ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҮЛГІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
________________________________________________________________
Дипломалды практика
5B091000 - «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша
Көлемі: (4) кредит
Шымкент, 2016
АЛҒЫ СӨЗ
1. ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде
2. РЕЦЕНЗЕНТТЕР
Парымбекова З.С. – «Отырар» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры
Динасилова Ш. А. – А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры
3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20_ жылғы «___» __________ №___ бұйрығымен
4. Үлгі оқу бағдарламасының дайындық бағыты 5B091000 - «Кітапхана ісі» мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген
5. ҚАРАЛҒАН М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секция отырысында
20_ жылғы «__» __________ №___ хаттама
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
|
2
|
Мазмұны
|
3
|
Түсініктеме жазба
|
4
|
Практика мазмұны
|
5
|
Кіріспе
|
5
|
1. Дипломалды практиканың мақсаты мен міндеті
|
5
|
2. Дипломалды практиканы ұйымдастыру мен өткізу
|
6
|
3. Дипломалды практика бойынша есептік құжаттама
|
7
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
8
|
Авторлар
|
8
|
ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА
5В091000 – Кітапхана ісі мамандығы бойынша қызмет көрсету саласы бакалаврының білім беру бағдарламасы дипломалды практиканы өткізуді қарастырады. Студенттердің дипломалды практикасы білікті мамандарды даярлаудағы оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Практика кезінде берілетін біліктілігі мен таңдаған мамандығы бойынша студенттердің практикалық жұмыста алған шеберлігі мен дағдылары, теориялық білімінің нәтижелері нақтыланып, бекітіледі.
Дипломалды практика – шығарушы кафедраның оқытушысы, маман немесе сәйкес база бөлімінің басшысы жетекшілігімен өтетін студенттің өзіндік жұмысы болып табылады. Дипломалды практика диплом жұмысының өңдеу және болашақ практикалық қызметіне даярлық кезеңі болып табылады.
Бұл практикаға шоғырланған игеру пәндері: кәсіби цикл блогының барлық пәндері.
Практика өту нәтижесінде қалыптасатын білім алушының құзырлығы. Білім алушылар бұл практиканы өту нәтижесінде келесідей практикалық дағдылар, шеберлік, әмбебап және кәсіби құзырлық алуы тиіс:
-кітапхананың негізгі қызметін және құрамдаушыларын анықтай білуі;
-негізгі өндірістік процессті орындауда кітапхананың бөлім және секторларынан тәжірибе жинақтау;
-кітапхана- ақпараттық автоматтандырылған жүйесінде құжаттарды өңдеу жұмыстарына машықтануы;
-кітапхана-библиографиялық көрсеткіштерін құрастыру әдістемесін білу;
- кітапханадағы әрқилы категориялы тұтынушылармен қарым-қатынастағы коммуникативті дағдыларды игеру.
Өту мерзімі және дипломалды практика базалары
Дипломалды практика бакалаврларды даярлауда студенттердің теориялық және практикалық оқу бағдарламасын игерудің аяқталу кезеңінде өткізіледі. Күндізгі оқыту формасы студенттерінің дипломалды (біліктілік) практикасы 4 курста (8 семестр) өткізіледі. Диплом жұмысының экспериментальды (эмпиристік) базасы болып табылатын музейлер мен мәдениет мекемелерінде 10 апта көлемінде өткізіледі.
ПРАКТИКА МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Дипломалды практика мазмұны дипломдық жұмыс мақсаттарына толық бағынышты болады. Жұмыс жоспары практика жетекшісімен келісілген соң дипломалды практиканың жекелеген тапсырмалары қалыптастырылады, оған кіретіндер:
-зерттеуді жаһандандыру деңгейі мен саласын анықтау;
-соған ұқсас зерттеулер бойынша әдебиеттерге шолу, алынған нәтижелердің жетістіктері мен кемшіліктерін таңдау;
-зертеу тақырыбы көкейкестілігін анықтау;
-зерттеу міндеттерін нақтылау;
-диплом жұмысы құрылымын өңдеу.
Дипломалды практика кезеңінде студенттер диплом жұмысын атқаруға материалдар жинақтаумен қатар, ағымдағы міндеттерді шешуге араласуға қажет.
Студенттің практикадағы жұмысының негізгі кезеңін дипломдық жоба бөлімдерін орындау кіреді. Дипломалды практика кезінде студентке мұражай мекемесі немесе ұжымның жекелеген жұмыс функциялары тереңдете зерттеу бойынша жеке тапсырмаларды орындау және дипломдық жобаның практикалық бөлігі үшін бастапқы материалдар даярлау қажет.
Дипломалды практикаға берілетін жеке тапсырмалар дипломдық жобалаумен тікелей байланысты болуы қажет. Ол дипломдық жобаның аналитикалық және жобалық бөлімінің негізгі бөліктерін құрайтын ережелерді (міндеттерді) терең өңдеуге бағытталуы қажет.
1. Дипломалды практиканың мақсаты мен міндеттері
Студенттердің практика бағдарламасын атқаруын бақылау практика базасы және кафедра жетекшілері тексеру материалдарымен аптасына бір реттен кем емес қамтамасыз етіледі.
Бакалаврдың дипломалды практикасының өткізілу мақсаты:
- студенттердің кітапхана ісі саласында алған практикалық дағдылары мен теориялық даярлығын нығайту мен тереңдету
- диплом жұмысын орындау үшін қажетті материалды жинақтау мен жүйелеу
- таңдаған мамандану бағыты бойынша мамандардан кеңестер алу
- дипломалды практика кезеңінде алынған нәтижелерді ендіру мүмкіндіктерін қарау.
Дипломалды практика міндеттерін қалыптаструда негізгі принцип болып табылатын ол, диплом жұмысын білімін магистратурада жалғастыруға, мүмкіндік беретін ғылыми зерттеулердің бастамасы.
Дипломды практика міндеттері болып табылатын:
- дипломдық жұмыстар жазу үшін эмпиристік материал жинау;
- кітапхана ісі практикасында алған теориялық білім мен дағдыларды кешенді ойластыру;
- кітапхана қызметі нақты бағыттарына терең жұмыс дағдыларын алу;
- ғылыми- қор, ғылыми -зерттеу, әдістемелік, библиографиялық, ақпараттық - білім беру;
- кіріс акпараттарды компьютерлік өңдеу, интернет торабында жұмыс істеу;
- диплом жұмысын жазу мақсатында әрқилы кітапхана бағдарламалары мен жобаларын іске асыру бойынша кітапхана практикасы анықтау тәжірбиесін игеру.
2. Дипломалды практиканы ұйымдастыру мен өткізу
Практика ЖОО және студенттерге практикадан өту үшін орын берген кәсіпорындар, мекемелер және ұжымдар арасында жасалған келісім-шарт негізінде іске асырылады.
Дипломалды практика жоғары оқу орны басшысы шығаратын бұйрық негізінде іске асырылады. Дипломалды практикаға ұйымдастыру және оқу-әдістемелік басшылықты мамандар шығарушы кафедра іске асырады. Диплом жұмысының жетекшісі дипломалды практика жетекшісі болып табылады.
Дипломалды практика жетекшісінің міндеті:
- практика бағдарламасына сәйкес жеке жұмыс жоспарын бекіту;
- практика мәселелері бойынша кеңес беру және атқарылған жұмыстар бойынша есептер құрастыру;
- жұмыс сапасын тексеру және жеке жоспарлардың орындалуын бақылау;
- диплом жұмысын атқару үшін материалдар іріктеу мен жүйелеуге көмектесу;
- практика соңында жұмысты бағалап олар жасаған есептерге қол қою.
Практика өтуде студенттің міндеті:
- практикаға бөлінген уақытты тиімді пайдалану;
- практика бағдрламасы және жеке тапсырмаларда қарастырылған барлық жұмыс түрлерін толық және сапалы атқару;
- ұжымдағы қолданыстағы ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағыну;
- еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін қатаң сақтау және зерттеу, атқарылған жұмыс және оның нәтижелеріне штаттағы қызметкерлермен бірге жауапкершілікте болу.
3. Дипломды практика бойынша есеп беру құжаттары
Дипломды практика аяқталысымен оқу үдерісі кестесіне сәйкес студенттер кафедраға үш күн мерзім ішінде тапсырады:
- кәсіпорын және кафедра практика жетекшілері қол қойған, барлық бөлімдері толтырылған практика күнделігі;
- бекітілген форма бойынша дипломалды практиканың есебі;
- орындалғаны жөнінде белгі қойылған студенттердің атқарған дипломалды практикалық күнтізбелік жоспары.
Күнделік студенттің дипломалды практикадан өткенін растайтын негізгі құжат болып табылады, бұл жерде практика барысындағы бүкіл ағымдағы жұмыс көрсетіледі:
-студент зерттеген ғылыми, арнайы әдебиеттер, әрі ақпараттық деректемелер тізімі;
-студентке берілген жеке тапсырма және олардың орындалуы жөнінде белгі;
- практика бойынша студенттің тұжырымы мен ұсынысы;
- кәсіпорын және кафедра практика жетекшілері тұрғысынан практика өту кезеңінде студент жұмысын бағалау және мінездеме.
Есеп берудің негізгі бөлімі болып табылатындар:
кіріспе - таңдаған тақырып, жұмыс мақсаты, диплом жұмысы үшін міндеттер қою актуальдылығын негіздеу;
- бірінші тарау - зерттеу обьектісіне жалпы сипаттама және пәндік саланы талдау;
- екінші тарау - талдау үшін қажет жиналған бастапқы мәліметтерді,оларды алу көздерін суреттеу, міндеттерді шешуге ыңғайлы болу үшін мәліметтерді түрлерге бөлу жолдары.Алынған ақпараттарды бастапты өңдеу.
- үшінші тарау нақты материалдарды бастапқы өңдеу нәтижелері.
- диплом жұмысының жұмыс құрылымы қойылған міндеттерді шешу бойынша накты шараларды өңдеу және тасымалдау. Іс жүзінде бұл тарауда диплом жұмысы бөлімдері мен жекелеген бөлшектері көрініс табуы тиіс;
- қорытынды - атқарылған жұмысты қысқаша суреттеу және практикалық ұсыныстар;
- қосымша - дипломдық жұмыс үшін қажет статистикалық,анықтамалық және басқа да мәліметтер.
Келтірілген есеп беру құрылымы бағдарлы сипатта әрі диплом жұмысы жетекшілері келісімі бойынша обьект әрі зерттеу тақырыбына орай өзгеруі мүмкін.
Дипломалды практика есебі ретінде студент кафедраға диплом жұмысының толық емес нұсқасын көрсетуіне болады. Практика бойынша есеп беру шығарушы кафедра шешімімен құрылған комиссия мәжілісінде өткізіледі. Дипломалды практика қорытындысының нәтижесі транскрипке жазылатын бағалауға бекітілген (GPA) балдық-рейтингілік және әріптік баға жүйесімен бағаланады. Дипломалды практика бағдарламасын орындамаған және жұмысы жөнінде жағымсыз пікір алған немесе есеп қорғауда «қанағаттандырарлықсыз» баға алған студент практикадан қайыра өтеді немесе оқу орнынан шығарылады.
ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі әдебиет:
1 Абрамова И.Г., Ходоровская А.С. Оформление и защита педагогического проекта//Педагогические основы проектирования образовательных систем нового вида: Монография /Под ред. А.П. Тряпицыной. - СПб., 1995.
2 Акулова О.В., Писарева С.А. Как написать квалификационную работу по педагогике. - СПб., 1999.
3 Введение в научное исследование по педагогике /Под ред.В.И. Журавлева. - М., 1988.
4 Голубев Н.К. Диагностика и прогнозирование воспитательного процесса. - Л., 1987.
5 Даргевичене Л.И. Введение в методику педагогического исследования. - СПб., 1997.
6 Кочетов А.И. Культура педагогического исследования. - Минск, 1996.
7. Крейденко В.С. Библиотечные исследования : Учебно-методическое пособие / В. С. Крейденко. - М. : Русская школьная библиотечная ассоциация, 2007. - 352 с.
Қосымша әдебиет:
1 Методы измерения и прогнозирования в исследовании воспитательного процесса /Под ред. З.И. Васильевой. - Л., 1986.
2 Краевский В.В. Основные характеристики и логика педагогического исследования. - Волгоград,1994.
3 Педагогическая диагностика в опытно-экспериментальной работе школы. - СПб., 1993.
4 Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. - М., 1986.
5 Стешов А.В. Устное выступление: логика и композиция. - Л., 1989.
Авторлар:
Исенгалиева А. Г. – филол.ғ.к., М. Әуезов атындағы ОҚМУ доценті
Абуова У.Е.- ғылым магистрі, М. Әуезов атындағы ОҚМУ- дың аға оқытушысы
Лабенова Р. С. – ғылым магистрі, М. Әуезов атындағы ОҚМУ- дың аға оқытушысы
Достарыңызбен бөлісу: |