Дипломдық жұмыс 5В090600 Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы Орал, 2019 Мазмұны


ІІ тарау. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы



жүктеу 183,71 Kb.
бет5/9
Дата21.01.2022
өлшемі183,71 Kb.
#34467
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Габдырахманов Елдос

ІІ тарау. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы

2.1. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту 
Мектептегі тәрбие жұмыстарының негізгі бағыты оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, сол арқылы олардың өмірдің маңызды жақтарына қатынасын қалыптастыру:

— адамның табиғатпен өзара үйлесімді қарым-қатынас ортасы;

— қоғамдық қатынастар аясы (адамгершілік, құқықтық, экономикалық, өндірістік, т.б. — әлеуметгік ортасы);

— психологиялық орта (саналылығы, тәртібін дұрыс басқара білу, ойлаудың интуициялық механизмдері, табиғи болмысы, дарыны, қабілеті, т.б.).

Тәрбие процесі оқыту және дамыту процесімен ажырамастай байланыста әрі ол адамның дамып қалыптасуында маңызды орын алатын негізгі өзек болып табылады.

Оқыту процесінде білім-білік, икем-дағдының өзара тығыз байланысы пайда болады да, ол тәрбие процесінде ғылым негіздерімен бірлесе келіп адамның айналасындағы құбылыстарға қатынасын туғызады. Соның нәтижесінде адамның дүниетанымы қалыптасады. Осыдан келіп тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары туындайды:

1. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту.

2. Жеке тұлғаның қоршаған ортаға гуманистік қатынасын туғыза отырып, оның адамгершілік негізін калыптастыру.

3. Жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіндегі ішкі қажеттіліктерін оятуға түрткі туғызу.

Бұл бағыт оқушылардың сабақ жүйесіндегі және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін өзара тығыз байланыстыру арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін күшейту арқылы дамыту жолдары мынадай:

— оқытудың сабақтан тыс формалары арқылы (пән апталықтары, конкурстар, пөн сайыстары, олимпиадалар, турнирлер, интеллектуалдық жарыстар);

— пәндердің клубтық және үйірмелік қызметтері (театр клубы, дискуссия клубы, музыка студиясы, пән үйірмелері, т.б.);

— музей, театр, кино үйі, кітапханаларға жүйелі түрде бару.

Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің түрі әр алуан. Бірақ шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыратын тобына байланысты кейбір құрылымдарға олар бағынады:

1) сыныпішілік тәрбие жұмыстары (ұжымішілік);

2) сыныптан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстары (ұжымнан тыс);

3) негізінен тұрақты, қызығушылық аясы бір, бір параллельдегі балалар тобын қалыптастыратын клубтық, үйірмелік тәрбие жұмыстары;

4. оқытудың сабақтан тыс шығармашылық формаларын (пән апталықтары, олимпиадалар, викториналар, көңілділер, тапқырлар клубы, т.б.) қамтитын сыныпаралық тәрбие жұмыстары, яғни істің барысында өр түрлі сыныптар мен параллель сыныптардан уақытша шығармашылық топтар құрылады.

Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру барысында бір ғана тәрбие процесі технологиясына байланысқан бірнеше буындардың технологиялық тізбегі көрініс табады:

1 кезең — осы шығармашылық істі өткізуге деген оқушылардың құштарлығы; шығармашылық істі дайындауға қызықты, тартымды жарнама жасау арқылы топ жинау.

2 кезең — шығармашылық істі өткізудін жоспарлануы және Кім үшін? Кіммен? Қай мезгілде? — дегендей жоспардың әрбір бөлігін нақтылау.

3 кезең — шығармашылық істің жүзеге асуы.

4 кезең — атқарылған іске талдау жасау, қорытындысын шығару, бұл кезең шығармашылық топтың келесі кезендегі шараларды қызықты ұйымдастыруына негізгі бағыт беретін кезең.

Бұл технология бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылар өздеріне қызықты шығармашьшық форманы ұйымдастыру мен басқару мәдениетін үйренеді.

Тәрбие технологиясының кез — келгенінің ең маңызды кезеңі — қорытындылау, шығармашылық іске қатысушылардың жетістіктерін мадақтау болып табылады. Өйткені, әрбір шығармашылық іс балаларға қуаныш әкелуі керек, сондай қуанышты сезім кана оларды келешекте де осындай шығармашылық істерге қатысуға немесе одан да қызықты істерді ұйымдастыруға жетелейді.



жүктеу 183,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау