3.2. Мектептен тыс мекемелердегі еңбек тәрбиесі
Үкіметтің жаңа адамды тәрбиелеуде алдына қойылған аса маңызды міндеттердің бірі өскелең ұрпақты қоғамдық еңбекке тәрбиелеу шараларын ұйымдастыру болды. Өйткені қоғам мүшелері әсіресе оның жас буындары арасында еңбекті бөлісудің жаңа қоғамдық формасы ерекшелігі мен еңбекке деген жаңа көзқарасты тез арада қалыптастыру болды. Сондықтан да еңбекке тәрбиелеудің негізігі мақсаты өскелең жас адамның қоғамдық еңбекке деген сүйіспеншілігі мен ынтасын ояту, еңбек адамына құрметпен қарау сезімін дамыту, қоғамдық игілікке қамқорлық пен ұқыптылық көзқарас қалау арқылы сапалы және шығармашылықпен кез келген еңбек түрін жасай алатын оған практикалық даярлығы мен бейімділігі және қабілетін қалыптастыру, еңбек етудің қажеттілігіне берік сенімін орнықтыру, Отандық өнеркәсіп, өндіріс жетістіктеріне деген мақтаныш сезімге тәрбиелеу болды. Өмірдің сан – саласындағы қызмет түрлерін көрсету, олардың негіздерімен таныстыру арқылы қажетті дағды мен іскерлік қабілетті, біліктілікті қалыптастыру, кәсіпті саналы түрде таңдау және кәсіби даярлық алуға тұрақты ынта – ықыласты күшейту, алған білімдерін практиалық өмірде қолдана білуге үйрету, еңбек процестерінің ғылыми негіздерімен, оны ұйымдастыру қағидаларымен қаруландыру сөйтіп кезеңдегі проблемаларды шешуге көмектесу еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері болды. Әл-Фараби: "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды деген еді. Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастырады.
Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған.
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы еңбекпен баулу.
Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек барысында жасөспірімдердің дүниетінымы қалыптасады. Мамандықты таңуда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп және мектептен тыс мекемелерде бірнеше түрлерін атауға болады:
- халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау;
- мәдени-ағарту жұмысы жасөспірімдерді белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелеп, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді, шығармашылығын арттырады;
- еңбек тәрбиесі - адамгершілікке тәрбиелеудің ең жоғары формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.
Мектептен тыс мекемелерде шығармашылық үйірмелердің еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. «Жас жеткеншектер», «Жас техниктер», «Жас спортшылар» «Жас толқын» және т.б. сияқты үйірмелер оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына көмектеседі.
Әрбір жасөспірімнің үйірме сабақтарында шығармашылық қатынасы байқалады, әдебиеттерімен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білуге де үйретеді.
Сонымен қатар, жасөспірімдер қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады.
Мектептен тыс мекемелердегі еңбек тәрбиесі баланы еңбекке неғұрлым ертерек қатысуына, балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және өнегелік негізі болуына, еңбек тапсырмасын орындағаннан кейінгі нәтиже баланың сенімін қуаттануына, қуаныш сезімін артуына, балалардың психикалық және физологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруына, балалардың еңбегін ойынмен ұштастыруға септігін тигізеді әрі қалыптастырады. Енді осы мақсат – міндеттірді шешуде өскелең ұрпақтың жан – жақты дамуын қалыптастырудағы тәрбие орталығы саналған мектептен тыс мекемелердегі еңбекке тәрбиелеу жұмыстарының атқаратын ролі зор. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады.
Сондай-ақ, халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған. Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мәсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген.
Ағаштан - ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден - құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған.
Еңбек тәрбиесі - өмір кілті, бақыттың тұтқасы. «Еңбексіз адам өзінің бар адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адымда алға ілгерілей алмайды; бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес; ол адам қайта кері кетеді», -дейді К.Д.Ушинский.
Мектепте еңбекке тәрбиелеу- тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамның адамгершілікке және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында еңбек тәрбиесі мәселесі ең негізгі көкейкесті проблемаға айналып отыр. Оған себеп-адам, қоғам, табиғат заңдылығымен санаспау салдарынан туған келіспеушілік.
«Еңбек тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста, біртұтастықта құралуы тиіс». Еңбек адамның өзін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Еңбек тәрбиесі туралы қазақ және орыс тілінде шыққан оқулықтардың бәрінде жазылған. Біз оларды жоққа шығара алмаймыз.
Тәрбие- халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттердің жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсаты төңірегіндегі пікірталас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Сократтың түсінігінше, тәрбие заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірген. Мәшһүр –Жүсіптің көркем шығармаларының негізінде адамгершілік, рухани, еңбек тәрбиесі жөнінде педагогикалық идеялар қойылған. Ол еңбектерінде еңбексүйгіштікке маңызды орын береді. Ойшылдың педагогикалық тұжырымдарында «еңбек» деп аталатын ұғым ерекше орын алады. Оның ойынша еңбек тек адамды өмірге дайындап қоймай, оның ақыл-ой күшімен адамгершілігін дамытуға ықпал етеді. «Адал еңбек мал таппақ, жұртқа жақпақ»,-деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені, ол еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді ал, оның қадірін білмейтін жалқаулар көбіне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Ақын еңбек адамдарды еркіндікке, бақытқа қолын жеткізеді деп біледі, ал игіліктерге қол жеткізер еңбек, бейбіт өмір, қайырымдылықпен әділет, білім салтанат құрған қоғам оның әлеуметтік арман-мүддесі болды.
Балалар, жалқау болма, шабан тартып,
Арқаны кедейліктің – еріншектік
Желкеңнен жібермейді мықтап тартып.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мінез-құлық қасиетке мән бере отырып:
Бойыңа жалқаулықты үйір қылсаң,
Жүрерсің көрінгенге көзің сүзіп,-дейді.
Еңбек оның ойынша адамгершілік тәрбиесінің әрекетті құралы болып табылады, өйткені еңбек іс-әрекеті процесінде жастардың бойында жалпы адамзаттық маңызы бар еңбексүйгіштік қалыптасады. Оның пікірінше еңбексүйгіштік адамның еңбек еткісі келумен, оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылысымен, берілген іске жауапкершілігінің болуымен, тиянақтылығымен, істеген ісіне қанағаттанумен сезім алуымен сипатталады. Ең соңында еңбексүйгіштік еңбек дағдысының бар екендігін білдіреді. Ағартушы жастардың бойында еңбексүйгіштікті, жатып-ішерлік пен бекер уақыт өткізуге жиреніш сезімін тәрбиелеуге ұмтылды. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеуді адамгершілікке қажеттілік деп қарастырады. Мәшһүр-Жүсіп Көпееев ғылымды, еңбекті, ағартуды қандай болмасын жақсылықтың, сәттіліктің қайнар көзі деп есептеді.
Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдері еңбек тәрбиесінің құралы болып табылады.
Еңбек –жеке адамның өркендеуіне, санасы мен қайратының қалыптасуына әсер етеді, адам баласын рухани байытып, оның өмірінің мол қазынасын жасайды.
«Еңбек етпеген ішіп-жемейді», «Еңбек түбі береке» деп халқымыз еңбек ету арқылы мәнді де сәнді өмір сүруге болатынын ескертеді. Сондықтан еңбекке деген қажеттілікті, дағды мен іскерлікті, еңбекқорлықты, өзгенің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеуді бастауыш сыныпта үйретіп бастауы керек.
Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық талаптары-баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Еріктілік, баланың табиғатын білу, баланың өзіндік әрекетін дамыту тәрбиенің негізіне айналуға тиіс. Джон Локтың ұсынған тәрбиесінің мақсаты-өз ісін ойластыра отырып сақтықпен жүргізе алатын, өз мүдделерінің реттілігін қамтамасыз ете алатындай етіп жасөспірімді тәрбиелеу.
Адам баласы қоғам дамуның қандай кезеңінде де өмір сүрмесін азық-түліксіз, киім кешексіз, т.б. материалдық игіліксіз күн кеше алмайды. Сол себептен адамдар ерте кезден-ақ өмір сүру қажеттігі үшін керекті заттарды тек еңбек ету арқылы ғана тгілікке асыратындығын түсінген.
Еңбек тәрбиесі мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін балалардың ата-анасына, үйіне, туған-туысқандарына, дос-құрбыларына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу қажет. Сонымен, бұл тәрбиеге достық рухта тәрбиелеу де жатады. Бастауыш мектепте көптеген ұлттың балалары бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді. Осының өзі балалардың бір-біріне жолдастық, достық сезімін тәрбиелеудің ең қолайлы жағдайы.
Сондай-ақ еңбек тәрбиесінің мазмұнына баланың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу де жатады, әсіресе олардың үлкенді сыйлау сезімін тәрбиелеу сәбилік шақтан басталады. Үлкенді сыйлау- асыл сезім. Үлкендердің беделін мойындау, тыңдау, көңіл бөлу, құрметтеу, қамқорлық жасау сияқты балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, бұл сезімнің көрініс табуы-жақсы тәрбиенің белгісі.
Жас ұрпақ бойында өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруда көркемдік білім беру жүйесінің заман талабына сай педагогикалық, әдістемелік бағыттарын жасау, оқу-тәрбие мазмұнын жаңарту қазіргі кездегі бастауыш мектептің аясында атқарылатын өзекті істердің бірі.
Бастауыш сыныптардағы көркем еңбек жүйесі өзінің ерекшеліктерімен оқушы қиялына әсер ете отырып, олардың шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал жасайды. Сондықтан көркем еңбек – оқушының еңбек қабілетін дамытудың негізгі факторы болып табылады.
Еңбек тәрбиесі қоғамдағыбарлық әлеуметтік тәрбие институттарының мақсатқа бағытты іс-әрекетін біріктіру негізінде жұргізілуі керек. оқыту және тәрбие барлық адамға берілуі керек дей отырып, Песталоции қоғамды қайта құрудың негізгі құралдарының бірі –мектеп деп есептеледі. Адамды дамытудың, тәрбиелеудің басты құралы еңбек деп санады. Еңбек адамның күшін ғана дамытып қоймайды, оның ойын дамытып, мінез-құлқын қалыптастырады. «Еңбек тәрбиесі-қоғам мүшесі болып табылатын оқушының жалпы тәрбиесі барысының саласы». Мұның мақсаты еңбекке орынды қатынасты дамыту, қоғам байлығына үнемі қамқорлық сезіміне тәрбиелеу, еңбек тәртібін бекіту. Еңбек тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен біртұтас жүзеге асырылады. Еңбек барысында қоғамдық борышты саналы, тапсырылған іске жоғары жауапкершілікпен қарау, ұжымшылдық және тәртіптілік сияқты құлықтық қасиеттер дамиды. Еңбек тәрбиесі қоғамдағы барлық әлеуметтік тәрбие институттарының мақсатқа бағытты іс-әрекетті біріктіру негізінде жүргізілуі керек.
Жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау;оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дамыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту.
Еңбек етуге әдеттену-бұл жәй ғана еңбекке үйрену емес, бұл адамгершілікті тәрбиенің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу,-дейді Н.К.Крупская, демек өз күшіңді және басқалардың күшін және жұмыстың жағдайын есептей білу.
Чернышевскийдің көрсетуінше, адамның рухани бейнесін сипаттайтын мінез-құлықтың, адамгершілігінің, басқа да қасиеттерінің өзгешелігі оның тұқымынан емес, адамның еңбегі мен өмір жағдайлары және тәрбиенің әсерінен болады.
Жеке адамның дамуында еңбектің рөлі өте күшті, адам еңбексіз дамымайды, азғындайды, кері кетеді. Еңбек туралы қазақтың тамаша мақалдары бар: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде, анау-мынау ісім бар».
Білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру үшін, әрине адамның еңбекке деген қызығушылығын, құштарлығын, өзіне пайдалы жағын дамытып, содан қоғамға қажетті жағы бар екенін түсіндіріп, еңбектің өнімділігін, еңбектің нәтижесі бар екеніне көз жеткізу керек.
Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздерін зерттей келе, алғашқы қауымдық құрылыстағы қарапайым еңбек құралдарынан бастап қазіргі кездегі жетілген өндіріс құралдары мен технология жабдықтарының жасалуы және қолданыста болуы дәлелденеді. Сондықтанда, ең алдымен, адамның еңбек тәрбиесін, адамгершілік парызын қалыптастыру келелі мәселелердің бірі болып саналады.
Еңбек тәрбиесі дегеніміз еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.
Еңбек - тәрбиесінін мақсаты — балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуте даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен мазмұны.Баланы еңбекке тәрбиелеу отбасынан басталып, мектепте еңбектің қарапайым міндеттері жайлы түсінік қалыптасады. Еңбек адамның психикасы мен адамгершілік түсініктерін қалыптастыратын құрал болып табылады. Еңбек ету оқушылардың табиғи ақыл-ой және дене қызметінің қажеттілігіне айналуы тиіс. Еңбек тәрбиесі оқушылардың политехникалық дайындығымен тығыз байланысты. Политехникалық білім беру техника, технология және өндірісті ұйымдастыру туралы білім қалыптастырады; оқушыларды жалпы еңбекке қажетті білім, дағдылармен қаруландырады; еңбекке шығармашылық қатынас қалыптастырады; келешекке қажетті мамандық таңдауға көмектеседі. Сонымен политехникалық білім беру еңбек тәрбиесінің іргесін қалайды.
Жалпы білім беретін мектепте еңбек тәрбиесінің мынадай міндеттері жүзеге асырылады:
§ еңбек - өмірдегі ең жоғары құндылық екенін санаға сіңіру және еңбек етудің жоғары әлеуметтік мотивтерін қалыптастыру;
§ білімге танымдық қызығушылығын арттыру, еңбекке шығармашылық қабілеттілік таныту, білімін тәжірибеде қолдана білу;
§ жоғары моральдық сапалар қалыптастыру, еңбексүйгіштік, парыз бен жауапкершілік, алға қойған мақсатты кәсіби біліктілік, адалдықпен орындау;
§ ақыл-ой және дене еңбегінің мәдени дағдыларымен қаруландыру.
Еңбек тәрбиесінің мазмұны алға қойылған міндеттер арқылы шешіледі, жергілікті жердің шаруашылық-экономикалық жағдайымен және мектепте қалыптасқан дәстүр негізінде іске асырылады. Еңбек тәрбиесінің мазмұнына еңбектің мынадай түрлері қамтылады.
Оқу еңбегі ақыл-ой және дене еңбегінен құралады. Ақыл-ой еңбегі қажырлы күш-қуатты, төзімділікті, ыждахаттылықты талап етеді. Күнделікті ақыл-ой еңбегіне әдеттену, басқа еңбек түрлерін меңгеру үшін де маңызды. Еңбек пәні оқу бағдарламаларында шеберханаларда, мектеп учаскелерінде дене еңбегімен шұғылдану ескерілген. Дене еңбегі барысында балалардың адамгершілік, ұжымшылдық, өзара көмек көрсету, адамдарды және еңбек нәтижесін құрметтеу қасиеттері пайда болады.
Қоғамдық пайдалы еңбек ұжым мен жеке тұлғаның қажеттілігіне қарай ұйымдастырылады.Отбасындағы және мектептегі еңбек түрлері (тұрмысқа қажетті еңбек, сыныпты және мектеп ауласын тазалықта ұстау, ағаштар мен гүлзарларды күту, демалыс кезіндегі бау-бақшада, құрылыста атқарылатын жұмыстар).
Өнімді еңбек оқушылардың материалдық құндылықтар өндіруге байланысты еңбек қатынастарына араласуы. Өнімді еңбекке араласу барысында оқушының кәсіби біліктері, бейімділіктері, қажеттіліктері дамып, экологиялық түсініктер мен ұғымдарды меңгереді. Өнімді еңбекті ұйымдастыратын жағдайлары бар мектептер, оқушыларды материалдық құндылықтар өндіруге қамти алады.
Еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың педагогикалық жағдайлары. Еңбек тәрбиесін нәтижелі ұйымдастыру үшін педагогикалық жағдайлар қарастырылуы керек.
Оқушылардың еңбегін оқу, қоғамдық-пайдалы және өнімді еңбек мақсатын көздейтін оқу-тәрбие міндеттеріне үйлестіру керек. Осындай еңбек түрлерінде оқушы білік пен еңбек дағдыларын тәжірибеде қолдануды үйренеді. Еңбек тәрбиесінің міндеттері отбасында, үйірме жұмыстарында қосымша білім мекемелерінде жүргізіледі.
Қоғамдық мәні бар еңбекті, оқушы қызығушылығын ескере отырып, бірге қарастыру керек. Жеке басы, отбасы, қоғам үшін атқаратын еңбегінің пайдасын түсінуі тиіс. Еңбектің маңызын түсіндіру, олардың жас ерекшеліктеріне, жеке бас қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес жүргізіледі.
Атқарылатын еңбек баланың әл-қуаты мен күшін ескеруі қажет. Шамасы келмейтін жұмыстан нәтиже күтуге болмайды. Ондай жұмыс оқушылардың өзіне деген сенімін төмендетеді. Дейтұрғанмен де, атқарылатын жұмыс олардың шамасы келетін күш-қуатын жұмылдырып, өз қабілеттері деңгейінде орындалуы тиіс.
Еңбекті атқару үшін талап қою, шарт, өйткені бастапқы кезде балалар барлық қызығушылығымен жұмысқа кіріскенмен де, тез жалығады. Тәрбиешінің мақсаты бастаған жұмыстың нәтижесіне жету үшін бірқалыпты жүйелі жұмыс жасауға қалыптастыру. Сынып ұжымы әр ұжым мүшелерінен нәтижелі жұмысты талап етуге құқылы.
Ұжымдық және жеке бастық еңбек формасын үйлестіру. Оқушылар кішігірім топта, ұжымда бірімен-бірі түсіністікте еңбек етуге және жеке міндеттерін сапалы және дер кезінде орындау жауапкершілігі жүктелуі шарт.
Еңбек тәрбиесі оқу еңбегінің щығармашылық белсенділігі мен нәтижелілігін, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының іргетасын қалайды.
6 – 9 жас аралығындағы баланың еңбек етуі мектепте оқу және үй міндеттерін атқару болып табылады. Бір айта кетерлік жайт, балаңызға беретін тапсырманы «анаңа көмек» депқарастырмаған жөн. Өйткені, «көмекке кел» деп баланы ылғи да көндіруге тура келеді. Ол аздай бала өз еңбегінің өтемін талап етуі мүмкін. Оны болдырмау үшін:
1. Балаңызға күнделікті жасалатын жұмыс түрлерін көрсетіп, отбасының қай мүшесіне қандай жұмыс тиесілі екенін түсіндіріңіз. Есейіп қалған балаңызға отбасыңыздың толыққанды мүшесі болуы үшін өз міндетін таңдауды ұсыныңыз.
2. Үй жұмысы әр адамның міндеті екендігін, сондай-ақ, оны рахаттана атқаруғаболатынын түсіндіріңіз. Бұл өмірде әр адамның міндеті бар екендігін және бұл оның есейгенінің белгісі екенін айтыңыз. Сонда бала оны қуана орындайды.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
— оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
— белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
— тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
— жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;
— оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Оқушылар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек…Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек… Тәрбие адамның ақылын ғана’дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет.Оқу-өндіріс комбинаттарында, бригадаларда, цехтарда еңбек ету барысында оқушылар техникалық және технологиялық білімдер, еңбек тәжірибесін алады. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне катысулары, олардың еңбектің өр түріне бейімділіктерін, икемділіктерін айқындайды.Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары. Егеменді еліміздің бүгінгі таңда білім беру саласында қол жеткізген жектістіктері аз емес. Соның бір айғағы елімізде болып жатқан қоғамдық реформаларға орай әлеуметтік, экономикалық, рухани жағынан толысқан жан-жақты азаматтарды даярлау мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай оқушылардың жас ерекшелігіне сай бағытталып, қоғамдық ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен тығыз байланысты шешілуі керек екені айғақты. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында мемлекеттің күш-қуаты ең алдымен кез келген азаматтың өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылым мен техниканың, өнердің, мемлекеттік және жекеменшік тұрғыдағы өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың іс-әрекеті мен байланысты анықталады деп атап көрсеткен.Демек, болашақ ұрпақтардың ертеңгі күнгі күш қайраты, білімді болуы, өзінің ісіне жауапкершілікпен қарауы бүгіннен басталмақ. Сондықтан да әрбір оқушының әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған ретінде еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі бүгінгі таңда өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан, біз орындаған зерттеу жұмысымыздың тақырыбына орай, алдымен шығармашылық ұғымының мән мағынасына түсініктеме беріп кетуді жөн көрдік.
Адамды – адам еткен еңбек. Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбеккке жатады. Еңбек – дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. Күнделікті ішіп жейтін тағам мен киімнің өзі еңбекпен келеді. Балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бере бермейтін еңбек түрлері өте көп. Мысалы: 2-3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз- өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады. Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы: шұлығын, қолғабын,бас киімін, көйлегін киетін кездеоны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады. Баланың әр жасаған,еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет. Мысалы ой жарайсың,бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады. Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек. Ұлы педагог А.С.Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орынында да сондай болады. Сондықтан ойын кезінде баланы қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек.Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды.Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті, қимыл қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендердің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі. Мысалы жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі бәрі адамгершілікке, үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |