Дәрістердің қысқаша мазмұны


Тақырыбы:М.Д.М.-де ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру



жүктеу 0,95 Mb.
бет2/6
Дата14.11.2017
өлшемі0,95 Mb.
#418
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы:М.Д.М.-де ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру.

Мақсаты: балақшадғы ата-аналармен жұмыс істеуді ұымдастыруға және дағдылпндыруға үйрету.

Жоспар:

  1. Ата-анамен жүргізілетін жұмысты әдістемелік дұрыс ұйымдастыру 

  2. Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты

  3. Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты

  4. Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын игерудің мақсаты

Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кезкелген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен. Отбасымен жұмыс мүмкін педагогтардың жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, түрлі мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының барлығынан педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол себептен білім беру мекемесінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор.

Ата-анамен жүргізілетін жұмысты әдістемелік дұрыс ұйымдастыру дегеніміз не ? Бұл - мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды педагогикалық қағидаларға сәйкес, баланы жан-жақты дамытуға негізделген, бала құқығын сақтауға және қорғауға бағдарланған түрде ұйымдастыру. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың нәтижесіне әсер етеді. Жұмыстар алдыңғы уақытта жүргізілетін жұмыстарға ұқсамайтын және жаңашыл бағытта болды. Яғни оның негізінде отбасымен ашық қарым-қатынас жатты. Бүгінгі таңда сол жұмыстар заманның талабына сай, бала мен отбасының қажеттігіне сай өзгертіліп, әртараптандырылып отырылуда. Бірнеше жылғы іс-тәжірибе мекемемізде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың белгілі бір тұрақтылығы мен заңдылығының қалыптасуына әкелді.

Негізгі қағидалары:

1.     Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру

2.     Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындау

3.     Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын үздіксіз игеру.

         Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен қарым-қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын мекеме жұмысына белсендіре араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс түрлері жоспарланады:

·        Ата-аналарды балабақшамен таныстыру (презентация);

·        Ата-аналарға арналған ашық сабақтар;

·        Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1 кеңесті арнауға болады);

·        Педагогикалық әңгімелер

·        Тақырыптық кеңестер (әр топта оқу жылында 3-4 рет және осынша жалпы түрде);

·        Жиналыстар (оқу жылында  3-4 рет);

·        «Дөңгелек үстелдер» (дәстүрден тыс түрде ата-аналармен өзекті тақырыптар төңірегінде әңгімелесу);

·        Ата-аналарға арналған конференция (ата-аналар, шектеулі мамандар, тәрбиешілер өмірлік жағдаяттарды моделдейді, тақырыптар аналарға арналған «Анам жайлы әңмелесейікші», әкелерге арналған «Мен үшін ең қымбат жан» т.с.с.);

·        Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету;

·        Көрнекі насихаттық жұмыстар.



Балабақшамен таныстыру жұмысы – жылына 1 рет оқу жылының басында жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ата-аналарды балалардың білім алу және тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп отырған ортаның материалдық-техникалық базасымен және осы ортаның оқу-әдістемелік қамтамасыздану дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен, мамандармен таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-қатынас құру.

Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму деңгейін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар топ ішінде сабақтардың ұйымдастырылу ерекшеліктерімен де таныстырады. Сондай-ақ балабақшада балалар тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды.

Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер – оқу жылында 1 рет болуы мүмкін. Бұл кеңесті әсіресе оқу жылының басында өткізген ыңғайлы. Көбіне бұл бала тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады.

Педагогикалық әңгімелер – отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата-ана ойын тыңдайды. Бұл әңгімені жалпылай да өткізуге болады.

Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл кеңестерді тәрбиеші, дәрігер, шектеулі мамандар бере алады. Тақырыптар жиі кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады.

Жиналыстар – оқу жылында бірнеше рет ұйымдастырылады. Баланың жетістіктері жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі.

Дөңгелек үстелдер – еркін түрде ұйымдастырылып, еркін ашық әңгімелесуге бағытталған. Бұл ата-аналардың ашылып әңгімелесулеріне мүмкіндік береді. Тақырыптар тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен таңдалуы мүмкін.

Конференция– түрлі жағдаяттарды моделдеу арқылы ата-аналарға балабақшаның тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады.

Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету – бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер беру. Арнайы педагогикалық немесе медециналық мамандықтары жоқ ата-аналар кей кездері қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Осыған байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор.

Көрнекі-насихаттық жұмыстар - бәрімізге таныс хабарландыру, дәрігер бұрышы, мәзір т.с.с. ұқсас, күнделікті бағыттармен ғана шектелмеуі керек. Көрнекі ақпараттар ата-аналарға өте жақсы әсер етеді.

Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты – оларды ата-аналармен және отбасы мүшелерімен мәдени қарым-қатынас жасауға үйрету. Аталған бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі:

·        Топ ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру бойынша әдістемелік көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау;

·        Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың барлығын салауатты рәсімдеуді қамтамасыз ету;

·        Отбасы мүшелірімен қарым-қатынас жасау мәдениеті бойынша психолог тарапынан кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау;

·        Педагогтардың ата-аналар мен мекеме арасында жасалатын келісім-шарттың мазмұнын нақты білулерін қамтамасыз ету;

·        Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары;

·        Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз ету;

·        Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу.

         Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын игерудің мақсаты – отбасымен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс-тәсілдерді ендіру, тәжірибеде қолдану.

·        Білім кеңістігінде пайда болған отбасымен қарым-қатынастың жаңа формаларын игеру, озық тәжірибелерді ендіру;

·        Ата-аналардың белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін дәстүрден тыс қарым-қатынас түрлерін тәжірибеде қолдану (сайыстар, рингтер, дөңгелек үстелдер, диспуттар, пікірталастар т.с.с.);

·        Отбасымен жүргізілетін жұмыстар бойынша өзінің жаңа авторлық жобасын ұсынған педагогтарға қолдау көрсету.

         Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы бүгінгі күні біздің мекемемізде кеңінен қолдануда. Әрине, бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Дегенмен, отбасымен жүргізілетін жұмыстар үздіксіз өзгерістерді қажет етеді. Себебі, бүгінгі күннің ата-аналары жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше жыл бұрыңғы ата-аналар үшін балаларының уақытылы тамақтанылуы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата-аналар үшін аталған шарттармен қатар баланың сапалы білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. Сондықтан ата-аналар қауымын мекеме жұмысымен таныстырудың бірден бір жолы оларды мекеме жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол үшін ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу керек.
Тақырыбы:Баланың дамуы туралы МДМ-ң және отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі 2с.

Мақсаты: МДМ-ң отбасымен өзара әрекеттесу ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру Жоспар:


  1. МДМ мен отбасының мәліметтік-аналитикалық блогы

  2. МДМ мен отбасының өзара әрекетінің іс-тәжірибелік блогы

  3. МДМ мен отбасының бақылау, бағалау өзара әрекетінің блогы

Структура-функционалдық модель 3 блоктан тұрады: мәліметтік-аналитикалық,іс-тәжірибелік және бақылау-бағалау

Мәліметтік-аналитикалық блок - ата-аналар мен балалар туралы мәлімет жинау, қорытындылау,отбасыны зерттеу,олардың қиындықтары мен мәселелрін зерттеу.

Осы блоктағы міндеттер педагогтың ары қарайғы жұмысының формалары мен әдістерін анықтайды. Бұл әдістерге: сұрақ-жауап, анкетілеу, патронаж, ин­тервьюировілеу, бақылау, медициналық карталарды зерттеу

Ата-аналармен мәліметтік-аналитикалық болк тұрғысындағы жұмыста өзара байланысты 2 бағыт бар.

Бірінші бағыт — ата-аналарды сауаттандыру,белгілі бір сұраққа байланысты керек мәліметті беру. Сұрақтарға жауап беру үшін әртүрлі формалар қолданылады: лек­циялар, жекелей және топтық кеңестер, мәліметтік қағаздар, газеттер, парақ-еске салулар, ата-аналарға арналған кітапханалар, видеотека, аудиотека және т.б.

Екінші бағыт — білім беру аймағына қатысатындардың барлығының жемісті қарым-қатынас орнатуы, яғни пікірлермен, идеялармен, сезімдермен бөлісу.

Осы мақсатта ата-аналар мен балалар қарым-қатынасқа түсетін іс-шаралар жоспарланады және өткізіледі. Ата-аналардың балаларымен дәстүрлі қарым-қатынас орнатудағы сұрақтары, мысалы, «не жедің», «шалбарың неге кір» деген сұрақтармен аяқталады.

Педагогикалық ұжымның басты міндеті ретінде ситуациялық-қызметтік және тұлғалық-ориентациялық тұрғыда ортақ істі іске асыру ( сурет салу, спектеакльдегі рөлдер, кітаптар, ойындар, мейрамға дайындалу, серуенге дайындалу, ортақ жоба жасауға дайындалу).

Екінші блок балалардың денсаулығы мен дамуына байланысты белгілі бір міндеттерді шешуге байланысты болғандықтан ол іс-тәжірибелік деп аталады.

Медициналық қызметкерлердің, мамандардың, психолгтардың, педагогтардың одан арғы жұмысының формалары мен әдістері бірінші блоктағы анализ қорытындысында алған мәліметке байланысты.

Соңғы екі жылда ғалымдар мен іс-тәжірибешілер ата-аналармен жұмыстың қызықты формаларын ойлап тапты.

Үшінші блок – бақылау-бағалау блогы.

Бақылау-бағалау блогы – бұл балабақшаның мамандары өткізетін іс-шараның өнімділігінің қорытындысы.

Іс-шараның өнімділігін анықтау үшін мынадай әдістерді қолдануға болады: сұрақ-жауап, бағалау парағы, экспресс-диагностика және әрбір іс-шарадан кейін өткізілетін басқа әдістер. Педагогтардың өз анализдерін жасаудың да маңызы зор.

Арнайы зерттеу нәтижесінде модельмен жұмыс істеу педагогикалық ұжым мекеме тұрғысында және бала-бақша немесе топтың көлемінде әрекетті структілеуге мүмкіндік береді..

Осылайша, осы модель МДМ-ң меңгерушілеріне педагогикалық ұжыммен жұмыс істеудің жөнелту нүктесі болып табылады.

 Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.

Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Отбасы жүйесіндегі ғалымдар мен мамандар арасында (Т.А.Маркова, О.Л.Зверева, Е.П.Арнаутова, В.П.Дуброва, И.В.Лапицкая және т.б.) отбасылық институт - эмоционалдық қатынастар институты деп бекер саналмаған. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.

Жанұя... Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам – шешуіміз қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстың формалары мен заманауи моделдері» атты әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі білім жүйесіндегі танымал моделдер ұсынылады және мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстың заманауи әдістері ашылады.



Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады.

Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:

- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;

- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;

- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;

- диалог түрінде өткізілуі;

-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.

Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес,тиімді формаларының бірі - шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі.

Ата-аналармен жұмысты келесі кезеңдерге сүйене отырып, құруға болады:

- Ата-аналармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыру. Олардың қажеттілігі зерттеу мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану.

- Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында болашақтағы іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу.

- Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлау. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.

- Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.

- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу. Ата-аналармен біріккен мұндай зерттеулерде жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және әріптестік формасы таңдалады.

Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді сақтауын ескере отырып, балаларды әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау. Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады. Сондай-ақ халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы Г.Н.Волков, Я.И.Ханбиков, М.Сейфуллаева, А.Ш.Гашимов, Т.Г.Тимошина, С.Қ.Қалиев, М.Х.Балтабаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, К.К.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады.

Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.



Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы, есте сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамып, ақыл-ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Жас ұрпақ елдің ертеңі. Сондықтан, балаларға саналы білім, сапалы тәрбие беруге борыштымыз. Ол үшін баланы балабақша жасында осы әдеттерге баулу керек. Саналы, білімді баланың болашағы жарқын болады.

ата- аналармен жұмыстың белсенді әдістері мен түрлерін қолдандық:

-  тәрбиеленушілер отбасына бару;

-  топтық және жалпы ата- аналар жиналстары;

-  кеңестер;

- ата- аналар қатысуымен өткізілетін сабақтар;

- ата-аналармен бірлесе жасаған балалар жұмыстарының көрмесі;

- бірлескен саяхаттар;

- Қатынасу күндері;

- Мейірімді  істер күні;

- Ашық есік күндері;

- ата-  аналардың мерекелерді дайындау мен өткізуге қатысуы;

- фотомонтаждар  безендіру;

- заттық- дамыту ортасын бірлесе құру;

- ертеңгілік сәлемдесу;

- топтық ата- аналар комитетімен жұмыс;

- тренингтер;

- семинар- практикумдар;

- ата- аналар қонақта;

- Сенім телефоны;

- Сенім поштасы;

- отбасылық вернисаж.

Тақырыбы: М.Д.М.-дегі ата-аналармен жұмыстың формалары

Мақсаты: Балабқшадағы ата-аналармен жұмыс формаларын білу және меңгері.

Жоспар:


  1. Ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері.

  2. Ата-аналармен жүлгізілетін жұмыстардың мақсаты міндеттері және мазмұны.

  3. Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы тәрбиешінің негізгі міндеттері.

  4. Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында тәрбиешінің қызметі.

  5. Ата-аналармен жұмыс жүргізудің негізгі формалары.

Ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері

Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.



В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Мақсаты: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту процесінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Міндеттері:

1. Ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениеттерін жетілдіру, ата-ана дағдыларын қалыптастыру.

2. Ата-аналарды балабақша өміріне отбасылармен тиімді жұмыс түрлерін іздестіру мен енгізу арқылы қатысуға бейімдеу.

3. Педагогтер мен ата-аналар арасында тиімді серіктестікті құру, мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатыстыру.

4. Өз баласының дамуы, тәрбиелеу мен білім беру саласында ата-аналардың қажеттіліктерін анықтау.

5. Отбасылық тәрбиенің үздік тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.



Мазмұны:

Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруда өзара қарым-қатынастың ұжымдық және жеке түрлерін (дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, ата-аналардың конференциялары, кеңестер, педагогикалық кеңестер, ата-аналар жиналысы (жалпы және топтық) ауызша журналдар, ата-аналар клубтары және т.б.) қолдану.

Педагогикалық білімдерінің насихатын көрнекілік үгіттеу жүйесі арқылы жүргізу: жылжымалы папкалар, видеофильмдер, жаднама-нұсқаулар, шақыру қағаздары, сурет көрмелері ата-аналар бұрыштары және т.б.

Ата-аналарға отбасылық оқу әдебиеттерінен хабардар болуға, кездесу барысында талқыланатын тақырыпқа қызықтыруға, оларды тәрбиелеудің кеңінен тараған стереотиптерін талдауға, өз тәжірибелерінің ассоциациясын құруға көмектесу.

Педагог пен ата-ананың баланы тәрбиелеу мен дамыту бойынша бірлескен әрекеттерін жұмылдыру. Балабақшада немесе үйде нақты тұлғаны тәрбиелеудегі проблемаларын шешудің тиімді тәсілдерін табу үшін оларды ашық әңгімеге шақырып, педагогтермен бірге өз ойлары мен күдіктерін бөлісу ықыластарын оятып, қызықтыруға тырысу.

Отбасыларды зерттеу бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізу. Отбасылармен жеке және дифференциалды топтық жұмыстарда тиімді әдістері мен түрлерін қолдану.

Отбасылық тәрбиеге халықтық педагогиканың дәтүрлерін енгізу. Балаларды басқа келеңсіз көріністердің алдыналуда адамгершілік құндылықтарға негізделген отбасын құруда ата-аналарға көмек көрсету.

Отбасымен қалыпты қатынасын дамыту үшін ата-аналар және педагогтер бірлесіп іс-шаралар (ата-аналар конференциясы, кеңестер, әңгімелесу, сұрақ-жауап кештері, пікір-сайыс, ата-аналарға арналған үйірмелер және т.б.), сонымен қатар педагогтер, ата-аналар және балалармен бірлесіп (ертеңгіліктер және мерекелер, концерттер, ашық есіктер күні, викториналар, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтар, газет шығару, бірлесіп жасаған шығармаларынан көрме ұйымдастыру және т.б.) іс-шаралар өткізу арқылы жағдай құруын жетілдіру.Мамандармен (психолог, логопед, қосымша білім беру педагогтерімен т.б.) жеке кеңестер беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету. Ата-аналарға мамандардың жұмыстарымен танысуға, балаларының мәселелері мен олардың дамуының алға басулары туралы ақпараттар алуларына мүмкіндік беру.Ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастыру тіршіліктеріне қатыстыру, олардың шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыруларына жағдай жасау.Ата-ана — әкелермен, аталармен, әжелермен қарым-қатынасының әртүрлі түрлерін қолдану. Олардың беделін көтеруге бағытталған шығармашылық, әлеуметтік маңызды әрекеттеріне балалармен бірлесе отырып қатыстыру.

Отбасылық тәрбиенің озат тәжірибиесін жүйелі жалпылау, суретті газеттер, ұжымдық жұмыстар, жинақталған суреттер түрінде ұсыну.


жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау