Майда еритін дәрумендердің қысқаша сипаты:
А дәрумені (ретинол, антиксерофталмалық витамин)
Табиғатта таралуы. А және А1 дәрумендер жануарлар ағзасында болады. Әсіресе балықтың бауыры, жануарлар бауыры, жұмыртқаның сары уызы, жазда сиыр сүтінен алынған сарымай ондай витаминдерге бай келеді. Ал етте олар біршама аз. Каротиноидтар-продәрумен сәбізде, өрікте, облепиха, ақжелген жапырағында, томат, қызыл бұрыш, асқабақта және барлық жасыл өсімдіктерде кездеседі.
А дәруменнің жануарлар ағзасына қажетті мөлшері мынадай: тірідей салмағының 1 кг мөлшеріне 6 мкг (1 микрограмм=10 г). Ал ересек адам үшін тәулігіне 1,5 мг А дәрумені қажет.
Химиялық құрылымы және қасиеттері. А витамині 1937 жылы Каррер синтездеп алды және оның құрылымын анықтады. А витамині молекуласында βионондық сақинасы бар, полиқанықпаған біріншілік спирт.
Биологиялық қызметі. Адамның және жануарлардың ағзасында А дәрумені бірнеше қызмет атқарады:
- тері қабатында, тыныс жолдарында және ас қорыту жолында эпителий жасушаларының түзілуін реттейді;
- өсіп келе жатқан ағзадағы жасушалардың өсуіне және олардың жіктеліп бөлінуіне қатысады;
- А дәруменнің альдегид туындысы опсин ақуызымен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін химиялық процестерді реттейді. Қорғаныш ақуыздар (антиденелер) мен лизоцим ферментінің түзілуіне қатысады.
Ретинолдың көздің көруіне байланысты химиялық процестеріне қатысуы жақсы зерттелген. Көру процесінде А дәруменнің тотыққан түрі – ретиналь активті қызмет атқарады. Ретиналь опсин ақуызымен байланысады да родопсин (М38000) түзеді.
Родопсин – көздің тор қабатындағы көру қарашығы. Жарықтың әсерінен родопсин екі бөлікке – опсинге және ретинальға жіктеледі, ал қараңғы кезде родопсин қайтадан өзінің қалпына келеді.
Авитаминоз.
- Ағзада А дәрумені жетіспеген кезде эпителий жасушаларының қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А-авитаминоздың бір себебі. Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайда болып, ол қабыршақтана бастайды, осының салдарынан зиянды микроорганизмдер жасушаға оңай ене алады.
- Лизоцим ауру қоздырғышы көптеген микроорганизмдерден қорғаушы фермент болып есептеледі. Ретинолдың жетіспеуі салдарынан лизоцим болмайды, ол көздің шырышты қабатын ауруға ұшыратады, оның эпителийі құрғайды. Мұндай сырқатты ксерофтальмия (xeros – деген грек сөзі, құрғақ деген мағына береді, ophtalmos – көз) деп атайды. Ксерофтальмия сырқаты кезінде көздің шын айнасы (қасаң қабаты) қатты зақымданады, соның салдарынан соқыр болып қалады.
- А-авитаминоз сырқатының алғашқы белгісі тауықкөз (түнгі суқараңғы) болады.
- Бұл витаминнің жетіспеуі жас төлдердің өсуін тоқтатады және сперматогенез процесін тыйылтады (ол жағдай егеуқұйрыққа тәжірибе жасау арқылы дәлелденген), осының салдарынан мал басын өз төлі есебінен көбейту процесі бұзылады.
А-гипервитаминоз.
- Егеуқұйрықтарға А дәрумен мөлшерін қалыптан тыс көп берген жағдайда олардың сүйегі сына беретін болады. Осы витаминді көп қабылдаған ересек адамдарда да дәл егеуқұйрықтар сияқты құбылысты байқатады. Тіпті өте көп берген жағдайда бірнеше күннің ішінде басы қатты ауыра бастайды, адам әлсірейді, тері қабынып ауруға ұшырайды. Буаз егеуқұйрықтарға А дәруменін көп беру салдарынан олардың ұрпағы жарымжан болып туады.
Емге қолдану. Медицина табиғи А дәрумені немесе синтетикалық жолмен алынған ацетат ретинол, ацетат пальмитат қолданылады. Мына ауруларда А дәрумені емдік қасиет көрсетеді: А-авитаминоз, гиповитаминоз, жұқпалы және тұмау науқастарында, тері, көз ауруларында, кейбір асқазан және ішек дерттерінде, бауыр ауруында.
Е дәрумені.
Табиғатта таралуы. Өсімдік майлары: жүгері майы, бидай майы, зығыр майы, күріш майы, мақта майы сияқтылар токоферолдардың бай табиғи қоры болып табылады. Азықтық қоспа ретінде былай белгіленеді E306 (токоферол қоспасы), E307 (α-токоферол), E308 (γ-токоферол) и E309 (δ-токоферол). Жануар тектес өнімдерде Е дәрумені шағын мөлшерде кездеседі.
Бұл дәрумен 1922 жылы ашылып, алфавиттық классификация бойынша бесінші орынды алған, сондықтан витамин E деп аталған. E дәрумені жетіспегенде лабораториялық егеуқұйрықтардың рационалды жүктілік кезінде ұрпақтары түсіп қалған. Мұндай белгісіз нұсқаулардан кейін осы дәрумен жайында мағлұматтар жинауға кіріскен.
Зерттеулер Е дәруменін «токоферол» деп атады, ол грек тілінен аударғанда toс (ұрпақтың пайда болуы), phero (бала туу) және ол спирттер үшін химиялық белгісі, өйткені ол химиялық құрылысы бойынша спирт болып табылады.
Е витамині қан түйіршіктерінің ұйып қалуына жол бермейді және оның жақсы сіңірлуіне мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар климактериялық мерзімде ақуызды азайтып, тосқауыл қояды. Е дәруменіі косметологияда тері жастығының сақталуы үшін және терідегі әжімге әсері үшін қолданады. Бұдан басқа токоферол қотырды емдеуге көмектеседі. Қызыл қан түйіршіктері үшін Е витаминін өте маңызды торшалардың тыныс алуын жақсартады.
Адамға қажетті Е дәруменнің мөлшері тәулігіне 5 мг шамасындай және қабылданатын полиқанықпаған май қышқылдарының әр грамында 0,6 мг болуы керек.
Химиялық құрамы және қасиеттері. Е дәрумені 1937 жылы Каррердің лабораториясында синтездеп алынған. Бұл дәруменнің химиялық құрылым негізіне токол спиртіне жалғасқан көміртегі атомының ұзын тізбегі жатады, ол тізбек қаныққан изопрен қалдықтарынан тұрады.
Е дәруменнің (токоферол ацетаты) құрылымына жақын және оның активтігіндей әсер етуші 4 түрлі заттар алынған, олар -,-, - және -токоферол болып табылады. Басқа токоферолдардың активтілігі -токоферолдікінен 5-10 есе төмен.
Токоферолдар – сарғыштау келген май. Ол майларда және органикалық еріткіштерде (хлороформ, спирт, ацетонда) ериді, суда ерімейді. Е дәрумені ыстыққа төзімді де тұрақты келеді. Ол тіпті 200°С шамасына дейін қыздырғанда бүлінбейді, бұл кезде оттегінің қатысуы да әсер ете қоймайды. Токоферол спирт сияқты қышқылдармен реакцияласады да күрделі эфир түзеді.
Биологиялық қызметі. Токоферолдардың негізгі қасиеті мынадай: олар қанықпаған липидтерді асқын тотыққа айналудан қорғайтын ең жақсы антиоксиданттар болып табылады. Сол сияқты олар липидтік мембраналарды бос радикалдардан қорғайды, сөйтіп оттегінің әсерінен ферментсіз жүретін реакция тізбегін үзеді.
Жануарлар ұлпасындағы липидтер құрамына кіретін полиқанықпаған май қышқылдары өздігінен тотыққыш келеді және бұл кезде органикалық асқын тотықтар мен активті бос радикалдар түзіледі. Асқын тотықтар өте активті келеді, олар ақуыздарды табиғи қалпынан өзгертеді, денатурлайды, ферменттердің әсерін тоқтата алады, жасушаның бөлінуін тежей алады. Ал бос радикалдар ұлпалардағы және мембранадағы липидтер тотығының тізбекті реакциясын жүргізуге, итермелеуіне себепші болады. Сондықтан асқын тотық түзетін тотықтану құбылысын қатал тежеу, сөйтіп оның соңғы өнімінің зиянды әсерінен ағзаны қорғайды.
Авитаминоз.
Токоферолдар жетіспеген жағдайда жануарлар ұрпақсыздық дертіне шалдығады, бұлшық еттері әлсізденіп, қоректенуі бұзылады, бауыр неврозына ұшырайды. Ағзадағы мұндай бүліну өзгерістері мембранадағы липопротеиндік компоненттердің зақымдануымен байланысты.
Е дәруменінің қасиеті.
- негізгі қоректі антиоксидті зат болып табылады;
- жасушаның тотығуы әсерінен қартаю процесін тежейді;
- жасушаның қоректенуін күшейтеді;
- қан тамырларының қабырғасын күшейтеді;
- жарақаттардың, сынықтардың пайда болуын қамтамасыз етеді;
Е дәруменнің тиімділігін басқа қоректі антиоксидты заттар қатысуымен жоғарылайды. С витамині көбеюінен қатерлі ісікке қарсы әрекет жақсарады.
Е дәруменнің косметикалық қасиеті
- Е дәрумені жастық дәрумен болып табылады;
- терінің құрғап кетуіне жол бермейді;
- шаш пен тырнақты қатайтады; - ағзаны жасартуға көмектеседі;
- қан айналымды жақсартады;
- ұлпаларды қалпына келтіреді;
- қан ұюын болдырмайды және тез жазылуды қамтамасыз етеді;
- жараның орны қалмауын қадағалайды;
- Е дәрумені антиоксидант ретінде жасушаның бұзылуын болдырмайды;
- липидтердің тотығуын төмендетеді және бос радикадардың пайда болуын баяулатады;
- дәруменнің басқа майларда енуінен және оттегінің бұзылуынан қорғайды;
- А витаминінің жақсы сіңірілуіне және оны оттегінен қорғайды;
- пигменттердің пайда болуын болдырмайды;
- жасуша аралық коллагенді эласты талшықтардың құрастырылуына қатысады;
- ақуыздың синтезделуінде негізгі рөлге ие;
- терінің қартаю процесіне кедергі болады.
Е дәруменнің фармакологиялық қасиеті.
Ақуыздың биосинтезіне қатысады, жасушалардың метаболизм процесінде, жасушалардың тыныс алуында, жасушалардың полиферациясына қатысады. Сонымен қатар Е витамині косметологияда да қолданылады, ол теріде жараның орнын қалдырмауға көмектеседі. Бұдан басқа токоферол қотырды емдеуде көмектеседі және терінің жарасын емдеуде қолданылады. Е дәрумені қызыл қан түйіршіктері үшін өте маңызды жасушалардың тыныс алуын жақсартады.
Е дәруменнің ең көп кездесетіні – өсімдік майы, күнбағыс, мақта майы, шафран, жүгері, маргарин, күнбағыстың тұқымдары, бидай, жаңғақ, бұршақ, жұмыртқаның сарысы, бауыр, сүт, сұлы жармасы, соя.
D дәрумені. Балық бауырында кездеседі, треска балығының бауырында, балық майында көп. Егер баланың тамағында Д витамині жетіспесе, рахит ауруына шалдығады. Рахит – баланың авитаминозы, барлық организмнің ауруы. Бұл жағдайда кальций және фосфор алмасуы бұзылады, баланың өсуі тоқтайды, іші үлкейеді. Көкөністер парникте өссе, оның құрамындағы Д витамині аз болады, ал бақшада өссе, витамин Д-нің мөлшері көбейеді. Рахитпен ауырған балаға күн сәулесі және балық майы қажет.
Д дәрумені балық майының құрамында бар, оларды стериндер дейді. Стериндер өсімдіктеде кездеседі, онда оларды фитостериндер дейді. Олар спирттік сипат көрсетеді, қосылыс молекуласында фенантрен жүйесі болады. Стериндер – физиология жағынан маңызды қосылыс, онсыз тірі жасушаның дамуы жоқ. Олар ми және нерв ұлпаларында кездеседі.
Алғашқы зерттеулер бойынша, витамин Д қасиеті жағынан холестеринге жақын. Д дәрумені молекуласында циклопентанопергидрофенантрен сақина жанамада 8-көмірсутек атом және екі ангулярлы метил тобы бар сақина жүйесі, С5-С6 арасында қос байланыс бар, С3-те гидроксил тобы бар.
Балалардың күн сәулесінде жағдайлары өзгереді, ол стериннің біреуі – эргостериннің сәулеленгенінен Д дәруменінің аналогі түзілгенін байқаймыз. Бірақ эргостерин кейде активтілік көрсетпей қалатыны белгілі болғанда, эргостеринді екі фракцияға бөлген активті емес Д1 және активті Д2.
Д1 – эргостерин алғандағы қоспа, кейде ол улы қасиет көрсететіні анықталды, ал екіншісі Д2 – жақсы активтілік көрсеткен.
Эргостерин күн сәулесімен облучение жасағанда витамин Д2 қасиетін беретіндіктен оны Д2 витаминнің провитамині дейді. Ол алғаш спорынья шөбінен, кейіннен ашытқыдан алынды.
Эргостеринді күн сәулесімен сәулелендіру жәймен жүреді.
Эргостерин, 163оС – люмистерин, б.темп. 118оС – тахистерин, т.пл. 118оС витамин Д2 рахитке қарсы активтілік көрсетпейді.
Барлық өнімдер қанықпаған спирттер. Кристалды витамин Д2-ні кальциферол деп атайды.
Эргостериннің Д2 дәруменіне айналуы 280-313 нм, УК сәулесімен әсер еткенде алынады, ал 218-280 нм.-де Д2 дәрумені бұзылады. Бұны өндірісте білу керек.
Сапалық реакция – эргостерин дигиталинмен реакция береді, ал витамин Д2 дигиталинмен реакция бермейді. 115оС қыздырғанда ыдырамайды, бірақ 190оС дейін ауада ұзақ қыздырсақ витамин Д2 бұзылады.
Д2-ні – өндірісте ашытқыдан алады, оның құрамында 0,18-0,20% эргостерин бар.
Д2 дәрімені – витаминол ашытқыдан алынған эргостериннің майлы ерітіндісін УК сәулесімен әсер етеді.
К дәрумені.
1929 жылы тауықтарға синтездік жолмен алынған жем берілгенде онда тауықтың қан ұюы нашарлауы және терінің астына қан құйылу құбылысы байқалған. Мұндай аурудың тауық организмінде белгілі бір заттың жетіспеуінен екені белгілі болды. Ол зат К дәрумені болатын. К дәруменді 1939 жылы Каррер жоңышқадан бөліп алып, оны К1 витамині немесе филлохинон деп атады. Сол жылы балық-сүйек ұнынан тағы бір дәрумен алып, ол К2 дәрумені немесе менахинон деп аталды.
Филлохинон құрамында изопренның төрт қалдығы бар 1,4-нафтохинон. Ал менахинонда бес изопреноид тізбегі бар нафтохинон.
Антигеморрогиялық дәрумені. Шпинат, каштан, люцерна жасыл жапырақтары К-дәруменге бай.
Жүгері шашақтары (Styli et stigmata maydis – столбики с рыльцами кукурузы) маңызды өсімдікке жатады, оның құрамында К, С, В1, В6, Е, D дәрумені бар 2,5% майлар, эфир майлары, каротиноидтар, сапониндер, шайырлар, органикалық қышқылдар бар. Өт айдаушы, зәр шығарушы, қан тоқтатушы қасиет көрсетеді. Протормбин мөлшерін көбейтеді.
Кәдімгі жұмыршақ өсімдігін (Capsella Bursapastoris (L.) Medik – трава пастушья сумка) мал дәрігерлер тәжірибесінде көп пайдаланылады. Бұл өсімдікте С, К дәрумені, сапонин, флавон, органикалық қышқылдар, аминқышқылдары (холин, ацетилхолин) бар. Жатырдан, өкпеден қан кетуді тоқтатады.
К дәрумені Folia Urticae – (листья крапивы двудомной) – қос үйлі қалақай жапырақтарында кездеседі. Қалақай жапырақтарынан тұндырғы немесе сұйық экстракт дайындайды. Ол дәрілік түр жатырдан, өкпеден, бауырдан қан кеткенде пайдаланылады. Бұл тұндырғы қанды ұйытады. Қалақай жапырағы әртүрлі биологиялық белсенді қоспаларға қосылады. Қос үйлі қалақай жапырағының химиялық құрамы: К дәрумені – 200 мг%, А және В хлорофилдер, аскорбин қышқылы 270 мг%, каротиноидтар 50 мг%, флавоноидтар және тері илегіш заттар.
Адам ағзасында қанды ұйытатын фермент – протромбин мөлшері төмендейді, оған қандағы К дәруменнің азаюы әкеледі.
К дәруменін фитилбромидті 2 – метил – 1,4 – нафтогидрохинонмен конденсация жүргізіп алынған, кейіннен ол өнім хинонға дейін тотығады. Витамин К – қою сары май. Оттегі жоқ ортада сілтіге және қыздыруға тұрақты. Қышқылдарға тұрақты. Ацетонда, бензолда, эфирде, спиртте ериді. УК-сәулесінде ақ флюоресценция береді.
К1 –дәрумені 2-метил-3-фитил-1,4-нафтогидрохинон – ашық сары түсті май. Ол -20°С кезінде кристалданады, вакуумда 115-145°С кезінде қайнайды. Органикалық еріткіштерде және майда ериді.
К2 дәрумені – 2-метил-3-фарнезил-1,4-нафтогидрохинон бұл жануарлардан алынған, өсімдіктен әлі табылған жоқ. К1 дәруменге өте ұқсас. К2 дәрумені – сары түсті кристалды зат, балқу температурасы 54°С; нафтохинондардың туындысы ретінде ол тотығу-тотықсыздану реакциясына бейім келеді.
Табиғи К1 дәруменнен басқа олардың синтездік аналогтары белгілі. Ондай аналогтардың антигеморройлық қасиеттері болады. Бұл аналогтар К3, К4, К5, К6 дәрумендері деп аталды.
Достарыңызбен бөлісу: |