ІІ тарау. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы
2.1. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту
2.2. Жеке тұлғаның айналадағы қоршаған ортаға деген гуманистік қатынасын
дамыту, олардын адамгершілік негізін қалыптастыру
2.3. Жеке тұлғаның оздігінен жетілуіндегі ішкі қажеттіліктерді
қалыптастыру
ІІІ- тарау. Тәрбие нысандарын таңдау
3.1. Жеке тұлғаны дамытудың негізгі құралдары
3.2. Мектептен тыс мекемелердегі еңбек тәрбиесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
І тарау. Мектептен тыс мекемелердің тарихнамасы
Мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен алғы шарттары
Тәуелсіздік – қоғамдық өмірдің барлық саласы бойынша өткен тарихи тәжірбиеге жаңа көзқараспен ізденіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер ашып оларды объективті түрде зерделеуді басты талапқа қойып отыр. Өйткені тарихтан күшті тәлімдер жоқ. Кез – келген бүгінгі және болашақтағы сан – салалы мәселелердің ықтималды шешілуі қашанда тарихи тәжірбиелердің ақиқат тұрғысында дұрыс қаралуына тікелей байланысты. Бұл талап, әсіресе, ұрпақ тәлім – тәрбие салаларына қатысты барлық мәселелерді де толық қамтиды.
Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер даму тарихының кеңестік құрлымының алғашқы күнінен бастап оның ыдырау кезеңіне дейінгі өткен жолдарында құнды қазыналар бар. Бұл қазына дүние жүзіндегі бірінші социалистік құрлымдағы қазақ елінің тарихи тәжірбиелерінің негізгі құраушысы болып табылады. Алайда коммунистік партияның теориялық, саяси және идеологиялық дербестігі мен ленинизм идеясын толығымен жоққа шығару өткенді бұрмалауға апарды. Ал мұндай үрдістің сыңар жақты кетуі өмір шындықтарын сараптауда, оның оң жіне теріс жақтарыңа дәйекті сипаттама беруде, ара жіктерді белгілеуде қоғамның бұрмалаушылық әдетке бірте – бірте үйреніп кетуіне бейімдей беруі мүмкін. Ондайға жол беру қоғамдық регреске апарады. Осы жағдай ескеріле келе бұл тарауда Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің пайда болып, қалануына, өркен жайуына оң ықпал тигізген тарихи объективті факторлардың болғанндығы, белгілі бір дәрежеде прогреске қол жеткізуге мемлекеттік, партиялық қамқорлықтың жасалғандығы тың материалдар мен дәлелді деректер арқылы көрсетіледі.
Сонымен Қазақстанда мектен тыс мекемелердің пайда болып қалануына ықпал жасаған алғы шарттар қандай болды, және оның негізіне қандай идеялар мен міндеттер алынды? Қазан революциясы өмірге әкелген кеңес үкіметі, оның социалистік құрлыс мұраты қоғам мүшелері «көпшілігінің өзін, өзінің қабілеттілігін көрсете алатын, талантын таныта алатын, жұмыс майданына шын мәнінде тартуға мүмкіндік туғызатын қоғам құруды мақсатқа алды. Ал мұндай жаңа құрлымға өту үшін тек қана қоғамның саяси – экономикалық өмірін қайта құру жеткіліксіз еді. Ол үшін барлық қоғам мүшелері санасына жаңа дүниетаеымдық үлкен өзгеріс жасау бірден – бір қажеттілік болатын. Шындығында халықты жаңа социалистік сана сезімге, кеңестік патриотизм рухында тәрбиелемейінше, яғни қоғам мүшелерінің санасында социалистік еңбекке жаңа көзқарасты, қоғамдық міндеткерлікті қалыптастырмайынша тапсыз қоғам құрлысын баянды ету мүмкін еді. Сол себепті кеңес қоғамдық құрлымының алғашқы күндерінде – ақ жедел түрде қоғам мүшелерін жаңаша тәрбиелеу, дайындау мәселелері ең кезекті міндеттердің бірі ретінде көтерілді. Осындай объективті қажеттіліктер дер кезінде көпшіліктің ойынан шығатын талап – тілектеріне өте дәл келетін әлеуметтік саяси, рухани – мәдени шараларды жедел түрде жүзеге асыруды күтті.
Кеңестік құрлым, жаңа қоғам адамының даярлау мұратын мақсатқа алған соң, жалпы әлеуметтік – педагогикалық жүйенің тәлім – тәрбиелік факторлары әсері мен тиімділігінің жаңа жолдарын, әрекеттерінде жасауы керек болды. Өйткені қоғамның революциялық жолмен қайта құрылу талабы педаагогикалық ұстаным мен бағыт – бағдарда бұрынғы құндылықтарға жаңа саяси көзқараспен қарауды, басқаша бағалауды қажетсінді. Атап айтқанда тәлім – тәрбиенің басты теориялық – методологиялық және идеологиялық ережесі негізін тез өзгерту керек болды. Оған марксизм – ленинизмнің тәрбие мен әлеуметтік – экономикалық қатынас арасындағы тығыз байланыс ілімін алып, оны тез арада ендіру мақсаты көзделді. Тәрбие мен ағарту ісінде партия саясаты мен жаңа құрылыс тәжірбиесінің ажырағысыз байланыс идеясы жұмыстың мазмұндық түп қазығына айналып, мемлекеттік басты саясатқа, қоғамдық негізгіиміндетке айналды. Осындай аса күрделі әлеуметтік – педагогикалық мәселелерді шешудің жолдарын оның материалдық – техникалық базасын қарастыру, сөйтіп нақты іс – шараларды жүзеге асыру кеңес үкіметінің алғашқы күндерінен бастап кең көлемде қолға алынды. Әсіресе, кеңес үкіметіне бұрынғы бұратана атанған халықтардың арман – мүддесін көздейтін, олардың діт деген жерінен шығатын саяси – әлеуметтік шешімдер қабылдап оларды тез арада іске асыру аса мүдделі шара бодды. Өйткені осындай іс – шаралар арқылы ғана бұрынғы бұратаналардың кеңестік саясат пен оның құрлымын жатсынбай бірден қабылдап, және оның жүргізіп жатқан іс – шараларына құлшына кірісуіне қозғау сауына болатын еді. Сол себептенде большевиктер ұлт мәселесінде, әсіресе оның оның рухани –мәдени өмір саласына үлкен әсер етерлік қадамдар жасады. Айталық 1917 жылдың 3 – қарашасында жарияланған «Ресей халықтары құқықтарының деклорациясында (ниетінде) әр – бір халыққа теңдік, өзін – өзі билеу, тіпті дербес мемлекетін құру құқығыда берілді. 1918 жылдың 21 – тамызында түрік тілі Түркістан автономиялы кеңестер республикасында мемлекеттік тіл болып жарияланды. Әсіресе, мәдениет құрлысында, халықтың ағарту ісінде кеңестік құрлым өркениетті ұстанымды басшылыққа алды. Рухани – мәдениет құрлысын біріңғай үлгі негізінде жүргізу мүмкін еместігі ескерілді. Тәлім – тәрбие және ағарту шараларын шараларын жүргізуде жергілікті жағдай, халықтықәлеуметтік экономикалық және мәдени даму деңгейі, ерекшеліктерң еленіп отыруы үнемі қадағалауға алынды. Олай етпейінше бұрынғы бұратана атанған халықтардық революция мұратына сенімділіген қалау мүмкін емес екендіген большевиктер жақсы түсінді. Кеңес үкіметінің жалпы халық сеніміне ие болған іс – шараларының басты бірі мектептен тыс ағарту жұмысы және оның құрлысы еді. Бұл салада қазақстанда да кеңес үкіметі құрылған алғашқы жылдардан – ақ қолға алынды. Мектептен тыс мекемелер жұмысын басқару жүйелері құрылып солар арқылы мектептен тыс жағдайда жүргізілетін жұмыстарға белгілі бір дәрежеде саяси – идеялық, құрлымды – ұйымдастыру басшылығы жасалады, оларға бағыт – бағдар мен идеялық құндылықтағы ұстаным беру іске асырылды. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелерді ұйымдастыру ісінде Халық ағарту комисариатының 1912 жылғы 17 желтоқсандағы барлық оқу орындары, қоғамдық, қайырымдылық ұйымдары, мектептер, мекмелер, өздерінің жұмыс уақыты біткен соң жергілікті тұрғындарымен және өскелең ұрпақтармен орындалатын мектептен тыс іс – шаралар үшін бөлмелер, жайларбосатылып пайдалануға берілуі міндеттелген қаулысы. Мектептен тыс білім беру жөніндегі Бүкіл Ресейлік бірінші съезі (1919ж.), Губерниялық халық ағарту бөлімдерінің мектептен тыс жұмыстары жөніндегі бөлімшелері меңгерушілерінің екінші кеңесі (1920 ж.), Саяси ағартушылардың бүкіл Ресейлік екінші съезі (1921 ж.)шешімдері басшылыққа алынды. Осы жиындарда В.И.Ленин сөз сөйлеп мектептен тыс мекемелер құрлысына басшылықтың жалпы халықтың ұмтылыстармен ұштастырыла жүргізуіне нұсқау берді. Осындай нұсқаулар негізінде Қазақстанда үлкен беделге жеткен «Мәдениет», «Қазақ жастары», «Жігер», «Ес аймақ», «Қызыл керуендер» сияқты клуб функцияларын атқарған мәдени – ағарту мекмелері өрлеу алды. Клуб типіндегі мекемелер жанынан балалар мен жасөспірімдерге арналған бұрыштар, секциялар ашылды. Олардың басты міндеттері балалар мен жасөспірімдер, жастар арасында жана қоғамдық сана қалыптастыру, білім тарату, эстетикалық сұранымдарын қанағаттандыру болды. Дегенмен мектептен тыс мекемелер құрлысы шығыстағы кеңестік республикада, кеңестік батыс республикаларына қарағанда, оның жұмыстарының еуропалық кейбір салаларынан кемшін қалуы міндеттердің шешіліуін үкіметтің мүмкіндігінше қолдап, назар аударып отыруы арқасында біршама іске асыруға қол жеткізілді. Мұндай күрделі істің жүзеге асуына сол кездегі партия ішінде қалыптасқан демократиялық принциптің бұрмаланбай басщылыққа алынуы да үлкен себеп болды. Жиырмасыншы жылдың өзінде балалар өміріне арналған біршама маңызды шаралар іске асырылды. Айталық, 1920 жылдың І – ші қазанында өлкелік партия комитетінің І – ші кеңесінде жалпы мәдени – ағарту . Бірінші кеңес, азамат соғысы жылдарындағы мектептен тыс жерлерде өзін ақтай білген мәдени – ағарту үйірмелері мен коммунистік клуб құрлыстарының ауқымды жүргізуді міндеттейді. Ал, Халық ағарту комиссариятының «мектептен тыс білім беру» және «балаларды қорғау бөлімдері» республикада алғашқылардың бірі болып ана тілінде тәлім – тәрбие шараларын жүргізетін үлт кадрларымен толықтырылған мектептен тыс мекмелер құру бастамасын қолға алады. Халық ағарту комиссарияты «мектептен тыс білім беру бөлімі» тәрбиеге ене бастаған «мектеп - клубтар» санын 1920 – 1921 жыл аралығында Қазақстан бойынша 3000 мыңға дейін жеткізуді жоспарлайды. Сондай – ақ Халық ағарту комиссариаты мектеп – клуб т.б мектептен тыс мекемелері құрлымдық жүйесін жетілдіру, оны жергілікті жер жағдайы мен балалар сұранымдары мен мүдделеріне ыңғайлау, жұмыс формаларын жетілдіру мен жағдайға сай үйлестіру мәселесімен де айналысты. Осы орайда 1920 жылы 10 – қазанда Қазан орталық атқару комитеті Ресей қызметкерлері тәжірбиелерін үйрену мақсатанда орталыққа қазақстандық мамандарды іс сапарға жіберу шешімін қабылдады.
Қазақстанның тұңғыш халық ағарту комиссариаты А.Байтұрсынов өскелең ұрпақтың қоғам мұраты талаптарына сай тәриеленуіне бар мүмкіндіктерді қарастырып, мектептен тыс жұмыстардың жаңа жолға қойылуын, тәжірбиелерді пайдалану тиімділіктерімен қатар алдағы уақытта балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы мектептен тыс мекемелер ашу қажеттілігін көтереді. Көп кешікпей А.Байтұрсыновтың тікелей ұсынысымен жер – жерлерде балаларға арналған арнайы «Оқу – үйлері» ашылды. Оқу үйлері тек ауыл мен деревняларда ашылды. Өйткені оқу үйлері кешенді жұмыс яғни бір өзінде кітапхана, сауат ашу мектебі, клуб қызметтері функциялары шоғырланған мекеме болып табылады. Қазақстан жағдайында ауылды елді мекендерде мектепке тартылмаған балалар және жасөспірімдермен де атқарылатын мәдени – ағарту жұмыстарын ұйымдастыруда осы оқу үйлері жұмысы шындығында да тиімді болып келген. Сондай – ақ 1920 – 1921 жылдары мектеп ішінен 3050 мектеп – клуб жайлары ашылды. Халық ағарту комиссариатының мектептен тыс бөлімінің 1920 жылы 18 –ші қыркүйектегі N883 баяндау хатында осы 3050 мектеп – клуб жайын ашуға мемлекеттен 1.721.654.450 сом қаражат бөлінгендегі туралы да мәлімет бар. Бұл кезде әреңдер қозғалысына жан – жақты қамқорлық жасау мен насихат жұмысын жандардыру, оралдың формаларын жетілдіруде мүдделі құрылымдар жұмыстарын үйлестіру мәселесі де күн тәртібіне қойыла бастайды. 1920 жылғы Қазақ республикасы саяси – ағартушыларының 1 – ші съезі осы мәселе бойынша қаулы қабылдайды. Қаулыдағы ұсыныс қолдау тауып, мектептен тыс мекемелер жұмысына Республика Жастар Одағы т.б мүдделі құлдымдар мен ұйымдар бірлесе жұмыс жасауға ниетбілдіреді. Мектептен тыс мекемелер құрлысына осылай бірлесіп күш салу нәтежиесінде республикада «Жасөспірімдер клубтары» жер – жерлерде ашыла бастады. Мәселен Орал губерниясында 1920 жылдың соңына қарай жеті жасөспірімдер клубы ашылса, Орынбор губерниясында ң» жасөспірімдер клубы ашылды. Клубтарда асхана, оқу залы, көрме залы болған.
Жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттік құрлымның күрделі кезенінде қолдағы бар қаражат пен басқада материалдық – техникалық игіліктерді бейберекетсіздікке ұшыратпай, ортақ бір мақсат мүддесіне пайдалану бастамасы жалпы жұмыс тиімділігіне өте оң ықпал жасауы кідңр еді. 1921 жылы 18 – ші қаңтарда Халық ағарту комиссариаты осы мәселені арнайы көтеріп балалар мен жасөспірімдер арасында жүргізіп отырған мәдени – ағарту жұмыстарындағы параллезим дертінің аса асқынғандығын айтты. Мұндай жағдайдан шығудың жолы жұмыстардың ортақ жоспар негізде жүргізіліп, күш – қуат, қаржы шашыраққылығын жоюда жатқандығы оның сапасының көтерілуіне жеткізері дәйектілінді. Мүмкіндікке орай, әсіресе, жасөспірім тәрбиесіне мүдделі барлық құрлымдар мен ұйымдар бірлесіп «біріңғай саяси - ағарту мекемесі» ұйымдастыру ұсынысы да жасалды. Комиссариат ұсыныснда, сондай – ақ, барлық саяси – ағартушылардың жасөспірімдермен жүргізілетін жұмыстары ең екпінді саналатыны айтыла келе, барлық салалық клуб типіндегі мекемелер ішінен жеткіншектермен жұмыс жүргізетін клуб секторларының ұйымдастырылуы да қарастырылды. Осыдан соң жалпы клуб мекемелері ішінен балалар мен жасөспірімдер клуб – секторларын жер – жерлерде кең тарату шараларын қадағалау мен мүмкіндіктер жасау мәселесі мен Халық ағарту комиссариатының «Бас әлеуметтік тәрбие» бөлімі айналысады. Балалар мен жасөспірімдерге арналған мекемелер ашуға, барлық күш – қуатты жұмсауға мүдделі мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың топтасуын 1921 жылғы 25 қаңтардағы бірінші Бүкіл қазақ ағартушылар конферренциясында қолдады. Жалпы қызметтің бір саласымен айналысатын әр – түрлі құрылымдар мен ұйымдар күш – қуатын орталықтандыру, сөйтіп жүйесіз параллелизмді тоқтату, экономикалық жағынан аса қыйындық көріп тұрған республика үшін өте тиімді қадам болатын. Осы орайда жалпы мектептен тыс ағарту жұмыстарына басшылық жүргізетін орталықтандырылған бір басқару аппаратын құру, барлық салалық мектептен тыс мекемелер мен құрлымдар қызметін соған бағындыру шешімі де аса күткен мәселе еді. Бұл табиғи сұраныс шешімін табады 1921 жылдың 2 – ші ақпанында қазақстан үкіметінің шешімімен Халық ағарту комиссариаты жанынан бұрынғы «Мектептен тыс білім беру бөлімі» орнына «Саяси – ағарту бас басқармасы» (Главполитпросвет) құрылды. Бұл жаңа құрылым республикадағы барлық салалық мектептен тыс мекемелер жұмыстарына орталықтандырылған басшылықты жүргізетін күшті ақпарат болды. Құрлымның дүниеге келуі мектептен тыс мекемелер қызметіндегі іс – шаралардың үйлесімді жоспар негізінде жүргізілуіне алғы шарт жасалды.
Алайда 1921 жылғы қабылдаған жаңа экономикалық саясат ұстанымы және жалпы кеңестер терриотрясында қалыптасқан экономикалық ауыр хал – ахуал салдары Қазақстанды да шарпыды. Қазақ Саяси – ағарту бас басқармасы мүмкіндігінше балалар мен жасөспірімдерге арналған мектептен тыс мекемелердің бюджет қарауында қалауына күш салады. Клуб мекемелерін жергілікті қаражатпен шаруашылық есепке көшіре отырып, олар үшін қаражат көзін табу шараларына қоғамдық ұйымдар мен кеңестік құрылымдарды тарту арқылы олардың толық жабылып қалмауына жағдай жасайды. Қазақ үкіметі жаңа экономикалық саясат қиындығына қарамай мектептен тыс мекемелер жағдайына лайықты көңіл бөледі. 1921 жылы 14 – ші желтоқсанда қазақ кеңестік комиссариатының «Мектеп және ағарту мекемелерін қамсыздандыруды жақсарту шаралары туралы» қаулысы шықты. Мұнда барлық балалар мекемелерін мемлекеттік қаржы есебіне қалдыру қарастырылды. 1921 жылдың 12 – ші қарашасында республика кеңестік халық комиссариатының «Ағарту және тәрбие мекемелерін ғимараттармен қамтамасыз ету туралы» декреті шығады. Республикалық атқару комитеті осы декретке сай 1922 жылы 22 – ші наурызында қаулы қабылданып, онда 1914 жылға дейін мәдени – ағарту өызметін атқарып келген мекемелердің дерлік Халық ағарту комиссариаты құрылды қайтарылуы міндеттелді. Сондай – ақ, республикада территориясында 1914 жылға дейін тәлім – тәрбие мақсатына тұрғызылған арнаулы ғимарат болмаған жағдайда, мектептен тыс жұмыстарға лайықты деп табылған басқа салалық ғимараттардың 20% үлес бөлігінің босатылуы талаптанды. Жергілікті губерниялық коммуналдық бөлімдерге нұсқауды іске тез арада қосу тапсырылса, олардың орындалуына әділет, құқық қорғау орындарының да қатыстылығы ескертілді. Жалпы 1922 жылда балалар өміріне аса зор көңіл бөлінген жыл деп атауға болады. Айталық, Халық ағарту комиссариаты Бас әлеуметтік тәрбие бөлімі мектеп - клуб ережелерін жасап, оны жер – жерлерге жедел таратты. Онда қалыптасқа жағдайға орай «қарапайым мектеп – клуб» және мектептен тыс «қарапайым – клуб» (клуб – примитивов) ұйымдастыруды бағдарға алу мұратталынды. Сондай – ақ, әр – түрлі себптермен мектепке тартылмай қалған жас өспірімдер үшін мектеп – клуб ұйымдастыру, ол үшін мектептен жай бөлініп, оқытушыларды пайдалану қарастырылған. Әлеуметтік тәрбие мектеп бөлімі, балалар үйі ішіндегі мектеп клуб жұмысына, олардың барлық балалар үйі жанынан құрылуына қатты қадағалау жүргізеді. Әсіресе, балалар үйі қамқорлығындағы жас өспірімдер (13 – 17 жастағылар) үшін мектеп – клубтың болуы қатаң қадағалауға алынды. Мемлекеттік осындай қолдау мен назар аударудың және халықтың басым тобының демеушілік көрсетуінің арқасында, 1922 жылы мектептен тыс мекемелердің қайта қалпына келтірілу мен жаңа типтегі үлгілерінің пайда болуына мүмкіндік қаланды. Қиын жағдайда мектептен тыс мекемелер пайдасына халық арасында өзара салық, жылу – жұтық жинауда балалар мекемелері жүйесін қалпына келтіруге демеу болды. Жалпы 1922 – 1923 жыл аралығында оқу үйлерінің тек 7 пайызы ғана мемлекеттік бюджет қарауына қалдырылған екен. Сол халық қолдауында олардың 30.8% болды. 1923 – 1924 жыл аралығында бұл көрсеткіш 0.8%, 31.2 % дейін өзгерді.
1922 жылы 6 – шы қазанда Орынбор қаласында өткен Республикалық кеңестің 3 – ші съезі мектептен тыс жағдайдағы балалармен жұмысты жандандыру үшін кітапханалардың, мәдени – ағарту мекмелерінің бастауыш ұяларын жер – жерлерде, әлеуметтік тәрбие мектептері жанынан ұйымдастыру мәселесін қарады. Съез сондай – ақ әрбіз уездегі «мектеп коммуна» негізінде оның мәдени – тәрбиелік мекемелерін құру белгілі «мектеп – клуб» үлгісінде ұйымдастырылу керектігі де атап көрсетілді. жалпы съезда мектептен тыс мекемелер санын артырудың бірден - бір мүмкіндік көзін ашып беруде үлкен рөл атқарды. Мектептен тыс мекемелер қатарыныің толыға түсуіне 1922 жылғы желтоқсан айындаға 10 – шы Бүкіл Ресейлік кеңестер съезі шешімі қозғау болды. Осы съез нұсқауы арнаулы балалар «сауат ашу тіректерінің» пайда болуына қозғау болды. 1923 жылдың алғашқы жартысында – ақ республика көлемінде 128 сауат ашу тіректері құрылды. Дегенмен жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысында әлеуметтік мәдени – ағарту, тәрбие саласына қатысты үкімет пен партияның жүргізген саясаты мен олардың нақты әс жүзіне асу мүмкіндіктері арасында да үлкен алшақтықтарлын орын алғаны байқалады. Айталық, кеңес үкіметінің алғашқы алты жылы арасында РСФСР Халық комиссариаты кеңесінің жалпы әлеуметтік мәдени, оқу – ағарту, тәрбие мәселесіне қатысты 200 – дей декрет, қаулы – қарарлары дүниеге келген екен. Алайда, осы қаулы – қарарлардағы міндеттердің барлығы іске асқан жоқ. Оның обьективті себептері де болды. Біріншіден, азамат соғысы және оның салдарынан онсыз да мардымсыз мәдени – ағарту, оқу тәрбие мекмелері базасы таран – таражға түсірілді. Екіншіден, соғыстан қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру шаралары әлеуметтік мәдени – ағарту мен тәрбие мекемелері мәселесіне саясат мұратына сай көңіл бөлуге мұрша бермеді. Үшіншіден, халықтың кеңес үкіметін жатсынбай қабылдап, оның құрлысына құлшыныс танытуын пайдаланған үкімет жалпы мәдениет құрлысында, көп жағдайда халықтың қаражат қолдауына сүйенуі әдетке айналды. Ал, халықты,әл – ауқатының мұны көтеруге жағдайы бола бермеді. Нәтижеде жиі – жиі қабылданып жатқан қаулы – қарарлар мен олардың нақты іс – жүзіне асу, жалпы қол жетімдік жағдайға жету мүмкіндіктері арасында үлкен айырмашылық орын алған үстіне еселене берді.
1925 жыл халық шаруашылығының көтерілу жылы болды. Бұл жағдай халықтың саяси және рухани белсенділігімен жалғастырылды. Осындай ахуал балалар өміріне де игі әсер жасады. Қазақстанда пионер қозғалысы қарқын алды. Балаларды пионерлер қатарына тарту шараларын ондау, әрі пионерлердің балаларға ықпалын арттырып, олардың басшылығымен қол бос уақытты парасатты ұйымдастыру мақсатында 1925 жылы пионер клубтары жанынан балалар алаңын салу басталды. Бұл игі шараларға қоғамдық ұйымдар. Әсіресе, кооператорлардың қатысуы міндетке қойылды. Осы шешңм негізінде Қазақстанда балалар алаңы, алдымен қалалардағы өнеркәсіп мекемелері демеушілігімен салынды. Айталық, Қызыл жар қаласында 1926 жылы 7 өнеркәсіп 7 балалар алаңын салып берді. Сонымен қатар балалар қалашығы, мектеп сауықтандыру алаңы да жер – жерлерде салына бастайды. Балалар белсенділігін одан әрі арттыру мақсатында 1925 жылы Халық – ағарту комиссариаты өж шешімімен оқу аптасының бір күнін «клуб күні» - етіп бекітеді. Ол күні балалар мен жасөспіірімдер тек қана клубтың іс – шараларымен ғана айналысуға міндетті болған. Халық – ағарту комиссариаты бастамасымен өмірге келген клуб күндері бір жағынан пионерлер қозғалысын насихаттау, пионерлер ықпалын арттыру, олардың қатарын өсіру мақсатында жұмыс жасаса, екінші жағынан мектептен тыс клубтың бірлестіктер қатарының өсуіне ықпал жасаған. Нәтижеде пионерлердің мәдени – форпосты пайда болды. Пионерлердің мәдени – форпосты Халық ағарту комиссариатынан, жергілікті білім беру бөлімдерінен, жастар ұйымы мен қоғамдық мекемелерден қолдау тауып, назарда болған, үлгілі істері қанша да аталып отырған. Республика Халық ағарту комиссариатының 1925 – 26 жылдарда жасаған: «Пионер – өркендері жұмыстары, пионерлер клуб күндері туралы», «Пионер – өркендері қазақ отрядтары арасындағы саяси – ағарту жұмыстарының формалары, әдістері мен міндеттері» - сияқты нұсқауларында форпост қозғалысына ұдайы мән беру назарда ұсталған 1927 жылғы пионерлер қозғалысын дамыту жоспарларында да халық ағарту комиссариаты клуб – күндері мазмұн байлығын арттыру жолдарын қарастырды.
1926 – 1927 – ші жылдар Қазақстандық жалпы мектептен тыс мекемелерінің сан – сапа жағынан едәуір жетістіктерге жеткен жылдары болды. Қазақстандық өндірістік даму перспективаларының айқындалуы, жұмысшы табының жергілікті халық есебінен күрт өсуіне де табиға ықпалын тигізді. Алдыңғы жылдарға қарағанда қазақ ауылдарын мәдени – ағарту жұмыстарымен қамтуды көтеру туралы мәселе күшейе түседі. Осындай қалыптасқан жағдай үкімет пен партиядан жергілікті халықтың сұранысына өмірінің қалыптасу жағдайына, әлеуметтік – тұрмыстың ерекшелігіне қарай мәдени құрлысты жүргізуді бүкіл мектептен тыс мәдени – ағарту жүйесін ұлт мүддесіне одан әрі жақындата түсуді міндеттеді: Қазақ ұл – қыздарының рухани белсенділігінің оянуы, олардың пионер қозғалысына белсенді араласа бастауы көтерілген мәселелердің шешуін тездете түсті. Осы мәселе республика үкіметінің 1925 – 1926 жылдардағы халық – ағарту комиссариатының жүгізген жұмыстарына жасаған талдаулары мен қортындыыларға байланысты қарарына, өлкелік Қазаұ Жастар Одағы (1926 жығы 2 – ші қазан мен 1927 жылғы 3 – ші мамыр) пленумындағы Қызыл – Отау жұмыстары мен мектептен тыс мекемелер қатарының өсуіне, жергілікті халықтың қоғамдық бастамаларын қолдау мәселелеріне қатысты қарарларында аталып өтілді.
Қызыл – Отауға деген қызуғышылық, әсересе, жасөспірімдер мен балалардың сауатсыздығын жою, оқуға тартудағы жемісті жұмыстарынан соң арта түсті. Осындай себептерден ауыл – ауыл, тіпті әулет болып жеке Қызыл – Отау тұрғызу бастамасы өрлеу алды. Мұндай Қызыл – Отауларды олар туралы жазылған баспасөз беттерінде «тұрпайы мектептер», «жекеменшік үйірмелер», «Отбасыылық саужой отауы» деп атап жатты. 1927 жылғы 19 мамырда өткен өлкелік Қызыл Жастар Одағы 3 – ші пленумы жекеменшік Қызыл – Отаулардың жұмыс мазмұндары, бағыттары, оларға жастар одағының жетекшілігі туралы бағыт – бағдар да жасады. Бұл пленумда, сондай – ақ, мемлекеттік салалық клуб мекемелері Оқу – үйлері, Қызыл – Отаулар мен бұрыштардан өркендер секциясын ұйымдастыру, жастар мен балалардың парасатты демалыстарын ұйымдастыру мәселелер сұраныстарын қанағаттандыру іс – шаралары нәтижесінде пионер клубтары, мектеп – клубтар, т.б мектептен тыс мекемелер қатары балалар кітапханасы, мектеп қызыл бұрыштары, мектеп жанындағы балалар театры, пионер үйі сияқты жаңа ошақтар қатарымен толыға түсті.
Жалпы жиырмасыншы жылдардың екінші жартысындағы республикада орын алған біршара экономикалық жағдайдың оң алуы, халықтың мәдени – рухани сұраным қанағатына алғы шарттың қал – ахуалдық орнығуы, үкімет пен партияның мәдени – ағарту жұмысы шараларындағы саясатының халықтың талап – тілек, аңсарларымен ұштасуы, қоғамның болашағы, ұрпақ тәрбиесіне, оның мектептен тыс мекемелерінің қалыптасуына ынта туғызап, қоғамдық және мемлекеттік қолдауға ие болған еді. Алайда, 1928 жылы Қазақстанда болған Голощекиндік «кіші октябрьмен», «мәдени революциясы» қол жеткен жетістіктердің дамуына тежеу салды.
Қазақстандағы мәдени құрлыс саласы деңгейінің өте төмен жағдайда тұрғандығы 1935 жылғы 2 маусымдағы Бірінші бүкіл қазақстандық мәдениет қызметкерлері съезінде де айтылды. Сол кездегі өлке басшысы Л.И.Мирзоян балалармен бұхаралық мәдени – ағарту жұмыстарын жүргізуде қолдағы бар мәдени – ағарту мекемелерді пайдалануды ұсынады. Бұл шара сол кездегі РСФСР Халық ағарту комиссариатының бұйрығында да көрсетілген болатын. Бүкіл Одақтық Жастар ұйымының 2 – ші пленумы арнайы тоқталып, «Пионерлер форпостысы мен саябақтары» және «Колхолдық балалар үйлерін» ұйымдастыру шараларымен тікелей айналасуға барлық республикалық жастар одағы ұйымын міндеттеді. Қазақстан Жастар Одағынық 1 – ші хатшысы С.Нұрпенісов республикадағы мектептен тыс мәдени – ағарту шығуға қолдау сұрайды. Республикада Жастар Одағының тікелей ықпалы мен орталық нұсқауын орындау арақасында 1936 жылы облыстық орталық қалалырды балалар саябағы ұйымдастырылып, өз жұмыстарын бастайды.
Бұл жылдарда пионерлер лагерінің республикадағы алғашқы қарқыны салыстырмалы негізде нашар емес сияқты көрінеді. Атап көрсеткенде: 1938 жылы оның жалпы саны 333 болған, және де онда 43685 оқушы демалған. Сондай – ақ 1938 жылғы мәліметте республикада 16 мектеп балалары алаңы іске қосылған. Бұл көрсеткіш динамикасы 1940 жылы 438 – ге артқан, балалар алаңы 12 санға артқан өзгерісті көрсеттеді. Сондай ақ 1939 жылғы мәліметте Республика көлемінде балаларға арналған 5 шаңғы, 2 мұз айдыны бар 4 су стансасы, 11 столды теннис, 8 гимнастикалық жаттығу алаңдары, 2 – і парашют мұралары іске қосылғандығы келтіріледі. Бұл мысалдан әскери – патриоттық тәрбие мен дайындық шаралар міндеттері күшейіп тұрған кезең, талап сұранымын қанағаттандыратын құрлымдардың пайда болуына алғы шарт қалай басталғанын аңғартады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында басқа әлеуметтік тәрбие мекемелері сияқты мектептен тыс мекемелер жұмыстарының бір сәтке де тоқтап қалмай, оның қайта жандана түсуі үкімет пен қоғамдық ұйымдардың төл ісіне айналады. Соғыс жылдарының алғашқы ауыр қарбалас кезеңінің бір қатар мектептен тыс мекемелер обьективті себептерге байланысты қысқартылғанымен үкімет шешімімен олар көп ұзамай өз қызметтеріне қайтарылады. Қазақстан ВКП(б) Орталық комитеті барлық обком аудандық партия комитеттеріне, аудандық кеңестерге бір ай мерзім ішінде барлық әлеуметтік мәдени тәрбие мекемелерінің қайтарылып берілуін, себепсіз жабылғандарды қалпына келтіруін талаптап, оларды бөтен мақсаттар үшін пайлануға тиым салады. Тек 143 – шы жылдан бастап мектептен тысмекемелер жұмысы тиімділігімен пәрменділігін арттыруда бір шама игілікті жаңа іс – шаралар да іске асырылды. Атап айтқанда, мектептен тыс мекемелер құрлысына қосымша мыңдаған, әр – түрлі іс - шаралар өткізуге ірі көлемді қаражат бөлінді. Осы жылдан бастап колхоз балалар үйі пионерлер үйі болып қайта құыла бастады. Жаңадан ашылған және бұрынғы мектептен тыс мекемелердің тиімді жұмыс жүргізуі үшін, оларға үздіксіз жоғары білікті ұйымдастыру – әдістемелік көмек беру және үлгілі жұмыс тәжірбиелермен таныстырып тұру үшін республикалық деңгейдегі әдістемелік орталық ашу ұсынысы жасалды.Республикалық орталық Алматы қаласында 1944 жылы ашылды. 1943 – ші жылы басталған саяси – ағарту тәлім – тәрбие мекемелерін өз функцияларын атқаруға қайтару шарасы өте жемісті болды. Бұл жылда барлық мектептен тыс мекемелердің қайтарылып берілуімен қатар 9 айда 500 – ден астам жаңа мәдени ошақтар ашылды. Осындай нақтылы іс – шаралар мектептен тыс мекемелер қатарының өсуіне мүмкіндік жасады. 1944 жылдың басында республика бойынша пионерлер клубы мен үйлерінің саны 218 жетсе, пионерлер саябағы 12 – ге өсті, ал оқушылар стадионынның саны 30 – ға дейін артты. 1943 – ші жылмен салыстырғанда 1944 жылы мектептен тыс мекемелер саны бірнеше есеге арты. Мәселен 1943 жылдың 1 – ші қатарында қалаларда 15 пионерлер үйі мен клубтары ғана қызмет жүргізіп жатса, 1944 жылдың 1 – ші қаңтарында 65 қалалық, 51 селолық пионер үйлері мен клубтары қатарға қосылды. Қолхоз балалар үйлерінің пионер үйі болып қайта құрылуы клуб мекемелерінің балалармен жұмыс жүргізу міндетін күшейтті. Барлық типтегі клуб мекемелері балалар мен атқарылған жұмыс туралы, үйірме сандары, жұмыс мазмұндары тағыда басқа ақпараттарды міндетті түрде халық ағарту комиссариатына әр түрлі деңгейдегі және ағымдағы есептерде беріп тұруы міндеттеледі. Мысалы, халық ағарту комиссариатына қарасты клуб мекемелері мен қолхоз клубтарының 1943 жылғы қорытынды есебінде клуб мекемелерінің балалармен жүргізілген арнайы жұмыс түрлері бойынша арнаулы үкімет бекіткен В – IV – C үлгідегі статистикалық есебі тұңғыш рет берілді. Барлық облыстарда клуб мекемелерінің балалар мен атқарған жұмыстары Халық ағарту комиссариаты есебінде қанағаттандырарлық деп көрсетілді.
Кеңес қарулы күштерінің майдандағы ірі жеңістері, кеңес үкіметінің саяси беделінің артуы, елдегі саяси ахуалдың берік тұрақталуы мәдениет өнер, ғылым, білім, сонымен қатар мектеп және мектептен тыс мекемелер жұмыстарына қажетті қаржы қорын үстеме мүмкіншіліктер туғызды. 1944 жылы Қазақстан партия ұйымының 10 – шы пленумында жергілікті партия комитетінің әлеуметтік – мәдени және тәлім – тәрбие мекемелері құрылысымен, олардың тәрбие жұмыстарына зор көңіл бөлңп жіті айналысу міндеті қойылды.Бұл шешім мектептен тыс мекемелер жұмысының жандануына үлкен мүмкіндік жасады. Мектептен тыс мекемелер жұмыстарын жандандыру шараларына жергілікті тұрғындарда белсенді араласты. Өз күштерімен ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, кітап қорларын қалау, саз аспаптары мен түрлі спорттық жарақаттарды жинастыру сияқты патриоттық әрі қайрымдылық шаралар іске асырылады Қазақстанда алғашқылардың бірі болып осындай бастаманы 1944 жылы Ақмола облысы Калинин ауданы «Земледелец» қолхозының жастары көтерді. Жеңіс күнінің бірте – бірте жақыдай түсуі, күйзелген шаруашылықтың дамытуы шаралары сияқты әлеуметтік экономикалық фаукторлар мектептен тыс мекемелер жұмыстарына деген ықыласты одан әрі көтере түсті. Оқушылардың тәлім тәрбие, мәдени іс – шараларға қамтылуы өсті. Мекемелер қызметкерлер құрамына сапалық талдау жасау, іріктеу шаралары да жүргізілді.
Дүние жүзілік екінші соғыстан ұлы жеңіске жеткен кеңес халықтары мен оның қарулы күштері әлемдік саяси беделмен шықты. Осы ұлы жеңіс тек қана соғыс техникасы қуаттылығының арқасында ғана келген жоқ, ол кеңес халықтарының рухының аса жоғарылығы мен қуаттылығының келген жеңіс еді. Ал жоғары рухтағы халықтарды әсіресе оның ұрпақтарын қаһармандыққа тәрбиелеуде, дайарлауда әлеуметтік – тәрбие институттары арасында мектептен тыс мекемелердің де лайықты орны мен рөлі болғандығы тарихи шындық. Жас ұрпақтар тәрбиесі міндеттерінің кезең уақытты талаптарына сай орындауын да мектептен тыс мекемелер атқарған ерен еңбектерінің орны мен рөлі туралы мемлекет, қоғам қайраткерлері кезінде орынды бағалар берді. Мәселен сол жылдардағы РСФСР халық ағарту комиссары В.П.Потемкин халық ағарту қызметкерлерінің Бүкіл Ресейлік кеңесінде – аса ауыр сын кезеңдерінде кеңестіе ағарту – тәрбиешілер фашистік ағарту – тәрбиешілерін, кеңестік оқушылар фашистік оқушыларды жеңіп шықты – деп атап өтуі мектептен тыс мекемелерге де берілген әділ баға.
Жеңіс рухымен қаруланған кеңес халқы бейбіт еңбекке аса үлкен өрлеумен кіріседі. Соғыстан қираған және күйзелген халық шаруашылығын қалпына келтіру міндеттері анықталды. Бейбіт еңбек күндеріне аса жоғары құлшыныспен кіріскен кеңес халқы, соғыстан соңғы алғашқы айларда – ақ үлкен экономикалық табыстарға жетті. Соғыс жағдайындағы тәртіптер әсіресе тамақ т.б аса қажетті тұтыну заттарына қойылатын шектеулер алынды. Қысқа мерзім аралығындағы еңбек өнімі жетістіктері мәдениет, білім, ғылым, өнер, мәдени – ағарту, тәлім - тәрбие мекемелері қызметін жаңа сапаға көтеру оны ұйымдастырудың жаңа формаларын табу мәселелерімен айналысуға мүмкіндіктер ашты. Мектептен тыс мекемелер дамуына жалпы мәдени – көпшілік жұмыстарына жүргізілетін басшылықтың бөлініп дербес салалық түріне айналуы үлкен ықпал етті. Бқл мемлекеттің мектептен тыс мекемелерге жасалған үлкен қамқорлығы еді. Осыдан бастап мектептен тыс мекемелерге басқару, бақылау, әдістемелік көрсету шараларды іске асыру тиімділігі артады. Халық құрлысы әдісімен күрделі ағымды жөндеулерден мәдениет мекемелерін өткізу, экономикалық оңалған шаруашылықтардыңң қаражат есебінен жаңа мектептен тыс мекемелер құрлыстарынашу бастамалары көтерілді. Мысалы 1949 жылы халықтың осындай бастама нәтежиесінде республика көлемінде 639 мектептен тыс клуб типтес мекемелер, 358 оқу үйллері, 574 қызыл мүйістер, 228 кітапханалар құрлыстары аяқталып игілікке асырылды. Ауылдық, қалалықпионерлер үйі халық шығармашылығын қалпына келтіру шараларының негізг бір саласы ретінде, оқушылардың дара тұлғалық даму мәселесіне үкіметтің жаңа көзқарас саясаты, және қалыптасқан мектептен тыс мекемелер жұмыстарын қалыпты жолға қою мен жаңа сапаға көтеру,жаңа форма табу міндеттерін шешу негізінде дүниеге келген тәлім – тәрбие орталығы болды.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдары республика көлемінде оқушылардың дене шынықтыру мәдениетімен олардың сауықты – салауатты өмір салтын өмірге ендіру саясаты да көтеріңкі мақсатта қолға алынды. Қазақстанда жаңадан шаңғышылар – 23, қайық есу – 6, атқыштар – 20, мұз айдыны сырғанағы – 12, велосипед айдаушылар – 2 стансалары пайда болды. Мұндай мектептен тыс мекемелер торабының күш қуаты мол, қайратты жас ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі және дене шынықтыру жұмысының осындай формаларының танымдылығының және спорт техникасын арттыруда алғашқы ауқымды қадамдарының басталуы еді. Республикада соғыстан соң тұңғыш рет спорт өнерін наситаттау, оның танымалдылығымен техникасын жетілдіру мақсатында мектеп оқушылары спартакиадасымен олимпиадасын өткізу қолға алынды. Олимпиадаға дайындық жұмыстары ұйымдасқан түрде өткізілді. Ең алдымен пионер үйлері аумағындағы арнаулы спорт және сауықтыру алаңдарын жөндеу, реттеу жұмыстары жүргізілді.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында мектептен тыс мекемелерге жүргізілетін әдістемелік нұсқау функциясы жетілдіреді. Аудандық – қалалық пионер үйлері мектептен тыс басқа мекемелер мен мектептердегі үйірме жетекшілерінің жұмыс тәжірбиелерін талдап олармен әртүрлі деңгейде біліктілік жетілдіру жұмыстарын өткізетін орталығы болды. Пионерлер үйінің әскери дайындық және дене мәдениетін ұйымдастырушыларын дайындап шығару мектептен тыс мекемелер мен мектептердегі спорт секциялары түрлерінің артуына қозғау болды.
Тыңды игеру және одан кейінгі жылдардың Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер жұмыстары тарихтағы орны қандай? Өткен тарихты таразылағанда, бұл жылдар алып кәсіпорындар бой түзген, тың игерілген, қазақ жерінен жер серігі, тұңғыш ғарышкер ұшқан, қазақ мектептері жүздеп жабылған, Қазақстандағы әскери – соғыс полигондары қаптаған, ғаламат жарылыс апаттары болған жылдар екен. Елуінші жалдардағы екі бесжылдықтың алғашқысын Қазақстан төрт жыл төрт айда орындап шыққан. Осы жылдарда 200 – ге жуық кәсіпорындар іске қосылған. Бес жылда кен өндіру 187 процент, тазартылған мыс 180 процент, қорғасын 220 процент, мырыш 200 процентке өседі. Бірақ, бұл байлықтар сыртқа кетіп жатады. Түсті металлургия, химия өнеркәсіптері дамыды. Алтыншы бесжылдықтың 3 жылында орталыққа бағынатын 280- ге жуық ірі кәсіпорын пайдалануға берілді. Сырттан жүздеген мың адамдар шақырылды. Республиканың тың игерілген жерінде 337 астық савхоздары құрылды. 24 миллион табиғи мал жайылымы мен шабындық жер жыртылды. Одақтық шикізат базасына айналған, өзінің көл – көсір байлығын аямай беріп келген республика халқының оның болашағы балалар мен жасөспірімдердің рухани өсуіне, оның мәдени өмірінің өркен жаюына, білімдерінің молығуына қандай жағдай жасалды? Мектептен тыс мекемелердің материалдық – техникалық базасы қандай күйде болды? Оны нығайтудың жолдары қандай еді?
Соғыстан соң бесжылдық аралығында мектептен тыс мекмелерінде сандық өсімі болды. Мәселен, бесінші бесжылдықтың аяғына қарай республикада 6550 кітапханалар, 5769 клуб мекемелері есепке алынады. 1946 жылмен салыстырғанда балалар кітапханасы 3,8 есе ал, клуб типтес мекемелері 1,8 есеге артады. Бұл көрсеткіштер бір қарағанда көзге көл көсір көрінгенменен Одақ көлеміндегі көрсеткіштермен салыстырғанда әлде қайда артта қалыңқы болатын. Айталық, 50-ші жылдың аяғында орта есеппен балаларға көрсететін қызметті қоса алғанда бір көпшілік кітапханаға КСРО бойынша 1630, Украина 1330, Эстонияяда 1020 оқушыдан келген болса Қазақстан жағдайында 1800 – ден астам болды. Қалыптасқан жағдайдан шығудың бір жолы дәстүрлі ынталшылдық әдіспен мектептен тыс мекемелері құрылып жүргізу болды. Ынташылдық бастама негізінде 1959 жылы «Мәдениеттің халықтық құрлысының үш жылдық жоспары» қабылданып межелі мерзімде 1015 әртүрлі клубтық типтегі мекемелер, пионер үйлері қатарға қосылды. Елуінші жылдардың соғына қарай жүргізілетін оқу мен тәрбие ісін өндірістік қызмет саласымен байланыстыру саясаты «оқушылардың өндірістік бригадаларын» дүниеге әкелді. Осы бригада мүшелеріне мәдени қызмет көрсету т.б мақсатынан дала қостарында қызмет жасайтын оқушылардың мәдени – үгіт бригадалары ұйымдастырылды. Мал шаруашылығымен айналысатын маусымдық оқушылардың, өндірісті бригадаларының өмірге келуі рухани мәдени қызмет көрсететін жаңа қоғамдық мәдени ошақ «малшылар үйінің» пайда болуына ықпал жасайды. Алғашқы малшылар үйі Көкшетау облысы, Чкалов ауданының Абай атындағы кеншарында ашылды. 60 – шы жылдар басында осы бастама мекені Чкалов ауданында осындай тағыда бес үй құрлысы бітеді. Кейбір мал – шаруашылығы кешендерінде үгіт пәтер ұйымдастырылады. Алғашқы үгіт пәтерлерә Ақмола облысы Атбасар, Қорғалжың, Алексеевкааудандарында қоғамдық негізде ұйымдастырылады. Сайып келгенде елуінші жылдары мектептен тыс мекемелер санының алғашқы бесжылдықтарға қарағанда едәуір артуы тын көтерілген облыстардағы жаңа қоныстандырылған елді мекендердегі жаңа құрлыстар есебінен болды. Жіберілген кемшілік жоғары білікті кадрлар даярлау мәселесі шешілмеді.
Алпысыншы жылдарда қоғамның саяси – экономикалық және мәдени – рухани өмірінде жаңа қозғалыстар екпін алды. Бұл жылдарда шын мәнінде әлеуметтік және рухани өмір саласында жаңа көрсеткіштерге біршама қол жеткізілді. Мұндай жағдай сол жылдардағы қол жеткен ғылыми - техникалық прогресстегі табыстардан келді. Шаруашылық реформаларының көптеген маңызды принциптері жүзеге асып, ауыл шаруашылығында өрлеу болды. Республика өнеркәсібінде кәсіпорыгндарды қайта құру және техникамен қайта жарақтандыруда ғылыми жаңалықтар мен озық техналогияны өндіріске енгізуде табыстар болды.
Сегізінші бесжылдық (1966 - 1970 жж) ел тарихында, оның оның ішінде Қазақстанда ең жоғары көрсеткіштерге жеткен бесжыылдық болды. Шындығында бұл бесжылдықта Қазақстан қоғамдық жалпы өнім алдағы жылдарға қарағанда 1,5 есе, өнеркәсіп өндірісінің көлшемі 1,6 есе өсті. 9 – шы бесжылдыққа дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесін толық пайдалану негізінде Қазақстанда 1578 кәсіпорын жұмыс жүргізді. Алпысыншы жылдың екінші жартысында Одақта өндірілген мыстың, мырыштың, қорғасынның 30-дан 70 дейінгісі Қазақстанның үлесіне тиді. Өндіргіш күштердің даму деңгейінің ұлғаюы рухани – мәдени өмірдің метериалдық - техникалық базасын нығайтуға мүмкіндіктер әкелді. Еңбекшілердің әл – ауқатының жақсаруы, қол бос уақыт үлесінің көбеюі рухани қажеттіліктердің сан және сапа жағынан барынша артуына себеп болды. Алпысыншы жылдардың екінші жартысында адамдардың рухани – мәдени қызметтері мақсатында жұмсалған қаржылар алпысыншы жылдың басымен салыстырғанда 2,5 есеге өсті. Экономикадағы ілгерілеу халыққа білім беру ісіне үлкен жағдай қалады. Сегіз жылдық жаппай білім беру жүйесі толық жүзеге асып, жаппай орта білім беру міндетіне көшу шаралары да іске асырыла бастады. Қазақ қыздарын мектепке тартуға үлкен маңыз берілді. Алпысыншы жылдарда оқуды өнімді еңбекпен ұштастырудың жолдары мен түрлері онан әрі іздестірілді және жетілдірілді. Осы жылдарда әіресе ауылдық – селолық жерлерде және жаңа өнеркәсіп аудандаррында пайда болған жас қалаларда мәдени – ағарту ошақтары салу бұрын сонды бболмаған қарқынмен жүргізілді. Мәселен алпысыншы жылдармен жетпісінші жылдардың бас аралықтарында 177 мың оқушы орны бар 1200 – ден астам жаңа мектеп, 1,5 мыңнан астам клуб типес мекемелер, жүздеген балаларға арналған арнаулы мекемелері салынды. Бұл кезде ғылым саласындағы жетістікте айтарлықтай болды. Айтарлық алпысыншы жылдардың соңынада Қазақстандағы 200 – дан астам ғылыми мекемелерде 420 ғылым докторы және 6000 – дай ғылым кандидаттары қызмет атқарды. Ал алпысыншы жылдардың басында ғылыми дәрежесі бар адамдар жоғары оқу орны профоссор – оқытушылар құрамының 20,3% ғана құраған болатын. Алпысыншы жылдарда өнер мен әдебиет саласында да ірі жетістіктер орын алды. Республикада бірнеше жаңа ұжымдар пайда болды. Әсіресе «Алматының жас балеті», «Гүлдер», «Дос – Мұқасан», «Айгүл» ансамблдері Республикада ғана емес, одан тысқары жерлерде кеңінен танымал болды. Елді мекендер көркейіп ажарлана түсті. Жаңа қалалар өсті. Қазақстанның сырт елдерімен байланысы ұлғайды. Республикада қалыптасқан осындай әлеуметтік – экономикалық және рухани – мәдени оң өзгерістерден балалар мен жасөспірмдер арасында дүргізілетін тәлім – тәрбие жұмысы сапасының көтерілуіне, мектептен тыс мекемелер жүйесінің нығайып, жетілуіне лайықты мүмкіндіктер қаланды. Балалар мен жасөспірімдердің астрономиялық клубтары, балалардың автотрассалары т.б өмірге келді. Ірі кәсіпорындарда мекемелер мен шаруашылықтар базасы негізінде жүзеген әскери – техникалық мектептер, жас техниктер сансалалары мен клубтар ашылды.
1966 жылғы Жастар Одағының 15-і съезі шешімінде мектептен тыс мекемелелер жұмыстарына саяси мемлекттік мекемелерге тарту ретінде ерекше мән беріліп, олардың жұмыс сапасын көтеру мен жүйелерінің одан сайын нығайту шаралары екпінді жұмыс ретінде жарияланды.Ал Жастар Одағының 2-і пленумы (1964) өзінің «В.И.Ленин атындағы Бүкіл Одақтық пионер ұйымына Жастар Одағы басшылығын одан әрі қарай жетілдіру туралы» қаулысында мектептен тыс мекемелер жұмыстарының жаңа белсенді формалары мен түрлерін іздестіруді жандандыру мен балалардың сұраныстарын жас ерекшеліктерді ескеру негізінде жүргізу міндеттері аса жоғары талапқа қойылып қадағалау күшейтілді.Жастар Одағы, пионер және ағарту органдары бірлесе отырып саяси мемкелеттік мүшел мерекелер құрметтеріне арналған әр-түрлі байқаулармен екпінді жылдықтарды ұйымдастырады.Мұндай шаралар мектептен тыс мекемелер жұмысы жаңа формаларын насихаттау, тәрбие жұмыстарына жұртшылық пен қоғамдық ұйымдарды тартуды нығайта түсумен ғана шектелмей олардың материалдық- базаларын жетілдіруге қозғау болады.
1964-1967 жылдар аралығында пионер дружиналарының бүкіл одақтық байқауының өткізілуіне мектептен тыс мекемелердің жаңа типтерінің өмірге келуіне негіз болды.Жер-жерлерде Еңбек және демалыс лагерлері,салалық клубтар(малшылар клубы,пәтер клубы) пайда болды.1967 жылдан бастап Бүкіл Одақ көлемінде «Ориентир» бағдарламасының іске асырылуы да мектептен тыс мекемелер жұмыс мазмұны,форма мен әдістерін жетілдірумен қатар олардың материалдық база қорларының нығаюына себеп болды.Сайып келгенде алпысыншы жылдарда мектептен тыс мекемелер жүйесін нығайту, жетілдіру, олардың даму перспективасын анықтау ерекше мазмұн алады.Алайда кемшіліктер де көп болады.Атап айтқанда:
Мектептен тыс мекемелерге жүктелген міндеттер мен жұмысты ұйымдастырудың салалық амалдары арасында үйлесімсіздіктер болды.Ал ол мектептен тыс мекемелер жүйесінің дамуына тежеу жасады.Яғни балалардың қызығушылығын табу мүмкіндіктері салалық ұйымдыстырудың қаржы бөлу шамасына байланысты болды.
Бұл екінші жағынан мектептен тыс мекемелердің теңдестік принципте жасалуына қайшы келді.Осы жағдайларға байланысты мектептен тыс мекемелер арқылы балалардың сұраныстарына қанағат табу мүмкіндіктері әртүрлі деңгейлерде болды.
Мектептен тыс мекемелер табиғатына сай оның міндеттерін іске асыру тапсырыстары мен жұмысты ұйымдастыру оның мазмұны мен форма,әдістерін анықтау жөніндегі реттегіш құжаттар талаптары арасында қайшылықтар орын алып жатты.
70-80 жылдардың бірінші жартысы кеңестер елі тарихында ерекше жылдар ретінде белгілі.Бұл жылдары, тоғызыншы,он,он бірінші бес жылдықтар міндеттерінің КОКП басшылығымен, кеңес халқының қажырлы еңбегінің арқасында асыра орындалған жылдар деп атап көрсетіп кеңес құрылымының артықшылығын дәріптеп жатқан жылдар еді.Шын мәнінде отандық ғылымның өндірістік күшке қарқынды айналуы кеңес халықтарының әлеуметтік – құрылыс жағдайын көтеруге айтарлықтай мүмкіндік жасады. Кеңестер тарихының осы кезеңдегі елеулі беттерінің бірі ол рухани мәдениетінің, өскелең жастардың, мәдени – ағарту,ғылыми – техникалық шығармашылық жұмыстарының әлеуметтік рөлінің бұрынғыға қарағанда артуымен дараланды. Айталық партияның 24-ші съезі коммунисттік құрлыстың ұлы ісі адамдардың өзін жан жақты дамытпайынша жоғары деңгейдегі мәдениеттілік пен білімділікке қол жеткізбейінше, адамдардың қоғамдық саналығымен ішкі дүне саралығын қалыптастырмайынша жүзеге аса алмайтындығын ашық мойындады. Осы орайда балармен жас өспірімдердің мектептен тыс мекемелер қызыметінің әлеуметтік рөлінің артып, функциясының еселене түсуі үлкен қажеттілікке айналып оның материалдық – техникалық базасын дамытудың күн тәртібіне мықтап алынғанын ажыратуға болады. Енді осы күрделі міндеттердің уақыт ағымына,сәтіне , өзгерістерге қарай орындалу алғы шарттарын жасау, осы салада үкімет пен партия тарапынан қандай нұсқаулар мен бағыт – бағдарлар, нақты шаралар, қолдау міндеттерін, ұйымдастыру мен мазмұнын жетілдіру қарекеттерінің басты бағыттарын халық ағарту органдары мен Бүкілодақтық жастар ұйымы анықтап берді.Әсіресе мектептік мекемелер жұмыс формасымен мазмұндарын анықтап беретін нормотивтік құжаттарды жасаудағы ағарту органдары белсенділігі артады. Белгілі ғалымдар мен педагогтардың қатысуларымен студиялар, секциялар үйірмелер үшін жаңа бағдарламалар жасалып, қоғамдық байқаулар ұйымдастыру жолға қойылды. Жұмыстың бұл түрлері ағарту министірі коллегиялары мен Жастар Одағы секретарияты, пленумдары жұмыстарында өзекті мәселе ретінде қаралып жатты.Сондай ақ мектептен тыс мекемелер қызыметі ғылыми – теориялық және әдістемелік конференциялар мен семинарлар тақырыбына арқау болды.
Бүкілодақтық жастар ұйымының 27-ші съезі (1974 ж.) мектептен тыс мекемелері материалдық қорын нығайту шараларына қатысуды екпінді жұмыс жариялап, әсіресе ауылдық және селолық жерлерде Пиянерлер сарайлары құрылыстарын жандандырып, жас техниктер мен натуралисттер ауыл – шаруашылық тәжірибе станциялары мен клубтарын т.б оқушылардың бірлестіктерін ашуға барлық мүмкіндіктерді пайдалануды міндеттейді. Ауылдық,қалалық, обылыстық жастар одағы комитеттерінің тікелей жетекшілік жасауымен мектептен тыс мекемелер пионерлер отрядтарының «Әр өашанда дайынбыз» (1970-1974 жж.), «Жеңіс салюті» (1974-1975 жж.), «Коммунистерден үлгі аламыз» (1975 - 1976 жж.), «Лентн, Октябрьсалған жолмен жүріп келеміз» (1976 – 1977жж.) атты бүкілодақтық жорықтарын әдістемелік құралдармен қамтамасыз етудің, ұйымдастыру мен насихаттау шараларының әдістемелік орталығына айналыды. Мұндай жағдай мектептен тыс мекемелердің беделін арттырып, оның қарқынды даму алуына негіз қалады. Жетпісінші жылдардың екінші жартысында көтерілген мектеп оқушыларының оқу тәрбие жұмыстарын одан әрі жетілдіру міндеттер мектептен тыс мекемелердің жұмыс тиімділігін арттыруға, олардың мектептермен байланысын нығайтуға ғана емес материалдық – техникалық қорды дамытуға, жаңа ғимараттар құрлыстарын жүргізуге игі ықпал жасады. Мамандандырылған мектептен тыс мекемелер торабы даму алады. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында жүргізілген жұмыстардың материалдық – техникалық базасын жетілдіруде кәсіподақтың атқарған қызметін ерекше атаған жөн. Осы кезеңде кәсіподақ қарауына арнаулы балалар мәдениет үйі құрлысы өзінің бастауын алады. Әсіресе кәсіподақ жүйесіндегі клубтар торабы, жас техниктер үйлері мен станциялары қарқынды даму алды. Салалық құрлымдар арасында жол қатынастары министрлігі жүйесіндегі балалар мекемелері дамыды. Мәселен 1975 жылы Одақ көлемінде 500-ден аса КСРО жол қатынастары қарамағында әртүрлі балалар мектептен тыс мекемелері оның ішінде 37 балалар темір жолы, 23 жас техниктер стансасы, 10 пионерлер үйі мен теміржолшылар мәдениет үйлері мен сарайларында 450 клуб секторлары жқмыс жүргізді.
Балалар кітапханаларының қарқынды даму алу кезеңдеріде осы жетпісінші жылдарда болды. КОКП орталық комитетінің (1974ж.) «Еңбекшілерге коммунистік тәрбие берумен ғылыми – техникалық прогрестегі кітапхананың рөлін аттыру туралы» қаулысында балалар кітапханалары қызметін жетілдірудің кеңейтілген бағдарламасы қабылданады. Бұл қаулы арнаулы мамандандырылған балалар кітапханалары мен қатар мәдениет министірлігі жүйесінде балалармен жұмыс жүргізетін кітапханалар, кәсіподақ мәдени – ағарту мекемелері балалар кітапханалар жұмыстарын жандандыруға және ішкі байланыс жүйесінің күшейуіне қозғаушы ықпал жасады.
1977 жылы қабылданған КСРО – ның жаңа конститутциясында мектептен тыс мекемелердің жан – жақты жарасымды дамыған қоғам болашағы балалар тәрбие ісіндегі орны ерекше аталып, оның одан әрі даму алу бағдары бекітілді. Жалпы тәрбие саласы, саясаты, мектептен тыс жағдайдағы балалар мен жасөспірімдер арасында жүргізілетін жұмыстардың болашақ бағыт – бағдарлары мен олардың даму жолдарын табу амалдарына сілтемелер КОКП-ның 25-ші, 26-ші, 27 съездер шешімдерінде, КОКП орталық комитеті мен КСРО министрлер кеңесінің «Село халқына мәдени қызме көрсетуді одан әрі жетілдіру шаралары туралы» (1977 ж.), КОКП орталық комитетінің «Әуесқой көркемөнер шығармашылығын одан әрі дамыту шаралары туралы» (1978 ж.) қаулыларында қарады. Бұл құжаттар қоғам болашағы жеткіншіктердің бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті жағдайларды жасау жауапкершіліктері арттырылды. Барлық әлеуметтік тәрбие мекемелері жүйелері мен материалдық – техникалық базасын жетілдіру, оларды білікті маман кадрлармен толықтыру шараларын іске асыру жолдары көзделді. Атап айтқанда, тоғызыншы бесжылдықта аудандық мәдениет үйлері (Пионерлер үйіде бар) ірі елдң мекендердегі мәдениет үйлері құрлысын толық аяқтап ( ол үйлерде балалармен жұмыс жасайтын секторлар қарастырған) пайдалануға қосу жоспарын орындау міндетін күшейтті. Бұл міндеттердің шешілуі барлық әлеуметтік тәрбие мекемелері жұмыстарын орталықтандыру арқылы олардың қызмет тиімділігін, ұйымдастыру мен басқару жүйесін жетілдіруге байланысты болды. Орталықтандыру салалық мектептен тыс мекемелер типтері арасындағы тосқауылдарды жоюға бағытталған шара болатын. Материалдық – техникалық базаларды орталықтандыру, ортақ жұмыс жоспары негізінде келісімді бірлескен жұмыстарды жүргізу, ең алдымен мектептен тыс мекемелер типтері жұмысындағы қайталанушылықты жоюды бағытталды. Ал бұл балалар мен жасөспірімдердің өз қалаулары бойынша жқмыс түрлерін таңдауына мүмкіндік ашып, олардың даралық, топтық сұранытарын қанағаттандыру мен шығармашылық харакеттерін арттыруға негіз болып табылды.
1983 жылы КОКП Орталық комитетінің маусымда өткен Пленумы барлық елді мекендегі мәдени – спорттық кешен құрлысын жылдамдатып аяқтау міндетін күшті талапқа қояды. Пленум шешімі негізінде мектептен тыс мекемелердің сала аралық тәрбие орталықтары құрлысын жүргізу бастамасы да өмірге келді. Мұндай мектептен тыс мекемелер кешешінің ерекшелігі функционалдық белгілері сақталған өзара ықпалдастықтағы әлеуметтік тәрбие жүйелерінің жиынтық түр ретінде көрінуінде болды. Кешен әрбір құрамдас бөлімінің тұтастық, сабақтастық, жалпылық, аймақтық, ұлттық ерекшеліктерді, жас ерекшеліктерді ескеру қағидаларын сақтау негізінде құрылуымен дараланған. Балалардың мектептен тыс мекемелер кешенінің қызмет тиімділігі балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығының өзгермелі (секірмелі) сипатымен оның даму тенденциясын ескеріп, соларға бейімдерген жұмысты ұйымдастыруында болған. Сол себептен де кешкен жұмысының басқа тәрбие мекемелеріне қарағанда тиімді жұмыс жасау шарты әрбір құрамдас бөліктердің өзара конструктивті, өзара ықпалдастықтағы байланыстарына тәуелді болған. Мөлтек аудандарында салалық балалық клубының ерекше даму алуы тенденциясы орын алды. Әлеуметтәк тәрбиемекемелерін жаппай ортандықтандыру саясаты балалар клубтарының да интеграциялануын жеделдетуді. Бұл интеграция тиімділігін мектептен тыс мекемелер жұмыстарының бірлігіне, тәрбие процестерінің үзіліссіздігін қамтамасыз етуде болды. Балалар клубы маман «педагог ұйымдастырушы» интеграцияға дейін тұрғын үй қызметкері саналғандықтан халық – ағартуу жүйесі тарапынан болатын педагогикалық көмек пен бақылаудан тыс қалып жататын. Салааралық орталықтың құрылуы осы сияқты қалыптасқан жағдайды жойды. Жалпы орталықтандыру басқару жүйесін жаңартады.
Достарыңызбен бөлісу: |