Химиялық құрылымы және қасиеттері. Фолий қышқылының молекуласы птерин мен пара-аминобензой қышқылының (Н1 дәрумені) сақиналарынан және глутамин қышқылынан тұрады. Птерин мен п-аминобензой қышқылынан құралған қосылыс птepoe қышқылы деп аталды, ол қосылыс глутамин қышқылымен әрекеттеседі де, фолий қышқылы Вс дәруменін (птeроилглyтaмин қышқылын) берді.
Фолий қышқылы – ақшыл-сары түсті ұнтақ, жапырақшаланып, үшкiрлене кристалданады. Сілтілік ерітінділерде және қышқыл су ерітінділерінде жақсы ериді, бейтарап суда еруі шамалы. Табиғи өнімдерде фолий қышқылы жарықтың әсеріне төзімді келеді.
Фолий қышқылына тотығу-тотықсыздану реакциясы тән, фермент әсері арқылы сутегі атомдарымен тотықсыздандырған кезде ең алдымен дигидрофолий қышқылына айналады, одан кейін тетрагидрофолий қышқылына (ТГФК) айналады, ол қышқыл ауадағы оттегімен оңай тотығaды.
Аскорбин қышқылы – ақ түсті кристалды зат, суда жақсы ериді, этил спиртінде нашар ериді де, эфирде ерімейді. Оның судағы ерітіндісі қышқыл болады, 0,1 н ерітіндісінің pH көрсеткіші 2,2 шамасына тең.
Аскорбин қышқылының қышқылдық қасиеті оның молекуласының құрамындағы екі енолдық гидроксилге байланысты, ол екеуінің диссоциациялану қабілеті бар. Мұнда көміртегінің үшінші атомындағы гидроксильдік топ екінші атомына жалғасқан гидроксильден анағұрлым күшті диссоцацияланады. Демек, аскорбин қышқылында қос негізді карбон қышқылының қасиеттері бар.
Аскорбин қышқылының молекуласында көміртегінің ассиметриялық екі атомы бар және ол екеуі оптикалық тұрғыдан активті, L- және D-стереоизомерлер құрайды. Табиғи өнімдердің құрамында L-аскорбин қышқылы ғана болады.
Аскорбин қышқылының әсер ету молекулалық механизмі. Көптеген ауруларға С дәруменнің әсері күшті, практикада оның емдік нәтижесі бар, бірақ әсер ету механизмі белгісіз болған. Ресей ғалымдары З.И. Курпетева және Л. Вайлер (2000 жылы) аскорбин қышқылының бір үлкен қасиетін ашты. Бұл дәрумен – синтаза ферменттің активтілігін күшейтеді екен. Ол фермент адам мен жануарлар қан жасушаларына – аргининнен (азот тотығының) синтезделуін катализдейді.
Азот тотығы – газ, ағзадағы барлық бөтен жасушаларды өлтіріп, жойып жібереді. Бірақ бұл газ өзі түзілгенде ағзаға қауіпсіз, зияны жоқ. Адам мен жануарлар ағзасына ауру әкелетін бактериялардың вирустардан және рак клеткаларынан сақтайды.
Ағзадағы C дәруменнің жағымды рөлі мына комплексті жүйе арқылы іске асады:
С дәрумені → NO-синтaза → L-аргинин →азот тотығы → гуанилатциклаза → ГТФ → цГМФ → жасушадағы химялық реакцияларға дем беру және реттеу.
С дәруменінің табиғатта таралуы
С дәрумені едәуір мөлшерде жас жемістерде, көкөністерде кездеседі. Итмұрын, шырғанақ, қарақат, шетен, бұрыш құлмақ, лимон, апельсин, алма жемістері осы дәруменге бай. Жануар тектес өнімдерден С дәрумені бауырда, сүтте, қымызда болады.
Аскорбин қышқылының бір тәуліктегі ересек адамға қажетті мөлшері 50- 100 мг, балаларға қажетті 30-70 мг. Бұл витамин адам организмінде жиналмайды, сондықтан оны күн сайын пайдалану керек.
Биологиялық қызметі. Аскорбин қышқылының негізгі қасиеті мынaдай:
1) сутегі атомдарын бөліп шығарып және қосып алып, оңай тотығады және тотықсызданады;
2) коллаген синтезі кезінде пролин мен лизин қалдықтарының гидроксильдену реакциясына С дәрумені қатысады;
3) гексокиназа, фосфоглюкомутаза, амилаза, аргиназа сияқты ферменттер әсерінің активтілігін арттырады;
4) фенилаланин, тирозин, липидтердің тотығу процесіне қатысады;
5) аскорбин қышқылы ферритин ақуызынан темірдің бөлініп шығуын тездетеді, ол жағдай қан азаю ауруының алдын алуда аса маңызды. Әдетте қан азаю ауруына, қарқұлақ дертіне ұшыраған адамдар плазмасындағы темір мөлшері нормадан 30% шамасындай болады;
6) аскорбин қышқылы жақсы антитотықтырғыш.
С авитаминозының өзіне тән белгісі – құрқұлақ ауруы. Мұндай аурумен тек адам, маймылдар және теңіз шошқалары ауырады. Себебі бұл аталғандардың ағзасында глюкозаның аскорбин қышқылына айналуындағы соңғы реакциялардың бірін катализдейтін фермент болмайды.
С дәрумені ұзақ уақыт бойы жетіспеген жағдайда капиллярдың өткізгіштігі артады, терінің астына нүктеленіп қан құйылады, ондай қан құйылу бұлшық еттерде және ішкі қуыстарында байқалады. Құрқұлақтың белгісі – тістің қызыл иегі қанай бастайды, одан әрі тіс босап түсіп қалады. Көбіне сүйектер морт сынғыш келеді. Сонымен бірге: дәнекер ұлпалар, шеміршектер, созылмалы ұлпа, сүйек тіс дентині зақымданады. Жыныс бездерінің, бауырдың, бүйректің қызметі бұзылады.
Емге қолдану. Аскорбин қышқылы медицинада өте кең пайдаланылады. С – авитаминозда, гиповитаминозда, тұмау науқастарында, қан аққанда, жұқпалы ауруларда, бауыр, жүрек дерттерінде, Аддисон ауруында, сүйек сынғанда, дистрофияда және тағы да басқа патологиялық процестерде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |