Дипломдық жұмыс 5В090600 Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы Орал, 2019 Мазмұны


Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасу және даму кезендері



жүктеу 183,71 Kb.
бет3/9
Дата21.01.2022
өлшемі183,71 Kb.
#34467
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Габдырахманов Елдос

Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасу және даму кезендері

Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасу және даму жылдарына, олардың қызметіндегі озық тәлім-тәрбие тәжірибелеріне талдау жасау алдымен олардың даму кезендерін негіздеп алуды талап етеді. Бұл мәселені шешуде тарихшылардың кезеңдер жайлы айтқан көзқарастарын және проблеманың даму процесінің өзіне тән нақты ерекшелігін көрсететін кезендер ескерілуі керек. Әрине, қайсы бір кезең болмасын көбінесе шартты түрде айқындалады. Оны нақтылауға, анықтауға болады. Алайда, қасыбір тарихи сатылардың нақты басы мен аяғын есептеп шығуға талпынудың қажеті жоқ. Бұл туралы елуінші, алпысыншы жылдары пидогогикалық баспа беттерінде бірқатар пікірталастар болды

Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасу, даму кезендерін негіздеу бір қатар қиындықтар мен дараланады. Оның басты бір себебі кешегі кеңестер жүйесіндегі одақтас Республикалар мектептен тыс мекемелері қалыптасу ымен даму жолдарына жүргізілген тарихи – педагогикалық зерттеулерді кезеңдерге бөлуде, негіздеуде бір ізділік, яғни жүйелілік қалыптаспады. Кезеңге бөлуде не жалпы кеңестік құрылым тарихы кезеңдеріне сүйену, немесе “ тарихи факторларға сай ” кезеңдерді өз көзқарасында негіздеу орын алады.

Қарастырылған мәселеге қатысты кезеңдерді негіздеу тақырып саласына қатысты бар ғылыми – теориялық, оқу – әдістемелік т.б әдебиеттерге жасалған талдауларға, әр кезде қоғам даму кезені талаптауына сай келген іс – шараларына нақтылығымен қолдау тапқан жалпы мектептен тыс мекемелер қызметіне тән ортақ даму критерилерге сүйенеді. Сондай – ақ Қазақстан ерекшелігіне сай мектептен тыс мекемелер жүйесіне ықпал жасаған саяси – әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер, мектептен тыс мекемелер қызметіндегі құрылымдық – ұйымдастырушылық принциптердегі ерешеліктер, заңдылықтар, мектептен тыс мекемелердің материалдық – техникалық қорларының қалану, жеттілуіне негіз болған мұрағаттық факторлар және тарихи педагогикалық принциптер басшылыққа алынады. Осы жасалған амалдардың негізінде Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы мен дамуы мынадай кезендерге бөлінеді.

Бірінші кезең (1920 - 1940жж ) мектептен тыс мекемелерді ұйымдастыру қалыптастыру кезеңі.

Екінші кезең (1941 – 1964жж) мектептен тыс мекемелерді жетілдіріу және нығайту кезеңі.

Үшінші кезең (1965 -1980жж) мектептен тыс мекемелердің әлеуметтік – тәрбиелік рөлінің арту кезеңі.

Төртініші кезең (1981 – 1990жж) мектептен тыс мекемелер жұмысының қарама – қайшылықты шиелесіне және құлдырау кезеңі.

Бесінші кезең – мектептен тыс мекемелердің тәуелсіздік жылдардағы жағдайы.

Бірінші кезең (1920 – 1940жж) мынадай ерекшелік сипаттармен дараланады.

Қазақстан тарихында тұңғыш рет РҚФСР құрамында Қазақ Анатомиялық Кеңес Социалистік республикасы (1920 ж. 26тамыз) құрылып, кеңестік – мемлекеттік басқару органдары оның ішінде Халық ағарту комиссариаты ұйымдастырылады. Бұл Қазақстан тарихындағы тың құбылыс болды. Мектептен тыс мекемелерге деген қоғамдық сұраныстың орнығуына байланысты олардың құрылыстары мен жұмыстарына жүйелі басшылық жасау мақсатында Халық ағарту комиссариаты жанынан “Мектептен тыс бөлімі” (1920 ж) , “Балаларды қорғау бөлімі ” (1920 ж) “Әлеуметтік тәрбие басқармасы ”бөлімі (1921ж ) құрылды. Сондай – ақ Қазақстанда өмір сүріп жатқан аз ұлттар арасында өз ана тілінде мектептен тыс тәлім – тәрбие іс – шараларынын ұйымдастыратын кіші бөлімшелер оқу бөлімдері жанынан ашылады.

Мектептен тыс мекемелер жұмысын ұйымдастырудң әлеуметтік – саяси және ұйымдастыру – педагогикалық негіздері, белгіленген 1917 жылдың қараша айының 23– і күні қабылдаған РКФСР Халық ағарту комиссариатының “Барлық ағартушы жолдастарға ”, 1918 ж. 31 қазандағы “Аз ұлттардың мектептері туралы” қаулылвры. Букіл Ресейлік Орталық атқару комитетінің 1918 ж.16 қазандағы “Біріңғай еңбек мектебі туралы” ережесі. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелерді ұйымдастырудағы негізгі іс-шаралардың бағыт – бағдарын, қағидаларын анықтап беруде үлкен рөл атқарады. Қазақ Автономияық Кеңес Республикасының (1920 ж 4 қазан) бірінші құрылтай сьезінде қабылданған ''Өскелең ұрпақтың жан –жақты физикалық және рухани дамуына алғы шарт жасау туралы '' өабылданған қаулысында жоғарыда аталған ереже басшылыққа алынып, Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің әлеуметтік – саяси, құрылымдық – ұйымдастыру және педогогикалық - әдістемелік басшылық жасау негізі қаланды. Осыдан бастап мектептен тыс мекемелердің жұмысы, оның формасы, әдістердін ұйымдастыру, олардың ішкі қызметін реттеуші педагогикалық әдістемелік нұсқау материалдарын жасау басталады. Осы шаралар бастауында Халық ағарту комиссарлары А.Байтұрсынов (1920 – 1921 жж), Т.Кенжин (1921 – 1923 жж) ,С.Смағұлов (1925 – 1927жж) және де белгілі қайраткері Б.Жәнекешов, Х.Чурин, А.Оразбаев, С.Жақыповтар тұрды.

Мектептен тыс мекемелер құрылысы мен жұмыстарында жергілікті халықтардың мәдени – тұпмыстық, салт – дәстүр ерешелеліктерін құндылықтарын қадірлеу, олармен санасу және дамыту идеясын басшылыққа алу жүзеге асты және ол басты қағида саналды. Сол себептен де кезең бастауында мектептен тыс мекемелерді жергілікті тұрғын халықтың табиғатына, ұлттық таным психологиясына, экономикалық, мәдени тұрмыстың дамуы мен қалыптасу ерекшеліктеніне сай бейімдеу, ығайластыру мәселерімен айналысу кезектегі міндеттердің ең шұғылы болды.Осындай жағдайдың өзі жергілікті тұрғындардың мектептен тыс мекемелер басзасын нығайту шараларына үлкен қолдау көрсетіп оған халықтық құрылыс әдісімен араласуына да негіз салды. Сойтіп, Қазақстанда мектептен тыс мекемелердің пайда болуы, олардың құрылысында басшылық халықтың қмтылытарын ұштастырыла жүргізілді. Мұндай қадам оң нәтиже берді де. Айталық бір ғана «оқу үйлері» 1923 жылы мемлекет бюджет қарауында 7% үлес салмақ алса халық қолдауына 62,2 % болды.

Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер жұмысын ұйымдастыру жаңа құбылыс болғандықтан бір қатар обьективті қиындықтармен де ерекшелінеді. Ол: біріншіден басқа кеңестік республикалар сияқты Қазақстанға бұрынғы патшалық құрылымынан мектептен тыс мекемелер мұраға қалған жоқ, екіншіден мектептен тыс мекемелер құрылысының алғашқы жылдары Қазақстанда басқа республикамен салыстырғанда техникалық – экономикалық кемішін қалау жағыдайында іске асыруға тура келеді. Үшіншіден Қазақстан экономикалық мәдени даму жағынан әртүрлі деңгейдегі, әр сипаттағы тұрмыс салтпен өмір сүріп жатқан көп ұлтты республика болды. Сол себептен де мектептен тыс мекемелерді біріңғай түрдегі типке келтіру тіптен де мүмкін болмады. Осындай жағдай мектептен тыс мекемелер құрылысы олардың таралуы біріңғай жүйелік сипат алмады.

Мектептен ты мекемелер жұмыстарының формаларын, әдістерін жетілдіруде «Пионер қозғалысы туралы» РКП(б) Орталық комитетінің (24 тамыз 1925 ж.) қаулысның орны айтарлықтай. Осы қаулыдан соң 1925 ж. 12-ші желтоқсанда Республика халық ағарту комиссариатының «Қазақ ауыл балаларымен жас пионерлер арасында жүргізілетін тәрбие жұмысы формалары , әдістері және міндеттері туралы» циркуляры шықты. Онда жаңа жағыдайдағы мақсат – міндеттерге сай мектептен тыс мекемелердегі жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мына мәселелер: балалар тұрмысы мен қоғам өмірін ажырағысыз байланыстыруда,қоғамдық өмірді ұйымдастыру амалдарын жетілдіру жолдарын насихаттауда ұлттық рухани мұралар мен дәстүрлерді, жергілікті халықтың өндірістік – тұрмыстың озық дағды- амалдарын негізгі ала отыру қажеттілігі міндеттелді.



Мектептен тыс мекемелер жұмысын жетілдіруде «Пионер қозғалысының жағыдайы мен жуыр арадағы міндеттері» (25 маусым 1928 ж.) атты РКП(б) Орталық Комитетінің қаулысы да ерекше маңызға ие. Қаулыда пионер клубы құрылысы, жұмыс формалары, мазмұндарын жетілдіру мен қатар балалардың тұрғылықты мекен жайлары бойынша жұмысты ұйымдастыратын клубтарды ұйымдастыру қарастырылады. Мұнда клубтағы жұмыс формасының , оны ұйымдастырудың ерекшелігі кішілер мен үлкендердің шығармашылдық ынташылдығы мен ынтымақтастығына мақсаттылығына қалану қағидасы негізделеді. Осы қаулы негізінде Республика халық ағарту комиссариаты 1928-ші жылы мектептен тыс мекемелер жұмысы мазмұндары формалары мен әдістерін жетілдіру мақсатында мектептен тыс мекемелердегі «Клуб күні» жаңаережесін бекітеді. Ережеде «клуб күнінің» мақсат- міндеті, жұмыс жоспарын құру шарттары мен жолдары, ұйымдастыру мен өтілу тәртібі жан-жақты көрсетіледі. Ережеде клуб күнін, жалпы мектептен тыс мекемелер жүйесін қоғамдық өмірдің ұжымдық- дайындық мектебі ретінде, балалрдың өзін –өзі тәрбиелеуі мен білім толықтырудың әлеуметтік – педагогикалық құралы ретінде тану көзқарасын қалыптастыру негізделеді. Сөйтіп, ережеде мектептен тыс мекемелер жұмысына «шығармашылдықты дамыту» мен балалардың «өз күшіне әрекет ету» қағидасы негізделеді. Жалпы жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысы және одан кейінгі жуық жылдарда республикадағы мектептен тыс мекемелер құрылысында оның жұмыс формаларын, әдістерін жетілдіру мен ұйымдастыруда мазмұн қалау да демократиялық принциптер мен ұлттық педогогикалық бағыттардың белсенді ықпалы болды. Мұның басты себебі коммунистік партияның идеологиялық өктемдігі мен билігі әлі өз күш –қайратына, шарықтау деңгейіне жетпегендігінен, екіншіден жер –жерлердегі дербес әрекет жасау құқықтарының сақталғандығынан деп түсінген дұрыс. Сондықтан ұлттық мектептен тыс мекемелер типтері қызыметінде қарастырылған мезгілдерде гуманды- жаратылыс мазмұн сипаты басым болды. Мектептен тыс мекемелер құрылысы, ондағы жұмыс формаларын ұйымдастыруда тұтастай алғанда әлеуметтік әділеттілік пен ұлттық сана мен талап қажеттіліктерімен санасу және құрметтеуді басшылыққа алу қағидалары сақталады. Мектептен тыс мекемелердегі әлеуметтік әділеттікпен ұлттық қажеттерді есепке алу негіздерін қалауға сол уақыттардағы Қазақстандағы қоғамдық – педагогикалық ағымдағы ұлттық – рухани езгіге қарсы күрескен демократиялық – педагогикалық ағымның ұлы өілдері А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов , М.Дулатов, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедовтар, екінші жағынан көрнекті қоғамдық – саяси қайраткерлер мемлекет пен халық ағарту мәдениет салаларының ұлттық кеңестік жетекшілері Ә.Жангельдин, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, С.Садуақасов, С.Смағұлов, О.Жандосов, С.Асфендияров, С.Мендешовтар аса жоғары ықпал жасады. Ұлттық мәдениет ағарту мен рухани өсу жұмыстарын ұйымдастырумен жүзеге асыру мұратында қайраткерлікпен бар күш-жігер, білімдерін жұмсаған екі ағым өкілдері тарапынан дда орталықтың саясатын басшылыққа ала отырып бұрмалаушылықтың қандай түріне болса да жол бермеу мүдделері ұштастырылып жатты. Осындай тенденция мектептен тыс мекемелердің жаңа типтері формаларын, олардың тиімді түрлерін іздестіруді мақсаткерлік жолға қойды. Мектептен тыс мекемелерді қалау ісі басшылығындағы жасампаздың сипат, демократиялық ұстанымның сақталуы арқасында қысқа тарихи мерзімде әр- түрлі мектептен тыс мекемелер типтері өмірге келді әрі қызымет етті, дамыды. Бұл кезде балалар мен жасөсірімдердің әлеуметтік- демокрафиялық сипаттарына қарай ажыратылымды мектептен тыс мекемелер (мектеп- клуб, балалар клубы, жасөспірімдер клубы, қыздар отауы,бірлестіктері т.с.с) типтерін құру тәжірибесі де орнықты. Қалыптасқан оң саяси – әлеуметтік ақуал мектептен тыс мекемелер құрылысында халықтық –ынталық қозғалысты оятты. Халық – ынталық қозғалыстан өзіндік ерекшелігімен дараланған жекеменшіктік мектептен тыс мекемелер ( жекеменшік сауат ашу отауы, отбасылық Қызыл-отау, қарапайым – клуб, үйірмелер), клубтық бірлестіктер пайда болды. Мектептен тыс мекемелердің қоғамдық негіздегі түрі пионерлердің мәдени форпосты даму алды.

Алайда осы жылдарда мектептен тыс мекемелер жұмысын үйлестірумен басқару жүйесін жетілдіру мәселесіне үлес қоса бастаған қоғамдық ұйымдар, әкелік жастар одағы, «Балалар досы» қоғамы жұмыстарының жандануына Республикада үдеу алып келе жатқан қоғамдық- саяси ақуал мүмкіндік бермеді. Мектептен тыс мекемелердің қалыптасу кезеңі қоғамның әлеуметтік – саяси және экономикалық өмірін қайта құру кезеңімен тұспа – тұс келгендікен мектептен тыс мекемелер қызметі қоғам өмірі алға тартқан негізгі мәселеге ғана бағдар ұстанды. Олардың жұмыстарындағы басты бағыт еңбек- қоғамдық пайдалы жұмыс, сауатсыздықпен күрес, саяси ағарту жұмыстарын ұйымдастыру болды. Осы жағдай мектептен тыс мекемелердегі көпшілікті жұмыс формаларының ғана басымдығын жасады. Сондай – ақ Қазақстан үшін ерекше болған және регрестік сипат алған жұмыстың бірі ол жаңа өмір тұрмыс –салтын насихаттау бағыты болды. Дей тұрғанмен жиырмасыншы жылдары мектептен тыс мекемелер жұмыс формаларын, әдістерін, ұйымдастыру, міндеттермен мазмұн бағыттылығын анықтау және негіздеу мақсаттарын шешуде ізденіс жұмыстары жүргізілген кезең деуге болады.

Жиырмасыншы жылдардың соңында республикадағы қоғамдық – саяси, мәдени –ағарту, өнер, білім, тәрбие жұмыс салаларына саяси – идеологиялық қысым жасау басталды. Алғашқы репрессияға ұлттық демократиялық – педогогикалық ағымның ұлы шоғырлары А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов т.б ұшырады. Голощекиндік « мәдени революция» қалыптаса бастаған демократиялық принципті бұрмалады. Ұрпақ өміріне қайнар болған ізгілік қызмет формалары ойдан шығарылғансаяси қудалауға ұшырады. Өнердің ұлттық сипаты, тәрбиненің этно-педагогикалық түрлерімен амалдары өскелең өмір талабына жат саналды. Сөйтіп ұлттық тәрбие амалдарының әлеуметтік ізгілікті жолдары тәрбие жұмыстарынан шеттелді. Тәрбие жұмыс мазмұны үлкен өзгеріске ұшырады. Мектеп тен тыс мекемелерде халық табиғатына жат мазмұндағы іс – шаралар, ұйымдастырылды. Мал- мүлікті тәркілеу өнер мен әдебиетті саясатпен жасау т.б қысымдар рухани өмірдің құлдырауына апарады. Нәтижеде, мектептен тыс мекемелер жұмысына үлкен нұқсан келді. Бұл жағдай 1930 жылы сәуір айында Мәскеуде өткен Бүкілодақтық мәдени – ағарту қызметкерлері кеңесінде ашық айтылады. 1930-жылы 7- ші өлкелік партия конференциясы балалар қозғалысы мен мектептен тыс мекемелер материалдық – техникалық базасын жетілдіру шараларын белгілейді. Алайда қалыптасқан қоғамдық – саяси жағыдайдың тұрақсыздығы өркениеті бастамаларды аяқ асты қалдырды.

1932 жылы 21 сәуірде ВКП(б) Орталық комитетінің Бүкілодақтық пионерлер ұйымның 10-жылдық қызметіне арналған « Пионер ұйымдары туралы» арнаулы қаулысы қабылданды. Қаулы, кеңестер одағы территориясында біріңғай үлгідегі мектептен тыс мекемелер құрылысының жоспарлы іске асырылу тәртібін бекітті. Осы кезден бастап мектептен тыс мекемелерге орталықтанған партиялық басшылық толық орнығып, жергілікті дербес әрекет жасау құқықтар толық жойылды. 30-шы жылдары тап жаулары мен шет ел тыңшыларына, троцкистік – зиновьевшілдік содырларға қазақ ұлтшылдарына қарсы күрес, олардан елді тазалау шаралары мектептен тыс мекмелерге басқа тәрбие мекмелері сияқты саяси сенімсіздік туғызды. Осының салдарынан көптеген мектептен тыс мекемелер жабылады. Әлеуметтік –мәдениет саласында бұрмалаушылықиар, қиғаштықар ушықты. Ұлттық таным мен психологияға жат сырттан танылған тәрбие үлгілерін орнату шексіз күшіне енді. Мұндай қауіпті астарлы саясатқа алаңдаушылық білдірген қазақ зиялылары жаппай репрессияға ұшырады. Белгілі қазақ демократиялық – педогогикалық ағымның көсемдерінен кейін, көрнекті ақын – жазушы, ғалымдар Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Халел және Жания Досмухамбетовтер, М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердиев заңсыздық құрбандары болды. Көп кешікпей Л.И.Мирзоян, Т.Рысқұлов, О.Исаев, О.Құлымбетов,С.Мендешов, С.Қожанов, О.Жандосов, Т.Жүргенов көрнекті мемлекет, партия қайраткерлері, жазушылар С.Сейфуллинмен, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжанов, т.б әдебиет, өнер қайраткерлері ғалымдар репрессияға ұшырады. Жас ұрпақ өзінің ұлттық тәрбие көзінен толық ажырады.

Отызыншы жылдар соңында Қазақстанда мектептен тыс мекемелердің: көп салалы типтері жалпы қалыптасып, ал бір салалы типтері жаңадан пайда бола бастады. Осылардың арасында ең көп тарағаны оқушылардың жазғы демалыс базасы, яғни пионер лагерьлері болды. Жалпы Қазақстанда пионерлер легері 1925 ж. Ғана дүниеге келгенін ескерсек 30-шы жылдары лагерьлердің дамуында біршама жетістіктер болды. 1938 ж. Республик а бойынша 333, ал 1940ж. 438 лагерь жұмыс жасады. Қарастырылған кезеңде мектептен тыс мекемелер мәселесімен айналысатын ғылыми – әдістемелік орталықтың Қазақстанда болмауынан мектептен тыс мекемелер қызметін жетілдіруге бағытталған әдістемелік көмек көрсету жүйесі өте әлсіз болды. Ал орталықтан жіберілген (бағдарламалы мақсатты көмек көрсету материалдары) әдістемелік ұсыныстар (эпизодты) Қазақстан жағдайында үйлесімді қолданыс таба бермеді.

Қарастырылған кезеңге жүргізілген талдау мектептен тыс мекемелер жұмысының басты қағидасын: бұқаралық жалпыға бірдей қолжетімділік, өздігінен істеушілік, жұмыстық қоғамдық пайдалы бағыттылығы, жас ерекшелік пен әлеуметтік, демографиялық ерекшеліктермен есептесу принциптерінің басшылыққа алынғандығын айғақтайды.

Екінші кезең (1941-1964 жж.) мынадай басты ерекшеліктермен сипатталады.

Ұлы отан соғысының басталуына орай мектептен тыс мекемелер соғыс жағдайы талаптануына лайықты қайта құрылады. Мектептен тыс мекемелер жұмыстарын ұйымдастырудың бағдары 1941 жылғы 7-ші қарашада ВКП(б) Орталық Комитетінің "Жоғары класс оқушыларының әскери-дене шынықтыру дайындығы", КСРО Халық комиссарлары кеңесімен ВКП(б) Орталық Комитетәнәі 17 қарашадағы "Жоғары, орта оқу орындары студенттері мен орта мектептің жоғары класс оқушыларын ауыл-шаруашылық жұмыстарына оқыту" қаулыларында, Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатының 1941 ж. 15 шілдедегі "Отан соғысы жағдайындағы халық ағарту органдарының міндеттері ", 1942 жылғы "Оқушылардың ауыл шаруашылық жұмыстарына араласуы туралы" нұсқау хаттарында көрсетілді. Осы құжаттар мектептен тыс мекемелер жұмыстарының нақтылы практикалық сипат алуына негіз болды және жұмыстың мынадай бағыттары:



  • Мектеп оқушыларын қоғамдық-пайдалы еңбектерге жаппай тарту;

  • Оқушыларға халық шаруашылығына аса қажет саналған қосымша кәісби мамандық беру;

  • Қорғаныс қорын қалау, майдангерлербалаларымен от басына көмек беру патриоттық қозғалыстарына ұйтқы болу әрі үлгісін жасау;

  • Балалар мен жасөспірімдердің әскери-жауынгерлік дайындығымен біліктілігін көтеру, көпшілікті әскери-қорғаныс, әскери дене шынықтыру жұмстарын жандандыру ерекше қарқын алды. Соғыс жағдайындағы мектептен тыс мекемелер жұмысын ұйымдастыру тағы да мынадай ерекшеліктермен дараланды. Біріншіден мектептен тыс мекемелер санында күрт өзгеру болды. Мектептен тыс мекемелер уақытша эвакуацияланғандардың тұрғын жайларына, әскери госпитальдарға, аса мұқтаж халық-шаруашылық мекмелеріне тағы да басқа мақсатқа пайдаланылды. Мұндай жағдай мектептен тыс мекемлердің қызмет көрсету мүмкіндіктерін шектеуге апарады. Балалар тәрбие орталығының идеологиялық майдан шиеленісі кезінде өз төл функциясынан ажыратылуының дұрыс еместігі жұртшылық және үкімет пен партия тарапынан сынға түсіп кейін олар қайтадан қалпына келтірілді. Екіншіден бүкіл еліміз бойынша Қазақстанның дәнді дақыл және мал шаруашылық базасы болуына байланысты мектептен тыс мекемелер қызметі тікелей шаруашылық жұмыс орны басына көшірілді. Мұндай жағдай жұмыстың ұйымдастыру принциптеріне, формаларына, өтілу тәртіптеріне, әдістеріне және ұйымдастырылу құрылымына, қатысушылар құрамына үлкен өзгеріс жасады.

Жұмыстың ықшамды формалары дамыды. Үшіншіден мектептен тыс мекемелер жұмысының тікелей жұмыс орнына көшірілуі оның өмірімен байланысын нығайтты . Әрі нақты деректер негізінде жүргізілген іс шаралары еңбекшілер алдында олардың беделі мен рөлін көтерді. Төртіншіден мектептен тыс мекемелердің уақыт талаптауына сай оралымды жұмыс түрлерін табу, пайдалауну және жетілдіру ізденістері тек жергілікті тәжірбиелерге негізделеді.

Басқа республикалармен салыстырғанда соғыс ұйымдастырудың өзіндік бір ерекшелігі 8-12 жас аралықтарындағы еңбекшілер мен майдангерлер және эвакуацияланғандардың балалары үшін жазғы парасатты демалыспен сауықтыру шаралардың үздіксіз жүргізілуінде болды. Бұл жұмыс түрі тиімділігін арттыру ізденісі нәтижесінде жұмысты ұйымдастырудың жаңа формасы табылды. Ол балалардың санаторий типіндегі лагері еді. Балалардың демалыстарына қолайлы жағдай жасау мақсатына 1942 жылдан бастап оқушылардың оқу мерзіміне өзгеріс жасалды және ол географиялық климат жағдайына байланысты әртүрлі болды.

Соғыс жылдары Қазақстанға батыс аудандардан 149 балалар үйі, 16 интернат 21 мың балалар эвакуацияланды. Бұлардан басқа да соғыс өрті шалған республикалардан мыңдаған панасыз қалғандармен майдангерлердің балалары қосылды. Қазақстанда аралас мектептердің саны арты, окушылардың интернационалдық құрамы күрт өсті. Тек 1942-1943 оқу жылында 300 жаңа қазақ-орыс мектептері ашылды. Тоқсаннан астам ұлт өкілдері өмір сүрді. Осы обьективті жағдай Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің жасөспірімдер арасындағы достық қарым – қатынасты қалыптастыру мен оларды кеңестік интернационализм рухында тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруда ерекше жұмыс формаларын пайдалануға қозғау болады. Бұл жағдай Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер жұмысына тың сипат берді. Қорыта айтқанда соғыс жағдайынан Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер құлдырмай, шыңдалып шығады.

Соғыстан бүлінген халық-шаруашылығын қалпына келтіру жылдарының басында Халық ағарту комиссариаты құрылымына өзгеріс жасалды. "Мәдени-ағарту мекемелері ісі жөніндегі комитеттің" құрылуына байланысты Халық ағарту комиссариаты қарамағындағы бұрынғы көпшілікке арналған клуб типтес т.б. әлеуметтік-тәрбие мекемелер жүйесі тұтастай жаңа басқару құрылымының қарамағына өтеді. Ал, балалардың мектептен тыс мекемелері Халық ағарту комиссариаты басшылығында қалады. Реформаның ұтымды жағы басқару нысандарына жүргізілетін жұмыстың ықшамдалуына байланысты мектептен тыс мекемелерге жүргізілетін басшылық,бақылау,ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету т.с.с іс-шаралар оперативтілікпен қолайлы мүмкіндік қалау жағы көп артады. Ал,керісінше кемшілік жағы клуб мекемелеріндегі балалар секторы жұмысы Халық ағарту комиссариаты оның жергілікті басқару бөлімдері бақылауы мен көмегінен тыс қалады. Ал мұнын өзі балалар мен жасөспірімдер арасында орындалатын жұмыс формалары ажыратылуында басқару мен бақылау жүргізу,қажетті әдістемелік көмек көрсету,педагогикалық амалдарды жетілдіру,қолдану,ұйымдастыру шараларын іске асыруды қиындатты. Басқару жүйесіндегі салалық өзгерістен бұрынғыдай мектеп оқушыларын клуб типтес мекемелер қызметіне ауыстыру тәжірибесі тоқтатылды. Бұған негізгі себеп еңбек бөлінісіндегі теңсіздіктер болды. Нәтижеде реформаның ұрпақ тәрбиесін жетілдіру мәселесіне біршама кері ықпал жасады.



Халық шаруашылығын қалпына келтіпу жылдары мектептен тыс мекемелер санында кему тенденциясы орын алды.Оның басты себебі мынада болды:

  • Ауылдық селолық жерлердегі "Колхоз балалар үйлері" "Пионер клубтары" "Аудандық, қалалық пионер үйлері" болып қайта құрылады. Осы жағдай балалардың мектептен тыс мекемелерге жасайтын ұйымдастыру-әдістемелік басқару жұмыс жүйесін жетілдіру және оның функциясы арттыру мәселесін шешуді қажет етті. 1947 жылы қалалық және аудандық пионерлер үйі ережесі қабылданады. Пионер үйінің ағарту-тәрбие және ұйымдастыру-әдістемелік функциялары анықталды. Пионер үйінің ағарту-тәрбие және ұйымдастыру-әдістемелік функциялары анықталды. Пионер үйіне аудан, қала территориясындағы мектептердің де кластан және мектептен тыс жұмыстарына әдістемелік жетекшілік жасайтын ұйымдастырушы орталық мәртебесі беріледі. Мұндай жағдай мектептермен, мектептен тыс мекемелердің бірлесіп жүргізетін барлық жұмыс формаларының жаппайлық сипат алуына негіз болуы керек еді.Алайда, соғыс зардабын толық жою міндеттері ондай мүмкіндік бермеді.

Елуінші жылдардың басында ұсақ, рентабельді емес шаруашылықтарды ірілендіру реформасы жүргізіледі. Бұл реформа балалардың мектептен тыс жағдайдағы қызметтерінің ұйымдастырыулы мен жұмыс реттілігіне үлкен нұқсан әкеледі. Шаруашылықтарды ірілендіру, елді мекендердегі клубтардың қысқаруына душар етіп, олардың теңдестік принципте орналасуын бұзды. Сондай-ақтосы кездегі ойланбай жүргізілген реформаның бірі ауылдық-селолық "оқу-үйлерін" клубтармен алмастыру еді. Оқу үйі мектептен тыс мекеме қызметін атқарып келген кешенді құрылымы болатын. Мұндай реформалар балалардың рухани жетілуіне үлкен регресс жасады.Жіберілген кемшіліктер бірыңғай басқару апараты құрылымы жүйесінің әлі де толыққанды қаланбауынан болды. Мұндай қадамдар республиканың дәнді дақыл мал шаруашылық базасы болуына байланысты және де үкіметтің ауыл шаруашылығын механизациялау мен электрлендіру саясаты ықпалынада ұйымдастырыла бастаған агробиологиялық, агротехникалық, үйірмелік-тәірибе жұмыстарының қалып алуына тежеу болды. Бұл кезде мектептен тыс мекемелер қызметінде жүйелілік қалыптаспады. Мектептен тыс мекемелер қызметіне жүйелік сипат беріп жетілдіру үшін олардың торабымен типтерін ретке келтіріп, педогоикалық қызметкерлердің құқықтық статусын анықтау өте қажеттілік болды. Бұл қажеттілік шешімін тапты.1952 жылы КСРО Министрлер кеңесінің "Мектептен тыс мекемелер торабын ретке келтіріп типтік штаттар ендіру және қызметкерлердің жалақысын тағайындау туралы" қаулысы шықты. Осы қаулы негізінде мектептен тыс мекемелердің бірыңғай номинклатурасы белгіленіп қызметкерлердің құқықтық жағдайын анықталды. Бұл қаулы мектептен тыс мекемелер қызметкерлерінің кәсіби-біліктілік сипаттарын ажыратуға және оның ережелерін жасауға, әрбір қызметкерлердің өз төл міндеттерән айқын түсінуге және өзіне қойылатын талаптар негізінде 1953 жылы мектептен тыс мекемелер ережесі қабылданады. Онда жалпы тәрбие жүйесіндегі балалар мекемелерінің орны мен рөлі, жұмыс бағыты мен мазмұны,формасы мен әдістері, міндеттері толықтырылып, қызметкерлердің педагогикалық сапалық белгілерін ажырататын критерлер, кәсіби біліктілік сипаттар анықталды.Ереже мектептен тыс мекемелер қызметін жетілдіруде үлкен рөл атқарды. Мектептен тыс мекемелер қызметінің жетілуіне СОКП-ның он тоғызыншы съезінің үлкен ықпалы болды. Съезде қабылданған халық шаруашылығын дамытудың кезекті бесжылдық жоспарында мектептерді жалпыға бірдей политехникалық оқуға көшіру, оқудағы теория мен тәжірибені ұштастыру талаптары қойылдыү Осы талап негізінде мектеп және мектептен тыс мекемелер маңынан учаскерлер бөлініп онда агробиологиялық, агротехникалық үйірме-тәжірибелік жұмыс түрлері жандану алады. Үйірмелік жұмыстармен учаскелердегі тәжірибелерде республика жағдайында оның халық шаруашылығының негізгі саласы ауыл шаруашылық ерекешілігіне сай оқушыларға ауыл шаруашылық салалық өндіріс негіздерін таныстырумен қатар оларды өмірде қолдану амалдарын меңгеріп жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер ашылды. Респбликада балалардың салалық мазмұндағы кәсіби клубтық бірлестіктері ұйымдастырылады. Олардың жұмыстарының ұйымдық-мазмұндық формалары, әдістері балалар баспасөз беттерінде жарияланып озық тәжірибелерді насихатау басталады. Пионер дружиналарында ауыл-шаруашылық үйірмелер артып колхоз, кең шарлардағы қолқабыс жұмысы қалыптасады. Мектептен тыс мекемелерде балалардың ғылыми танымдық құштарлығын дамытуға бағытталған жаңа жұмыс формалары пайда болды.Оқушылардың таңбалы ғылыми салалары бойынша олимпадаларын, байқауларын өткізу дәстүрге енеді.

Республикадағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың оңалуы мектептен тыс мекемелердің материалдық-техинкалық база қорының жетілуіне жағдай жасайды. Әсіресе тың көтерілген обылстарда, аудандарда жаңа үлгімен салынған мектептен тыс мекемелер қатары өседі.Айталық, 1956 жылғы мәліметте Ақмола мен Қостанай обылыстарында жаңадан тұрғызылған әмбебеап және балалар кітапханаларының жалпы саны 1140 жетсе Көкшетау обылысында 330 клуб типтес жаңа мекемелер қатарға қосылады. Мектептен тыс мекемелердің базасын нығайту халықтың ынта негізінде де жүргізілді. Мысалы 1956-1961 жыл аралығында Қазақстанда халықтық құрылысы әдісі мен 1050 клуб типтес оның ішінде 300 жуық пионерлер үйімен балалар клубы, 591 әмбебап көпшілікті кітапханалар тұрғызылды. Мектептен тыс мекемелердің дамуына елуінші жылдардың екінші жартысында ауыл-село әлеуметтік-мәдени өмірін көтеру міндеттерінің қойылуы да игі әсер жасады. Қазақстан Жастар Одағының Қазан республика оқушылары мен жастарының "Ауыл мәдениеті үшін" жорығында жүздеген мектептен тыс мекемлермен басқа да әлеуметтік тәрбие мекемлері әр түрлі жөндеуен өтеді. Мектептен тыс мекемелер жұмысын жаңа формаларымен әдістері өндіріске енгізіледі және жүздеген көркемөнерпаз, техникалық шығармашылық т.б. үйірмелер ұйымдастырылады. Мәдениет жорығы эстафетаға ұласады. Эстефета барысында да көптеген мектептен тыс мекемелер т.б. мәдени ошақтар құрылысы аяқталып, ауылдық-селолық спорт алаңдары салынып, демалыс саябақтарының орны қаланады. Бұл кезең ерекшелігі сондай-ақ мектептен тыс мекемелерде қоғамдық пайдалы қызмет көрсетудің жаңа формаларының пайда болуыментде дараланады. Қоғамдық пайдалы қызмет көрсету бастамасы негізінде мектептен тыс мекемелердегі Тимуршылар қозғалысы кең өрлеу алды. Тимуршылар жұмысы ажыратылымдық принципке құрылғандықтан олардың міндет мақсаттары, жұмысты ұйымдастыру формалары, әдістері әр түрлі болды. Қоғамдық негізіндегі қызмет түрлерін көрсету бастамасы Қазақстан үшін жаңа әрі қызықты әскери-патриоттық клубтардың ерекше түрлерін, жұмысын дүниеге әкелді. Әскери-патириоттық жұмыс түрлерінің танымалдылығы белгілі кіші топтары пайда болды. Осы қоғамдық қызмет көрсету қозғалысының өрлеу алуы қоғамдық негіздегі балалардың мектептен тыс мекемелерінің пайда болуына ықпал жасайды. Қазақстанда "қоғамдық балалар кітапханалары" даму алды. Алғашқы пайда болған 1958 жылдың өзінде республикада 134 балалардың қоғамдық кітапханалары жұмыс жасады. Олардағы кітап қоры 40 мың данадан асқан.



1958 жылы 24 желтоқсанда КСРО Жоғары кеңесі "Мектеппен өмірдің байланысын нығайту және КСРО-да халық ағарту жүйесін одан ары қарай жетілдіру" Заңын қабылдайды. Осы мазмұндас Заң Республикада да қабылданды (1959 ж.) КСРО Жоғары кеңесі қабылдаған осы Заң негізінде В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық пионер ұйымы орталық кеңесі Жоғары кеңес қабылдаған заңға байланысты "Мектептен тыс мекемелер жұмысын жақсарту туралы" (1959 ж.) қаулы қабылдады. Осы қаулы мектептен тыс мекемелер қызметінің түбегейлі қайта құрылуына оның қалың жұртшылық, мектептермен байланысының нығая түсуіне ұйымдастыру-әдістемелік орталық ретіндегі рөлінің артуына үлкен негіз болды. Мектептен тыс мекемелер қызметіне оқушылардың тәрбие жұмысы жаңа мазмұн, бағыт алады. Оқушыларды пайдалы қоғамдық еңбекке тарту (сенбіліктер, жексенбіліктер т.б.) ауыл шаруашылық тәжірибелерінен өткізу формалары жетілдіріледі. Мектептен тыс мекемелер мақайындағы оқу-тәжірибелік учаскедегі үйірмелік, тәжірибелік жұмыс түрлерінен ауыл шаруашылық өндірісті жұмыс циклынан толық хабар беретін, біліктілік дағды қалауға үйрететін жұмыстың күрделі түрлері оқу-өндірістік учаскелер, оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-өндірістік шаруашылықтар (мектеп-совхоз)даму алады.Осындай қоғамдық пайдалы жұмыс түрлері бұқаралық еңбек мерекелерінің (алтын күз,дән мерекесі т.б)кен даму алуына мектеп,мектептен тыс мекемелерде ауыл шаруашылығы еңбек өнімдері ілгері қойылған көрме бұрыштардың ұйымдастырылуына негіз болды. Ауыл шаруашылығы өндірісті еңбек тәжірибесін ұйымдастыру және жетілдіру өмірге маусымдық еңбек және демалыс лагер түрлерін әкелді.Мектептен тыс мекемелер қатарын толықтырған осы маусымды оқушылар лагері өндірісті еңбек,парасатты демалыс,білім мен тәрбие беру жұмыстарын ұштастыра ұйымдастырудың ең тиімді әрі пәрменді формасы болды. Мектептен тыс мекемелер оқушылардың ауыл шаруашылық өндірісті еңбекті,тәлім-тәрбие жұмыстарын және демалыстарын ұйымдастырудың формаларын,әдістерін жетілдіру,көмек көрсету мақсатында оқушылар бригадалары,еңбек және демалыс лагері,тағы да басқа бірлестіктер жұмыстарына байқау,конкурс жүргізу,ғылыми-теориялық конференциялар өткізу дәстүрін енгізді.Мектептен тыс жұмыс сапасының жетілуі,мектептен тыс мекемелердің оқушылар қалың қауымына жасайтын ықпалының артуы,мектептен тыс мекемелер ережесіне толықтырулар,өзгертулер енгізуді талапқа қойды.1960жылы қазақ КСР-інде мектептен тыс балалар мекемелерінің жаңа ережесі қабылданды. Ережеде мектептен тыс мекемелердің ағарту-тәрбие ,ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарда қол жеткен жетістіктері атала келе жаңа жағдайға орай әсіресе политехникалық және өндірістік оқу мазмұнына жасалған үлкен өзгеріске және оған барлық жағдайды жасау талаптарына сай міндеттер артылады.Осыдан бастап мектептен тыс мекемелер барлық оқушылармен жұмыс жүргізуге міндетті болды.Мектептен тыс мекемелердің жаңа міндеттеріне сай жоғары класс оқушыларының мектептен тыс қоғамдық өзін-өзі басқару бірлестіктер ретінде әр түрлі әуесқой және ынтызарлық клубтарды барлық әлеуметтік-тәрбие жәнее мәдени мекемелері жанынан ұйымдастыру шаралары іске асады.

Қарастырған кезен ерекшелігіне мектептен тыс мекемелердегі жас натуралистер қозғалысының қарқын алғанын жатқызуға болады.Осы жас натуралистер қозғалысын мектептен тыс мекемелердің үлкен қолдау көрсетуі олардың жұмыс формаларын жетілдіру және натуралистік сипаттағы нышандық(символикалық)көпшілікті мерекелерді(құстар күні,орман күні,бау-бақша,достар күні,гүлдер күні,т.с.с)дүниеге әкелді. Әр түрлі байқаулар мен көрмелер,туристік жорықтармен экскурсияларды ұйымдастыру дәстүрлі сипат алды.

Республикадағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың оңалуы халықтың әл-ауқатын түзелуі мектептен тыс мекемелердің ұйымдастыру-әдістемелік қызметінің де жетілуіне он ықпал жасады. Мектептен тыс мекемелерге арналған әр түрлі көлемдегі әдістемелік нұсқаулар мен көрсеткіштер қазақ тілінде шығарылады. Мысалы "Мектеп маңайындағы учаскелердегі жұмыс мазмұны мен әдістері" – Алматы. 1954. 178-б. Оқушылардың мектеп теплицасындағы оқу-өндірістік және тәжірбиелік жұмыстары. – Алматы. 1959. 222-б.(Авторы Абай атындағы ҚазПИ-дің аға оқытушысы Х.С.Байда), "Жас малшылардың үйірме жұмыстары туралы" – Алматы. 1956ж. 112-б. Мектептен тыс мекемелер кадрларының сапасын көтеру, жаңа кадрлар дайындау мазмұнына өзгеріс жасау мәселелері қарастырылады. Жер-жерлерде мамандардың біліктіліктерін көтеру үшін қысқа мерзімді оқу курыстары ұйымдастырылады. Жоғары оқу орындарында қоғамдық проыессия факультеттері ашылып қоғамдық негізде мектептен тыс мекемелері қызметкерлері даярланады. 1958 жылдан бастап барлық облыс орталықтарынан мектептен тыс мекемелердегі көркем өнер үйірмелеріне жетекшілер даярлайтын арнаулы мектептер ашылды. Елуінші жылдардың соңында пайда болып, үлкен қарқынмен даму алған халық университеттерінің де мектептен тыс мекемелер қызметкерлері тәжірибелері мен теориялық біліктіліктерін көтеруде өзара тәжірибе алмасу мен жергілікті тұрғындар алдында есеп беру тәжірибесінің орнығуыда маңызға ие болды. 1957 жылдан бастап тұрмысқа енгізілген мектептен тыс балалар мекемелері байқауы да қызметкерлердің шығармашылдық қабілеттерін арттырып, біліктілік дағдылар қалауына үлкен септік жасайды. Мұндай байқауларды балалар мен пионерлер ұйымдары мерекелері құрметіне өткізіп тұру дәстүрге енді. Байқаулап метептен тыс мекемелер жұмыстарының өндіріс орындары, колхоз, кеңшар өмірлерімен байланысын қалауға, әрі нығайтуға негіз қалады. Осы кезде мамандырылған мектептен тыс мекемелері үшін де ұйымдастырушылық-әдістемелік, нұсқау-әдістемелік орталық қызмет көрсету жүйесі де жетілдірілді. 1959 жылы Республикалық жас техниктер ал, 1961 жылы Республикалық балалар экскурсиялық-туристік стансалары құрылады. 1964 жылы ҚазКСР Министрлер кеңесінің қаулысына сай ҚазКСР мәдениет министрлігі қарамағындағы балалар саз мектебі Республика ағарту министрлігі қарамағына берілді.Қарастырылған кезеңде мектептен тыс мекемелердің жетілуіне Қазақ ұлттық өнеріндегі ірі жетістіктер де әсер етті. Ұлттық саз өнерінің ұлы өкілдері Ә.Еспаев, Ә.Бәйділдаев, М.Төлебаев, Б.Байқадамов, С.Кәрімбаев, Б.Жамақаев, Л.Хамиди, Е.Брусиловский, С.Мұхамеджанов, Ш.Қалдаяқов т.б. шығармалары оқушы жастар арасында кең танымал болды. Балалар мен жасөспірімдердің ән орындауышылық өнері дамып оның хор жанрына қызығушылық үлкен қарқын алды.

Мектептен тыс мекемелер қызметін жетілдіруге және оның мектеппен байланысын нығайтуда жалпыға міндетті сегіз жылдың еңбек-политехникалық (1964 ж.) оқу мектебі жүйесіне көшу міндетті, мектептегі оқу мазмұндарында жасалған сапалық өзгерістер де үлкен ықпал етті. Осындай жағдайлар 1960-64 жылдар аралығында ұрпақ тәрбиесінің мемлекеттік жүйесіне қарайтын өзін-өзі басқару принципімен жұмыс жасайтын балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық тәрбие формаларының қалыптасып,даму жолына түсуіне негіз қалады. Әсіресе осы кездегі жоғары класс оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарына ерекше мән берілу жұмыстың жаңа формаларымен қатар тарихи ұмыт қалған жұмыс формаларында қайта жаңғыртады. Жоғары класс оқушыларының әр түрлі мазмұндағы клубтары,пионер клубы,оқушылар клубы,октябрьяттар клубы атты балалардың ерікті бірлестіктер пайда болды,қоғамдық қолдау алды. Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жұртшылық,педагогикалық ұжымдар мәселесіне айналады. Сайып келгенде қарастырған аяғында(1964ж)балалар тәжірибесіне мектеп,мектептен тыс мекемелер ,жұртшылық қоғамдық ұйымдардың өзара бірлесіп әрекет жасау жүйесін қалаудың негізі пайда болып тәрбие ісіне сабақтастық үздіксіздік сипат беру амал жолға қойылады. Сонымен қатар бұл кезде үлкен қателіктер болды. Протеларлық интернационализм идеясын әлемдік өркениеттілік рөлін көрсетуде идеологиялық сыңаржақтылыққа ұрыну етек алды. Ұлы орыс халқының жетекшілік рөлі ортақ тіл(орыс тілі)мәртебесі асыра дәріптеленді. Осыдан тәлім-тәрбие жұмыстарының ұлттық түрлері тежеуге түсіп,олардың теңдестік принципі бұрмаланды.Қазақ халқының (кіші халықтардың да)ұлттық болмысына қиянат жасалды.Ұлттық мектептер жабылды,жүз мыңдаған ұрпақтар ана тілінен ажыратылды.Қазақстанда тың игерілген облыстарда тұрғызылған жаңа үлгідегі мектептен тыс мекемелер республика балалары атынан мақтанышпен дәріптелді.Ал,республиканың басқа облыстарындағы мектептен тыс мекемелердің таралуы,оларды орналастырудың демократикалық теңдестік принципіне сай жүргізіледі.Осылайша қарастырылған тұр кезенінде Қазақстанда рухани өмір саласында теңсіздік орын алды,ал ол ұлттық теңсіздікті орнатып,ұлттық рухани мәдени игіліктерді жасау,тұтыну жіне тарату мүмкіндіктеріне шектеу жасады. Мұндай қалыпты құбылыс жас ұрпақтар арасынан ұлттық игі істер қатарынан өсуіне қолайлы жағдай жасады. Идеологоиялық теңдіктің қарқын алу тенденсиясы басталды.

Үшінші кезеннің басты ерекшелігі бұл уақыт бөлігінде отандық өндірістік күштін дамуында ірі табыстар болды. Ғылым-техникалық революциясы жетістерін шаруашылық жүйесінде қолданудың мүмкіндіктері қаланды.

Кеңес халықтарының әлеуметтік-тұрмыс жағдайы айтарлықтай көтерілді. Бұл кезең уақыт бөлігінде қала мен село, ауылдардағы әлеуметтік жіктер мен таптар, ой еңбегі мен дене еңбегі арасын жақындатуда, экономика мен рухани-мәдени өмір саласында халықаралық интерграцияға қол жеткізуде үлкен алға жылжушылық болды. Осында мүмкіндіктер қысқа тарихи уақыт аралығында жалпыға міндетті сегіз жылдық мектептегі оқуды жүзеге асырып, оның базалы негізінде онжылдық орта білім беру мектебіне толық көшу жоспарларының орындалуына алғы шарт қалады. Нәтижеде мектептен тыс мекемелердің де әлеуметтік рөлі артып, материалдық-техникалық базасының жетілуіне және одан әрі дамуына табиғи жағдай қалыптасты. Мектептен тыс мекемелер өміріне үлкен әсер жасаған үкімет пен партияның мынадай "Жалпы орта білім беру мектептері жұмыстарын одан сайын жақсарта түсу шаралары туралы" (1966 Ж), "В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық пионер ұйымының 50-жылдағы туралы" (1972ж.), "Жастардың жаппай орта білім алуға көшуін аяқтау және орта білім беретін мектептерді одан әрі дамыту туралы"(1972 ж, )"Селолық жалпы білім беретін мектептердің жұмысын одан әрі жақсартудың шаралары туралы" (1973), "Белоруссия партия ұйымдарының иделогоия кадрларын тәрбиелеу және орналастыру жұмыстары туралы"(1974 ж),"Жалпы білім беретін мектеп оқушылыарының оқу-тәрбие жұмыстарын одан әрі жетілдіру мен оларды еңбекке дайындау туралы" (1977 ж.) қаулылары қабылданды. Мектептен тыс мекемелердің жұмыстарын ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдірудің тиімді жолдарын табуға оның фунцияларының толығуына әсіресе КОКП-ның кезекті 24-ші съезінде "жан-жақты жарасымды тұлағ қалыптастыру" міндетінің анықталуы мен оны шешудің (25 съезд) нақты жолдарының көрсетілуі үлкен практикалық рөл атқарады.

Үкімет пен партия қаулылары және съезд шешімдері міндеттерін орындау мектептен тыс мекемелер мен мектептердің, қоғамдық ұйымдардың , мекемелердің, әлеуметтік тәрбие институттардың, жалпы жұртшылықтың өзара байланысын, пактикалық іс-әрекеттерін үйлестіріп нығайтты. Соның негізінде ұрпақ тәрбиесінде кешенді амалға көшу идеясы жасалды және жетілдіру мынадай күрделі:


  • Қолдағы бар барлық материалдық-техникалық базаны интеграциялау;

  • Ортақ жоспар негізінде жұмыс жүргізу;

  • Үйлестіруші кеңестер жұмысының құрлымдық-ұйымдастыру негізін нығайту, басқару функциясын жетілдіру және орнықтыру сияқты міндеттерді жүзеге асырды. Үйлестіруші кеңестік әдістемелік ұйымдастыру қызметінің үздіксіз күшейтілуі оқу-тәрбие процесінің үзіліссіздігін қамтамасыз етудің кепілі болды.

Қарастырған кезең ерекшелігінің бірі балалардың қол бос уақыт бюджетінің артуына байланысты олармен жүргізілетін тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жаңа формасын табу оны жүзеге асыру болды. Балалардың 70-ші жылдардағы бір жылдағы демалыс күндері 170 күнді алды. Олардың жалпы уақыттарының 3/2 бөлігі метептен тыс жағдайда өтті. Осы жағдай мектептен тыс кезде балалармен орындалатын жұмысты толықтырудың жолы тұрғылықты жер бойынша мектептен тыс мекемелер жұмыс формаларын ұйымдастырудың тиімділігі көрсетті. Балалардың тұрғылықты жерлері бойынша қйымдастырылған үйірмелік және клубтық сан-салалы жұмыс формалары ерекше даму алуымен және пәрменділігімен ғана емес, қысқа уақыт аралығында орынқтылық сипат алуымен дараланды.

Қарастырылған кезеңде мектептен тыс мекемелер жұмыс мазмұнын байыту ізденісінде үлкен жетістіктер болды. Балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-танымдық құштарлығы мен ынтызарлығын дамытудың күрделі жаңа формалары: ғылыми-тероиялық конференциялар, шығармашылық клубтық бірлестіктер, ғылыми қоғамдар т.б. даму алды. Мектепте және мектептен тыс мекемелерде әр түрлі ғылым-мәдениет саласы бойынша ұйымдастырылған факультативтік курс жұмыстары жүргізілді, олардың танымалдылығы артты.



Кезеңдегі әлеуметтік-экономикакалық оң өзгерістер метептен тыс мекемелер қызметін ғылыми-әдістемелік материалдармен лайықты қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Мектептен тыс мекемелер Мекемелер жұмысының педагогикалық бағыттылығын қамтамасыз ететін үйірме, клуб жұмыстарына арналған бағдарламалар, әдістемелік құралдар мен нұсқаулар, көрнекі құралдар жеткілікті шығарылды. Оларды жаңартып, толықтырып отыру жүйелік сипат алды. Мектептен тыс мекемелер қызметін ұйымдастыру үлгісі, олардағы жұмыс формалары мен әдістер, мазмұндарды құру, жетілдіру жолдары туралы ғалымдардың, практиктердің, қоғамдық ұйымдар жетекшілерінің ғылыми-көпшілікті еңбектері жарық көріп жатты. Мектептен тыс мекемелердің ұйымдастыру-әдістемелік және нұсқау-әдістемелік қызметі жетілді. Аудандық, қалалық оқушылар мен пионер үйлерінде пионер вожатый, отряд жетекшілері біліктіліктерін көтеру, пионер,комсомол белсенділерін дайындау жұмыстары жүйелік сипат алды. Пионер үйлері қызметкерлері Халық ағарту бөлімдері әдістемелік кабинеттері мен оқытушылардың білім жетілдіру институты мамандарымен бірлесе отырып мектеп, мектептен тыс мекемелер үйірме және клуб жұмыстары жетекшілеріне үздіксіз әдістемелік жәрдем ұйымдастырады. Мектептен тыс мекемелер жұмысы тәжірибелерін талдау мен жинақтау, олардың озық үлгілерін насихаттау жұмысы даму алды. Мектептен тыс қызметкерлерге арналған тақырыптық-проблемалық семинарлар өткізу дәстүрге айналды. Ата-аналарға педагогикалық білім беру жұмыстары жанданады. Олардың формалары жетілдірілді. Ата-аналар университеті өмірге келді. Жалпы қарастырған кезенде мектептен тыс мекемелер қызметінде оның инструкторлы-әдістемелік жұмыс үлесі артады. Бұл жан-жақты тұлға тәрбиелеу міндетінен және оны орындау жолында мектептен тыс мекемелердің тәрбие процесіне басымдылық бергенін аңғартады. Қарастырған кезеңдегі мектептен тыс мекемелердің коммунистік тәрбие жүйесіндегі рөлінің артуы оны ғылыми-іздену нысанына айналдырды. Жалпы бұл кезеңді Кеңестер Одағында мектептен тыс мекемелер жұмысы педагогикасы мен методикасын жасау оны жетілдіру мақсатын өте пәрменді қолға алған кезең деуге болады. Мектептен тыс мекемелердің жекеленген типтеріне арналған диссертациялық еңбектер қатары көбейеді. Айталық оқушылар мен пионерлер лагерінің қызмет мәселесіне одақтық республикалар тәжірибесінен 20-дан астам диссертациялық жұмыстар орындалған. Сондай-ақ бұл кезде мептептен тыс мекемелердің мектеп, әлеуметтік-тәрбие институттары, қоғамдық ұйымдар, мекемелермен бірлесіп қызмет жасау жүйесі оның мәне және жетілдіру проблемарына да ондаған диссертациялық жұмыстар орындалды. Алайда бұл кезеңде Қазақстан тәжірибесінен тек бір ғана диссертациялық жұмыс орындалды. (Ибрашева Л.К). Қарастырылған кезенде мектептен тыс мекемелердің жаңа жұмыс бағыттары пайда болды. Солардың арасынан экологиялық ағарту мен тәрбие жұмыс бағыты ерекшелігімен дараланды. Алпысыншы жылдардың соңында оқушылардың елді мекендерді көгалдандыру, бақ өсіру, ағаш өсіру жұмыстарына белсене араласуы дәстүрге айналады. Мысалы 1967 жылы республика бойынша мектеп оқушылары күшімен 7 млн түп ағаштармен, бұталы екпе өсімдіктер, тал-шілік отырғызылып, орман алқаптары салынады. Жер-жерлерге кеңестік бұқаралық қоғамдық-саяси т.б. мерекелер құрметіне қалалар мен кеңшарлар, колхоздардың, мектеп , мектептен тыс мекемелер маңайларын көгалдандырудың, бау, ағаш өсіру, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың және дамытудың бес жылдық жоспарлары қабылданады. Жұмыстың бұл бағытындағы шаралардың орындалуы “Табиғаттың жас достары” қозғалысының үлкен ықпалы болды. Бұл патриоттық бастама балалардың физикалық және өнегелі тәрбиесін жетілдіру де үлкен рөл атқарды. Табиғатты қорғау және дамыту қозғалысының өріс алуына негізгі қозғаушы күш болды. Табиғаттың жас достарының қоршаған ортаны абаттандыру мақсатындағы қоғамдық пайдалы жұмыстар мен парасатты демалыстарын және қол бос кездегі қызметтерін кезектестіруді жүйелі ұйымдастыру мақсатында “Жас табиғат достары еңбек және демалыс лагері ” пайда болды. Лагерь қоғамдық –пайдалы жұмыс пен ұйымдасқан демалыс процесінде мектептің оқу тәрбие мақсатын жүзеге асыру, оқушылардың шығармашылық құштарлығы мен қабілеттерін дамыту, табиғатқа және ағаш өсіруші бағбан кәсібіне сүйіспеншілікті дамыту, балалардың денсаулығын нығайту, табиғат қорғау мәселесіне қоғамдық пікір қалыптастыру шараларын насихаттау орталығына айналды. Бұл лагерь мамандандырылған қоғамдық негізде ұйымдастырылған мектептен тыс мекемелердің жаңа типі болды. Бұл баста қоғамдық негіздегі мектептен тыс мекемелер жүйесінің қалыптасуына және дамуына үлкен әсер етті. Осыдан соң жас өлке танушылар мен натуралистер мектеп, мектептен тыс мекемелерде өлкетану мұражайын, бұрыштарын жаппай ашуды бастайды. Қоғамдық мектептен тыс мекемелердің осы мұражай типі өте қарқынды даму алады. Мысалы жетпісінші жылдардың басында республикада 1122 өлкетану мұражайы болды. Балалардың туристік, өлке тану, іздену жұмыстары нәтижесінде жиналған құжатты және заттық-айғақты материалдарын есепке алу, сақтау және демнстрациялаудың ең жақсы формасы, қоғамдық мұражай экологиялық тәрбие, туристік және өлкетану жұмыстарын дамытуда маңызды рөл атқарды. Қарастырылған кезең ерекшелігіне сондай-ақ мектептен тыс мекемелері еңбек тәрбиісі формаларының арасында кәсіптік бағдар жұмысының ерекше сұраныс тауып, кең қолдау тапқанын және оның сан түрлі формаларының пайда болғандығын қосуға болады. Мектептен тыс мекемелердегі балалар мен жас өспірімдер арасында дене тәрбиесі жұмыстарының мынадай жаңа “Былғары доп ” , “Алтын шайба ” , “ Нептун ” , “ Ақ ат” , “ Таңғажайпы дойбы” т.б спорттық клубтары осы кезеңде өмірге келді және дамыды. Сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарының жаппай көпшілікті жұмыс формалары (“Қызыл ізшілер” , “Зарница” , “Орленок ” ) балардың ең сүйікті тәрбие жұмыс формасына айналды. Қарастырған кезеңді балармен жас өспірімдердің эстетикалық тәрбиесінде бұрын-соңды болмаған өрлеу дәуірі болған кезең деп айтуға болады. Қорыта келгенде егерде алдыңғы кезеңде әсіресе оның соңғы сатысында мектептен тыс мекемелер негізінен үйірмелер мен клубтардағы жұмыстар арқылы оқушылардың танымдық құштарлығын, қабілеттерін дамыту, техникалық шығармашылдықтың қарапайым дағдыларын қалыптастыру жұмыс түрлерімен шектелсе, келесі үшінші кезеңде жұмыстың мынадай: көппрофильді еңбек (қоғамдық пайдалы жұмыс, өнімді еңбек, өзін өзі қызмет етушілік), ғылыми-техникалық шығармашылық және тәжірибелік, экологиялық, көркемөнерпаздық, өлкетану, дене тарбиесі және сауықтыру түрлері аса басымдықта дамыды және олардың өзара тығыз байланыстылығы қаланды. Аталған барлық жұмыс бағыттарында жұмыс формалары мен мазмұндары үнемі жаңартып, байып отырды. Әсіресе бұл кезең жұмыстың бұқаралық формаларының жаппайылық сипат алуымен дарланады. Оған кезеңдегі бұқаралық қоғамдық-саяси мерекелерге дайындық ( Қазан ревалюциясының 50-60 жылдықтары, комсомол-пионер ұйымдарының 50 жылдығы, ұлы жеңістің 30 жылдығы, жаңа Конституцияны талқылау және қабылдау, В.И.Лениннің 100-110 жылдықтары т.б.) пен өткізудің мақсат міндеттері, мазмұн-сипаттары себеп болды. Қашанда тәлім-тәрбие жұмыс саласы білікті мамандар қатарының жеткілікті жағдайда болуына тікелей тәуелді. Үшінші кезеңде балалар мекемелерін сапалы педагогикалық арнаулы білімі бар кадрлармен толықтыру іс жүзінде сын көтермейтін жағдайда қалып отырды. Қазақстан үкіметі мектептен тыс мекемелер қызметкерлері санын 1960 жылғы 1,8 мыңнан 1975 жылға дейін 2,5 мыңға, ал 1980 жылға дейін 2,75 мыңға жеткізуді жоспарлаған болатын. Оның ішінде мектеп, мектептен тыс мекемелердегі көркемөнер ұжымдары үшін жоғары білікті кадрлар санын 1970-ші жылға диін 600-ге өсіру қарастырылды. Жоғары білікті кадрлар даярлау саясатында көркемөнер шығармашылығына жетекшілік жүргізетін мамандар даярлану біршама шешімін тапты. Қазақ қыздар, Қызылорда педагогикалық мәдениет институты ашылып, онда әуесқой хор, халық аспаптары оркестрлері жетекшілерін даярлау басталды. Алайда мектептен тыс мекемелерде жұмыс жасайтын арнаулы педагогикалық мамандығы бар кадрлар даярлау сол күйінде шешім таппады. Мектептен тыс мекемелердегі жұмысқа педагогикалық педагогикалық білімі бар оқытушылар, тәрбиешілер мен қатар ғылым, техника өндіріспен шаруашылықтың түрлі сала мамандары тартылды. Алайда педагогикалық базалық-профильдік білімі жоқ кадрлар белгілі бір саланың жоғары білікті маманы бола тұрғанымен мектептен тыс мекемелер жүйесі алдында тұрған педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне қол жеткізе алмады. Өйткені мектептен тыс мекемелердегі педагогикалық процестің нәтижесі тандаған салалық қызметтің қаншалықты жоғары білгір маманы болуына ғана емес, қол бос дағдайдағы балалар әлеміне, психологиясына педагогикалық амалдарды қолдана білуге, коллективтегі өнегелі хал-ақуал жағдайын қалыптастыра білу шеберлігіне байланысты келеді. Сондықтан да мектептен тыс мекемелер педагогы қызметінің өзіне аса тән ерекшеліктерінен хабарсыз мамандар тұрақтап қала алмады. Екінші жағынан мектеп, мектептен тыс және мәдени-ағарту мекемелерінің қоғам өміріндегі орны мен рөлін үкімет мойындай отыра оларды қашанда “ қалдық принцепі” бойынша қаржыландырды. Осыдан мектептен тыс мекемелердің материалдық-техникалық базалық жағдайы балар мен жасөспірімдердің сұранымын , құштарлығын қанағаттандыру деңгейінен төмен жатты. Мұндай жағдайда кадрлардың тұрақтануына кері ықпал жасады. Мектептен тыс мекемелердегі ғылыми-практикалық үйірме жұмыстары бір тілде , яғни орыс тілінде ғана жүргізілді. Нұсқау-әдістемелік және ұйымдастыру-әдістемелік құралдар ( орталықтан келетіндерді қоса алғанда) тек орыс тілінде ғана шығарылды. Бұл қалыптасқан жағдай ұлттық мектептерде оқитын балаларға біршама психологиялвқ қиындықтар туғызды. Өйткені өндірістік тілдің оқу-жаттығу тілімен үйлесімсіздігі бала танымына алғашқыда ауырлық әкелді. Ал ол өз кезегінде ынта мен құмарлыққа тежеу жасайды. Осындай психологиялық жағдайды ескермеу, балалардың ұлттық тілдегі өкілдерінің үйірме жұмыстарынан кейін қалу оқиғаларын жиілетті. Мектептен тыс мекемелердегі шығармашылық үйірме жұмыстардың кадр сапасы нашарлығына байланысты жұмыстың репродуктивті ( көшірме) сипатқа көшіп кету фактілері де орын алды. Мұндай жағдайда жұмыстың сапасына кері ықпал жасап, балалардың қатысу мен тәртібіне кері ықпал жасады. Жұмыстың осы бағыттарындағы кемшіліктер жойылмады. Балалардың талабы мен қанағат алу айырмашылығы өсе берді. Бұл жұмыстың құлдырау басы еді. Төртінші кезең мынадай ерекшеліктермен дараланды. Балалар мен жасөспірімдер тәлім тәрбие ісінде мектеп пен мектептен тыс мекемелер арасындағы байланысты, мектептен тыс мекемелер типтері қызметін үйлестіру мен интеграциялау процестерін нығайту шаралары жалғасып жатады. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы тәрбие жұмыстарында үлкен кемшіліктер жіберілді. Ол кемшіліктер 1983 жылы КОКП Орталық Комитетінің маусымдағы Пленумында сынға түсіп , мектептен тыс жағдайдағы тәрбие жұмыстарын жетілдіру амалдарының тиімді формасы ретінде, мектептен тыс мекемелердің салааралық тәрбие орталықтарын құру идеясы жасалады. Осы идея негізінде балалар мен жасөспірімдер тәлім тәрбиесіне жасалар барлық амалдардың интеграциялық формасы әлеуметтік-педагогикалық кешен пайда болды. Қарастырылған кезенде жалпы білім беру мен кәсіптік мектептердің білім беруде әлемдік деңгейге лайықты дамуын қалау мақсатында оларға түбегейлі реформа (1984 ж.) жасау саясаты жүргізілді. Бұл реформада мынадай қателіктер жіберілді. Біріншіден, декларация негізінен ұсыныстар мен нұсқаулық-әдістемелік ұйғаруларға құрылғандықтан онда ниет жасау міндеттері басым болып кткен. Екіншіден, реформа оқыту мен тәрбиенің ескірген педагогикалық жұмыс жасау мазмұны, формасы мен әдістерін тұрпайы түрдегі модернизациялауға сүйеніп жасалған. Үшіншіден, реформада жалпы білім беретін мектептердің монотиптік кереғар құрылымдарына өзгеріс жасау қарастырылмаған. Төртіншіден, реформада оқыту мен тәрбиедегі ұлттық мүдде ескерілмеген. Мұндай реформа, оқу-тәрбие жағдайына ешқандай өзгеріс жасай алмады және ұран күйінде ғана қалып қойды. Сондықтан реформаның мектептен тыс мекемелер өміріне жасаған ықпалдық әсері байқалмады. Қарастырылған кезеңдегі ірі өзгешелік 1985 жылғы СОКП-ның сәуір пленумы әкелген жариялылықпен демократиялықтың арқасында әр бір ұлттық, ұлыстық, халықтық, жергілікті, ұлттық өзіндік төл мәдениетіне сай ұрпақты шығармашылық прогресске тартып ол үшін дәстүрлі өнер потенциалын пайдаға асыруға, ежелгі рухани мәдениет пен өнер дәстүрін игеруге, насихаттауға мүмкіндіктер қаланды. Бұл жағдай мектептен тыс мекемелердің эстетикалық-көркемдік және өнегелік бағытта жүргізілетін жұмыстарына біршама екпін әкелді. Бұл кезең социалистік қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ жылдық стратегиялық міндеттерінің СОКП-ы бағдарламасының жаңа редакциясында белгіленумен де ерекшеленеді. КСРО-ың 1986-1990 жж. Және 2000жылғы кезеңге дейіңгі экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарында қоғам өмірінің дамуындағы адам факторы ерекше көрсетіледі. Қоғамның жан-жақты дамыған адамын тәрбиелеудің көздері аталып әсіресе әуесқой-техникалық т.б. шығармашылықтарды одан ары қарай дамыту шаралары қарастырылды. Алайда осы көрсетілген реформалар лайықты жүзеге аса алмады. Оның негізгі себептері мына төмендегі кемшіліктерден болды. - Мемлекеттік мұраттар мен күнделікті өмірдегі орныққан тәртіп пен тәжірибе арасында үлкен үйлесімсіздік қалыптасты. Олар уақыт өткен сайын ұлғая берді. Сондықтанда үкімет пен партияның қабылдаған жоспарлары мен межелеген шаралары ниет жасау міндеттерінен ары аса алмай дәрменсіз ұран күйінде қалып жатты. Мұны жақсы түсінген халықтың үкімет пен партияға сенімі жоғалды. Қоғамда әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі орнықты. Ол қоғам дамуының обьективті заңдарын бұрмалады. Идеологиялық қысым өмірдің барлық саласына тарады. Көп ұлтты кеңестік білім-ғылым, мәдениетті дамытудың догмалық қасақ идеясы орнықты. - Ұлттардың ана тілі, оның беделі құлдырады. Мысалы Қазақстанның байырғы тұрғыны елдің-жердің негізгі иесі қазақ халқының тілі өмірдің 20 саласында ғана, ал орыс тілі 100 ден аса салада қолданды. Ортақ жұмыс әдістері мен формаларын қатаң сақтау тәртібі адамдардағы шығармашылық еңбек пен ой пікір дамуын тежеп, ішкі еркіндік пен бостандықтан айырды. Шығаршылыққа негізделген ұйымдастыру-әдістемелік және педагогикалық жұмыстарды жоғарыдан болатын ортақ жетекшілік, нұсқаулар мен қағаз жүзіндегі ұсыныстар аламастырды. Қоғамда жігерсіз, енжар адамдар қалыптасты. Ал үкімет пен партияның үсті-үстіне қабылдап жатқан құжаттарында халық өміріндегі үлкен жетістіктер, қоғамдық өмірдегі еркіндіктер, халықтардың саяси-әлеуметтік-экономикалық белсенділіктері жалған мадақталып жатты. Коммунистік тәрбие жұмысында социалистік құрылыстың артықшылығы, коммунистік еңбек тағылымының құндылығы, пролетарлық интернационализм мұраттары шындықтан алыс өтірігі мол бояма сипатта орынсыз дәріптеле берді. Мұндай жасанды саясат партия мен үкіметтің беделін мүлдем түсіріп тастады. Мектептен тыс мекемелер жүйесі әкімшілікті құрылымдық мекеме болғандықтан әрі оның қызметкерлері күрделі әлеуметтік құрылымдарымен жұмыс жүргізуге психалогиялық тұрғыдан дайын болмағандықтан балар қол бос уақыт қызметінде, шұғылданудың таптауырын болған дәстүрлі формаларын дамытуға ғана мүдделік танылды. Ал қоғамдағы жариялылық пен демократиялық қозғалысы мектептен тыс жұмыс мазмұнындағы идеялық ұстанымның поляризациялануына жал ашты. Нәтижеде жұмыстың ресми түрлеріне қарағанда бей ресми түрлерінің дамуы қарқын ала бастады. Қарастырылған кезеңде мектептен тыс мекемелер өмірігде балалар мен жасөспірімдердің басым көпшілігін қастыған орасандырылған бұхаралық іс-шаралар көбейеді. Іс-шаралардағы шектен тыс ұйымдастырушылдық және дайын , үйірсек ұсынылған дүниелер мен алдаусырату іс-шараларды үстемелей беру балалардың қызығушылығына толық тоқырау әкелді. Мұндай жағдайдан мектептен тыс шараларды дайындау мен өткізудің “техникасында” жасандылық қалыптасты. Мектептен тыс мекемелердің құлдырауына апарған басты себептердің бірі ол барлық іс-шараларға саяси сипат пен мән беріліп шектен тыс саясатқа теліну идеясын басшылыққа алу болды. Осындай жағдайлар мектептен тыс мекемелердің қоғамдағы мәртебесі мен беделіне жұртшылықтың сан-қилы көзқарастарын туғызды. Мектептен тыс мекемелердегі материалдық-техникалық базанын нашарлығы, клубтық бірлестіктердің өзін-өзі басқару принцепіне жасалған қарсылық, қарама қайшылықты күшейтті. Жергілікті жағдайдың ескерілмей, мектептен тыс мекемелер жұмысын дамытудың жаңа көзі деп санаған оқтайландыру әдісін ендіру, мекемелерді толықтай шаруашылық есепке яғни өзін-өзі қаржыландыру көзіне көшіру реформалары, оларды іске асыру механизімінен бейхабардарлық, шарасыздық мектептен тыс мекемелердің кейбір типтерінің жұмыстарын тоқтатуға апарды.Өзін-өзі қаржыландыру тәртібіне көшу көптеген мектептен тыс мекемелерді өл төл функциясынан ажыратты және жұмыстың көпшілікті формалары қолданудан толығымен қалды. Балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі басқаруға негізделген клубтық бірлестіктері мектептен тыс мекемелермен басқада әлеуметтік тәрбие мекемелердегі “меркантилизмдік” көз қарастағы психологияның қалыптасуына байланысты түгелдей тарады. Өйткені өзін-өзі қаржыландыру жұмыс түріне көшу мектептен тыс мекемелерді тек финастық тұрғыдан ғана ойлауға және әрекетке мүдделі етті. Балалар мен жасөспірімдер мектептен соң өздерімен өздері бос қалды. Бұл жағдай Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы кезінде жалғаса берді.



    1. жүктеу 183,71 Kb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау