Диплома в республиканском конкурсе «Наследие наших предков сохраним и приумножим»



жүктеу 1,22 Mb.
Pdf просмотр
бет15/31
Дата26.05.2018
өлшемі1,22 Mb.
#18104
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31

^ ^ Е Х Н О Л О Г И Я

23

«Қонақ  күту -   салтымыз»

Қалихан Абдибекқызы ДАУТБЕКОВА,

LLJ.  Уәлиханов  атындағы  орта  мектеп,

мемлекеттік  мекемесі

Алматы  облысы,  Ескелді  ауданы,

Ақын  Сара  ауылы



Сабақтың  мақсаты:  ата-бабамыздан  келе 

жатқан  салт-дәстурімізді  үйреніп,  халқымыздың 

рухани  байлығын  бойымызға  сіңіру,  ұлтымыздың 

дәстүрлерінен  үлгі  алуымыз  қажет.

Танысқыңыз  келсе,  қазақ  жұртымен, 

Салт-дәстүрі,  тарихы,  әдет-ғұрпымен.

Нағыз  қазақ  қалада  емес,  ауылда,

Танылатын  ұлттық  мінез-құлқымен.

Жақсы  дәстүр -   сақтар  елдің  елдігін,

Екендігін  ұғынасың  сен  бүгін.

Танытады  қалпымен-ақ  қонақжай,

Нағыз  қазақ  жүрегінің  кеңдігін -   демекші,  ата- 

бабамыздың  көнеден  жеткен  игілікті  дәстүрлерінің 

бірі  -   қо на қж а й л ы л ы қ.  Б ізд ің 

хал ы қ 

ө зін ің  

ақкөңілділігімен,  қонақжайлылығымен,  жастарға 

берген  тәлім-тәрбиесімен,  өзінің  дархандығын, 

даналығын  танытып  келген.  Көнекөз  қариялардың 

айтуымен,  «еншінің»  төрттің  бір бөлігін,  бір-біріне 

қонақ  болып барғанда,  сыбаға  болсын  деп,  өсиет 

қалдырған. 

Қонақасы  -   қазақтың  бөлінбеген 

«еншісі».  «Қонақасы  -   тәңір  асы»  деген  аталы 

сөздер  сол  бір  заманнан  бері  күні  бүгінге  дейін 

аталады.  Міне,  сол  кезден  қанына  сіңген  әдет 

бойынша  ата-бабамыз  «Қонақ  келсе,  құт  келеді», 

«Қонақ  келсе,  қой  егіз  табар»,  «Қырықтың  бірі  -  

Қызыр,  мыңның  бірі  -   Уәли»  -  деп  қатты  қуанып, 

ақысыз,  пұлсыз  қонақасын  беріп,  аттандырып 

салады.

Жүргізуші:  Жарысымызды  бастамас  бұрын, 

әділқазы  алқасын  тағайындап  алайық.

Ә ділқазы   алқасы ,  әр  та псы р м ад ан  кейін 



бағасын  беріп  отыруларыңызды  сұраймыз.

Асыл  тастан,  ө н е р -ж а с та н ,

Халықайтса,  халық  сөзі.

Әрқашанда  нанымды,

Сол  өнердің  жолын  қуған.

Шағын  топтың  атынан,

Қабылдаңыз  шын  жүректен.

Сәлем  сіздерге  жалынды  деп.

«Қонақ  күту -  салтымыз»  атты  тәрбие  сағатын 

бастауға  рұқсат  етіңіздер.

Екі  топты  ортаға  шақырамыз.

I  топ.  «Дастарқан»;  II  топ.  «Береке»;

I  тур.  Ал  енді  I  турда  екі  топ  өздерінің 

то пта р ы н ы ң   атын,  үр а н д а р ы н 

айты п, 

өлең 


шумақтарымен  жарыссын.

Ә д іл қа зы л а р   ал қасы   I  тур ды ң  бағасы н 

берулеріңізді  сұраймыз.

II  тур. “Құлақтан  кіріп  бойды  алар,

Жақсы  ән  мен  тәтті  күй.

Көңілге  түрлі  ой  салар,

Әнді  сүйсең  менше  сүй»  -  деп  Абай  атамыз 

айтқандай,  салт-дәстүріміздің  қайсысы  болмасын, 

өлеңмен  ұштасқан.  Олай  болса,  екі  топтың  өнерін 

тамашалайық.

Ill 

тур.  Келесі  тур  «Ақыл  парасат  сайысы». 



Конвертте  екі  топқа  арналған  сүрақ  бар,  соған 

жауап  беріледі.

Екі  топ  дайындалғанша,  ән  шумағына  кезек 

беріледі.

IVTyp. “Ойын” .

Ойын  шарты:  a  әріпінен  басталатын  сөзді 

жариялаймын:  тау,  қала  немесе  өзен  аттарын.  Екі 

топ  іле-шала  тауып  қаланың  атын  атайсыздар. 

Егер  жаңылысып  өзен  атын  немесе  тау  атын 

атаса,  онда  ол  топ  өз  айыбын  төлейді.

V тур.  Мақал-мәтел  жарысы.

VI.  Жүмбақ  сайысы.

1-топтың  жұмбақтары:

1.  Бір  дария  қайнайды,  екі  көбік  атып,

Ішінде  жайын  да  жүр  михнат  тартып.

Өткелі  бар  дарияның  аралы  жоқ,

Келе  ме,  білсе  жайын  оған  қайтып.

(Қазанда  асқан  ет)

2.  Сылдыр  сұйық,  су  емес,

Ішсеңсусын  қанады.

Ақ  болса да,  қар  емес,

Шешуін  кім  табады. 

(Сүт)

3.  Алға  жайып  тұз, дәмін,



Келтіреді  үй  сәнін.

Ол  халқының  ақ  жаны,

Жақсы  дәстүрлер  маржаны.

Кеңпейіл  де  арайлы,

Осы  жерден  тарайды. 

(Дастарқан)

2-топтың  жұмбақтары:

Қалың  киімді  ұнатады,



Шешіндірсең  жылатады. 

(Пияз)


2.  Жаңа  табақ  түбі  тесік,  тақ-тақ етеді, 

Астынан  ақ  керуен  өтеді. 

(Елеуіш)

3.  Екі  жағы  “Н”  болса,

Қасиетті  тағаммын.

Екі  жағы  “А”  болса,

Ел  қадірлер  адаммын. 

(Нан, Ана)

VI турдың бағасын  беру.

VII  тур.  «Дастарқанға  бата  беру»  сайысы.

VII 

турдың  бағасын  беру.  Бүгінгі  «Қонақ  күту  -  



салты м ы з»  атты 

аш ы қ 


тә рб ие 

сағаты м ы з 

аяқталды.

Қонақжайлылық  салтымыз,

Оқып  біліп  жатырмыз.

Ата-салтын  сақтасаң,

Арта  берер  даңқымыз.

Сау  болыңдар  көргенше,

Қайта  оралып  келгенше.

Жиі  келіп  түрыңдар  сайысқа,

Қоштасайық  ендеше.

Біз  еңбек  сабағында  бірнеше  тағам  түрлерін 

жасап  үйрендік.  Үйге  келген  қонаққа  өзіміз  ас 

әзір л е п 

бере 

ал ам ы з.  Қ она қта р д ы  



өзім із 

дайындаған  ас  мәзіріне  шақырамыз.

Екі  топтың  қайсысы  жеңімпаз  болды, 

әділқазылар  алқасы  бағасын  береді.



«Мектептегі  технология.  Технология  в  школе»

№7/2010


24

^ й е х н о л о ги я

Үгілмелі қамырдан өнімдер 

пісіру, дайындау

Нұргүл Кәкімқы зы  ШАЛҒЫМБАЕВА,

Абай  атындағы  орта  мектеп-лицейдің 

технология  пәнінің  мұғалімі 

ШҚО,  Үржар  ауданы,  Үржар  ауылы



Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:  оқуш ыларға  қамырдан  жасалған 

та ға м д а р   түр і  мен  д а й ы н д а л у  е р е кш е л ікте р і 

жөнінде  түсінік  беру;

Дамытушылық:  оқушылардың  тамақ  пісіруге 

деген  қы зы ғуш ы лы ғы н,  құш тарлы ғы н  арттыру, 

күн д е л ікті  алған  д а ғд ы л а р ы н ,  қа б іл е тте р ін , 

шеберліктерін,  іскерліктерін  дамыту;



Т ә р б и е л іл ік :  оқуш ы л а р д ы   уқы п ты л ы ққа , 

әдемілікке,  тазалыққа  тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:  аралас.

С абақт ы ң  ә д іс і:  с ұ р а қ-ж а у а п ,  түсін д ір у, 

нүсқаулар,  сарамандық  жумыс.



Сабақтың  көрнекілігі:  слайд,  электронды 

тақта.


Сабақтың барысы:

I.  Үйымдастыру  кезеңі

II.  Қызығушылықты ояту

1.  ¥ннан  қандай  тағамдар  жасауға  болады?

2.  Қамыр  илеу  алдында  ұнды  не  істеу  керек?

3.  Шай  дастарқанының  басты  асы  не?

4.  Бауырсақ  сөзі  қандай  мағына  білдіреді?

5.  Ұннан  қандай  кондитер  бұйымдарын  пісіруге 

болады?

6.  Конд итер  б ұй ы м д а р ы н ы ң   қурам ы на  не 



қосамыз?

III.  Мағынаны  ажырату

Үгілмелі  қамырдан  торт,  пирог,  бәліш,  печенье 

т.б.  тағамдар  пісіреді.  Үгілмелі  қамырды  әзірлеудің 

көптеген тәсілдері  бар.  Оны әзірлеуге негізінен май, 

қант,  жумыртқа,  бидай  ұны  пайдаланылады,  бірақ 

тағамның  түріне  қарай  олардың  мөлшері  өзгереді. 

Қамырға  арналған  сары  майды  (немесе  маргарин) 

езу  оңай  болуы  үшін  оны  жылы  жерге  қояды,  бірақ 

отқа  ерітуге  мүлде  болмайды.  Қамырды  тақтайға 

қатты  ны ғы здамай  илейді,  сонда  май  біркелкі 

тарайды.  Қамыр  тақтайға  жабыспаса  және  тегіс 

болса,  онда даяр  болғаны.  Үгілмелі  қамырға  лимон 

немесе  апельсин  цедрасын,  ваниль қосуға болады.

IV.  Сарамандық  жұмыс

Ж ұм ы сты ң   м ақсаты :  үгілмелі  қамыр  илеуді, 

жаюды,  печенье  үлгілерін  жасауды  және  пісіруді 

үйрету.


Қажетті ыдыс-аяқтар:  шуңғыл  ыдыс,  стакан, 

асханалық қасық, булғауыш, қалыптар,  оқтау,  пышақ, 

табақ,  пісіретін  пеш.

Қажетті азық-түлік:  5 жумырқа,  1  стакан қант, 

1  шай  қасық  нан  содасы,  лимон  қышқылы,  1  қорап 

маргарин,  4-5  стакан  ун.

Жумыстың орындалу реті:

1.  Шәшкеге  жұмыртқаларды  жарып,  қантпен 

араластыру;

2.  Ж умсартылған  маргаринге  соданы  (лимон 

қы ш қы л ы м ен 

ө л т ір е м із) 

қосы п, 

жақсы лап 

араластыру;

3.  ¥н  сеуіп,  қамыр  илеу;

4.  Қамырдың  қалыңдығын  0,8-1  см  етіп  жаю;

5.  Қамырды  металл  қалыптар  мен  фигураларға 

ойып,  қант  сеуіп  пешке  жайғастыр;

6.  Қызулы  пеште 20-25  минут  пісіру;

7.  Пешті  ешіріп,  печеньені  салқындатып, жайпақ 

табаққа салу.

Жұмбақтар:

1.  Ақ қиыршық еритін,

Ac жоқ одан  жеритін.  (Тұз)

2.  Есігі  жоқ,  тесігі  жоқ,

Ақ доптың  ішінде  несібі.  (Жумыртқа)

3.  Ағаш  басында  құлыптаулы сандық.  (Жаңғақ)

4.  Жылай-жылай  пісер,

Аузыңа  кеп  түсер.  (Шелпек)

5.  Су  болмаса да  суйық,

Өзі бітеу,  тұйық.  (Жұмыртқа)

6.  Дәмді,  дәмді  тағамдарды  жинайды,

Қонақтарды  көңіліне  сыйлайды.  (Дастарқан)

7. Үсті тас,  асты тас,

Ортасында  піскен  ас.  (Нан)

8.  Бір  құдықтың  екі түрлі  суы  бар,

Қайнатса екеуі де мұзға айналады. (Жұмыртқа)

9.  Суда туады,  суда  өледі.  (Тұз)

Блиц сұрақтар

1.  Қамырға  ашытқы  қосқанда  қандай  процесс 

жүреді?  (Ашу  процесі)

2.  Бір жұмыртқа  10 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа 

неше  минутта  піседі?  (10  минут)

3.  Қамыр  неше  топқа  бөлінеді?  (2)

4.  Кешке  жатарда  асты  неше  сағат  бүрын  ішу 

керек?  (3  сағат)

5  Адам  баласы  бір  күнде  тамақтың  35%  қай 

мезгілде  ішуі  керек?  (Түсте)

6.  Кулинария  орталығы?  (Азия)

Мақал-мәтелдердің жалғасын  тап.

а)  Таңғы  асты  тастама,  кешкі асқа  қарама.

ә)  Ет етке,  сорпа  бетке.

б)  Шақырған  жерден  қалма,  шақырмаган жерге 



барма.

в)  Ac  иесімен  тәтті.

г)  Асыңа  тойғызбасаң  да,  ақ  ниетіңө  тойгыз.

д)  Тойған  уйге  тогыз  бар.

е)  Иан  -   тамақтың  атасы,  ынтымақ  көптің 

батасы.

ж)  Дастарқанда  наны  жоқтың,  тамағының  сәні



жоқ.

Қы сқаш а  кеңест ер:

Нан  ы ды ста  кө ге р іп   ке тп е с  үш ін  сіріңке 

қорабына  мақтаны  йодқа  батырып,  нан  салғышқа 

немесе  ыдысқа  салып  қояды;



«Мектелтегі технология.  Технология  в  школе»

№7/2010


жүктеу 1,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау