Мектептен тыс мекемелер типтері мен өзіндік сипаты
Әлеуметтік құбылыс ретінде мектептен тыс мекемелердің тарихи тамыры он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Бұл кезде Ресейдің озық ойлы прогрессивті көзқарастағы зиялылар өкілдері П.Ф.Лесгафт, С.Т.Шацкий, А.У.Зеленко т.б либералдық қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен жұмысшылар мен қызметкерлердің (мектепте немесе өндірістік жұмысқа тартылмай қалғандар үшін) балаларына арналған спорт алаңдарын, жазға сауықтыру колониялары мен клубтарды ашады. Балаларға арналған бұл алғашқы мектептен тыс бірлестіктер өз жұмыстарын ұйымдастыру мен басқару ісіне барлық әлеуметтік топтарын теңдестік жағдайда қалыптастыру мен тарту ерекшеліктері арқылы демократиялық сипаттылығымен жұртшылықтан қолдау табады. Бұл тенденция Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында балалар мен жасөспірімдер арасында мәдени-ағарту және тәлім-тәрбие жқмыстарын қарқынды жүргізу міндеттерін жүзеге асыру барысында мектептен тыс жұмыстарда ерекше нығайтылды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында басқа республикалар сияқты Қазақстанда мектептен тыс мекемелердің негізгі типі ересектерге арналған мәдени-ағарту мекемелері (жұмысшы клубтары, оқу үйлері, кітапханалар т.б) жанынан ұйымдастырылған тұрақты штаттағы қызметкерлері бар бөлімдер мен секциялар болды.
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған бірінші арнаулы клуб типіндегі мектептен тыс мекеме Өркендер үйі- Өскемен қаласында 1918 жылы ұйымдастырылды. Осы ең алғашқы мектептен тыс мекеме типтері жұмыстарының құрылымы мен ұйымдастырылуы жолдарында, басқару қағидаларында жалпы сол кездегі ересектерге арналған клуб мекемелеріне тән заңдылықтар мен ерекшеліктер толық сақталды. Бұл табиғи заңдылық болатын. Өйткені арнаулы балалар мен жасөспірімдер клубтары ересектерге
арналған клуб типтес мекемелер қызметін үлгі алу негізінде құрылды және дамыды. Осы құбылысты ескере отырып Қазақстандағы алғашқы мектептен тыс мекемелерге ірі елді мекендерде ашылған жалпы клуб типтес мекемелерді, ал көшпелі, жартылай көшпелі елді мекендер үшін ұйымдастырылған әртүрлі (Қызыл-керуен, арбалы-керуен т.б.) клуб функциясын атқарған жылжымалы мәдени-ағарту мекемелерді толық жатқызуға болады. Өйткені мұндай ұқсастықтар туралы басқа кеңестер республикаларындағы мектептен тыс мекемелердің тарихи тәжірибелерін зерттеуге арналған еңбектерде деректер кездеседі. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелерді типтерге бөлу негізінде қоғам дамуында қалыптасқан жағдай мен уақыт кезеңдеріндегі мақсатты бағыты бар мектептен тыс жағдайда өткізілген тәлім-тәрбие жұмыстары түрлері мен мазмұндарын және олардың сипатын ажырататын негізгі белгілері алынды.
Кеңес үкіметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ жалпы мектептен тыс мекемелердің маңызды іс-шара болып танылуы, олардың тиімді типтерін табуды талапқа қойды. Қазақстанда талап міндеттерін шешу жолындағы әрекеттер нәтижесіз болған жоқ. Жиырмасыншы жылдың басында мынадай «Балалар клубы», «Мектеп-клуб», «Жасөспірімдер клубы» сияқты арнаулы мектептен тыс балалар мекемелерінің клубтық типтері пайда болды. Ал осы балалар мен жасөспірімдерге арналып ұйымдастырылған алғашқы клуб типтес мекемелер қоғам мұратына сай жеке тұлға дамуына яғни әрбір жасөспірімнің өз бойындағы қабылеттерді ұштап дамытып, қызығушылықтарын қанағаттандырып қоғамдық өмірге, еңбекке дайындығын жын-жақты қалыптастыруы үшін мақсатты бағыттылығы бар педагогикалық әсерді өзіндік құралдар мен әдіс жұмыс формалары арқылы жүзеге асырып оны жетілдірді. Сондықтан да мектептен тыс мекемелер жұмысын ұйымдастырушылар балалар тәлім-тәрбиесі жұмыс түрлері, әдістері мен құралдарының ересектер арасында атқарылатын клубтық жұмыстардың жай механикалық көшірмесі болып қалу жағдайынан сақтауды, оған жібермеу амалдарын тиімді қолдануды басты назарда ұстайды. Бұл мәселе мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқау хаттарда ескертіліп жатты. Енді осы алғашқы ересектерге арналған клуб мекемелері үлгісінде пайда болған балалар мен жасөспірімдер клубтарының сол кездегі басқа да мектептен тыс жағдайда жұмыс жүргізетін әлеуметтік тәлім-тәрбие мекемелерімен салыстырғанда Қандай даралық сипаттармен ерекшеленгенін ажыраталық. Ол үшін ең алдымен клуб дегеніміз не? Клуб (ағылшыншы klub деген сөз) сөзі қайдан шыққан және осы сөзге түсінік қалайша беріліп келді деген сұрақтарға жауап беру керек. Бұл сұрақтарға анықты жауап беру қажеттілігі тарихи құжаттар мен әдебиеттерде, өмірде клуб терминінің әр түрлі мән-мағынада қолданылуында және онымен тәжірибеде кездесетін әртүрлі құбылысты белгілеу әдеттерінің етек алуында болып отыр. Бұл ойдың дәлелді болуы үшін бірер мысал келтіріп кетейік. Айталық Шығармашылық т.б. қызметтердің белгілі бір салаларына қатысты «өнертанушылар», «спортшылар», «әуесқойлар әні», «коллекция жинаушылар», «өлкетанушылар» т.с.с клубтар бар. Сонда бұл жағдайда клуб терминін қолдану арқылы өзіндік ерекше сипатымен дараланатын қызметтің түріне (яғни белгілі бір топ үшін игілікке айналған) атап айтқанда көркем сөз үйрену, музыканы жетілдіру т.с.с кәсіби мәселе аясындағы адамдардың мақсатты әуесқойлық бірлестігі көрсетіліп тұр. Клуб термині сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жағдайда ұйымдастырылған жұмыс түрлерін атау үшін не пайдаланылады. Мысалы балалар мен жасөспірімдердің жас теңізшілер, космонавтар, астрономдар, полярниктер, компьютерлік ойындар т.с.с клубтары бар. Зерде салып қарасақ жалпы бұл атауларда клуб деп әлеуметтік-мәдени қызметке немесе құмарпаздылықтың бір түріне негізделіп ұйымдастыылған жұмыс формаларының көрсетіліп тұрғаны байқалады. Кейбір жағдайда клуб термині белгілі бір ортақ нышандық (символикалқ) қатыстылығы мен өзара байланыстылығы бар шұғылданымпаздылықтың бір саласындағы немесе бір тектес түріндегі адамдардың жадпы санын (500 гол салған футболшылар т.с.с) көрсету және олардың танымалдылығын арттыру мақсатында қолданылатындығы бар. Мұндай ұйымдастырудағы бірлестіктерді «нышандық» клубтар деп атау қалыптасқан. Осы келтірілген мысалдар шын мәнінде әрбір нақты жағдай үшін клуб терминін пайдаланғанда оған қандай мазмұн-мағына беріліп тұрғанын анықтап алу керек екен екендігін қажетсінеді. Клуб деген терминді оны ең алғашқы ұйымдастырған ағылшындар (16-ғасыр) саяси-қоғамдық, ғылыми-ізденушілік, мәдени-ағарту т.б. жұмыстар немесе жалпы бір мәселеге байланысты пікір алмасу, талас жүргізу үшін адамдардың өзара байланыстыратын ұйымдастыратын ерікті бірлестік (49) деген мағынаны білдіру мақсатында пайдаланған. Яғни клуб деген сөз айрықша қызықтыру туғызған белгілі бір мәселеге (қызмет түріне) қатысты мақсаттас адамдардың өз еріктерімен қолы бос уақытта ұйымдасқан бірлестігін білдірген. Клуб деген ті сініктің тарихи қалыптасуы осы ойға саяды. Ал кеңес үкіметі орнаған соң бұқаралық саяси-ағарту жұмыстары арқылы халықты жаппай кең көлемдегі жаңа социолистік сана сезімге , кеңестік патриотизм рухында тәрбиелеу міндеттері клубқа басқаша көзқарас қалыптастырды. Жаңа тапсыз қоғамдық құрылымның идеологиялық міндеттері клубқа артылған міндеттерге оның ұйымдастыру тәртіптері мен амалдарына басқаша өзгеріс жасады. Кеңестік клуб теориясы мен тәжірибесін ұйымдастырушы көсемдердің бірі Н.К. Крупская кеңестік клуб мекемелерінің табиғаты мен қызмет сипатын клуб туралы тарихи қалыптасқан түсінік және оған берілген мағынамен ауыстыруға яғни айырбастауға ешқашанда жол беруге болмайтынын көрсетіп оған қарсы күрес жасау қажеттілігін міндеттеді (Н.К. Крупская пед. Шығ. М., 1959г. 109) . Сөйтіп кеңестік клуб арнаулы дайындығы бар мамандар басқаруындағы көпшілікке бағдарлы жан-жақты саяси-тәрбие мен мәдени-ағарту қызметін көрсететін шығармашылық ынталықпен адамдардың игілікті өз әрекеттерін және парасатты демалыстарын ұйымдастыратын түрақты ғимараты бар кешенді сипаттағы мәдени-ағарту мекемелерінің ерекше бір түріне айналды. Осы ерекшелік кеңестік клуб мекемелеріне тән бірқатар белгілердің болу шарттылығында аңғартады. Атап айтсақ оларға: біріншіден клубтағы жан-жақты мәдени-ағарту т.б жұмыстарының бағдарлы және жүйелі жүргізілуі, екіншіден клуб болу үшін оның тұрақты мекенжайы мен жабдықталған ғимаратының, үшіншіден жұмысты ұйымдастыратын оған жауапты маман кадрлардың міндетті түрде болуы сияқты белгілер болып тұр. Кеңес үкіметінің саяяси-экономикалық қалыптасуы нығая түскен сайын клуб функциясына және ол туралы түсінік мазмұнында өзгеріс болып оның тарихи түсінігіне жақындаулар орын алды. Айталық жиырмасыншы жылдар соңында клуб дегеніміз жеке адамның жан-жақты дамуын ынталандыру мақсатында, бос уақыт жағдайында әрбір адамның өз еріктілік жеке ынталық негізінде ортақ мақсаттар бірлестіктерін құрып көпшіліктің шығармашылық, мәдени-көркемдік қызметін, парасатты демалысын, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыратын және өткізетін мемлекеттік немесе қоғамдық тәлім-тәрбие институты деген ұғым қалыптасады. Осы орайдан алғанда клубқа ірбір адам өзін қызықтыратын бір немесе бірнеше қызмет төңірегінде мәлімет беру, алу немесе оны тереңдету, жасау, тарату т.б үшін мақсаттас адамдарды табуға және олармен бірлестік байланыс жасау үшін барады екен. Мұндай жағдайда клубтық ұжым қалыптасады. Сонда ол ұжым қол бос уақыт жағдайында ортақ қызығушылықтарымен өзара байланыста болатын, әлеуметтік – мәдени қызметтерді бірігіп өткізіп одан қанағат табу мақсатында педагогикалық бағыт-бағдар ұстанған, тұрақты адамдар тобы болып табылады. Ендеше балалар клубы да жалпы қол бос уақыт аралығында әлеуметтік тегіне, жыны сына т.б. ерекшеліктерге қарамай балалардың барлық топтарын теңдестік қағида негізінде өздерін қызықтырған жұмыстарды ұйымдастыыру, басқару, өткізу т.б. шараларға жұмылдыру мақсатында құрылуы дұрыс екен. Олай болса балалар клубындағы педаогикалық әсердің тәрбие субъектісінің тәрбиеленушінің санасымен, еркімен, эмоциясымен қызығушылық деңгейімен санасу және қоғамдық мұрат талаптарына сай тұлғалық сапалық қасиеттерді қалыптастыру мақсат-мүддесін басшылыққа ала отырып қарым-қатынас жасау, оларды «субъект-объект-субъект» қайтымды байланыстарына негіздеу қағидаларына арқа сүйеп жасалуы басты шарт болғаны аңғарылады. Осындай қадамдар мен амалдарды жетілдіру балалар мен жасөспірімдер клубтарын қол бос уақытта олардың әртүрлі әлеуметтік-ынташылдық негізінде құрылған түрлі салалық үйірмелер бірлестіктердің жұмыстарын өткізетін әлеуметтік кешенді сипаттағы тәлім-тәрбие орталығына айналдырады. Бұл жағдай сол кездегі балалар клубын ұйымдастыру туралы нұсқауларды көрсетілді. Сайып келгенде кеңес үкіметінің жиырмасыншы жылдарында танымалды болған балалар клубы балалардың әуесқойлық яғни өз бойындағы қабілеттерді, талаптарды, қызығушылықтарды қанағаттандыру дамыту үшін педагогикалық бағдары түзелген еріктілік негіздегі қызметтерді ұйымдастыратын ең жаппай көпшілікті мемлекеттік немесе қоғамдық тәрбие мекемесі болған екен. Яғни балалар клубы жұмыстарын ұйымдастырудың басты қағидасына балалардың өз күшімен жұмыс жүргізуіне және ынташылдыққа сүйене отырып әркімнің құштарлыған қанағаттандырып, қабілетті дамытуға мүмкіндік жасау алынған. Мұндай педагогикалық амалдар жасаудың басты себебі кеңестік құрылым мұраты оның белсенді құрылысшысын дйындау мақсаты балалар мен жасөспірімдің рухани-мәдени өміріне бұрын-соңды болмаған эмоциональды әсер жасауды қажеттілікке қойғаннан болған еді. Сөйтіп балаларға арналған, ынтызарлық танытар, ұйымдасқан түрдегі педагогикалық бағыт-бағдары түзілген, міндеттері айқан, бос уақытта әлеуметтік-мәдени т.б. шығармашылықпен айналысуды ортақ қызығушылық неггізінде бірлесіп өткізуге жағдай жасайтын мекеме арнаулы балалар клубы құрылып үлкен қолдау тапты. Олардың жұмыстарын ұйымдастыруда балалардың жас ерекшеліктерімен өзін –өзі басқаруды ескеру қағидасы қатаң сақталды.
Әр түрлі жастағы балалар мен жасөспірімдердің ой-өрісі т.б. ерекшелігін қызығушылығы мен сұраныс деңгейін ескеру оны нақты іске асыру яғни клуб жұмысында дифференциация процесін қолдану, әрбір баланың жас ерекшелігіне лайықты жұмыс түрлерімен айналысу мүмкіндігін жасау арқылы сұраныстарды қанағаттандыру, ынта дамыту мен жұмыс мазмұндарын қоғам өмірімен байланыстыру, сөйтіп жасөспірімдерді қоғамдық еңбек процестеріне жедел тарту мен дайындау мұраты жасөспірімдер клубын құрып оның өріс алуына негіз қалады. Ал клуб тектес мекемелерге идеологияялық ұйым ретінде қарау көзқарасының қалыптасуы жасөспірімдер клубының жұмыс негізіне тәрбиенің коммунистік принципінің басымдықта алынуына себеп болды. Сондықтан да балалар клубына қарағанда жасөспірімдер клубында коммунистік ықпалды жүргізу жетекшілік сипат алды. Сондай ақ жасөспірімдердің еңбекке деген жаңа көзқарасы мен қоғамдық міндеткерлікті шапшаң түрде қалыптастырып, олардың белсенділігін ояту міндеті жасөспірімдер клубында өндірісті еңбек дағдыларын меңгеру , жетілдіру амалдарына үйрететін үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыруды қажеттілікке қойды. Еңбек ұжымдары өмірімен, өндіріс салаларымен тығыз байланысты болу қоғамдық еңбек өнімділігін арттырудың озық тәжірибелерін тарату жұмыстарымен айналысу жасөспірімдер клубының негізгі жұмыс бағытына айналды. Жасқспірімдер клубының басқа мектептен тыс мекемелерден өзгеше бір артықшылығы онда асхана, оқу және көрме залдарының болуында еді.
Балалар мен жасөспірімдер арасында мәдени-ағарту және саяси тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізетін мекемелердің материалдық техникалық базасының шектеулі жағдайында, мектептердің жанынан оқушылардың әлеуметтік-мәдени белсенділігіне негізделген бейрегламентті қарым-катынас орталығы және рекреацялық функцияны орындаушы мектептен тыс мекеменің “Мектеп-клуб” типі ерекше даму алды. Мектеп клубтың арнайы ғимараты болған жоқ. Ол мектептің базасынан ұйымдастырылған арнайы бөлінген жайды клуб табиғатына оқтайланған мектеп әкімшілігіне тікелей бағынышты құрылым болды. Мектеп-клуб жұмыстарьның ұйымдастырылу принципі, құрылымдық жасалу жолдары, басқару әдістері мен кағидалары жалпы клуб жұмысы жарғысы негізінде жүргізілуі тиіс болатын. Алайда ол қол бос уакытта балалар мен жасөспірімдердің әртүрлі әлеумек-ынташылдық негізізінде құрылған сан түрлі салалық бірлестіктер мен үйірмелердің ынтызарлық топтардың жұмыстарын ұйымдастырып өткізетін әлеуметтік тәрбие орталығына толық айнала алмады. Балалардың сан-саласы сұранымдарын қанағаттандыру жалпы клуб типтес мекемелер табиғатына ғана тән құбылыс болғанымен мектеп клуб қалыптасқан объективті жағдайға байланысты бұл шартты өз лайығында орындай алмады. Мектеп-клуб негізінен балалар үйі жанынан ұйымдастырылған әрі тікелей балалар үйі әкімшілігі қарамағына қарасты мекеме болғандықтан, екішіден оның жұмысын басқаруға қосымша қызмет атқаратын нектеп-мұғалімі тағайындалғандықтан клубтың жұмыс принциптері басшылыққа алына бермеді. Оның жұмысында еңбекке тәрбиелеу бағыттылығы орасан зор басымдық алды. Өнікті тауар өндіру балалардың тікелей тұрмыстық қажетін өтеу жұмыстары күнделікт ііске асырылатын әдетке айналып кетеді. Coндықтан да мектеп-клубты “Мектеп-шеберхана” деп атауда орын алады. Ол мектеп-шеберхана Ұлы-Отан соғыс жылдары арнайы үкімет шешімімен толық айналып кетті. Мектеп-клубтың аталуы кейбір құжаттарда “Қарапайым клуб” (клуб-примитивов) деп көрсетілген. Осы аталудың өзі мектептен тыс мекеме типі ретінде құрылған мектеп-клубтың коғам мұратына сай қызмет атқаруға тиісті болған кеңестік клубтарға тән ерекшелік белгілер мен функционалды жүктелген міндеттерге әсте толық сай келмегендігін аңғартады.
Жиырмасыншы жылдар басында ауыл мен деревняларда бір өзінде кітапхана, сауат ашу мектебі, анықтама столы, клуб функциялары жинақталған сонымен қатар басқа да мәдени-ағарту сипатындағы іс-шаралар ұйымдастырылуға лайықталған кешенді мектептен тыс мекеме типі балалар мен жасөспірімдердің “Оқу үйі” құрьлды. Қазақстан жағдайында әсіресе мектепке тартылмай қалған балалар және жасөспірімдерді мәдени-ағарту жұмыстарына тарту, әлеуметтік-мәдени белсенділікті қалауға
Белсенділігіне негізделген бейрегламентті қарым-катынас орталығы және рекреацялық функцияны орындаушы мектептен тыс мекеменің “Мектеп-клуб” типі ерекше даму алды. Мектеп клубтың арнайы ғимараты болған жоқ. Ол мектептің базасынан ұйымдастырылған арнайы бөлінген жайды клуб табиғатына оқтайланған мектеп әкімшілігіне тікелей бағынышты құрылым болды. Мектеп-клуб жұмыстарьның ұйымдастырылу принципі, құрылымдық жасалу жолдары, басқару әдістері мен кағидалары жалпы клуб жұмысы жарғысы негізінде жүргізілуі тиіс болатын. Алайда ол қол бос уакытта балалар мен жасөспірімдердің әртүрлі әлеумек-ынташылдық негізізінде құрылған сан түрлі салалық бірлестіктер иен үйірмелердің ынтызарлық топтардың жұмыстарынұйымдастырып өткізетін әлеуметтік тәрбие орталығына толық айнала алмады. Балалардың сан-саласы сұранымдарын қанағаттандыру жалпы клуб типтес мекемелер табиғатына ғана тән құбылыс болғанымен мектеп клуб қалыптасқан объективт іжағдайға байланысты бұл шартты өз лайығында орындай алмады. Мектеп-клуб негізінен балалар үйі жанынан ұйымдастырылған әрі тікелей балалар үйі әкімшілігі қарамағына қарасты мекеме болғандықтан, екішіден оның жұмысын басқаруға қосымша қызмет атқаратын нектеп-мұғалімі тағайындалғандықтан клубтың жұмыс принциптері басшылыққа алына бермеді. Оның жұмысында еңбекке тәрбиелеу бағыттылығы орасан зор басымдық алды. Өнікті тауар өндіру балалардың тікелей тұрмыстық қажетін өтеу жұмыстары күнделікт ііске асырылатын әдетке айналып кетеді. Coндықтан да мектеп-клубты “Мектеп-шеберхана” деп атауда орын алады. Ол мектеп-шеберхана Ұлы-Отан соғыс жылдары арнайы үкімет шешімімен толық айналып кетті. Мектеп-клубтың аталуы кейбір құжаттарда “Қарапайым клуб” (клуб-примитивов) деп көрсетілген. Осы аталудың өзі мектептен тыс мекеме типі ретінде құрылған мектеп-клубтың коғам мұратына сай қызмет атқаруға тиісті болған кеңестік клубтарға тән ерекшелік белгілер мен функционалды жүктелген міндеттерге әсте толық сай келмегендігін аңғартады.
Жиырмасыншы жылдар басында ауыл мен деревняларда бір өзінде кітапхана, сауат ашу мектебі, анықтама столы, клуб функциялары жинақталған сонымен қатар басқа да мәдени-ағарту сипатындағы іс-шаралар ұйымдастырылуға лайықталған кешенді мектептен тыс мекеме типі балалар мен жасөспірімдердің “Оқу үйі” құрьлды. Қазақстан жағдайында әсіресе мектепке тартылмай қалған балалар және жасөспірімдерді мәдени-ағарту жұмыстарына тарту, әлеуметтік-мәдени белсенділікті қалауға ынталандыру шараларын білім беру ісімен ұштастырып оны толықтыруды ақпараттық анықтама кызмет көрсетумен ақпарат тасымалдарын пайдалануды үйрету, насихаттау жүмьтарымеп,| сабақтастыра отырьш жүргізетін кешенді орталық ““Оқу-үй» нағыз тиімді балалар мекемесі болды. Сол себептенде Халық ағарту комиссариаты А.Байтұрсынов ауылды жерлерге арналған оқу-үйлерін коптеп ашуға барлық колдағы мүмкіндіктерді, пайдалануды талаптаған еді. Кеңес үкіметінің жаңа мемлекеттік құрылымының тез арада қаз тұрып кетуінің басты бір шарты саналған мөдени революцияны жүзеге асыру бағдарламасы шын мәнінде өркениетті жасампаздық кадам болатын. Сол мәдени революция ұстанымға алған өркениетті қадамның бірі қысқа мерзім аралығында сауатсыздыкты жою болды. Жиырмасыншы жыл басындағы мәлімет бойьнша Қазақстанда 300 мыңнан астам мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер мектептегі оқуға “тартылмай калған және оларды мектеп оқу жүйесі арқылы оқыту мүмкіндігі де өте шектеулі болды. Үкімет кабылдаған сауатсыздықты жою бағдарламасы жергілікті тұрғындардың әр түрлі әлеуметгік-демографиялық т.б. ұлттық мінез-қүлық, тұрмыс-салт , әлеуметтік сана т.б. ерекшеліктерді есепке алу. оларды құрметтеу талабына сай жүргізілгендіктен Казақстанда балаларға, жасөспірімдерге, ересек оқушыларға, қыз балаларына арналған “Сауат ашу тіректері” құрылды.
Арнаулы мектептен тыс мекемелердің ерекше бір типіне жататын балалар мен жасөспірімлердін және ересек оқушылардың жеке даралық ерекшеліктерін ескеруді басшылыққа алып дифференциялды амал жасаудан құрылған “сауат ашу тіректері” жалпыға бірдей (Ресей т.б. республикалар үлгісіндегі) сауат ашу тіректеріне қарағаңда педагогикалық міндеттерді тез арада шешу мен әсер жасау мүмкіндіктерінің ықтималды болуымен ерекшелінеді. Өйткені шамалас жас деңгейіндегі балалардың өз арасында еркін сезінуі олардьң басқалармен тез теңгерілуіне ынталандыратын табиғи психологиялық құбылыс бәсекелестікке, жарысқа тез түсу мүмкіндіктері, жеке даралық болмысты ұштауға, қабілетті ашуға. өз ісіне сенімділік қалауға сөйтіп өзін-өзі сауат ашу процессіне ынталандыруға оң ықпал жасаған.
Балалар мен жасөспірімдердің сауатсыздығын жоюдың тиімді үйымдастыру формасы болған арнаулы сауат ашу тіректері мектептен тыс жұмыстардағы инфференциация процессін іске асырудың Қазақстандағы алғашқы тиімлілігімен танылған үлгілерінің бірі болды. Қазақстанда жиырмасыншы жыдардың басыңда өмірге келген мектептен тыс мекемелердің бірегей типі “Балалардың саз мектебі” болды. Мектептен тыс мекемелердің бұл типіне артылған даралық міндеттерге өнердің бір немесе екі т.с.с”: жанрлық түріне табиғи бейімі бар балалар мен жасөспірімдерді тартып көркемдік музыкалық білім беру арқылы олардың жалпы музыкалық өнер туралы дүние танымын кеңейту, олардың көркемдік-шығармашылық, көркемдік-тәрбие, көркемдік- коммуникативті, көркемдік-ұйымдастырушылық қабілеттерін ашу, көркемдік білік, дағды калыптастыру арқылы, көркемдік талғамды дамыту жатты. Аса күрделі болып табылатын осы педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру тек қана музыкалық білім беру жұмыс формасы (оқу процессі ғана емес) арқылы ғана емес, көркемдік-продуктивті қызмет көрсету формасы (спектакль кою, концерт беру) арқылы және олардың бағдарлы сабактастьлығының сақтала жүргізілуімен іске асырылды.
Балалар мен жасөспірімдердің көркемдік жеке даралық ерекшеліктеріне сай дифференциациялау процессін іске асыру амалдары балаларға көркемдік-музыкалык білім беру жұмысының күшейтілген формалары “Саз студиялары мен өнер саласындағы дарынды балалар үйі” сияқты мектептен тыс мекемелер типінде дүниеге келді. Саз студия негізінен жастардан, балалардан құрылып өнердің белгілі бір жанры бойынша шығармашьшық және білім беру (оқыту) процессін ғана тереңдете жүргізуді мақсат тұтқан қызметтің жекелік, кей жағдайда (театр жанрында) топтық түрі.
Қарастырылған кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жан-жакты дамыған тұлға қалыптастыруына өзіндік тәлім-тәрбие әсірмен танылған мектептен тыс мекемелердің мамандандырылған алғашкы типі “Балалар кітапханасы” болды. “Балалар кітапханасы мәдени-ағарту ісіне маманданған Әдістемелік-ақпараттық бағытта мектептен тыс білім мен тәрбие беретін мекеме”. (Қазақстанұүлттық энциклопедия Алматы 1999.б.99). Балалар мен жасөспірімдерге білім беру саласында кітапханаларға артылған негізгі міндеттерге білімдік ой-өрісті кеңейтіп, алған білімдерді баянды етуде мектепке барынша көмек беру болса, тәрбие беру іс-шараларында ол дербестік сипатгылығымен ерекшеленді. Балалар , мен жасөспірімдер кітапханасына артылған негізгі міндеттерге соңдай-ақ жас оқырмандардың кітап оқу мадениетін, коғамдық кітап қорларын пайдалану білігі мен дағыдаларын меңгеруді қалыптастыру, кітаппен өз бетінше жұмыс жүргізу дағдысына үйрету жатты. Балалар Әдебиеттерін насихаттау, балалар оқуына жетекшілік жүргізу, оқырмандар қатарын жаппайылық сипатқа жеткізу балалар кітапханасынық өзіндік ерекшелігін даралайды. Балалар кітапханасы жас оқырмандардың әртүрлі сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігі бар әдебиеттердін, әмбебап қорларын жинақтайды. Кітапханадағы кітап қорын іріктеy мен жинақтау балалар мен жасөспірімдердің оқырман ретіндегі қызығушылықтарын жан-жақты зерттеу негізінде, оқушыларға тәрбие берудің маңызды талаптарына сөйкес іске асырылады. Осы жағдай балалар кітапханасының өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Қазақстандағы балалардың .коммунистік яғни пионер қозғалысы ұйымының өмірге келуі «Пионер клубын» дамытты. Пионер клубтарын басқа мектептен тыс мекемелер типтерінен ерекшелендіретін белгі оған жүктелген арнаулы міндеттердің сипатында болды. Олар: біріншіден пионер қлубтары арқылы балалардың коммунистік қозғалыс міндеті мен жұмыс мазмұндары дараланды және анықталды. Екіншіден кеңес мектептерінің идеологиялық мекеме ретінде қызметін жетілдіру, пионер үйымдары мен мектептің екі жақты ортак тәрбиелік әсеріне балалар коммунистік қозғалысы міндеттеріне жұртшылыктық назарын аудару, оқу сапасын көтеру мен ғылым негіздерін меңгеру насихатын күшейту, балалардың өнегелік мінез-құлқы мен тәртібін нығайту міндеттерімен айналысу пионер клубтарын балалардың Идеологиялық орталығына айналдырды. Үшіншіден пионер клубтары жұмысын мектептегі және сыныптан тыс жұмыстар төңірегіне шоғырландыру қажеттілігі оның нұсөау -әдістемелік жөне көпшілікті ұйымдастыру жұмыс түрлерімен айналысуына апарды және бұл қызмет сапасы бірте-6ірте басымдыққа ие болды. Пионер клубтарыньң балаларды пионер қатарына тарту және пионерлердің қоғамдағы орнын көрсетіп ықпалын арттыру жұмыс формаларын жетілдіруден пионер клубы жанынан «Балалар алаңын» құру басталды. Балалар алаңы балалардың маусымдық демалуы және тәрбиелену орны ретінде танымалдығы тез артты. Мектептен тыс мекемелрдің қарқынды даму кезеңінде балалар алаңы мектептің, пионерлер мен оқушылар үйінің жанында сондай-ақ үй басқармаларының ұйымдастыруымен бульварларда құрылды. Балалар алаңы жұмысы төменгі және орта шынықтыру тәрбиесі мен балалардың белсенді демалыстарын ұйымдастыруда ойын элементтерін басымдықта пайдалану мен ерекшеленеді. Мұнда тәрбие құралдарына балалардың заттық , сюжеттік, қыймылдық, дедактикалық ойындары алынды. Тіпті өмір құбылыстарын түсінуде оларға өздерінше әсемдік көрніспен бейнелеу сынын жасауда балалар ойынының бастапқы формасының (кубиктермен, кірпіштермен, ойыншықтармен) рөлі айтарлыкай болды. Өйткені осы ойындар арқылы балалардың өз мақсатын іске асыру өз ісінің дұрыстығын мақьлдау қабілеттері дамыды. Сюжетгік (такырыптық, драмалық) ойындар арқылы ерлікке, адамгершілікке, әсемдікке, мамандыққа өздерін-өзі баулу орындалады. Ал, қимыл ойындары дене тәрбиесінің құралдары әрі өздігінше іске асырылатын жұмыс формалары болды. Дидактикалық ойындар (шахмат, тоғыз құмалақ, модельдеу. контрукциялау) балалардың қоршаған ортадағы объективті зандьлықтарды танудағы білімін айқындайды сезім қабілеттерін зейінділікпен тапқырлык қасиеттерді дамытады және оқу мен білімге деген ынта арттырады. Мысалы балалардың конструкциялау арқьлы техникалық білім жетілдіру мен оның тәжірбиедегі қолдану біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға ойын арқылы қол жеткізуге мүмкіндік алатынын ескерсек осы ойындарды арнайы ұйымдастыратын балалар алаңының орыны ерекше мәнімен танылып түрады. Балалар алаңы мектептен тыс мекемелердің рекреациялық функциясының ерекше басымдықта өтілуіне негізгі шарттылык қалайтын бірден-бір орын. Балалар алаңы мен қатар «Балалар қалашығы» да өмірге катар кенді. Балалардың жан-жақты дамуына ықпалын тигізіп тәрбиелеу ісіне мүмкіндік жасайтын “Балалар қалашығы“, жұмыс мазмұны мен формасы қарапайым ойындарды ұйымдастыруға қолайлығымен ерекшеленді. ұүнда әсіресе балалардың сюжеттік ойындарын ұйымдастыруға қажетті жағдайлар (әртірлі макеттер, фигуралар т.б. формалар) жасалған.
Балалар қалашығы ұүмысы негізінен балалардың қозғалыс іс-әрекетгеріне құрылып қызмет түрлерін ауыстыруға негізделгендіктен балалардың күш-қуатын қалпына келтіру үшін қызмет түрлерін кезектендіріп тұратын психофизологиялық процессті іске асыру оңай орындалады. Осы себептен балалар қалашығы негізінен рекреациялық функционалдық жеке типі болды.
Балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыстарының аса манызды іс-шара ретіңде мойындалуы және оның жұмыс формаларын жетілдіру өмірге “Клуб күнін” әкелді. Ал осы жүмыс күніне әдістемелік -нұсқаулы жетекшілік жүргізген мектептен тыс мекемелердің ерекше типі пионерлердің “Мәдениет форпосты» болды. Мәдениет-форпост дегеніміз не? ОЛ кандай мағынаны білдіреді және мәдени форпосгың негізін қалаған кім болды? Форпост ол голланд сөзі, аудармасы тұракталған, нығайтылған пункт немесе нығайтылған шеп, алдыңғы позиция деген мағыналарды білдіреді. Ал, осы мөдениет-форпост негізін қалаған окушы-пионерлер болды . Сайып келгенде, форпост пионерлер бірлестігі болған. Форпост пионерлер ықпалын таратушы әрі мектеп пен пионер отряды арасындағы дәнекер. деп атап көрсетілді халық ағату комиссариатының инструкциялык хатында. Хатта уақыт кезеңіңдегі форпост ролі және функциясы да көрсетілді. Ол:
Мектептердегі жүмыстардың дүрыс жолға қойылуына Қол жеткізу;
Бірлескен коғамдық жүмыстар үйымдастыру;
Белсенділерді топтарға бөлу, жеке тапсырмалар беруді қадағалау;
Жүмыс жоспарларын жасауға қатысу;
Мәдени, санитарлық-гигиеналық дағды қалауға тәрбиелеу.
Форпостын жұмысын президум басқарады. Ол мектеп өміріне жетекшілік көмек жасау жұмысына белсеңді араласканымен оқушылар комитетінін дербестігіне араласпаған. Форпост жетекшілігі арқылы пионерлердің мектеп өміріне ондағы ұйымдарға ықпалы оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары жетекшілігіне сайланған пионерлер арқьлы жүргізілген. Алғашқыда мәдениет-форпосты Қазақстанның өндірісті мекемелері бар қалалары мен поселкаларында ұйымдастырылды. Көп кешікпей халық ағарту комиссариатының қолдауымен ол жаңа құрлыс, кейінірек совхоз (кеңшар) колхоз, т.б. ірі мекендер мен өндіріс мекемелері нысандарында арнайы бөлінген жайларда ашьлды. Пионерлердің мәдениет-форпостына жергілікті кәсіпорындар, коғамдық мекемелер демеушілік жасап оларға қажетті материалдық-техникалық жарақтар мен жиһаз-жабдықтарды қамтып отыратын болған. Мәдениет-форпост жұмысының негізіне баска мектептен тыс мекемелер сиякты балалар мен жасөспірімдердің ынтасы мен көңіл калауы қызығушьлыктары алынған, формасы мен ұйымдастырьлуына әр түрді клуб бірлестіктері кірді. Форпост қозғалысы партияның ішкі саясатындағы үміт үдесінен шыққан мекемелердің бірі болды. Азаматтық мәдени-ағарту жұмыстарының сан түрлі саласын меңгеру шараларына кішілермен үлкендердің шығармашылық ынташылдығы мен ынтымақтастығына, мақсатына негізделіп жүргізілген жұмыс формасы болды. Оның жұмыс формалары мен әдістері “жас техниктер стансасы мен жас өлкетанушылар стансасы” “окушылар мәдениет үйі мен сарайы жүмыс формалары мен әдістеріне өте ұқсас болды. Түр жағынан өзгеріске үшырап, жетіліп 90-шы жылдарға дейін жетті. Оның кейінгі аталуын балалардың тұрғылықты мекендері бойынша жқмыс жасайтын «Aулa клубтары“ деп те жүрді. Аула клуб жұмыстарына тұрғын үй басқармасы жеке ынташылар камқорлық жасады. Кейінгі өзгерістер мәдениет-форпосты жұмыстарының толық тоқталуына апарды. Алайда пионерлердің форпосты балаларға арналған мектептен тыс мекеме пионерлер мен оқушылардын сарайлары, үндері сияқты жоғары типтегі мәдени ошақтардың өмірге келуіне бірден-бір қозғаушы да әрі үлгі болды. Форпостың басқа мектептен тыс мекемелерден басты ерекшелігі сол мекемелер жүйестің құрамдас бөлігі бола тұрып, нақты бір мектеп немесе елді мекен мөлтек аудан жағдайында мектеп пен одан тыс мекемелер үшін күрделі де, қиын болып тұрған мәселелерді шешумен тікелей жеке айналысатындығында еді. Яғни форпост мектеп пен одан тыс мекемелер қызметін қайталамай, оларда жоқ жұмыс түрімен айналысуды мұрат тұтынған. Форпост қоғамдык негіздегі тәрбие үжымы болғандықтан, оның пәрменділігі ынташылдык пен қоғамдық белсенділік дағдылары жоғары әр түрлі сала қызметкерлерінің ерікті іс-әрекетгеріне тікелей байланысты болды.
Қазақстанда көшпелі, жартылай көшпелі елді мекен тұрғындарына яғни республиканың байырғы халкы қазақ халкына мәдени-ағарту қызметін көрсетуде ұлттық Қызыл-Отау жұртшылықтан кең қолдау мен сұраныс тапқан мектептен тыс мекемелердің маусымдық типі болды. Оның басты ерекшелігі ол бір өзі сол кездегі жылжымалы әрі тұрақты клуб типтес мекемелер функцияларын атқарды. Сондықтан да оның айналасында әр сала қызметі мамандары болды. Қызыл-Отау конструкциялық ұлттық стилі қатаң сақталған табиғи opта мен ландшафты. жергілікті жер ерекшелігі мен климат жағдайларын тиімді пайдалануымен клуб мекемелерінің Функционалдық мүмкіндіктерін орындауга мүмкіндігі бар мекеме болды. Қызьш-Отау мәдени-ағарту мекемелері ғимараттарының көркемдік эстетикалық жабдыкталу ерекшелік талаптарына сай ұлттық сәндеулі ең озық классикалық декоративті, композициялық көркемдік құралдарын толық пайдаланды. Қызыл-Отаудың тип тілегі басты ерекшелігі оның жанынан ашылған арнаулы балалар мен жасөспірімдер секциясындагы клубтық үйірмелермен бірлестіктердің өзін-өзі басқару принципіне ұйымдастырылуы болды. Секциялар балалардың өз бетінше жүргізілетін мәдени-ағарту жұмыс түрінің дербес ұйымдастырылған формасы болғандықтан оның жұмысына қызығушылық артты. Екінші жағынан Қызыл-Отаудағы сала мамандарының болуы аудиторияны саналы дифференциялауға мүмкіндік жасады. Яғни Қызыл-Отаудың материалдық-техникалық базасы жабдықталу Жағынан жақсы болуы жұмыстың тиімділігін арттырған. Сол келушілердің талап-тілектеріне, мақсат-мүдделеріне сай келген жұмыс формалары көп болды. Сонымен қатap балалардың парасатты демалыстарын ұйымдастыру тұңғыш рет бағдарлы сипатта өткізілді және ол негізінен ұлттық ойын-сауық, спорт-жарыс т.б қозғалыс түрлері пайдалануға құрылды. Сайып келгенде Қызыл-Отаудың мектептен тыс мекеме ретінде 5басты ерекшелігі ол өз қызметін негізінен бұхаралық және топтық жұмыс формаларына құрғандығында болды. Бұл қалыптасқан объективті жағдайдан туған кұбылыс eді.
Балалардың мектептен тыс орыңдалатын көп салалы ic - шаралары арасында мектеп “Қызыл бұрыштарының да” өзіндік орны болды. Қызыл бұрыштар таралуы мектептен тыс мекемелер дамуының бірінші кезеңінде асақарқынды болды.. Балалар Қызыл бұрышы оқушыларға қызықтырған сұрақтарына дер кезінде жауап табуға көмектесетін анықтама-консультациялық жұмыс түріне арналған орын. Қызыл бұрыш алғашқыда негізінен іріктеп алынған, газет, журнал тігінділері, библиографиялық материаллармен Әдістемелік ұсыныстар, арнаулы әдебиеттер т.б. ақпаратты, анықтамапық құжаттармен ғана жабдықталатын болган. Қызыл бұрыш балалардың өзіндік, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырудың көпшілік қолды құралы ретінде де тиімділігімен көрінді. Пионер отриядтары козғалысының дамуына байланысты Қызыл бұрыш жұмысы қоғамдық белсенділер жұмысын ұйымдастыруға арналған іріктеп алынған әдістемелік материалдармен жұмыс жоспарлары, тақырыптық стентдермен толықтырылады. Алайда арнаулы балалар кітапханаларымен басқа мекемелер қатарының көбеюіне байланысты Қызыл бұрыштардың функциясы соларға беріліп оның дербестік қызметі бірте-бірте тоқтатылды.
Белгілі 1932-ші жылғы 21-ші сәуірдегі ВКП (б) орталық комитетінің пионер ұйымына қатысты қаулысының шешіміне сай біріңғай үлгідегі мектептен тыс мекемелер типтері өмірге енді. Жалпы жоспарлы біріңғай үлгідегі мектептен тыс мекемелер құрылысын жүргізудің позитивті жағына келетін болсақ ол кеңестер елінде дәстүрлі комплексті сипаттағы балалар мекемелерімен қатар мектептен тыс мамандандырылған типтердің пайда болуына жол салды. Балалар мен жасөспірімдердің құштарлығы мен қызығушылығын дифференциялау процесі оларды аса қызықтырған жұмыс түрлерінің бірімен тиянақты айналысуға мүмкіндік беретін, солар арқылы өмірдегі өз бейімділігін табуға, білімнің белгілі бір саласы бойынша шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандыратын және оған қажетті құралдардың т.б. жағдайлармен қамтамасыз ете алатын мекемелер типтерін құруға негіз болды. Бұл өмірлік қажеттілік еді. Енді біріңғай үлгідегі комплект (кешенді) және мамандандырылған мектептен тыс мекеме типтері бір-бірімен қандай ерекшелік сипаттармен дараланатынын қарастырайық.
Аудандық (қалалық) пионерлер үйі.
Оқушылар мен пионерлер үйі оқу министрлігі жүйесінің мектептен тыс жоғары типтегі мекемелері болып саналады. Сондықтанда бұл мекемелердің басты ерекшелігі ондағы жұмыстардың оқу министірлігімен Бүкіл Одақтық пионерлер ұйымы Орталық Кеңесі ғана бекіткен жоба бағдарламасы бойынша жүргізуіне ғана болады. Аудандық (қалалық) оқушылар мен пионерлер үйлері көрермендер және тұрақты көрме залдары бар, үйірмелік және басқада салалық жүктелген міндеттерге лайықталған бөлмелерден (қосалқы бөлмелері), кітапханадан тұратын номенклатуралық, заңды тұлғалық правосы бар мекеме болды.
Оның басқа мектептен тыс мекемелерден ерекшелігі негізінен атқарылатын жұмыс мазмұны сипатында болды. Ол жұмыс мазмұны нақтыланған үш қызмет түрлерімен анықталады. Олар көпшілікті-ұйымдастыру, нұсқау –әдістемелік, және барлық мектептен тыс мекемелерге тән үйірмелік жұмыс түрлерінен қаланды. Мұндағы дәстүрлі үйірмелік жұмыс түрлері пионер және мектеп комсомол ұйымдары талаптары мен ұсыныстары, жергілікті еңбек ресурстары экономикалық сұранымдары яғни жергілікті жағдайды есепке алу және оқушылардың мәдени ой-өріс деңгейлері мен жас ерекшеліктеріне сай олардың қызығушылықтарын ескеру негізінде құрылып отырған. Ал көпшілікті ұйымдастыру жұмыс бағыты мектептердегі кластан тыс балалар мен жасөспірімдердің құштарлығы мен қызығушылығын дамытуға негізделген тәлім (білім беру)-тәрбие жұмыстарының мынадай негізгі: бұхаралық жұмыс формаларына деген ынтазарлығын ояту, оқушылардың ынтазарлығын дамытуға жағдай жасайтын біліктіліктер мен дағдылар қалау, үйірме мүшелерінің қоғамдық міндеткерлік –өнегелігін қалыптастыру сияқты салаларын қамтыды. Ал әдістемелік - нұсқау қызыметіне: үйірме, ынтазарлық бірлестіктер т.б құру, үйірме нұсқаушыларын дайындау мен жетекшілер біліктіліктерін көтеру, қажет болған жағдайда ұсыныстар жасау жұмыстары жатты. Осы нагізгі жұмыс бағыттары барлық кезеңдерде негізінен сақталып олардың формалары мен әдіс амалдары, жетілдіріліп ұйымдастыру құрлымында өзгерістер, толықтырулар болып отырды. Аталған жұмыс сипаттары аудандық (қалалық) оқушылар мен пионерлер үйлерінің мектептен тыс мекемелер қызметкерлеріне, пионер, комсомол белсенділеріне әдістемелік көмек көрсету орталығына айналғанын көрсетеді.
Облыстық (өлкелік) оқушылар сарайы жоғары типтегі мектептен тыс мекеме.
Сарай галерияларымен жалғасып жататын екі немесе оданда көп арнаулы (оқу, театар және спорт) корпустардан құралған (екі не үш) театр –концерттік , бұхаралық іс –шаралар, спорт, гимнастика залдары, бассейні мен стадионы, ондаған мамандандырылған кабинеттері мен лабораториялар жасақталған облыс көлеміндегі мектептер және мектептен тыс мекемелерге әдістемелік нұсқау көмек қызметін көрсететін облыстық (өлкелік) пионер және жастар одағы ұйымдарының орталық базасы болып табылады.
Облыстық пионерлер сарайы пионер вожатыйлардың кәсіби білімдері мен білік, дағдыларынқалыптастыру мақсатындағы оқу- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыратын база. Сондай –ақ пионерлер сарайы әдістемелік бөлмелері, мектептен тыс мекемелері базасында тұрғылықты жер бойынша әртүрлі жастағы отряд және пионер лагерлері, вожатыйлары, мектептің, штат,штаттан тыс аға және отрядтың вожатыйлары оқуын ұйымдастырады. Сайып келгенде сарайдың негізгі және мақсатты міндеттеріне мектептер мен әртүрлі мектептен тыс мекемелерге әдістемелік көмек көрсету жатты. Бұл оның пионер үйлерінен даралық ерекшелігін көрсететін негізгі белгісі.
Қазігі кезге дейін балалар мен жасөспірімдерге қызметкеле жатқан Республикалық оқушылар сарайы Алматы қаласында 1983 жылы (архитекторлары В.Н Ким, А.П Зуев, Т.С Әбілдаев т.б.)соңғы архитектуралықөнер жетістіктерінің негізінде тұрғызылды. Үлкен көрермен залы, обсерватория, жүзу бассейні, спорт зал, ондаған әртүрлі үйірмелік бөлмелерден басқа ғимарат алдындағы үлкен алаңмен алеяларда ашық ауажағдайында көпшілік –бұхаралық іс –шаралар өткізуге сарайда толық жағдай жасалған.Сарайға бір күнде 2200 оқушылар әр түрлі жаттығу –оқу т.б. тәлім –тәрбие жұмыстарына қатыса алады. Республикалық оқушылар сарайы жалпы мектептен тыс мекемелер қызметі жүйесі мен мектептен тыс әртүрлі басқада бірлестікткері жұмыстарына ғылыми –әдістемелік материялдармен қамтамасыз етіп отыратын мемлекеттік орталық болып табылады.
Сахна өнер құралдары арқылы жасөспірімдер мен балаларға қоғамдық мұрат талаптарына сай тәрбие әсерін жасау мақсатындағы мәдени –сахналық мекеме «Балалар театры» өмірге келді және көркемдік қызмет етті. Бұл тек кеңестер елінде ғана мемлекеттік деңгейде қабылданған мәдени революция міндеттерін орындаудан туған мекеме болды. Бірінші балалар кәсіби театры жиырмасыншы жылдарды (Мәскеу 1920, Петроград 1822, Киев 1924, Баку, Тбилиси 1928 т.б.қалаларда) пайда болса Қазақстандағы ең алғашқы балаларға арналған әуесқой театры Қазалы қаласында (1929) ал кәсіби театр Алматы қаласында 1935 жылы ашылды. Ол кейін басқа қалаларда да құрылды.
Балалар театры қойылымдары өз көрермендерінің жас ерекшеліктері мен оның даму тенденциясын есепке алу мен санасу қағидасына, балалардың ой –өрісі, көзқарасы, сезім күйіне қарай жасалатын болғандықтан репертуарды дәтүрлі үш топқа (төменгі, орта, жоғары жастағы оқушылар)бөліп жасау шартты болды.Театр құрлымында осындай бөлімнің болуы және бөлім қызметкерлерінің көркемдік кеңес мүшесі болып саналуы балалар театрының басқа театрлардан ерекше өнер ұжымы және құрлымы екендігін даралап тұрды. Балалар театры жұмысы қашанда жас ұрпақтарға берер тәлім –тәрбиелік мәні зор келелі де күрделі мәселелерді қозғайтын, балалардың таным ой –дүниелеріне өте жақын драмалықтуындыларға құрылыпкеледі. Сахналық көркем образдары арқылы балалар мен жасөспірімдерді идеялық сенімділікке қалыптасқан қоғамдық дәстүрге оны жалғастыра беруге, туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде театр үкен күш қана емес оған жеткізудің бірден –бір құралы болды. Балалар театрының драматургиялық тақырыбы, жанр және шығармашылық шешім тәсілдерінің әр алуап боп келуі оның ерекшелігін тағыда даралай түседі. Бұл дәстүр жалғасын тапқанда ғана балалар театр өзіне артылған міндеттерге сай мекеме болып қалады.
Өнегелік және көркемдік тәрбие жұмыстарындағы киноның ролі және көркемдік тәрбие шараларына дифференциация процессін қолдану балалар мен жасөспірімдерге арналған кинотеатрлардың оларға мәдени және рухани қызмет етуін жолға қойды. Балалар кинотеатры балалар мен жасөспірімдер үшін көркемдік, деректі, ғылыми –танымдық және мультипликациялық фильмдерді демонцтрациялауға арналған оқтайлы конструкцияларды пайдаланып типтік жобамен салынған қоғамдық мекеме. Балалар кинотеатры экран типіне қарай (кең форматты, кең экранды және қалыпты стриоскопиялық) және зал санына қарай (1,2) түрге бөлінеді. Балалар кинотеатр залы барлық қатарлардан экрандаға бейнелердің көрілу жағдайы (комфортты) бірдей болатындай етіп жасалғанымен дыбыс шығарушы аппараттар қуаттылығымен дыбысдыбыс толқыны дефференциясы құбылысын т.б. физикалық заңдылықтарды ескермеу, көп жағдайда көрілім сапасына үлкен нұқсан келтіретінін оны ұйымдастырушыларестен шығармауы керек. Балалар кинотеатры фоесінің сәндік, жарнамалық, әшекейлікқұралдар және бейнелеу т.б. өнер туындыларымен балалар талғамы ой –өрісі, дүниетанымына сай көркемделуіне үлкен мән беріледі. Талғамды көркемделген фойе балалардың эстетикалық және көркемді образды әсерге берілуіне үлкен ықпал жасап киноөнеріне ынтазарлықты күшейтеді. Балалар кинотеатрынының кинофильмдерді көруді ұйымдастыруы мен қатар басқада әртүрлі жұмыс формалары бар. Балалар кинотеатрының негізгі ерекшелігі осы. Оның ұйымдастыратын жұмыстары арасында тартымдылығымен әрі көпшілік қолды түсініктілігімен дараланатын мынадый: кино-викториналар, кино –фестивальдер, кино –кештер, кино –ертеңгіліктер, кино –клубтар, кино –альманахтар сияқты балалар білімін көтерудің, дидактикалық ойындар мен мерекелерді ұйымдастырудың ыңғайлы формалары танымалды болған. Кино –альманах меектептегі оқу бағдарламасына сәйкес бір немесе бірнеше тақырыптарға арналған кино ленталардан немесе үзінділерден жасалады.
Жалпы ұйымдастыру формасы болса кинл –альманах соның білім тереңдңтетін көрнекілігі мен әсері күшті оқу материялдарының түсініктілігі мен ұғынқылығын көпшілікті қол жетімділікке жеткізетін дидактикалық бір түрі. Кино –альманах жұмыс түрі оқу киносының даму негізін қалады. Ал балалар кинотеатрындағы клуб бірлестігінің түрі кино клуб көрермендерінің кино өнері туралы білімділік деңгейін көтеруге ғана емес балалардың әлеументтік белсенділігін қалыптастыруға қызмет ететін жұмыстүрі болды. Кино жанры, стилі т.б. тақырыптық пікірталастардың продуктивті жұмыс түрлері мен (кино примера, кино өнері, қайраткерлері т.б. кездесулер) ұштастырыла жүргізілуі балалар әлеументтік белсенділігін қалаудың тиімді әдістеріболды.
Ал кино кеш дегеніміз кино өнеріне байланысты кино –клуб бірлестігі мүшелерінің күшімен алдын –ала дайындалған ценрий бойынша өткізетін мәдени ағарту сипаттағы шара. Балалар кинотеатры кино өнері шығармашылығы мен олардың авторын насихаттау өз көрермендерінің хабардарлығы мен дүние танымдарын кеңейту мақсатында кино викториналвр (бір тақырыпқа арналған сұрақ –жауап ойыны) яғни кино өнері белгілерінің жарысын өткізу дәстүрінде қалыптастырады. Ал балалар кинофильмдерін насихаттаудың ең ауқымды ұйымдастыру –әдітемелік жұмыс формасы бірнеше күнге есептелген жоспарлы тақырыптық кинокөрілім –кино фестиваль нағыз балалар мерекесі болатын. Кинотеатрлардың ұйымдастырған осы жұмыс түрлерінің мазмұны мен көркемдік және ұйымдастыру формасы балалардың жас ерекшеліктеріне сай, олардың ой –дүниесіне, сезім күйіне лайықты етіп жасалғандықтан лоардың тәрбиелік әсерлігі мен тиімділігі үлкен болды. Жұмыстың мұндай формалары өзінің мәнін әлі жоғалтқан жоқ.
Мектептен тыс мекемелердің маманданған типтерінің бірі «Жас натуралист» стансасы. Ол ауыл –шаруашылығының түрлі саласынан өздерінің практикалық бірлестіктері мен дағдыларын және табиғаттану білімдерін кеңейтіп, оны күнделікті тәжірибе амалдармен ұштастыру, өндіріс т.б. өмір саласына қолдану мақсатын көздеген, туған ел табиғатын сүйе білетін және оны тәжірибелік көмек көрсететін көпшілікті іс –шараларын ұйымдастыратын орталық болды. Сол себепті жас натуралистер стансасы негізінен биологиялық профильдегі үйірмелер тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру шараларында балалардың жас ерекшеріктерімен дүние таным деңгейін ескерту қағидасын басшылыққа алып отырған. Олар төменгі жастағы жас натуралистерге табиғатты немесе тіршілік бұршындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тіршілік өміріне т.б. бақылау әдістерін үйретумен шектелсе, орта және жоғры жастағы натуралистерге қоршаған орта, жануарлар мен өсімдіктер, ауылшаруашылық өндірісін зерттеу жұмыстары әдістеріне дағдыландырылған. Сайып келгенде жас натуралистер стансасыәртүрлі биологиялық үйірмелер мен тәжірибелік учаскелердегі жұмыстарға оқушыларды қатыстыра отырып оларды табиғатқа деген жанашыр сезімге, өнегелі дүниетанымға тәрбилеу арқылы қоршаған ортаны сақтау шараларына белсене қатысқан балалар мекемесі.
Балаларға туған өлкені кеңінен тану, мектеп қабырғасында география, табиғаттану, тарих т.б. пәндерден алған білімдерін өмірмен байланыстырып тереңдету, туристік саяхаттық шараларға әдістемелік нұсқау жасау, балалар туризімін ұйымдастырушы кадрлар біліктілігін жетілдіружұмыстарын ұйымдастырумен балалар мектептен тыс мекеме типі – «Туристік стансалар»айналысты. Балалар туристік стансасы сондай –ақ меектеп және мектептен тыс мекемелердегі өлке тану музейлері әртүрі көрмелер мен бұрыштар ұйымдастыру жұмысына әдістемелік жәрдем беретін орталық мәртебесіндегі мекеме.
Техника саласы бойынша клубтық бірлестіктермен үйірмелік жұмыстарды жүргізу міндеттері мен қатар, балалар техникалық шығармашылығын дамытуға бағытталған жаппай көпшілікті және нұсқау–әдістемелік жұмыстарды орталық жас техниктер стансасы мектептен тыс мекемелер дамуының үшінші кезеңінде ерекше танымдылыққа жеткен әрі кең тараған мекеме болды. Жас техниктер станса жұмысы балаларды техникаға, ол туралы білімге қызықтырып олардың өнертапқыштық –рационализаторлық және ойлап шығару биімділігін оқыту мен тәрбие тәсілдеріне үйрететін бағыттарға ғана қаланды. Сонымен қатар жас техниктер стансасы мектептегі оқушылармен кәсіби бағдар бойынша жүргізілетін жұмыстарға сараптау жасайтын негізгі орталық болды. Мектептен тыс мекемелердің қарқынды даму кезеңінде балалар тәрбиесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылды.Бұл клубтар мен жасөспірімдердің ортақ бейімділігімен қызығушылығы негізінде ерікті түрдегі бірлестік құру принципінде жұмыс жүргізген қоғамдық басқару мен жетекшілікке негізделген мекемесі. Аула клубтарына әдістемелік басқада ұйымдастырушылық көмек көрсетуде жас техниктер, натуралистер стансалары үлкен белсенділік танытты және қамқорлық көмек көрсетдің үлгісі болды.
Мектептен тыс мекемелердің басқа титеріне қарағанда жаппай көпшілікті сипатқа жетпеген түрі – «Балалар Темір жолы » болды. Темір жол басқармасы оқу бөлімінің қарауында болатын балалар темір жолының мақсаты жасөспірімдердің темір жол транспортына ынтасын арттырып мамандығына бейімдеу болды. Балалар темір жол бастығының жанындағы екі кеңесші: педогогикалық (үйірме жетекшілерінен, жұртшылық өкілдермен мектеп оқушыларынан құралған) және жас темір жолшылар кеңестері (құрамы үйірме мүшелерінің жалпы жиналысы сайланған) балалар темір жолы жұмыстарына жауапты және негізгі ұйымдастырушы орган болып саналады. Мұндай сайланбалы органдардың болуы балалар темір жолы жұмысының өзін –өзі басқару принципінің негізінде арқа сүйейтіндігі аңғарады. Ал бұл жағдай балалар темір жолы жұмысына балалардың ынташылдығы мен қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік қалайтын амал болып табылады. Қазақстанда Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларында ғана балалар темір жолы жұмыс істеді.
Балалар мен жасөспірімдердің дара тұлғалық дамуын қалыптастыруда оларға арналған Мәдениет және демалыс саябақтардың үлесі де елеулі. Мектептен тыс мекемелер қалыптасуының бірінші кезеңінде балалар Мәдениет және демалыс саябағы алғашқыда бұхаралық саябақтары жанынан ұйымдастырылып кейін дербес мектептен тыс мекемелер түрінде түрінде даму алды. Сонымен мәдениет және демалыс саябағы дегеніміз не? Оның ерекшелік сипаты неде? деген сұрақтарға жауап берелік. Мәдениет және демалыс саябағы табиғи климатты зона мен ландштафт базасында, табиғаттың рекрециялық мүмкіндіктерін адамдардың демалыстары мен денсаулықтарын жақсартуға барынша пайдалану үшін ұйымдастырылған мәдени ағару және рекрециялық функционалды мәдени мекеме. Балалардың жаппай көпшілікті демелыстары мен әлеуметтік мән –мағынаға құрылған мәдени көркемдік т.б. қызмет түрлерін өткізуге арналған арнаулы саябақтардың ерекшелігі мынада. Біріншіден саябақтың көк – жасыл орманды алыбы мен сан түсті хош иісті гүлзарлары балалардың психоологиялық және физиологиялық күш қуатын қалпына келтіруде ең жағымды, жағдайлы жабдықталған (комфортты) ортамен ерекше микроклиматты қалыптастыруға мүмкіндігі аса зор. Осы жағдай саябақтың функционалдық арттырылған міндет ерекшелігін даралап көрсетеді.
Екіншіден саябақтың жаппай көпшілікке бірдейлік сипаты яғни көпшілікке арналушылығы ондағы жұмыс формаларының сан алуна түрлерде және кең көлемді дәрежеде ұйымдастырылу мүмкіндігін артық етеді. Бұған дәлел ретінде статистикалық мәліметтерді келтіруге болады. Оларда қалалық мәдениет және демалыс саябағына келушілердің мүмкіндік саны басқа мәдени –ағарту, ойын –сауық, спорт, театр т.б. мекемелерге келушілердің санын қоса есептегеннен көп артықшылықта болатындығы расталады. Олай болса саябақ ең жаппай көпшілікті және оған аса қолды келген мекеме болып табылады. Осы ереекшеліктің өзі саябақтың бір мезгілде сан мыңдаған адамдар қатыса алатын кең көлемді формадағы бұхаралық жұмыстарды жүргізе алатындығын дәлелдейді.
Үшіншіден саябақ келушілерге тәрбие әсерін жасау әдістерімен де ерекшеленеді. Мұндағы тәрбие әсері барлық келушілерді ұжымдық іс –әрекеттерге барынша қызықтыру, қатыстыру принципіне құрылады. Сондықтанда саябаққа келушілер көпшілікті көркемдік –мәдени (ән айту, би билеу т.б.) және қозғалғышты (ойын, жарыс) жұмыс түрлеріне еліктеу сезімінде қатысады және қызықтай алады. Сонымен қатар саябаққа тән ерекшелік мұндағы демалыстың негізі оның белсенді түріне қалануында. Өйткені саябаққа келушілердің (балаларға тән қозғалғыштық қасиеттер) әсіресе қозғалысты іс әрекеттер тартылуына қажетті жағдайлар жасалған.
Төртіншіден саябақта келушілердің әр түрлі категорияларына қызмет көрсетудің дефференциялдық амал қолдану мүмкіншілігінде үлкен артықшылық бар. Саябақ басқа мектептен тыс мекеме типтеріне қарағанда бір мезгілде келушілерге сан түрлі әлеументтік мәдени және көркемдік т.б. қызмет түрлерін ұсына алады. Яғни саябақ әрбір адамға оның бейімділігіне қалыптаса бастаған. Әлеуметтік –мәдени дағды және әдістеріне сай қызығушылығын қанағаттандыра алатын ұнамды жұмыс түрлерімен айналысуына мүмкіндік жасай алады.
Табиғи ортадағы климат факторларының қолайлы жағдайларын балалар мен жасөспірімдердің парасатты демалыстарын ұйымдастыру арқылы олардың денсаулығын жақсарту мен тәрбие жұмыстарын жүргізуге пайдалану мақсаты маусымдық мектептен тыс мекеме типі «Балар мен пионерлер лагарлерін» өмірге әкелді. Табиғат факторлары әсерін педогогиқалық бағыттылығы мен міндеттері айқы тәлім –тәрбие жұмыстары мазмұнымен толықтырып адам дамуына өзгеріс жасау мұраты лагерлерді көп функционалдық мекеме деңгейіне дейін көтерді және оның қоғамдағы ролі мен орнын бақа мектептен тыс мекемелерден ерекшелігін даралады. Балалар лагерлерінің сандық өсу жағынанда басқа мекемелерге қарағанда өте басымдықты даму себебі де осындай жағдайдан болды. Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан даму ала бастаған пионер лагерлері эволюциясын Қазақстанда мектептен тыс мекемелердің қалыптасу және даму кезеңдеріне сай қарастырайық. Себебі әрбір кезең өзіндік ерекшеліктермен дараланатын лагерлер типін жасады. Республикадағы пионер отрядтарының қарқынды дамуы өндірісті т.б. ұжымдар жанындағы пионер базалары (форпост, кәсіподақ т.б.) жетекшілігімен балалардың алғашқы жазғы бірлестіктері «Палаталы лагерлерді» ұйымдатыру тәжірибесін ендірді. Балалардың мектептен тыс жазғы демалыстарын үйлестіру және басқару жүйесінің қалыптасуы лагер жұмысына мекеме, кәсіпорын т.б. ұйымдар жауапкершілігін арттыру мен олардың жұмыстарына жүргізілген үйлестіру шаралары Қазақстанда отызыншы жылдардың өзінде – ақ мынадай: жаппай көпшілікті пионер лагері, кооперативті(4-5 отрядтық топтарға) пионер лагері, профильді (политехникалық) пионер лагері, мектептің жанындағы сауықтыру алаңы сияқты мектептен тыс мекемелер типтерін қалыптастырды. Бұларда мынадай ерекшкліктер болды:
Жаппай көпшілікті пионер лагерлерінің негізгі мақсаты қоғамдық еңбек дағдыларын дамыту, денсаулықты жақсарту мен пионер ұйымдарының мүшелеріне қажетті біліктіліктер мен дағдылар меңгеруді үйрету болды. Лагер жұмыстарына жүргізілетін тарихи талдау олардың қызмет жүйесінің қалыптасу мен даму мүмкіндіктері тікелей пионер отрядтары бірлігінің қуаттылығын белсенділігіне және онымен жалпы байланыс жүргізу ықтималына байланысты болғандығын көрсетті. Пионер отрядтарының ролі мынада болды. Жазғы лагер жұмысы басталғанға дейін отряд басқаруындағы дайындық жұмыстары жүргізіліп онда жұмыс жоспарлары т.б. анықталды. Осындай амалдар лагер жұмыстарының ұйымдасқан түрде өтуіне себеп болды. Лагердің ұйымдастыру құрылымы тек өндірістік мекемелердегі пионер отрядтары бірлестіктерінен құрылатын болған. Ал лагер жұмысына жалпы бсшылықты құрамда отрядтар, оқытушылар, клуб қызметкерлері, вожатыйлар, денсаулық қызметкерлері, өкілдері қатыстырылған кеңес жүргізеді. Сөйтіп лагердің жалпы жұмысы өзін –өзі басқару принципіне құрылады. Бұл жаппай көпшілікті лагерге тән басты ерекшелік болды. Лагердегі жұмыс мазмұнының негізгі бағыттары: Қоғамдық пайдалы жұмыс, қол бос уақытты парасатты ұйымдастыру, дене-шынықтыру, денсаулықты жақсарту шаралары қалаған. Ал мұндағы тәрбие міндеттері ұжымдық жұмыс процесінде орындалған. Лагердегі ұйымдастырылған жұмыс формалары балалардың қол бос уақыттағы ерікті қызметтерімен ұштастырылуыда қарастырылады. Лагердегі қоғамдық жұмыс трлерііііііінің балалардың ортаға қатысты өлкетану жұмыстарымен жанды байланыста жүргізілуі басты шарт болған. Тәжірибе жетілуіне байланысты лагердің ішкі өміріндегі тәрбие жұмыстары бос уақытты ұйымдатырудың клубтық жұмыс формаларымен толықтырылады. Балалардың талаптары мен қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсаты клубтық жұмыстың тұтастай бригадалық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға дейін жеткізеді. Атап айтқанда құрамында кітапханашылар, дене тәрбиесі мамандары, натуралистер жастілшілер,бұхарапаздар мен ойыншылар, туристер тартылған бригадалар жұмыс жүргізеді.Бұл бригадалар жұмысы басқа мектептен тыс мекемелер үйірмелік жұмыстарымен толықтырылады. Айталық жас техниктер мен ауылшаруашылық стансалар, пионер ұйымы әртүрлі үйірмелер, лабораториялар ұйымдастыруға ойын саықтар, экскурсиялар өткізуге әдістемелік жәрдем көрсетеді. Осы жұмыс әдістерінің жүйелік сипат алуы және оның жетілуі нәтижесінде лагерде әртүрлі көпшілікті мерекелер, спортшылар жарысы, қызықты ойындар мен иницировкалы қойылымдар өткізу дәстүрі жетіліп қалыптасты. Осындай жұмыс формаларының тиімділігі лагердің жаппай көпшілік типінің жабылмауына себепші болды.
Лагердің профильдік типі пионерлердің өндірістік базаларымен жас техниктер жетекшілігінде ұйымдастырылғандықтан жұмыс мазмұнының басымдықтағы түрлерін техникалық шығармашылық бойынша жобалар жасау, техниканың меңгеру жұмысының бұхаралық формаларын насихаттау, ауылшаруашылық техникасына қамқорлық көмек көрсету, жас техниктер жұмысына оқушылар тарту шаралары қалады. Жалпы профильдік лагерлердің контингентті негізінен мамандандырылған мектептен тыс мекемелердегі үйірме мүшелерінен ғана құралады. Сондықтанда мұнда үйірме жұмыс бағдарламасын жалғастыру негізгі мақсат болған. Яғни үйірмелерден алған білімді тәжірибеде сынау әрі іске асыру профильдік лагердің басты міндеті болды.
Бір кәсіподақ ұйымына қарасты шағын отряд санына лайықталған лагерді кооперативті лагерлер деп атады. Өйткені олардың типтік негізі ерекшелігі лагер құрамын қалаудың және құрылудың негізіне салалық амалды пайдалануында болды. Дегенмен Олардың жұмысын ұйымдастыру жаппай көпшілікті ортақ принципке де қатысты болған.Осы пионер лагерлері жұмыстарын ұйымдастыру жолына жасалған талдау лагер өмірі жұмысты ұйымдастырудың өзін-өзі басқару приципімен, қызмет жасаудың ұжымдық формаларының ұштастырыла жүргізілу әдістеріне құрылғандығын және оның тиімді болғандығын көрсететін нүкте. Сондай-ақ тәрбие әсерінің үзіліссіздігін қамтамасыз ету мақсаты лагер өмірімен мектеп тәрбие жұмыс формалары арасындағы байланыстылыққа тәуелді екендігінде байқатты. Алайда пионер лагерлерін құру, жасақтау, ұйымдастыру мәселелері бірте-бірте пионер ұйымдары мен балалар сұранысы мақсат-міндеттеріне емес, мүдделі мекемелер, ұйымдар т.с.с. қаражат мүмкіндіктері шамасына және үкімет саясатына сай құрылады және солай болып қалады да. Балаларды таптық күреске тарту пионер ұйымдарының мектептен тыс типтері соның ішінде лагер жұмысындағы өз бетінше жұмыс жасау, шығармашылық әрекет, өзін-өзі басқару принциптеріне бұмалаушылдық жасады.
Ұлы Отан соғысы балалардың маусымдық лагерлердің демелыс мазмұндары мен формаларына өзгерісәкегенімен оны тұтастай тоқтатқан жоқ. Дәтүрлі пионер лагерлерінен басқа «туристік палаталық мектеп лагерлерімен лагер-санатроий» титері Қазақстанда Ұлы Отан соғысы жылдарында өмірге жолдама алған мекемелер. Лагер –санатория табиғи ортамен климат фактолары әсері және олардың шипалық қасиеттерін балалардың денсаулығын жақсарту шараларына қолдануы мен демалысты ұйымдастыратын мектептен тыс мекеменің жаңа типі болды. Бұл лагерге тән ерекшелік мұндағы балалардың әлеуметтік шығу тегі, салалық бағыныңқылық т.б. белгілеріне қарай тартылмағандығында болды. Яғни лагер-санатория құрылымы құрама топтарда жасалды. Санатори типіндегі балалар мекемелері негізінен жетім қараусыз қалған Ұлы Отан соғысы мүгедектер мен майдангерлерінің денсаулығы нашар балаларына қызмет көрсетті. Ал туристік палаталық мектеп лагерлері емдік дәрі-дәрмекті шөптесіндер мен техникалық шикі заттар, жабайы өскен жеміс-жидек өнімдерін жинау шараларын мәдени-ағарту мен саяси-қоғамдық жұмыстарды әлеуметтік ортада жүгізу әдістерімен ерекшеленеді. Сондай-ақ туристік лагерлер жоықтары мен экскурсияларды да ұйымдастырады. Ұлы-Отан соғысы жылдары балалар лагері құрамын жасаудың негізіне салалық амал қолдану тәжірибесін пайдалану «колхоз балалар лагер, колхоз аралық балалар лагері» типтерінде өмірге әкелді. Лагердің мұндай типтерін мүдделі (министірліктер т.б.) құрылымдар қаражаты есебінен ұйымдастыруда етек алды.
Ұлы-Отан соғысынан соң лагердің жаппай көпшілігі және санаторилік титері ғана даму алды. Лагердің бұл типтері жұмысын ұйымдастыру толығымен кәсіподақ ұжымы қарамағына көшірілді. Елуінші жылдардың соңы мен алпысыншы жылдары «Оқушылардың еңбек-демалыс лагерлері» қалыптасады. Алайда балалар үшін қызықтылығы мен тартымдылығы бар лагердің осы типі кәсіподақ қарамағындағы пионер лагерлеріне қарағанда материялдық тұрғыдан қамтамасыздандыру шамасының нашарлығының нашарлығына сұраныстан қалып жабылады.
Мектептен тыс мекемелер дамуының үшінші кезеңінде лагерлердің профильдік типтері( жас өрт сөндірушілер, техниктер, механизаторлар, теңізшілер, орманшылар т.с.с.) даму алды. Жалпы мектептен тыс мекемелер дамуының үшінші кезеңінде лагерлердің мынадай титері жұмыс жүргізетін балалардың денсаулықты жақсартатын жаппай көпшілікті демалыс лагері, санаторий лагері, профильді лагер, жасөспірімдер мен балалар ұйымы (пионер активистері) лагері, мектеп жанындағы балалардың күндізгі демалатын қалалық лагерлері. Бұл кездегі санаторий лагерге тән ерекшелік жалпы лагер жұмыс формалары әдістері және мазмұндарымен санаторий, мектеп және клуб мекемелері қызметтерін ұштастыра жүргізу тәжірибесін меңгере бастауында. Қорыта айтқанда, балалар лагерінің сае түрлі типтерінің пайда болуы және олардың қызмет сипаты қоғамның әлеуметтік-экономикалықжағдайымен үкімет саясаты белгілген тәрбие мұраттарына сай жүргізілді. Әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі ретінде балалар лагерлері өз қызметін тәлім-тәрбие жұмысының өмірмен байланыстылығының қалау және оның өзгерістеріне бейімдеу, балалар сұраныстарын ескеру принциптеріне негіздеп жүргізді. Педогоктар мектептен тыс жұмыс жүйесін құруда балаларды қоғамның рухани мәдениетіне тарта отырып олардың шығармашылдық потенциалдарын өздерінің қызығуларымен құштарлығын дамытуға бағыттады. Балалар каникулы кезінде ғана жұмыс жасайтын масымдық лагерлер әлеуметтік және психологиялы-педегогикалық жүие ретінде әрбір баланың қызығушылығы мен ынта себеп-салдарын (мотивін) басшылыққа ала отырып тәрбие жұмыстарының жеке-даралық бағыттарымен балалардың жан жақты дамуына үлкендер мен тәрбиеленушілердің шығармашылық бірлігін жүзеге асыру процесі негізінде әсер жасайтын құрылғы. Лагерлердің ерекшелігі жұмыста басшылыққа алынған педогогикалық принциптерменде көрінеді. Лагер жұмысында мынандай: балалардың жеке жас ерекшелігін есепке алу негізінде ұжымдық шығармашылықты ұйымдастырудан кешенді амал қолдану, балалардың белсенділігімен еріктілігін және өздерінше әрекеттілігін қамтамсыз етуде үлкендермен балалардың шығармашылық серіктестігімен өзін-өзі басқаруды дамыту, балалардың табиғатпен қарым-қатынасы және табиғат факторлар әсері бірлігін бағдарлы тәрбие мен сауықтыру жұмыстарында ұштасыру, балалардың өз бойындағы мүмкіндіктерді іске асыруда олардың өзін-өзі танудағы , өзінің дұрыстығын бекітудегі, мақұлдаудағы, қабілеттіліктері мен бейімділіктерін дамыту, құштарлықтарын қанағаттандыру принциптері іске асырылды. Осы принциптердің кейбір түрлері мектептен тыс мекемелердің клубтық титеріне де тән болған.
Мамандандырылған мектептен тыс мекеме типтер тобына балалардың спорт мектептері де жатады. Дене тәрбиесі-тәрбие жүйесінің бір саласы ретінде адамның денсаулығын нығайтып, күш жігеріне ақыл ойын арттыруға қызмет ететіні ежелден белгілі. Қазақстанда балалардың жан-жақты дамуына әсер жасайтын тәрбие түрлерімен білім беру қызметтерін дене тәрбиесімен аржырағысы жүргізу яғни дене тәрбиесін педогогикалық процестің аса маңызды бөлігі ретінде қарау көз қарасы маманданған спорт мектептерінің дамуына негіз болды. Балалар спорт мектебіне тән ерекшелік оның жұмысын ұйымдастыру мен басқару қағидаларын басшылыққа алудағы өзгешеліктен. Спорт мектептеріне тәрбиеленушілер тек мамандар ұсынысымен спорттың белгілі бір түріне қабілеті бейім дағды, білік әдістерден хабардар балалар мен жасөспірімдер ғана қабылданады. Бұл спорт мектебін басқа мектептен тыс мекемелерден ерекшелендіреді. Балалар спорт мектебі отан қорғау мен еңбекке қабілетті, ержүрек батыл, қажырлы, шеберлігі шыңдалған спортшы сондай-ақ мектеппен басқада әлеуметтік тәлім-тәрбие мекемелері үшін қоғамдық негізде спорт нұсқаушылары мен төрешілерін дайындайды. Сондай-ақ мектепке, жастар мен балалар ұйымдарына спорт мәдениетін насихаттау жұмыстарына қамқорлық көмек береді.
Мектептен тыс мекемелер типтері сипатын ашуда сондай-аз әрбір жекеленген мекеменің жұмыс құрылымындағы айырмашылықтары мен жұмысты ұйымдастырудың және басқарудың ерекшеліктері ажыратылып отырады. Ал осы амалды іске асыру барысында мектептен тыс мекемелер жүйесіндегі құраушылардың функциялары «тектік (түрлік)» және «тумалық» болып жікке бөлініп тұратындығы аңғарылды. Мұндағы тектік функциялар мектептен тыс мекемелер жұмысының басты бағыттары мен өрісін айқындап берген тарихи өзін-өзі ақтаған қызметтер қасиеттерінің талданы қорытылған көрінісі ретінде байқалса, туынды функциялар қоғам дамуының нақты бір тарихи кезеңдегі талаптары мен ерекшеліктеріне байланысты тәлім-тәрбие қызметтерінің көрінісі ретінде танылып тұрады. Осы жағдайдан мектептен тыс мекемелер жүргізетін тәлім-тәрбие жұмыстары функцияларының классификациясының (топталу) қарапайым үлгісі жасалды. Оны шартты түрде ағартушылық, мәдени-шығармашылық, рекриятивтік деп үш топқа жіктеп және әрбір топқа жұмыстың бірнеше түрлері мен бағыттары шоғырландырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |