Дипломдық жұмыс 5В090600 Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы Орал, 2019 Мазмұны



жүктеу 183,71 Kb.
бет8/9
Дата21.01.2022
өлшемі183,71 Kb.
#34467
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Габдырахманов Елдос

ІІІ- тарау. Тәрбие нысандарын таңдау

3.1. Жеке тұлғаны дамытудың негізгі құралдары 
Тәрбие жұмысының нысандарын таңдау тәрбиенің ғылыми ұстанымдары негізінде анықталады. Әрбір балалар ұжымы үшін неғүрлым ынғайлы, лайықты нысандарды таңдаған жөн. Жалпы тәрбие жұмысының нысандарын таңдау педагогикалық мақсатқа сәйкес анықталады. Өйткені, тәрбие қызметін ұйымдастыру нысандарын таңдау көптеген компоненттерге байланысты. Бұл ең алдымен оқушылардың жас ерекшеліктерінің тәрбие міндеттерінің бағыттары мен мазмұнына сәйкестігіне, олардың тәрбиелік деңгейі мен жеке тұлғалық әлеуметтік тәжірибесіне, балалар ұжымының ерекшеліктері мен оның дәстүрлеріне, аймақтың ерекшеліктері мен дәстүрлеріне, мектептің техникалық және материаддық мүмкіндіктеріне, мұғалімнің кәсіби деңгейіне байланысты болып келеді.

Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың неғұрлым мақсатқа сәйкес нысанын анықтау — бұл мұғалімнің тәрбие міндеттерін шешудегі жетістігінің алғашқы қадамы. Қолданьшатын кез-келген нысанның тиімділігі көп жағдайда осы міндеттердің ғылыми негізде жүзеге асырылуына байланысты. Оған мыналарды жатқызуға болады: алда тұрған шараны өткізу дайындығына оқушыларды барынша көп қатыстыру және оны өткізу; шараларды өткізуге дайындық пен оны өткізуге оқушылардың белсенді, өзіндік іс-әрекетіне ықпал ететін эмоционалдық және рационалдық факторлар; оқушылар бойында іс-әрекеттін маңызды мотивтерін қалыптастыру жатады.

Мектеп тәжірибесінде бір ғана тәрбие жұмысын ұйымдастыру нысандарын қолдану әдетте трафаретке айналып кетеді де және оның бірте-бірте сапасы әлсірейді. Тәжірибелі педагогтар тәрбие нысандарының көпқырлылығын шебер пайдаланып отырады. Сондықтан да, әрбір сынып жетекшісі тәрбие нысандарының көпқырльшығы мен тәрбие үрдісі технологиясының барлық ерекшеліктерін меңгергені жөн.

Жеке тұлғаның дамуына тәрбие құралдары маңызды әсер етеді. Ғалым П.И.Пидкасистыйдың педагогикалық тұжырымдарына сүйенер болсақ, онда материалдық мәдениет құралдары баланың практикалық интеллектісін дамытуға барынша әсер етсе, ал рухани мәдениет құралдары ойлау қабілеттері мен басқа да жоғары психикалық функцияларын дамытуға зор әсер етеді екен. Л.С.Выготский дамудың қызмет құралдарын меңгеруге қатысты төрт сатысын атап көрсетеді. Біріншісі — мінез-құлықтың қарапайым нысаны — табиғи қарапайым саты, екіншісі — таңба және ауызекі сөз нысанында берілген мәдени мінез-құлық құралдарын меңгеру, үшіншісі — таңба нысанындағы құралдарды пайдалану тәжірибесін жинақтау және мәдени мінез-құлық әдеттерінің көрініс бере бастауы, төртіншісі — сыртқы таңба нысаны ішкі мазмұнмен ауыстырылғанда өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік мәдени дамуында рухани қажеттілік көріне бастайды.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы дегеніміз — бұл адамзат баласы жасаған материалдық және рухани мәдениет құралдарын меңгеру үрдісі, «бала мәдениеттен бірнәрсе алып қана қоймайды, сонымен бірге мәдениеттің өзі де баланың бойындағы табиғи атаулының барлығын қайта түлетіп, оның даму жолын түгелдей жаңаша өлшеп-пішеді» (Л.С.Выготский).



Рухани мәдениеттің таңба нысанды құралдары тәрбиеде екі функция атқарады. Біріншіден, олар тәрбие ұжымыңдағы коммуникация мен ақпараттық айналымды қамтамасыз ететін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасын байланыстыратын құрал ретінде қызмет етеді. Тәрбиеші байланыс құралдарын оқушының еркіне, ынта-ықыласына, түсінігіне ықпал ету үшін қолданады. Келешекте олар өзін-өзі бақылау мен өзіне өзі әсер етуде көрініс бере отырып, балалардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарына айналады. Екіншіден, олар тәрбие міндеттерін бірлесе отырып шешудегі қызмет құралдары ретінде қолданылады. Сөзбен байланысты материалдық және бейнелі құралдар күрделі жүйені құрайды, оның ішіндегі бейнелі құралдар оқушьшардың іс-әрекетін басқару мен жоспарлауға бағытталған. Жеке тұлғаның абстрактылы-бейнелі ойы, санасы, моральдық, эстетикалық және тағы да басқа сапалары осындай іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Таңбалық құраддар ойды дамытуда мәнді қызмет атқарады. Олар интеллектуалдық қызметте сананы тәрбиелеу үшін пайдаланылады (ғылыми, эстетикалық, адамгершілік, тұрмыстық және т.б.). Сана таңбалық құралдардың екеуімен де тәрбиеленеді. Коммуникация құралдары (және де ең алдымен сөз) тәрбиеленушінің әлеуметтік ортада дұрыс бағыт алуы үшін, олардың табиғат пен қоғам арасындағы тығыз байланысты дұрыс түсінуі үшін, мәдени мінез-құлықтың сенім, әдет, дағдыларын тәрбиелеу үшін өте қажет. Бұл құралдар тәрбиеленушілердің бірлескен және жеке-дара іс-әрекетінде қолданылады.

Жасөспірімдік шақта тәрбиенің ықпалы арқылы сана жүйелілік, жинақылық жөне әрекеттілік сипат алады. Әрбір осындай сипатты тәрбиелеу үшін өзіне төн құралдар қолданылады. Сананың жүйелілігі балалар энциклопедиясының, мектепте оқытылатын пәндерге қатысты ғылыми-көпшілік әдебиеттердің, ғылыми білімнің әр түрлі жүйесін көрсететін графикалық құралдардың көмегімен тәрбиеленеді.

Сананың жинақтылығы теориялық білімнің түпнұсқалылығын, солардың графикалық немесе кестелік нысанда берілген білім қорының нақтылығы мен оқып, біліп отырған құбылыстың жүйелілігін пайдаланумен қалыптасады.

Сананың әрекетгілігі өмірлік мәселелерді (үлкендердің беделін мойындау, дос таңдай білу және т.б.) шешуде бірнеше рет теориялық тұрғыдан тану нәтижесіңде құрылады.

Ересек жаста негізінен өзін-өзі тәрбиелеуде сана жаңа сипатқа ие болып дами түседі: рефлексия, антиципация мен ассимиляция. Рефлексия арқылы сана жеке түлғаның өзіндік сапаларына талдау жасайды, тәрбиенің өткені мен өзін-өзі тәрбиелеудегі кемшіліктерін танытады. Рефлексияны төрбиелеуде үлкендердің өнегелі өмір жолдары, классикалық көркем әдебиет, өзіне-өзі баға берудің логикалық құралдары маңызды рөл атқарады.

Антиципация санада жоспарланған істердің дайындық кезеңіндегі және келешегіндегі нәтижесін көру қабілетін танытады. Антиципация әр.түрлі балалардың мінез-құлқы мен әрекетіне, (соның ішінде жеке қателіктеріне, қате жіберу арқылы үйренуіне) логикалық талдау жасау арқылы қалыптасады, (алғашқыда беделді адамдардың ; талқылауы, сосын өз достарының талқылауы, содан кейін өзін-өзі талқылау арқылы).

Ассимиляция өз халқының рухани құндылықтарын мен туысқан басқа халықтардың мәдени құндылықтарын, меңгеру мүмкіндіктерін жоспарлаудағы сананы сипаттайды, соның негізінде жеке тұлғаның мінез-құлқындағы сенім, әдет, т.б. сапаларды дамытады. Мәдени құндылықтарды ассимиляциялау қабілетін дамыту үшін тұлғааралық қарым-қатынас, моральдық және эстетикалық тақырыптардағы әңгімелер, ұстаздар мен ата-аналардың өнегелі үлгісі, саяхаттар, көркем әдебиет шығармаларын оқып талқьшау сияқты әрекеттер пайдаланылады.

Жоғары сынып оқушыларының моральдық және эстетикалық сезімдерге өзін-өзі тәрбиелеу құралдарына көркем әдебиет, көрмелер мен музейлер, көркемөнердің өр алуан түрлері, көркем өнерпаздар үйірмелері мен шығармашылық студиялар, туризм, спорт жатады. Бүл құралдардың сенімділігі олардың жоғары сынып оқушыларының өздеріне арналған іс-әрекеттердің қай түріне қатысатынына байланысты болып келеді.

Жоғары сынып оқушыларының ерік сапаларын і (қайсарлық, мақсатқа ұмтылушылық, табандылық, өзін-өзі ұстай білу, тәуелсіздікке, жүйелілікке ұмтылушылық, өзін-өзі басқара білу) тәрбиелеу құралдарына үлкендердің өнеге-үлгісі, қиын мақсаттарға жетуге бағытталған іс-әрекеті, оқушылар ұжымы және т.б. олардың мінез-құлқын басқару органы жатады; сыныптың қоғамдық пікірі тәрбиеленушінің өмір тіршілігінде маңызды орын алатын мақсаттар жүйесі.

Оқушылар әр алуан ерік іскерліктерді тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланьшады: шараларды өткізуді басқару, өзін-өзі басқару әдістерін пайдалану, бұйрықтар беру, бұйрықтарды орындаудың, нақты, бірқалыпты болуы, мектеп ұжымын басқарудың күрделі мәселелерін талқьшауда өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу т.т.

Қоғамдық пікір жеке тұлғаның әр түрлі сапаларының қажеттіліктерін тәрбиелеуге қызмет жасайды: ол оқушьшардың батьш, нақты, ержүрек, тәуелсіз, табанды болуына әсер етеді. Сынып ұжымының қоғамдық пікірі тәрбиешінің байқаусыз ықпалы арқылы жинақталады және ол келешекте оқушыларды өздеріне сенімді болу мен ерік сапаларын дамытуға пайдаланылады.

Жоғары сыныптарда жеке тұлғаның өзі таңдаған ерік сапаларын өзінің тәрбиелеуі өте маңызды болып табылады. Өз еркін өзі тәрбиелеу жеке тұлғаның сезімдік және интеллектуалдық сфераларымен бірлікте жүзеге асырылады. Сондықтан да оның құралына рефлексия мен антипацияны біріктіре қамтитын танымдық және практикалық іс-әрекет жатады.

Өз еркімен танымдық және практикалық қиын міндеттерді шешу жоғары сынып оқушыларына ерік, табандылық, мақсаттылықты өз мұратымен сәйкестендіре дамытуға мүмкіңдік береді. Рефлексия мен антипация арқылы жоғары сынып оқушылары өзін-өзі тәрбиелеуді өмірлік мақсаттарымен, дағдылы мұраттарымен мезгіл-мезгіл салыстырып отырады.




жүктеу 183,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау