Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



жүктеу 14,95 Mb.
бет12/40
Дата11.01.2020
өлшемі14,95 Mb.
#26350
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40


«Игі сөздер шақырымы!» акциясы ұйымдастырылды. Соны қорытындылау бойынша әрбір топтан бір студенттен шығып, өз қолтаңбаларын қалдырды (Әр студент берілген флипчартқа өзіндік ойын бейне түрінде салды).

Сонымен қатар, осы іс-шарада колледжіміздің белсенді студенттері «Жайық педагогикалық отряды» өздерінің ойын-жаттығуларын өткізді. Ойын барысы қызықты өтіп, 1 курс студенттері белсенділік танытты.



Шара соңында оқытушылар құрамының қатысуымен «Өмір- мен сені сүйемін!» ұранымен флешмоб жүзеге асырылып, шарасы қорытындысы М.Мақатаевтың «Шыда, шада, шыдай түс!» өлең жолдары оқылды.

Қазақстанда ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға, тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Тұрақтылықты сақтаудағы басты міндет – бейбітшілік пен келісім. Біздің колледж еліміз сияқты көп ұлтты. Колледжде ұлтаралық келісімді дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Халықтар арасындағы достық пен толеранттылық, патриотизм идеяларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, жыл сайын дәстүрлі түрде Достық фестивалі өткізіледі. Филология кафедрасыоқытушысы, 2с КДО тобының жетекшісі А.С.БекбулатоваА.С.Пушкиннің музейіне топсеруен ұйымдастырылды, студенттер ХІХ ғасырдың басында негізі қаланған зайырлы үйдің архитектурасымен ұлы жазушының шығармашылығы, оның өмірі, отбасы туралы, Пушкиннің Оралға келуі, мұражайы Қазақстанда қай жылы ашылғандығы және бұл үйге И.Крылов, В.Даль, В.Жуковский, Т.Шевченко, А.Плешьеев, Л.Толстой және т.б зиялы қауым өкілдері тоқтағандығы жөнінде мәлімет алды. Лингуразиялық суретшілердің айтуынша, студенттер «Ақиқат шіркеуі», «Петр мен Павел шіркеуі», «Михаил-Архангел соборы», «М.Толкачевтің үйі» ұлы ақынның тұрғылықты жерлерін таныстыра алды. Олар «Капитанның қызы», «Пугачев көтерілісінің тарихы», Оралда өмір сүрген ақындар мен жазушылар туралы қолжазбалардың, фотосуреттер мен деректі материалдардың ескі басылымдарымен танысты. Мұражай қызметкерлерінің елеулі экскурсиясы студенттерді таң қалдырды, көптеген студенттер Пушкиннің Оралға келу тарихын тереңірек білуге ұмтылды.

І-ІІІ курс студенттері, жатақхана тұрғындары арасында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы М.Теміртасов «Жасөспірімдердің құқық бұзушылығы»тақырыбында кездесу өткізді. Құқық бұзушылықты, суицидті алдын-алу мақсатында Абай полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметкерлерімен, СӨС орталығының мамандарымен, учаскелік инспектор, қалалық, облыстық прокуратура қызметкерлерімен ұйымдастырылған кездесулер жүргізілді.

Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында учаскелік инспектор М.Теміртасов, ІІБ қызметкері Т.Т.Даулетова, оқытушылар қатысып, студенттердің әкімшілік құқық бұзушылық, ұялы телефон ұрлау, жасөспірімдердің қылмыстық оқиғалары жөнінде сұрақтарына жауап берді. Психолог Л.С.Есенова «Зиянды заттардың алдын-алу», «Өзің таңдаған өмір», «Мен және менің қасиеттерім», психология кафедрасы оқытушысы Ж.М.Сахипова «Толерантность – как основа развития человека» тақырыптарында психологиялық тренингтер өткізді.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы мен «Шабыт» шығармашылық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жол қауіпсіздігі ережелері - өмір сүру ережелері» жобасы аясында студенттерді жолда жүру ережесімен таныстырып, көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, сақтыққа тәрбиелеу мақсатында танымдық кездесу өтті. Кездесуге полиция капитаны Салимов Батырхан Тауизұлы қатысып, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде "НұрОтан" партиясы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және арттыруға бағытталған отырыс оздырылды. Отырысқа директордың орынбасарлары, жастар комитеті мнеджері қатысты.

Қазіргі таңдағы қоғамдағы күрделі мәселе – жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау мақсатында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы ұжымда талданып, тәрбие сағаттарында студенттерге түсіндірілді. Колледжде әрдайым парақорлық, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермейтін, оның алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Колледжде жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету, жас отбасыларын мемлекеттiк қолдау, жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшiн жағдай жасау, жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, мұқтаж жастарға әлеуметтiк көмек көрсету, жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету, талантты жастарды мемлекеттік қолдау т.б. бағыттарда көптеген жұмыс жасалуда.

«Нұр Отан» БҚОФ ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік директоры Мусимов Салауат Сейдоллаевичтің қатысуымен өткен жиынға колледжімізден 30 студент қатысты. Жиын барысында сыбайлас жастарға жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және онымен күрес бағытында атқарылған жұмыстары, аталған құқық бұзушылықтарға жол берген лауазым иелері және оларға заң талаптарына сәйкес қолданылған тәртіптік шаралар жөнінде және «ашық Үкімет» порталына арыз-шағым, тілек-талаптрын жіберуге болатындығы жөнінде сөз етілді.



«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының «Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі» жобасы аясында ұйымдастырылған семинарға колледжімізден 5 оқытушы: А.Т.Закйнуллина (Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы), А.Т.Дәулетқалиева (Филология кафедрасы), А.А.Тасқаирова (Математика, информатика және технология кафедрасы), Р.С.Аққожина (Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы), Р.З.Мендыбаева (Дене тәрбиесі кафедрасы) және 2сКШО, 2сКДО, 2сКШФ, 2а КДО, 1аКШО, 1сМК топ студенттері қатысты.

9-желтоқсан Халықаралық Жемқорлықпен күресу күніне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, «Нұр Отан» партиясының және «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының облыстық филиалдарының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты облыстық шығармашылық байқауында «Мемлекеттік тілдегі үздік бейнеролик» аталымы бойынша Бас жүлдеге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жумиеваның еңбегі лайық деп танылып, марапатталды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік жоба аясында «БҚО ішкі саясат басқармасы» ММ қолдауымен, «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқу орындары студенттері арасында өткен «Жемқорлықсыз өмірге құқығым бар!» үздік әлеуметтік ролик байқауында 2п КШО топ студенті Жанболатова Айымгүл (жетекшісі С.С.Жумиева) қатысып, Алғыс хатпен, экшн-камерамен марапатталды.

ҚР мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің хатыңа сәйкес, оқу орнының кіреберісінде 1 киоскқа, 1-2 қабаттағы дәліздердегі және аудиториялардағы 5 телевизорға, 2 сенсорлық дисплейға, А3 форматты ақпараттық парақты жатақхана дәліздеріне, оқытушылар бөлмесіндегі «Ақпарат» стендісі мен сабақ кестесі бұрышына орналастырылып, көрсетіліп келеді.

І курста студенттерді қоғамдық өмірге бейімдеу үшін ұйымдастырылған кешенді іс- шаралар жеке тұлғаның интеллектуалдық, әлеуметтік психологиялық қабілеттерін арттыруға бағытталды.



Екінші курста «Ойлауға үйренеміз» ұранын басшылыққа алып, студенттерді қалыптан тыс жағдайдан жол тауып шығуға, оқу бағдарламасын модельдеуге, ақпараттық оқу алаңын құруға үйрету мақсатында жүзеге асырылды.

«Менің елімнің тарихы» бағытында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру –ұлттың жаңғыруы» атты филология кафедрасы ның пән айлығының ашылу шарасы өтті. Айлықтың ашылу салтанатын« Әуезов әлемі» деп аталып, ұлтымыздың ұлы жазушысы М.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына арналды. Шара барысында үш тілде М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы, туралы пікірлер мен арнау өлеңдер оқылып, Әуезов әлемін бес қырынан тануға талпыныс жасалды: «Әуезов-ұстаз», «Әуезов-ғалым», «Әуезов-жазушы», «Әуезов-қайраткер», «Әуезов-шығармашылығынан көрініс», «Әуезов-ұстаз» тақырыбын 2п КШК тобы студенттері М.Әуезовтің 1934-61 жылдар аралығында университетте ұстаздық қызмет атқарғандығын, қазақ әдебиеті кафедрасының негізін қалағандығын, осы жылдары студенттерге арнап «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының суырып салма айтыс енері», «Туысқан халықтар әдебиеті», «Абайтану» секілді жалпы және арнаулы курстардан дәріс оқығандығын тартымды әңгімеледі. Ұлы ұстаздың шәкірттері Ахметов, Қирабаев, Қабдолов сынды ғалымдардың пікірлері айтылды.

«Мұқаң - әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының бірде-бірінде осалдық көрсетпеген, бәрінде де орасан күшті, бәрінде қатар және тең ұстаған адам. Абайша айтқанда, «Қас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісімнің үлгісі болатын»-деп Зейнолла Қабдолов айтқандай , Мұхтар Әуезовтің ғалымдық жолы көпке белгілі. Оның қаламынан қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналған көптеген зерттеулері жарық көрді. «Әуезов-ғалым» тақырыбын 3а КШК тобы студенттері Әуезовтің ең алдымен абайтану ғылымының негізін салғандығын, әдебиеттану ғылымы бойынша негізгі еңбектеріне шолу жасады.

3п КШК тобы М.Әуезовтің туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер, кемел ойдың кеніші, кенен сөздің кеңшісі болғанын дәлелдеді.



1пКШК тобы ұлы тұлғаның қайраткерлік қырын ашты. М.Әуезов шығармашылығы – ХХ ғасырдың әсемдігімен, ғажайып әсерлілігімен сиқырлы, қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Әуезов мұраларынан алатын тағылым ұшан-теңіз. Жазушы шығармаларында өз халқының тыныс-тіршілігін, қам-қарекетін, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер.Қызылорда қаласында 1926 жылы 13қаңтарда М.Әуезотің "Еңлік-Кебек"пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды. 3сҚМҚ тобы «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді Құнанбайдың қажыға аттануындағы Құнанбай мен Ұлжанның диалогінен көрініс қойды. Кеш соңында Т.Молдағалиевтің, Қ.М.Әлидің, Қ.Сариннің ұлы тұлғаға арнау өлеңдері оқылды. Орыс тобы студенттері М.Әуезов туралы Р.Гамзатовтың, Бенжамен Матиптің пікірлерін жатқа оқыды.Шараны кафедра меңгерушісі Қ.Ү.Жақыпова қорытындылады.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық музейінің «Тарихы терең Түркістан» атты көрменің салтанатты ашылуына 1а КДО тобынан 30 студент қатыстырылды.

1 курс студенттері арасында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің мән-маңызын студенттерге таныстыру, олардың патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында «Мен елімді жырлаймын» атты шара өткізді. Шараға І курс студенттері белсенділікпен қатысып, 9 топ додаға түсті. І курс студенттері әсем әндерімен көтеріңкі жақсы көңіл- күй сыйлады. Атап айтсақ, 1п КДО тобынан Қуанова Нұргүл «Халқым-ай», 1п КШМ тобынан Р.Мұратов домбыраның сүйемелдеуімен дәстүрлі «Туған жер» әнін, 1а КШО тобынан З.Асқарова «Астана», 1пКШО тобынан Ә. Бақтыбаева «Ерке сылқым» күйін, А. Ғылымова «Алтын бесік», Т. Рақымова «Қазақ елі осындай» әнін орындап, көрермен жүрегіне жол таба білді.

Сонымен қатар қатысушылар ЭКСПО тақырыбын қамтитын газет шығарып, түрлі материалдардан көрме ғимраттарын бейнелейтін шығармашылықпен орындалған макеттер қойды.



Олар осы шараға арнап Экспо-2017 көрмесі тақырыбында арнау өлеңдерін ерекше шабытпен оқыды. Соның ішінде 1пКДО тобынан Қуанова Нұргүлдің «Менің қазағым» және Аманбаева Ақкербездің «Астанаға арнау» өлеңін ерекше атауға болады.

ҚМҚ топтарының арасында ЭКСПО-2017 тақырыбында эссе жазу байқауының үздік деп танылған жұмыстар Г. Даумова (3п ҚМҚ), Л.Құмар, Б. Шәріпова, А. Нұғманова, Қ.Мұхтар, А. Садырбекова, Б. Құдайбергенова, М. Исайқызы оқыды. Олар қара сөзбен ой оралымдарын шебер жеткізе білді. 1пҚМҚ тобы студенті А.Мұсағалиева ЭКСПО көрмесіне арнау өлеңін оқыды.

Шараны қорытындылау үшін сөз тізгінін алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандуғаш Садуоқасқызы 1 курс студенттерінің белсенді дайындалғанын, шараның жоғары дәрежеде өткізілгенін, студенттердің сахнадағы кейбір кемшіліктерін түзеуге кеңес беріп, барша шара қатысушыларына, көрермендерге алғысын айтты.

Оқытушы А.Б.Джамбаева «МУЗА» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен ақын Марина Цветаеваның туғанына 125 жыл толуына орай әдеби-сазды кеш өткізді.



Шараға студенттер мен оқытушылар қатысты. Ақын шығармашылығына арналған альбомдар мен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Шараға директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Қ.А.Искакова, оқытушылар А.Б.Жүрекенова, Т.У.Маденова, А.С.Бекбулатова, Н.ХДжуматаева, А.Нахметовалар қатысты.

Ұлы жазушының шығармалары мен әдеби мұрасын зерделеу, қиялы жүйрік, ойы ұшқыр киелі сөз өнері дарыған дарынды жастарды қолдау, кәсіптік оқу орындары студенттерінің шығармашылық қабілеттері мен тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында «Дарын» клубы мүшелерімен классик жазушы М.Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Шалқар шабытты жазушы» атты колледжаралық Мұхтар оқуларын ұйымдастырды. Байқауға Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі,Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Батыс Қазақстан АТиСО академиялық колледжі, Республикалық жоғары техникалық колледжі студенттері қатысты. Филология кафедрасы меңгерушісі Қ.Ү.Жақыпова, оқытушы Б.М.Кәрімова, «Дарын» клубы жетекшісі А.Ж.Темрешева, музыка кафедрасы оқытушысы М.Хасановалар байқауға қазылық етті. Сайысқа қатысушылар қаламгер шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, «Абай жолы» романынан қойылым көрсетіп, танымдық сұрақтарға жауап беріп бақ сынасты. Шара қорытындысында І орынды РЖТК «Мұхтар мұрасы» тобы, ІІорын Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі тобы, ІІІ орынды БҚАТиСО академиялық колледжі тобы иеленгендері үшін және жетекшілер М.Н.Габдешова, А.Л.Ихсанова, Л.А.Нагимовалар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Белсене қатысқан студенттер Саламат Ернар,Исатайқызы Марзия, Садыров Азиздерге «Алғыс хат» табысталды.

«Салауаттылық – өмір негізі» тақырыбындағы салауатты өмір салтын сақтау орталығының маманы, «Батыс-Қамқор» ҚБ төрағасы Ә.Бериккалиевтің қатысуымен семинар тренинг сағатына І-ІІ курс студенттерінен 250 студент қатыстырылды.Шара барысында ұйымдастырушы ретінде кіріспе сөз сөйлеп, шараның мақсаты мен міндеттерін таныстырды.Тренинг сәті ұйымдастырылып, зиянды әдеті бар адам мен қалыпты жағдайда өмір сүретін адамның бейнесін рольдік түрде сомдады.Арнайы шақырылған «Батыс-Қамқор» ҚБ төрағасы Ә.Бериккалиев шылым шегудің адам ағзасына зиянына тоқталып, Кукси қуыршағы арқылы үлгісін көрсетті.


жүктеу 14,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау