкін. Мәселен , театрға деген қызығу –спектакльді құр жібермеуді әдетке айналдыру тіпті сахна ісімен өзінің де айналысатын болуына жеткізуі мүмкін.
Қызығудың қалыптасуын әрқашан қажеттіліктерді , талантты немесе қоғамдық борышты сезінуден бастала бермейді. Қызығу объектінің эмоциялық тартымдылығы өз-өзіне және бет алды көрінуі мүмкін ал кейін : қажеттіліктер, қоғамдық талаптар, қабілеттілік сияқты көптеген себептер арқылы анықталып әлгі объектінің өмірлік мәні танылуы мүмкін.
Объектінің эмоциялық тартымдылығың, алғашқы кезде, бәлкім, аңғарыла қоймағанымен, терең тамыры болуы мүмкін, ол тамыр объектінің қасиетінен де, сондай-ақ субъектінің қасиеттерінен де көрінбекші. Неліктен объект назар аударып, қуаныш, рақаттану сезімін туғызады? Себебі, ол өзінің қасиеттерімен белгілі бір дәрежеде адамның психикалық көңіл күйіне немесе қажеттілігіне жауап береді. Сол бір объектінің барлық адамдардың бойында біркелкі сезім туғызбайтыны да содан. Рас, кейбір объектілер адамдардың жалпы адамзаттық табиғатына жауап берсе, басқалары-жас мөлшерінің ерекшеліктеріне, үшіншілері әлеуметтік – топтық және төртіншілері – жеке адамның биімділігі мен икеміне, көзқарасы мен талғамына сай келеді. Мәселен, жалт-жұлт еткен объекті, дыбыстық ырғақ, әуен барлық балаларды да ләззаттандырады.
Объектіге деген көзқарастың бір-біріне ұқсамауы жеке адамның өмір тәжірбиесінің көп немесе аз болуына, білімділігі мен тәрбиесіне, оның өмірі мен қызметінің тарихын бейнелейтін рухани дүниесінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болады.
Субъектінің көзқарасын басқа адамдар бағыттап қана қоймайды, сонымен бірге ол тәрбиеленеді де. Мәселен, объектінің сапасы және оның өмірлік мәні туралы коллективтік пікір, оған беделді адамдардың көзқарасы-осының барлығы жеке адамның сол объектіге деген көзқарасына ықпал етеді. Авиацияның айрықша дамыған кезінде жастар авиацияға құштар болды, ал космонавтика дәуірінде космосқа ұшуға құштарлық жалпылама сипат алды.
Сөйтіп, индивиттің қызығуы объектінің еркшеліктері мен индивиттің өзінің психикалық сапасына (оның мәдениетіне, тәрбиелілігіне, қабілетіне және мінез-құлқына) байланысты бола тұрса да, оны түптеп келгенде басқа адамдар, коллектив, қоғам, қоғамдық психология қалыптастырады. Демек адамдар қызығуының қоғамдық-тарихи тегі бір деу керек. Қызығу өндіріс пен қоғамның рухани мәдениетінің деңгейіне, әлеуметтік қатнастарының дамуына тағы сол сияқтыларға байланысты.
Қоғам дамуының әрбір тарихи кезеніңде жалпы адамзаттық мүдделерімен қатар таңтық мүдделер де бой көрсетіп отырады. Буржуазиялық қоғам өмірінің бүкіл құрылысының ықпалымен, мысалы, «жайсаң» жастар ақшалы болуды және ойнап күлуді ең бірінші мақсат тұтады.
Социалистік қоғамда алдыңғы қатарлы жастар жасампаз еңбекке, ғылым, практика (техникалық творчество) саласындағы творчествоға деген қызығуды жоғары ұстайды. Қызығу еңбекке деген құлшыныс және қанағаттанушылық, объектіге тез бауыр басу, ең соныңда адамның еңбекке қажеттілігінің арта түсуі сияқты қанағаттану сезімдері түрінде көрініс табады.
Қызығу адам өмірі мен іс-әрекетінде елеулі орын алады. Адам өмірдің бақыты мен бар болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу әрекетке талпындырады, адамды ширатады. И.П.Павлов қызығуды адам жанын жадыратушы, ми қыртысында іс-әрекет жағдайын туғызушы фактор деп қарастырған. Қызығып істелінетін жұмыс жеңіл және жемісті болады.
Жеке адамның дамуы мен білімінің қалыптасыу үшін қызығудың мәнін ескеру педагогикалық практикада ерекше маңызға ие болады. Қ. Д. Ушинский ешбір қызығусыз, тек қана зорлық күшімен жүргізілетін оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жойып жібереді деп өте әділ жазған болатын. Сонымен бірге ол, барлық оқудың мәнін тек қана қызығуға құруға болмайды деп атап көрсеткен. Білім беру қара жұмысты да, едәуір ерік күшін де қажет етеді.
Жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсету барысында оларды терең толғандырып және алаңдатып отырған кез–келген мәселені анықтауда келесі екі факторды ескеру қажет. Бірнешеден, жас кезеңіндегі тұлғалық даму ерекшеліктерін толық суреттеу, екіншіден, тұлғаралық қарым-қатынас процесін оңтайландыруға әсер ету. Бұл екі фактордың бір-біріне сай келуі кеңес беру және коррекция жүргізу стратегиясын адекватты құруға мүмкіндік береді
Жасөспірімдер үлкендік өмірге жақындағандықтан олар өздерінің келбетін сәнді үлгілерге ұқсас етіп шығаруға тырысу әсіресе қыз балаларда өте көп уақыт алуы мүмкін. Балалар үшін сыртқы көріністері «балалық» түрде болмай, «ересектерге» ұқсас болғаны, кездесулер, дәстүрлі би, шарап болатын кештер өткізілгені маңызды бола бастайды. Мұндай жағдайларда жасөспірімднер алғашқы кезде өздерін көбінесе ыңғайсыз сезінеді: айтатын сөздері де болмайды, өздерін қалай ұстауды да білмейді, дегенмен мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, көңіл көтерудің белгілі бір формасын сақтауға тырысады. Көптеген балалар студенттерге қарап бағдарланады, кинодан, теледидардан, көшеден көргендеріне еліктейді.
Жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсету барысында бұл жас кезеңінде орын алатын мінез ауытқуларының түбірі кіші мектеп және жеткіншек жас кезеңдерінде жатқанын ескере отырып, ең алдымен олардың психологиялық сферасының дамуында қарама – қайшы келетін себептер анықталады. Ол себептерді ортақ көрсеткіштері бойынша топтастырып талдауға болады.
Жасөспірімдердің барлық психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша дамуының аяқталмағандығы;
өзінің сыртқы көрінісін менсінбеуі, сұлу емеспін деп сезінуі;
эмоционалды сфераның тұрақсыздығы;
жүйке жүйесі функциялары әлі қалыптасу үстінде болуы;
ситуативті мазасыздану дәрежесінің тұрақсыздығынан дискомфортты сезінуі.
Жасөспірімдердің таным процестерімен байланысты жеке дәрежесінде олардың қалыптасуына кедергі келтіретін саналы және санасыз себептердің ішінен мыналардың әсері терең:
териялық ойлау дамуынцың кедергіге ұшырауы;
мағыналы ес дағдыларының жетімсіздігі;
оперативті ес көлемінің тапшылығы;
зейіннің негізгі компонентттерінің дамымағандығы;
қиялдың шындыққа сай келмеуі;
жекелік мазасызданудың жоғарылылығы;
бірінші немесе екінші сигналды жүйені шектен тыс меңгеруі;
ерік сферасының қалыптаспағандығы т.с.с. себептерді айтуға болады.
3. Жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерінің объективті және субъективті дәрежелері келесі жағдайларға байланысты көрініс береді:
өзін - өзі басқара алмайтындығы;
өзін бағалау мен талпыну деңгейінің бейадекватилығы;
дүниетанымының жағымды эталондары мен идеалдарының қалыптаспағандығы.
4. Жасөспірімдердің микротоптық деңгейдегі бір-бірімен қарым-қатынастарынан туатын қиындықтары:
- отбасы мүшелерімен қарым–қатынасының қалыптаспағандығы;
- мұғалімдерімен қарым–қатынасына көңлі толмауы;
қарым–қатынас дағдысының қалыптаспағандығы (үндеместік, ұялшақтық, мылжыңдық);
жоғары адами сезімнің, достық және махабаттық қатынастың нақтылығын бейадекватты түсінуі;
эгоистік тенденциянының анық байқалуы;
ақиқаттағы шындықты теріс түсінуі;
ашық сыншылдық скептицизмнің орын алуы;
ересектердің талаптарымен позицияларын қабылдамауы;
өзін басқаларға көрсету тенденциясының анық байқалуы;
айналадағылармен қатынас кезінде жасөспірімдік максимализмнің орын алуы;
5. Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға адаптациядан тез өтіп барлық жағдайға тез бейімделуге қиыналатындығына алып келетін себептер:
өмірдің мағанасын түсінуінің төмендігі және өмірлік жоспарының болмағандығы;
мемлекеттік және қоғамдық өмірге қатынасуының төмендігі мен саяси белсенділігінің болмауы;
түрлі еңбектерге деген көзқарасы және мамандықты меңгерудегі шынайы мүмкіндіктері;
кәсіби қызығушылығы және мамандық таңдау мотивінің қалыптаспағандығы;
оқуы мен кәсіби қызығушылығының сай келмеуі;
міндеттілікті сезінбеуі және әлеуметтенуге тырысуының төмендігі.
Бұл жағдайларды анықтауға бақылау, әңгімелесу, социометрия, референтометрия, «аяқталмаған сөйлем», топтық дискуссия сияқты, таным процестерінің ерекшеліктерін бағалау және дамыту әдістемелері, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетін, қарым-қатынас мәдениетін бағалау әдістемелері пайдаланылады. Сонымен қатар факторлық талдау, интеллектуалдық қабілетті анықтау, мамандық таңдау мотивациясын Е.Климов, М.Краун шкалалары бойынша талдау т.с.с. әдістемелер қолданылады.
Ал, жас өспірімдік шақта достықты қажетсіну күрт өседі және бұл сезім өте тұрақты да терең бола бастайды. Достық туралы жас өспірімдік ұғым мен оның нақты дәрежесі әр балада әр түрлі болады. Қыз балаларда олардың ертерек толысатындығымен байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятындығы көрінеді. Есейген сайын бұл айырмашылықтар жоғалады.
Достыққа деген көзқарастың жекелей айырмашылықтары да өте үлкен. Біреулер жұп достықты ғана мойындап, нағыз дос біреу ғана болу керек деп санайлы. Ал екіншілерінде екі, үш және одан да көп достар болады. Тіптен барлықтаныстарымен достасатындар да кездеседі. Бұл мәселе тәлім-тәрбие барысында көңіл аударатын проблемалардың бірі болғандықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оны талап, шын достықтың мән-мағанасын балаларға көрсету психолог міндеттерінің бірі болып саналады.
Жас өспірімдердің біреулері оңашалықты ұнатса, екіншілері жалғыздықтан үрейлене қорқады, аз уақытқа да жалғыз қала алмайды. Кейде мазасыздану,фобия белгілері де орын алуы мүмкін. Психолог осы шақтағы баланың психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін анықтап, оның нормадан ауытқуларына ерекше көңіл бөліп, әрқайсысына жеке-дара қажетті көмек көрсетуі керек. Бұл жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.
Адамның күрделі интеллектілік оперецияларды меңгеруі және ұғымдық аппаратының баюы, теориалық интеллектінің қалыптасуы және көрініс беруі жас өспірімдік кезеңде жетіледі. әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсумен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда күрделі де дара сипат береді.
Қазіргі кезде жаңа тестік жүйені қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлануы қажеттілігін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілетін, білім меңгерудегі дербестік дәрежесін арттыруға аса маңыз беру қажет болып отыр. Арнайы қабілеттердең қалыптасуы оқытудың сипаты мен қатар психологиялық түзету-дамыту жұмыстарымен де тығыз байланысты. Сондықтан психологтің келесі міндеті –жоғары сынып оқушыларының интеллектуалдық дамуына ықпал жасау.
Осы аталған, тағыда баланың жас ерекшеліктеріне, өмір талабына байланысты туып отырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр психолог жас өспірімдермен жүргізетін қызметінің мақмұнын анықтайды.
2-тарау. Жеткiншектердiң танымдық қабiлеттерiн дамытудың әдiстемелiк негiздерi
Жеткiншек жастағы балалардың даму ерекшелiктерiн айқындаудың жолдары
Жеткіншектердің психикасы аса түрақсыз болғандықтан оларда мектеп неврозы мен мазасыздануы бір-бірімен ұштасып келіп, себепсіз агрессияны жоғарылатады. Бұлар баланың мектепке баруға қорқуынан, сабаққа қатынасудан, тақтаға шығып жауап беруден бас тартуынан т.б. дезадаптивті мінез-құлықтан көрініс береді.
Мектептік мазасыздану баланың жеке басының неврозын туғызады, оның жүйкесі мен психикасының бұзылуына алып келеді де олардың шамадан тыс зорлануымен сипаттауға болады. Оның себебі, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасының бұзылуы. Бүл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан т.б. сондай үлкендерге елеусіз себептерден болуы мүмкін. Әдетте мұғалімдердің байқаусыз айтқан, не әдепсіз айтылған сөзінен оқушылардың жалпы мектепке деген көзқарасының бұзылуына алып келуі мүмкін. Баланың мүндай көңіл-күйінің бұзылуына бұрын ауыр сөзді естігендер тап болады. Осындай жағдайлар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының оқуға деген мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білім алуға тырысушылық мотиві оқу ісінде жетекші болудан қалады. Сонымен қатар балалардың құндылықтарды бағалауы, өз-өзін бағалауы өзгереді. Біртіндеп мазасыздану неврозы тұлғалық дамудың ауруына ауысып кетуі мүмкін. Мектеп неврозына себептер көп болғандықтан оның көріну шеңбері де кеңейеді. Невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары ретінде мектептік мазасыздану, акцентуацияның орын алуы, агрессиясының жоғарылауы, басқалармен тіл табыса алмай әуреге түсуі және неше түрлі жағдайларда бала жанының жарақаттануы. Көптеген зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударылса оның дамуын тоқтатуға болады. Мектептік невроздың алдын алу психологиялық кеңес беру және коррекция жасау арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін баланың даму ерекшеліктеріне ерте диагностика жүргізіп, оның мүмкіндіктерін оқу-тәрбие процесінде ескеру мен қатар балалардың ата-аналарымен, мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде жүмыс істеу керек.
Жеткіншектік жас кезеңдегі оқушыларды невроз жағдайына алып келетін және олардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі себептер келесі деп айтуға болады.
Біріншіден, дисгармониялық отбасы - ол психологиялық үйлеспеудің түрлі варианттарынан тұрады. Агрессиясының анық байқалуы мұндай отбасыдағы негізгі мәселе болып табылады, ал оның негізгі себебі отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасының қалыптаспағанына байланысты дисгармония орын алғаны. А.Е.Личконың өз зерттеулерінде дисгармониялық семьялардың түрлері мен типтері көрсетілген: гармониялық емес, бұзылып бара жатқан және бұзылаған отбасылар, сонымен бірге сырт көзге үйлесімді қалыптасқан болып көрінетін отбасылар. Ал А.С.Спиваковская отбасында қалыптасқан қарым-қатынас түрлеріне байланысты оларды «театр», «санатория», «қамал», «вулкан», «маскарад» деген түрлерге бөлуге болады деп көрсеткен. Екіншіден, мектепішілік қарым-қатынастың бұзылуы, оқушының өзімен бірге оқитындармен, мектептен тыс құрбыларымен, басқа оқытушылармен тіл табысуының төмен болғандығы. Үшіншіден, жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне негіз болатын келесі себептерді атап көрсетуге болады:
отбасыдағы белгілі бір мүшелерінің біреуінің жүйке-психикалық ауытқуы, не алкогольдік, наркотикалық, химиялық заттарға тәуелді болуы;
- соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар салдарынан жеткіншектерде «кемістік» сезімінің орын алуы;
барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердең қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;
үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;
үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескіл мінез көрсетуі;
істі игеру жағынан әлі бала болса, ал оларға қойған үлкендердің талаптары бойынша оларды ересек деп есептегендей болуы;
жеткіншектердің өз мүмкіндіктерін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі;
балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы;
радио, теледидар, интернет және басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі;
өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі;
күні-түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі;
акцентуацияның көрініс беруі.
Жеткіншектің өмірінде орын алған осы көріністер, олардың өз қатарларымен және ата-аналарымен дұрыс қатынас жасай алмауы мен олардың мінез-құлқында нешетүрлі ауытқулардың орын алуына алып келеді. Олардың ішінде ең кең тарағаны мінез акцентуациясы. Акцентуацияның белгілері: адамның ызақор болып, кейбір стресс факторларына өте қызу түрде реакция беруі. Сонымен қатар дәл өзіне тікелей қатысы жоқ факторлаға немқұрайды қарауы. Акцентуацияны көп психиаторлар психопатияның бастамасы деп түсінеді. Оларды шизоидты тип және этелептикті тип деп екіге бөледі.
Жеткiншек жастағы балалардың мiнез - құлқында болатын өзгерiстердi дер кезiнде байқап, түзетулер енгiзiп отыру керек. Ол үшiн көптеген зерттеудiң әдiс-тәсiлдерi мен психолог ғалымдар ұсынып жүрген әдiстемелiк тесттердi қолдану тиiмдi. Солардың бiрқатарына тоқталып өтейiк.
Жеткiншектердiң мiнез акцентуациясын анықтау (Шмишек тесті). Мақсаты: Жеткiншектердiң акцентуация көрініс беруін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.
Бүл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонгардтың бүл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір
көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған. Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия" немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолына беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның тұсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сөйкес белгі қойып отырады.(А қосымшасы).
Жеткiншектердiң агрессиясын диагностикалау. (Басса-Дарки әдiстемесi)
Мақсаты: бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.
Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама
береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан
өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген
қасиет деп көрсетсе (Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль
атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді.
Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теориялар да бар
(Маллер, Дуб, Доллард).
Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.
Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бүл құбылыстың түрлерін, себебін, және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.
А.Басс және А,Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі - мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп-сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі -инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зөбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бүл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін.
Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі Басса-Дарки сауалнамасы. Бүл әдістеме көмегімен агрессияның орын алуын және оның түрін, көрініс беру формасын диагностикалауға болады.(В-қосымшасы)
Достарыңызбен бөлісу: |