Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау, халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі озық идеяларының ешбір кезеңдерде өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын көрсетеді. Өткен ғасырлардағы ұлы педагогтар Я. А



жүктеу 64,22 Kb.
Дата03.12.2022
өлшемі64,22 Kb.
#40441
stud.kz-22806


Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.
Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау, халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі озық идеяларының ешбір кезеңдерде өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын көрсетеді. Өткен ғасырлардағы ұлы педагогтар (Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин және т.б.) тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздеген. Олардың идеяларын әрі қарай А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, В.А.Сухомлинский және т.б. жалғастырып, өздерінің тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.
Халық педагогикасы мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге жасасып, тәжірибесі мен құнды идеялары толысып, жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз бірізділікте беріліп келеді.
Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін кезінде көптеген ұлы ойшылдар (Аристотель, Әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари), ағартушылар (Шоқан, Абай, Ыбырай, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек), шетел педагогтары (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский және т.б.) өте жоғары бағалаған. Бірқатары оларды халық даналығының көрінісі ретінде өздерінің іс-тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.
Қазақ халқының көпжанрлы өте бай ауыз әдебиеті мен игі әдет-ғұрпы, әдебі, дәстүрлері, салты, салт-санасы оның этнопедагогикасының тірегі болып табылады.
Қазақ халкының өзіне тән тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері оның салт-дәстүрлерінен айқын көрінеді. Мысалы, ұлттық қасиет - меймандостық ең әуелі жеке тұлғалардың игі әрекеті болса, ол қолданысты үлгі-өнеге ретінде басқалар да пайдаланып, әдет-ғұрыпқа айналдырған.
Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.
Тәрбие теориясына байланысты Әл Фарабидың «адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керектігі» жөніндегі нақыл сөзі кейінгі жылдары баспасөз беттерінде және педагогикалық жиындардағы баяндамаларда жиі айтылуда. Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымдық құндылықтарының мол екені рас.
Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы» (1511-1518), «Есiмнiң ескi жолы» (1598-1628), Әз Тәукенiң «Жетi Жарғысы» (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген. Бұл - заңдық құжаттар. Ата-заңды аттаған азғындарды «етегiн кесiп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған.
Қазақ зиялылары мен ғалым-педагогтары Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. ана тілінде мектеп ашу мәселесімен бірге халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында пайдалануға аса мән берді.
Шәкәрім болса өзінің «Үш анық» атты еңбегінде тәлім-тәрбиенің көптеген сұрақтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетеді, адамгершілікті «ар ілімі» деп қарастырады. Ар-ожданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды деп дәлелдеп, оларды адамшылық ұғымымен байланыстырады.
Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы Отанның, елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға баланың ауызына түкіртіп, азан шақыртып, атын қойғызады. «Ақылын, жасын берсін» деп жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тілектерінде келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.
Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау - баланың қарызы» деп ой түйіндеген.
Келесі бөлімдерде қазақ этнопедагогикасын дербес ғылым ретінде қалыптасуына ерекше еңбек сіңірген тұңғыш қазақстандық ғалымдардың этнопедагогика саласындағы еңбектеріне талдау жасауға тоқталамын
1.1 Ж. Аймауытов туралы.
Жүсiпбек Аймауытов (1889-1931) жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Ж.Аймауытов Павлодардағы орыс-қазақ мектебiн, онан кейiн Семейдегi мұғалiмдер семинариясын (1918) бiтiрген. 1924 ж. Баянауылда бала оқытады. 1920 жылы РК(б)К қатарына кiредi. Қазақстан Советтерiнiң сьезiне делегат болып сайланады. ҚАССР Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесi, “Қазақ тiлi”, “Ақ жол” газеттерiнiң қызметкерi, мектеп мұғалiмi, 1926-29 жылдары Шымкенттегi педтехникумның директоры болып iстейдi. 1931 жылы ұлтшыл деп айыпталып, жазықсыз өлiм жазасына кесiледi.
1918 ж. “Абай” журналының бас редакторы бола отырып, тәрбиемен байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады. Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан “Тәрбие жетекшiсi” атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов “Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы – тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” – дейдi.
Автор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, “Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт – жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты “ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.
Ж.Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi.
Тәлiмгер-ғалым бала тәрбиесiнде туған елдiң әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрiнiң белгiлi мөлшерде әсер ететiнiн ғылыми тұрғыда дәлелдей түскен.
Ол “ойын-сауық, өлең-жырды естiп өскен елдiң баласы өнерге бейiм болады, дiндар елдiң баласы дiншiл келедi. Жастайынан кемдiк, жоқшылық, қағажу көрiп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады” – деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигiзетiн ықпалына тоқталады.
Оның жазбаларынан Л.Н.Толстойдың “Тәрбие дегенiмiз бiр адамның екiншi бiр адамға жасайтын ықпалы” немесе А.С.Макаренконың “Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейдi. Адамның тұтыну заттары, табиғи құбылыс т.б. бәрi тәрбиеге белгiлi әсерiн тигiзедi. Соның iшiндегi ең әсерлiсi – адамдардың қарым-қатынасы, әсiресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше” деген секiлдi таныс пiкiрлер жиi ұшырасады.
Ж.Аймауытовтың пiкiрiнше мұғалiмнiң айналысатыны – үнемi қозғалып, өзгерiп, өсетiн, өркендейтiн тiрi адам болғандықтан, бiркелкi әдiстен табан аумай шектелiп қалуға болмайды… Сабақ үйреншiктi жай шеберлiк емес, ол үнемi жаңаны табатын өнер… Дидактика мұғалiмге жиi жөн-жоба көрсетiп жетекшiлiк етедi… Сыннан өткен тиiмдi деген жолдарды ғана нұсқайды”– деп, оқыту, бiлiм берудiң әдiстердiң догма емес, iзденуден туатын iс-әрекет екенiн дұрыс атап өткен.
Ж.Аймауытов бiлiм негiзi ана тiлi арқылы меңгерiлетiнiн айта келiп, “Ана тiлiн жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндердi түсiну мүмкiн емес. Ана тiлi – халық болып жаралғаннан бергi жан дүниесiнiң айнасы, өсiп-өнiп, түрлене беретiн, мәңгi құламайтын бәйтерегi” – деп, оның қоғамдық рөлiн, оны жан-жақты және терең меңгеру қажеттiлiгiн баса көрсетедi.
Автор, адамның жан қуатын тәрбиелеп жетiлдiрудегi тарих пәнiнiң алар орнын айта келiп “Тарихты оқыту арқылы шәкiрттерге қазiргi өмiр мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата бiлерлiк сана туғызамыз” – дейдi.
Автор мектепте “қандай тарихтың түрiн оқытуды алғаш қолға алу керек?” дегендi де сөз етедi.
“…Алдымен балалардың өздерiне күнделiктi өмiрден жақсы таныс өз жұртының тұрмыс-салты, тыныс-тiршiлiгiне байланысты тарихты оқытудан бастағанды жөн… басқа жұрттың тарихқа керек жерлерiн ғана алу керек” – деп тұжырымдайды.
Ж.Аймауытов осы еңбегiнде туған өлкенiң жағрафиясын оның тарихымен байланыстыра қарастыруды ұсынады. Автор ерте замандағы “половец”, “кеченет” тәрiздi көшпелi жұрттың шаруашылығын қазақ халқының ертедегi тарихымен байланыстыра жүргiзудi қуаттайды.
Көшпелi жұрттың өткендегi салт-санасы, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсiбi және мәдени өмiрiнен хабардар ету үшiн 4-сыныпта әдебиеттi, тарихты және жағрафияны бiрiктiрiп, яғни интеграциялап “Бiздiң Отан” деген атпен оқытуды қажет деген пiкiр ұсынды.
Ж.Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердiң көрнектi орын алып келгенiне, өнерсiз қоғамның дамуы, рухани мәдениеттiң молаюы мүмкiн еместiгiне тоқталып, ұлт мектептерiнде әуелi кескiн (сурет) пен әуез (ән-күй) пәнiн үйретудiң керектiгiн, әрбiр баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабiлетiн тәрбиелеуде бұл пәндердiң маңызын баса айтты.
Ж.Аймауытов 1929 ж. “Комплекстi оқыту жолдары” деген еңбегiнде баланың бiлiмге деген ынта-ықыласын, зейiн-зердесiн арттыру үшiн мұғалiмдерден төмендегi шарттарды орындауды талап еттi. Олар: жаңа берiлетiн бiлiмдi баланың бұрын меңгерген бiлiмiне негiздеу, оқушылардың жаңа бiлiмдi меңгеруiне бағыттайтын проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың назарын меңгерiлетiн жаңа бiлiмге бағыттау, басы артық, қажетсiз мағлұматтарды айтудан сақтану, салыстыру, теңеу, ұқсату, сияқты тәсiлдердi қолдану арқылы балалардың бiлiмге деген қызығушылығын артыру. Тәсiлдердi үнемi жаңартып жандандырып отыру, көрнекiлiктi пайдалану т.б. дидактикалық әдiс-тәсiлдердi сөз етедi.
Сондай-ақ ол “Психология” (1926), “Жан жүйесi және өнер таңдау”(1926) деген оқулықтарын жазып, психология, педагогика, әдәстеме ғылымдарын ұщтастыра оқытуға терең мән бередi.

1.2 Ж. Аймауытовтың педагогикалық идеяларының маңызы.


Бүгінгі білім беру парадигмасы тұрғысынан қарастырсақ, М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытовтың педагогикалық идеяларының маңызы, өзектілігі соңда: оны біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялаумен тығыз байланыста қарастыруға болады. Сондықтан да М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытовтың педагогикалық идеяларын мазмұндық негіз ете отырып және бірқатар ғалымдардың қазіргі біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялау шарттарына (Б.Әлмұханбетов, К.Қожахметова, М.Көпжасарова, А.Жайтапова, Ж.Қараев, Ж.Кобдикова, К.Құдайбергенова, т.б.) сүйене отырып және тындаушылардың біліктілігін арттыруға қолайлы дамытушы орта жасау мақсатында біліктілікті арттыру курсының құрылымына өзгеріс енгізу уақыт қажеттілігі деп түсінеміз. Қазіргі таңда білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістерге сай өз біліктілігін жетілдіру, әсіресе, ұлттық педагогикалық ой-пікір аясында білім көтеру мүмкіңдігіне зәру болып отырған уақытта бұл - заман талабынан туындаған қажеттілік. Ендеше курс барысында мынадай міндеттерді шешуге баса назар аудару қажет.
- Ж.Аймауытовтың педагогика саласындағы еңбектерінің бүгінгі білім беру мақсаттарымен үндестігі туралы түсінік беру;
- Ж.Аймауытовтың педагогикалық ой-пікірлері қазақ тілі мен әдебиетін оқыту құралы ретінде қолдану-
-ЖАймауытовтың педагогикалық идеяларын пәнді оқыту құралы ретінде пайдаланудың маңызын түсіндіру;
-Ж.Аймауытовтың педагогикалық идеяларының пәнді оқытуда пайдалану жолдарын жасап, тәжірибеге енгізу.
жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыра отырып, нәтижесінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру формаларын М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытовтың педагогикалық ой-пікірлеріне сәйкес жоспарлап, сабақ барысында мақсатты пайдалану біліктілігін көтеруге қол жеткізуге болады.
Біздің отандық педагог, әлеумет және саясаттану ғалымдарымыздың тарапынан білім берудің ұлттық моделін жасау қажеттігі туралы мәселе көптен бері айтылып келеді. Ал XX ғасыр басындағы қаз тұрған қазақ педагогикасы мен психологиясының іргетасы М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытовтың еңбектері екені бәрімізге белгілі. Яғни ұлттық білім беру моделін жасау ұлттық ғылымның негізін қалаушылардың еңбегінен тыс бола алмайды.
Міне, соның негізінде М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытовтың педагогика және психология саласындағы еңбектерінің маңызы мен құндылығын тәжірибемен ұштастыру, олардың педагогикалык идеяларын сабақта пайдалану жолдарын жасау және оны педагог кадрлардың кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру жұмысымен тығыз байланыста қарастыру мәселесі туындап отыр. Курс барысында М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытовтың идеяларына негіздей отырып, пәнді оқыту үрдісін ұйымдастыру мен жаңашыл идеяларды оқытуда пайдалану арқылы оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін белсендіру ісіне де баса назар аударылды. 36 сағатқа жоспарланған курс барысында М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытовтың педагогика және психология саласындағы еңбектерінің бүгінгі білім беру мақсаттарымен үндестігі мен олардың педагогикалық идеяларын оқыту әрекетіңде пайдалану жолдарына ерекше назар аударылды.
Бүгінгі тандағы білім беру парадигмасындағы өзгерістер оқыту үрдісінің басты субъектілерінің бірі - оқытушының тұлғалық қасиеттері мен кәсіби дайындығына баса назар аудару. Бұл орайда оқыту ісіндегі мұғалімнің кәсіби дайындығы туралы ағартушы ғалымдардың ой-пікірлері ден қоярлық. Қазақ халқының тәрбие ісі ғылыми тұрғыдан дами бастаған XX ғасырдың басыңда педагогиканы тұңғыш зерттеушілердің бірі М.Жұмабаев "Педагогика" еңбегіңде оқу-тәрбие ісінің басты субъектісі - мұғалімге кеңінен тоқталған. Бұл пікірлердің бүгінгі таңда маңызы өте зор. Мұны "...тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керек. Ұста тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, хүкімді теріс жасауға, хата ой шығаруға үйреніп кетеді.
...баланы, заттарды, көріністерді тап-тапқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырга көшуді естен шығармауға керек.
... Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде " деген пікірлері осы ойды дәлелдей түседі.
Ж.Аймауытов "Психология" еңбегінде мұғалімнің кәсіби дайындығы туралы былай дейді: "Айтпай-ақ белгілі, баланың мінез-қылығын байқаушы - оқытушылар балаларынан бақылаган, тапқан-таянғанын соларды амалға тәрбиелеу үшін құрал ету керектігі; амалға неше түрлі мақсатқа қолайлы болган серпілудің бәрі кіреді".
Мұғалімнің кәсіби даярлығы мен біліктілік дәрежесінің оқушыны тұлғалық тұрғыдан қалыптастырудағы рөлі маңызды. Кәсіби қызметі тұлғаға бағдарланған мұғалімнің жұмысы төменгідей бағытта жүрүі керек:
-сабақта игерілуге тиісті материалдарды бергенде әр оқушының жеке субъективті тәжірибесіне сүйенеді, ол тәжірибені, білімді багалау, бекіту кезінде есепке алады;
- сабақтағы жұмыс түрін таңдауға оқушыга ерік береді, сол күнгі сабақ үстіндегі жағдайды ескеріп жедел қайта құра біледі;
- дидактикалық, үлестірмелі материалдарды оқушылардың жеке ерекшелігіне сай сұрыптап береді;
- сабаққа барлық оқушыларды қатыстыра отырып, диалог, әңгімелесу негізінде құрады.
Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекетіне, әдіс-тәсіліне баға берген кезде оның сөйлеу мәдениетіне көңіл аудару керек. Мұндай мұғалім тек түсіндіруші ғана емес, түсінуші (Неге олай оилайсың? Сен бұны қалай шығардың?), үйлестіруші, окушы пікірі мен дәлелдеріне құрметпен қарайтын адам болуы тиіс. Мұғалім әр оқушының жеке ерекшеліктерінің бәрін есепке ала білуі керек, оған оқушының қалай жауап беретіндігін калайтындығы (орнында тұрып па, тақтаның алдыңда ма?), ауызша түсіңдіргенді қалай ма немесе бейнелеп бергісі келе ме, әлде суретін сала ма, т.б. бәрі кіреді.
Бұл тұрғыда М.Жұмабаевтың мына пікірі еріксіз еске түседі: "Тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиісті. Екеуі біріне-бірі шет, жат деп қарамасын. Екеуінің арасында сеніспеушілік болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай, қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай досым деп білсін. Сонда ол ешбір ойын жасырмайтын болады. Жасырмайтын болса, өтірік айту сықылды ұнамсыз қулықтарға орын да болмайды". Кез келген мұғалімде мұндай біліктілік кәсіби шеберліктің жылдар бойы шыңдалуымен бірге қалыптасады.
Сонымен қатар курс барысында М.Жүмабаев пен Ж.Аймауытовтың педагогика және психология саласындағы еңбектеріңдегі сабақ ұғымын ашуға көңіл бөлінді. Себебі қазіргі таңдағы білім беру саласындағы мазмұндық-технологиялық өзгерістер қоғамдағы әлеуметтік мәні бар көптеген құнды нәрселерді қайта бағалауға себеп болып отыр.
Сабақта оқу-тәрбие үрдісінің барлық педагогикалық элементтері: мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастыру мен басқару қызметі көрініс табады. Оның нәтижелілігі - оқушының білімді дұрыс меңгеруінің шарты. Сонымен қатар сабақ барысында мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы зор. Әдістемелік тұрғыдан шебер, педагогика-психологиялық тұрғыдан сауатты, дидактикалық тұрғыдан тиімді ұйымдастырылған сабақ оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелілігінің кілті деуге болады. Бұл туралы ағартушы ғалым М.Жұмабаев мынадай ойлар айтады: "Тәрбиеден мақсұт - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару", ал "...балага білім бергенде жақыннан алысқа, таныстан жатқа көшіп жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек". Ғалым сабак барысында орындалатын орекетке мүқият болуды айтады: "...сыныпта отырганда баланың тез шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе, тек отыруынан, ауаның бұзылуынан. Сондықтан сабақ уақытында балалар абай болмай бастаса, мұғалім дереу балаларды босатып, жүгіртіп, ойнатып сыныптың ауасын тазарту керек", сонымен қатар "Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтындықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді. Болмаса, бала өз бетімен қайдагы нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетеді" деп сол әрекеттердің мәнін ашып көрсетеді. Яғни "Баланы тәрбие қылу - тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен куресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңгиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолда құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қыяып шығару. Баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек" екенін атап көрсетеді.
Сабақ - оқушылардың белсенді әрі жоспарлы оқу-танымдық іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастыру формасы. Сабақ жүргізу өнері мұғалімнің сабаққа қойылатын әлеуметтік және педагогикалық талаптарды түсінуі мен орындауына тығыз байланысты.
Ж.Аймауытов өз еңбегінде тұтас сабақтың және оның құрамдас бөліктерінің білімдік міндеттерін, сонымен қатар әрбір сабақтың жалпы сабақ жүйесіндегі орнын нақты айқындауға, пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарына және сабақ мақсатына сәйкес оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, сабақтың мазмұнын айқындауға назар аудару керектігін айтады. Нәрсені ұқтырмай, кітаптағыны жаттатып оқытқанның зияны болады. Өйтіп сөзді бұлтартпай, жаттатып оқытқаннан да кітапты көрсетпей, көрнекі жолмен қанағаттатқандықтың өзі игі. ... сөзді жаттатсын. бірақ мәнісін ұғып, ақылға салып, нәрсенің өзімен байланыстырып жаттатсын '. Сонымен қатар "Көрнекі оқытыстың мақсаты - шәкірттерге деректі нәрселерді көрсету жәрдемімен барып, дерексіз ұғымдарға көшу" дейді ғалым. Оқытудың, ынталандырудың және бақылаудың, оқушылардың танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін, сабақ барысында оқушылардың дербес оқу жұмыстары мен ұжымдық жұмыстардың алуан формаларын үйлестіретін, анағұрлым тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын тандау қажеттін бүгінгі танда толығымен дәлелденіп отыр.
Жоғарыда атап өткеніміздей, білім беру саласындағы ең бір жауапты міндет — қоғам мүшелерін әлемдік рухани құндылықтар мұрасымен сусындата отырып, ұлттық болмыс негізінде тәрбиелеу. Ұлттық педагогиканың негізгі мәселесі ұлтжанды, ар-ұяты мол, саналы азаматтар тәрбиелеуде М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сынды дара тұлғалардың шығармашылығын оқытып-үйрету, оны үлгі ету - бүгінгі мектептің алдында тұрған келелі іс. Осыған орай М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытов шығармашылығын, педагогика-психология саласындағы еңбектерін білім беру саласына енгізудің мынадай бағыттарын ұсынуға болады.
1. Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты элективті курс жасау.
2. Оку-тәрбие жұмысын жоспарлауда ғалымдардың педагогика және психология саласында жазған еңбектерін басшылыққа алу.
3. Ағартушы ғалымдардың идеяларына негіздей отырып, балаларға педагогикалык бақылау жүрпзу және коррекциялау.
4. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алу.
5. Оқушылардың оқу еңбегін белсендіру мақсатында танымдық тапсырмаларды құруда ағартушы ғалымдардың идеяларын негіз ету.
6. Сабақ құрылымын жасауда, сабакты жоспарлауда ағартушы ғалымдардың идеяларына негіздей отырып, өзгертулер енгізу (процесуалдық аспектіде).
Олардың сол кездегі айтқан озық ойлы тұжырымдары бүгінгі күні де өзекті. Баланы заманына лайық етіп оқытып, тәрбиелеу керек " деген Мағжан пікірі бүгінгі күн үшін айтылғандай. Сонымен қатар Ж.Аймауытовтың жеке тұлғаның қалыптасуына, әлеуметтік тәрбиесінің әсер-ықпалына зор маңыз береді. Ол жеке тұлға қоғам байлығы дегенді баса көрсетіп, оның еңбегі мен тәрбиесін баса атайды. Жас үрпақтың даралық ерекшелігін ескеру, білім-танымын негізгі назарда ұстау, соған сай оқыту жүйесін бағыттап отыру қай кезеңде болсын, білім беру ісіндегі өзекті шара болып табылады. Мұны Ж.Аймауытов "білім беру жүйесін жетілдіру мен білікті ұрпақ даярлау, қалыптастыру, оның ұлттық тәлім-тәрбие ісін дұрыс жолға қою - басты міндет болып қала бермек " деп атап көрсетеді.
Арнайы құрастырылған бағдарлама негізінде ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курсында мұғалімдердің бастапкы дайындық деңгейлерінің міндетті түрде ескерілуін ұстандық. Сонымен қатар мұғалімдердің бірлесе әрекет ету үшін өзара қарым-қатынасқа түсуін тиімді жолға қою мақсатында арнайы тренингтер қолданылды. Соның ішінде курсқа келген барлық категориядағы топтарға икемдей отырып жүргізуге әлеуметтік-психологиялық тренинг пайдаланылды. Курстың мониторингтік модулінде тындаушылардың өз біліктіліктерін бағалау, алған білім мазмұнына қанағаттану, жалпы курстың ұйымдастырылуына және т.б. іс-шаралар бойынша қанағаттану деңгейлерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізілді. Соңында тыңдаушыларға болашақ бақылауға арналған "зерттеу-күнделігінің" үлгісі ұсынылды.
Мұғалім зерттеу жұмысымен шұғылдануы үшін зерттеу тақырыбы оның күнделікті кәсіби әрекетімен тығыз байланысты болуы керек. Жоғарыда айтылған ойларымызды жинақтай келе, ағартушы ғалымдардың идеяларының бүгінгі күнгі білім беру тақырыбымен өзектестігін ерекше атап өтуге болады.
1.3 Ж. Аймаутовтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы.
Ұзақ жылдар бойы « Ұлтшыл әдебиет өкілі» деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса, қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдарының саласында қалам тартып, құнды-құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған тұлға.
Ж. Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт бағдарын 1918жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми –қоғамдық « Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: « ... қазақ сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді»,-деп жазады. Ол Абай ұстанған ағартушылық жолды өзінің тыныс- тіршілігінің өмірлік арқауы етіп алады. Осы журналдың 1918 жылғы 1,2-сандарында Ж. Аймауытовтың « Тәрбие» атты көлемді мақаласында тәлім – тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми тұрғыда терең баяндалған.
Ж.Аймауытов: « Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен»,-дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын дене тәрбиесі және жан тәрбиесі болып бөлінетіндігін көрсетеді.
Ж. Аймауытов балаға әсер ететін медресе және тәрбиеші деп санайды... «Кейде,-деп жазды ол,- белгісіз себептермен күшті ықпал ететін, әсер туғызатын жағдайлардың да болуы ықтимал. Ол замандастары( құрбы құрдастары), туған ауылы, өскен ортасы, оның діні, тілі һәм басқа да нәрселер» деп, тәрбие мәселесіне ықпал ететін факторларды тізбектеп талдайды. Ол ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше тоқталады. « баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт- жас күнінде көрген өнеге. Ол өнеге әке шешесінің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата-ананың берген тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата –ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты. « Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деп, атамыз қазақ тауып айтқан. Балаға қайырымдылықты, қыталдықты, кішіпейілділікті, күйгелектілікті, шыншылдықты, өтірікшілікті беретін кім? Ол әрине, ата-ананың тәрбиесі. Баланың бойына басынан сіңген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. «Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді...» - деп, автор бала мінезін қалыптастырудағы отбасы мүшелерінің, әсіресе әке шешенің ықалын айқын ашып береді. Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаған бала өскенде қисық ағаш сияқты болып өсетінін, отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады.
Ж. Аймауытов өнегелі үйелменнен бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандардан өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалын, соларға еліктеуден болатынын дәлелдейді.
Тәлімгер-ғалым бала тәрбиесінде туған елдің әдет ғұрпы мен салт санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ғылыми тұрғыдан дәлелдей түскен. Ойын-сауық, өлең жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім болады, діндар елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан кемдік, жоқшылық, қағажу көріп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады», - деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигізетін ықпалына тоқталады.
Ж.Аймауытовтың педагогика ғылыми саласындағы жүйелі ой пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған « Тәрбиеші жетекші» атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Ж.Аймауытов « Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның пікірінше, мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдіспен табан аумай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер... Дидактика мұғалімге жалпы жол –жоба көрсетіп, жетекшілік етеді... сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды», - деп, оқыту, білім беру әдісінің қатып – семіп қалған догма емес, үнемі ізденуден туатын іс -әрекет екенін дұрыс атап өтеді.
Ж. Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: « Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – халық болып жаралғаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның баолық толқындарыын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі», - деп, оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани – мәдени байлықты меңгерудің басты құралы екенін, оны жан жақты және терең меңгеру қажеттігін баса көрсетеді. Бұл пікір ұлт тілінің абыройын көтеру жөніндегі бүгінде жүргізіліп жатқан шаралармен үндес, өзінің өзектілігін жоймаған, жаңара жандана түсетінін дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.
Ж. Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алып келгеніне, өнерсіз қоғамның дамуы, рухани байлықтың молаюы мүмкін еместігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін мен әуез өнерін, яғни сурет салу, ән-күй үйретуге негіз салу керектігін, әрбір баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеу қажеттігін баса айтады.
« Білімге деген ынталанушылық,-деп жазды ол,- адам бойындағы ой еңбегі кұшінің қайнар көзі, сондай көздерінің көбірек ашу, бөгетсіз саулатып ағызу, өркендету өнері- мұғалімнің бойына біткен қасиет болуы керек». Сондықтанда әрбір мұғалім, сабақ беру процесінде қызықты мағлұматтармен балаларды шабыттандырып, олардың ынта ықыласын, зейін-зердесін, білімді меңгеруге бағыттау үшін төмендегі шарттарды орындауы тиіс.
Олар:

  • жаңа берілетін білімді баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;

  • жаңа білімді таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына оқушылардың ынта-ықыласын аудару;

  • оқушыларды жаңа білімді меңгеруге бағыттайтын сұрақтар қою арқылы олардың ынта -ықыласын ой еңбегіне аудару, т.б. деп оқу

–тәрбиелеу ісінің ғылыми әдістемелік, дидактикалық әдіс тәсілдерін де жан –жақты сөз етеді. Сөйтіп, ол психология, педагогика, методика ғылымдарына сүбелі үлес қосушылардың бірі болып, Қазақстанның мәдениет тарихында өшпес із қалдырды.

1.4 Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық еңбек жолы.


Ол азғана өмір сүрді. Сонда да көп нәрсені бастап, руханилық мазмұнының жаңа беттерін аша білді. Тар жол, тайғақ кешуді бастарынан өткізіп, зұлымдық пен зорлык, қасіретін кешкен алып ойшылдар қоғам өміріндегі ескі мен жаңаны, ізденістер мен адасуды, мейірімділік, қайырымдылық пен жексұрын жендеттікті айыра білді. Жақсылық пен адамгершілік жеңсе екен деп армандады. Олар рақымсыз биліктің алдында тізе бүгуден бас тартты, өз дүниетанымында жел қуған қаңбақ, тектес бола алмады, патшалық Ресей, советтік бюрократтық озбырлықтың қияметіне селқос қарай алмады. Қазан төңкерісінің ұрандарын олар қызу қабылдап, ол ұрандардың мазмұнсыз-мәнсіз сипат алғанына қатты қынжылып, өз тұрғысынан шешім табу жолдарын іздеді. Өкінішке орай, олардың оң қызметі теріс баға алып, шен іздеген мансапқорлардың, надан, білімі тайыз атқамінерлердің, жалған революциялық күш иелерінің қолына түсіп, қаза болды.
Күрескер жазушы, ақын, драматург Жүсіпбекті біз қазақ философиялық ойын дамытуға тікелей қатынасқан адам деп бағалай аламыз. Оның шығармашылық мұрасы - философиялық толғауы терең рухани қазынамыз: қазақ болмысы, ұлтаралық қатынастар, дала шаурасының санасы, әйел теңдігі, адамгершілік нормалары, таптық қоғам өмірі, өтпелі кезеңдегі билік нысаны сияқты күрделі теориялық мәселелер көркем әдебиет құралы мен тілі арқылы сөз болды, өзіндік шешім тапты. Ал "Психология" аталатын оқулығы осы күнге шейін маңызын жойған жоқ.
Адам мәселесінің өзегі, Жүсіпбек Аймауытовтың көзқарасы бойынша, мәдениет, оқу-білім, тәрбиеге келіп тіреледі. Бірақ адамда руханилық пен адамгершілік жетіспесе, қандай жетістіктер де рахат пен ләззат әкелмейтінін ол былай көрсеткен: "Бұрын адам хайуан қалпында жүргенде тамаққа таласып, қандай алысып-жұлысса, бұл күнде жетіліп, мәдениетті болған адам да сол халден ұзап шыға алмай отыр. Мәдениеттің ілгері басқышындағы халықтар ғылымның жемісін зорлық, зомбылық, қиянат, озбырлыққа жұмсап отыр".
Қазақ елінің ерекшелігі мен болмысын жете түсінген Жүсіпбек: "Еуропаға еліктей бермей, өз бетімізді, жұртымыздың белгісін көрсеткеннен не кемдік табылады? Қаза тексере берсек, Еуропаның өнеге қылуға жарамайтын жерлері де бар", - дейді. Әрине. Батыс мәдениетін қазақ халқына мүлдем керексіз демейді, оны да игеру керек, бірақ соған беріліп, соның жетегінде кетіп, өз ұлттық нақыштарын жоғалтыл алмауға мегзейді. "Қазақ - мәдениет жөнінде ерте туып, кеш қалған халық. Кенже қалғанымызда, әрине, көп себеп бар: жер, тұрмыс, ғұрып, әдет, надандық (фанатизм), партия, өтірік, мақтан, міне, бізді ілгері бастырмаған осы сияқты себептер", - деп жазды ол.
Ғылым-білімге дұрыс бағыт беретін тәрбие болуы керек. Оқыту, тәрбие беруді кәсіби мамандығы санаған қаламгер өз шығармаларында осы мәселелерге де көп көңіл бөліпті. Жазушының мына сөздерінде көп мән жатыр: "Өнер, ғылым қаражатпен табылады. Өнер, ғылым қаражат табады. Қаражат жан асырайды, халықтың өнерлі болып жетілуіне де байлық керек, - дейді ол. - Жалаңаш кедейге өнер үйрен деу - өгізбен жарысып бәйге ал деген сияқты. Надан болсақ та, бай болайық десек, ғылымсыз байлық баянсыз болмақ, бұлай болған соң, ғылым мен байлық екеуі де керек ғылым білімге қанады. Ғылымсыз білім сыңаржақ ғылым білімді ұлғайтады, ғылымсыз білім тым құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Білімді орнына жұмсайтын не? Ол - тәрбие". Сонымен, білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екен. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды... Міне, осындай-осындай ізгі ойларға жетелейді. Жүсекеңнің кезінде "Тәрбиеге жетекші" (Орынбор, 1926 ж ), "Психология" (Ташкент, 1927 ж.), "Жан жүйесі және өнер таңдау" (Москва, 1929 ж.), "Сабақтың комплексті жүйесінің әдістері" (Қызылорда. 1929 ж.) секілді оқулықтар жазуы тегін емес. Педагогикалық көзқарастары адамға, оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімнен басталады. Өзінің "Тәрбие" деген мақалаларында Жүсіпбек адамның хайуаннан айырмашылығы жайында әңгіме қозғай отырып, адам бойындағы ұнамсыз мінез-құлықтарының барлығы тәрбиенің кемдігінен деп қорытынды жасайды. Оның айтуынша, адам табиғаттың емес, тәрбиенің құлы болуы керек. Адам өміріндегі тәрбиенің рөлін зор бағалаған ол тарихтағы ірі құбылыстардың бәрін тәрбиемен байланыстыра отырып, былай деп жазады: "Алғашқы екі ғасырдай афиняндар мәдениетті, ғылымды күшті жұрт болған, неге? Данышпан Салонның жасаған ережесімен тәрбиеленгендіктен. Рум халқын атақты, күшті қылған кім? Тәрбие. Ескендірді данышпан хакім қылған кім? Аристотельдің тәрбиесі. Неронды залым қылған кім? Философ Сенеканың қате тәрбиесі".
Тәрбиешіге қоғамда өте үлкен маңыз берген жазушы оны дәрігермен ғана салыстырады, тіпті, одан да жоғары қояды: "Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады", - дейді. Тәрбие мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеру қажеттігін жете түсініп: "Тәрбиешіге Отанның келешек өмірін тапсыруға болады, себебі, тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе - Отанның күзетшісі, қорғаны", - деп атап өтеді.
Болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеу, оларға білім беру процесін сол халықтың мінез-құлқы мен тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын еске ала отырып жүргізудің қажеттігіне Жүсіпбек аса зор көңіл бөледі.
Абайдың көрнекті шәкірттерінің бірі болған Жүсіпбек өзінің туған халқын қатты сүйсе, дәл солай оның кемшіліктерін де көрсетіп, қатаң сынға алып отырды.
Мысалы, "Қазақтың өзгеше мінездері" деген мақаласында өз халқының бұрынғы уақыттарда ұйымшыл, елі жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы әрі бітімді, қайратты, сауықшыл, досымен достасып, жауымен жауласуға табанды" болғанын айта отырып, отаршылдық, езгінің әсерінен осы мінездер өзгеріп, "ұрлық, зорлық, өтірік, өсек, алдау, қулық, айдату, байлату, кісі өлтіру, өтірік, мақтану, ынсапсыздық, тұрақсыздық, настық, жалқаулық сияқты жағымсыз қылықтар" көбейгеніне қынжылады, сөйтіп, "ұсақтап келіп, жаужүрек батырларымыздың батырлығы ауыл үйдің малын ұрлауда қалды. Бұрынғы билердің жұрнағы кішкене дөңгелек жер болып қалды", - дейді. Ал енді осы жағымсыз қылықтардан құтылудың ең басты құралы, Жүсіпбектің түсінігі бойынша, тәрбие, оқу, білім.
Ең жаман нәрсе жалқаулық екенін, еш қимыл, әрекет жасамай, еңбектенбей, Алла бере салады деп, қол қусырып отырудың бар екенін сынап, былай дейді: "Қазаққа әлі де бермесең, жақпайсың. Ел еңбекке төселсе, шаруа түрі бірте-бірте өзгерсе, салт-сана да өзгере бермек. "Алладан" емес, "еңбектен" сұрағанның екі бүйірі шығатынына көзі жетпек. Әрқашан жылауық, байбалам, жалыншақ, сұраншақ, жағыншақ, жарамсақ елдің жаны құл болады, ... жоқ болса да, ірі көңіл, сұңқар мінезді бол".
Әрине, автордың бұл көзқарастарында үлкен философиялық маңыз бар. "Жоқ, жоқ," деп жалына бергеннен ешкім босқа ештеңе де әкеліп бермейді. Қазіргі біздің мемлекетіміздің қадамдарын қарасақ та, үлкен билікте отырған ағаларымызда, өз күшімен өтпелі кезең қиыншылықтарын шешудің орнына, себеп іздеп, қол жайып (инвестиция сұрап), шет мемлекеттерге шабуы көп. Сондықтан да бұл тұрғыдағы Аймауытов пікір-пайымы қазір де көкейкесті дейміз.
Жүсіпбек ағаның біздің ұрпақтарға қалдырған бай мұраларымен танысқанда бірден көзге түсетін ерекшелік - автордың адам психологиясын жете әрі терең білуі. Ендеше, оның "Психология" кітабының арқалаған жүгі ауыр. Осы пәннен қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық та сол. «Жүсіпбек Аймауытовтың психологияны зерттеп, көтерген мәселелері - одан басқа қазақ топырағында ешкім де көтермеген мәселе. Осы мәселелердің баяндалуынан қазақтың психолог мамандары қазірдің өзінде айтарлықтай ақау таппайды".
Бұл бағыттағы еңбегін тереңдете түскен "Жан жүйесі және өнер таңдау" деген кітабы оның осы салада ізденістерінің қорытындысы іспетті. Соңғы кездерде ғана Қазақстан қоғамдық, ғылымында орын ала бастаған социологиялық зерттеулер, анкета жүргізу сияқты әдістерді Жүсіпбек сол кездің өзінде-ақ өте шебер қолданған. Ал сарапкер тапқан сарабдал ойлардың бір парасы төмендегідей: "Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады. Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болуға, біреу мал бағуға, біреу іскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға ыңғайланып жаралады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай, өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек... қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адам сирек болады. Бас мақсатын біржола ұмытып, әлеумет қызметіне түгел берілетін адам болуы мүмкін емес! Ондай адам кемде-кем. Біреу әлеумет үшін еңбегін көп жұмсайды. Біреу бойын тежеп, бас мақсатын көбірек сағалайды. Айырма жалғыз осында... Қайткенде әрі жеке адамның, әрі әлеуметтің пайдасы бірден табылады? Қай уақытта әлеумет тілегі мен жеке адам тілегі тоғысады? Әр адам табиғатына біткен қабілетіне, зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда табылады". Қазіргі қоғам қажеттіліктерін алып қарасақ та, азды-көпті қиыншылықтарға шыдамай, ғылымнан, білім беру жүйесінен, денсаулық сақтаудан саудаға кетіп жатқан көптеген мамандарды кездестіруге болады. Жүсіпбектің бұл ойлары осы өзіміз өмір сүріп отыр-ған қоғам мәселелеріне де жақын екенін көреміз.
Барлық шығармашылығын жұмыр басты пенделердің жан дүниесін зерттеуге арнаған Жүсіпбек өз кезеңіндегі қоғамдық қажеттіліктерді шешуге келгенде, әр дәуірде өмір сүрген адамдар дүниетанымының әртүрлі екендігіне тоқтала келіп, оған мынандай түсініктеме береді: "Бұрынғы оқығандардың алған тәрбиесі, көрген-баққаны, көксеген мақсаты, еткен қызметі қандай, қай заманда еді? Олардың тәрбиесі надан, соқыр қазақтың ортасы еді. Көргені Николайдың төрелері еді. Көксегені шен еді. Еткені тақтан қорыққаннан, не пайда табу үшін жасаған қызмет еді. Олардың басынан кешіргені қараңғы тар замандар еді. Бұлай болса бәріне бірдей ақжүрек болмадың деп кінә қоюға да болмайды.
Бұл тұжырымнан "әркім де өз уақытының перзенті" деген көне қағида көлденеңдейді. "Жауқазын ерте көктеп шыққанменен, ол дағы қалыбынан аса алмайды" деген Абайлық пәлсапамен астасып жатыр. Өйткені адамзат баласы қоғамның шылауында өседі емес пе...
Адамның рухына еркіндік беру керек. Егер рухы еркін болса, жан дүниесі бай болса, адам құлдық психологиядан тез арылып кетуге мүмкіндік алады деп сенеді Аймауытов. Сондықтан да ол халқының өте бай әдеби, мәдени мұраларын зерттеу барысында да жан аямай еңбек етті. Адамгершілікті қалыптастырып, дүниетанымды кеңейтуде әдебиет пен өнердің алатын орны туралы былай дейді: "Баяғыдан қазақ кең далада құр қойын құрттап, айран ұрттап жатқан жоқ екен, оқымаса да, надан болса да, қиял, сезім байлығы бар екен. Жүрегінің терең сырын, жанының алуан-алуан нәзік толғауын ән-күй деген айнасына түсіре білген екен. Енді ол айнаны өнерлі жұрттар көрді... Адамшылықты, өнерді сүйген таза жүректе біреуді олай, біреуді былай ұстайтын тар мінез болмайды... Қазақ күнелту жағының мәдениетінен мешеу қалса да, ақыл, қиял сезім жағына, білім тілімен айтқанда рух мәдениетіне кенде емес екендігі мынау мың әннен танылып отыр. Қазақстан жерінің астында асыл қазына, кен байлығы мол деп аңыз қылысады. Сондай мол қазына қазақ елінің ішінде де жатыр. Ол не десеңіз - әдебиет, ән, күй. Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып үйрене беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды. Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Ендеше, өзіміздің бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек".
Құдды бір қазіргі нарықтық, экономикалық қатынастар негізінде қоғам құрып жатқан Қазақстан жағдайында тап бүгін айтылған сөз сияқты! Экономикадағы уақытша қиындықтарды пайдаланып, егеменді Қазақстанның егемендігіне қайтадан жол салынып жатыр. Біз соңғы кездерде қайта күшейген қарқынмен көтерілген орыс тіліне де мемлекеттік тіл статусын беру, орыс азаматтарына екі елдің азаматтығын беру сияқты талаптарға тоқталып отырмыз. Бұл талаптарды қолдайтындардың барлығы да орыс азаматтары емес.
Қалада өскен қазақ баласының кеңес өкіметі кезіндегі солақай саясат әсерінен өз ана тілін білмей тек қана «орысша сайрауы», егемендігіміздің етегінен тартып отырған неше түрлі нигилистік немесе ел ертеңіне сенбейтін сатқындық көріністері сол "рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беру" нәтижесі екені ақиқат.
Ж.Аймауытовтың гуманистік тұрғыдағы ағартушылық көзқарастары қоғамдағы әйел мәселесін де жан-жақты зерттей қарастыруынан анық байқалады. Себебі, ең жақсы кісілік қасиеттерінің барлығы адам бойына ананың ақ сүтімен дариды. Осы ойларын ол былай түйіндеген еді: "Баланы бұзуға, түзеуге себеп болмайтын бір шарт - жас күнінде көрген өнеге, ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі болуы керек. Ата-ананың берген тәрбиесі - баланың мінезіне салған ірге. Жасынан сіңген мінезді есейгенде жоғалтуға, басқа бір күшпен болмаса, болмайды. "Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді" деген сөз ата-ананың тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. Бірақ бұл мақал тәрбие мен мінезді түзетуге болмайды деген емес. Балаға қайырымдылықты, кішіпейілділікті, үлкен көңілділікті, әділеттілікті, әдепсіздікті, шыдамсыздықты, күйгелектікті, шыншылдықты, өтірікшілікті беретін кім? Ол, әрине, ата-ананың тәрбиесі".
"Ақбілек" романында бұл тақырыпты өзінше ашуға тырысты. Бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-бітімімен, өзіндік табиғи тіршілігімен, яғни пендешілік қателіктерімен қаз-қалпында бейнелейді. Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды Жүсіпбек психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер береді. Романдағы барлық оқиға Ақбілектің айналасында өтеді және оның ойы арқылы өрбиді.
Жүсіпбек Аймауытов қазақ қоғамының даму, өзгеру диалектикасын өте жақсы түсінген. Идеология қалыбы қанша қатты қысса да, оған бой бермей, ғылымда, әсіресе қоғамдық ғылымда объективтілік керек екендігін мойындаған. Өз замандасы М.Жұмабаевтың өлеңдерін "ұлтшылдыққа" теліген шақта араша түсіп, былай деді: "Мағжанның туып-өскен, тәрбие алған әлеуметі - қазақ. Мағжан тұсындағы қазақтың әлеумет құрылысы қандай еді? Ата-анаға, ру-руға бөлініп, руды ақсақал, би, болыс, тілмаш билеген, орысша айтсақ, "патриархат" құрылыс еді...
Жан-жағынан жау қысып, өз ішінен алауыздық шығып, қазақ берекеден айрылып, орысқа қарады. Орысқа бағынғанмен де, қазақтың бұрынғы әлеуметтік қалпы өзгере қойған жоқ, әлі хандардың, билердің, аталы ауылдың тұқымы билейтін болды".
Сол кездегі қазақ қоғамының ерекшелігін түсіндіре келіп, Мағжанның тап туралы, тап күресінің болашағы мен ерекшеліктері туралы не себепті өлеңдер мен мақалалар жазбайтындығы жөнінде былай дейді: "Әлеумет құрылысы өзгерген жоқ: қазақтың кәсібі, шаруа түрі мал бағу болса, әлі де мал бағуда келе жатыр. Кәсібі мал баққан, әлеуметі рубасыға бағынған жұртта тап жігі - байлар, кедейлер тобы деген нәрсе анық болмайды. Міне, Мағжанның туып-өскен ортасы, ұяда көргені осы". Сондықтан да, идеологтар жасанды түрде тапқа бөлгенмен, Мағжан өмірді, шындықты жырлаған, көргенін, білгенін жырлаған ақын болған соң, өзі түсініп біле бермейтін тақырыптарды қозғамағанын алғаш айтқан Жүсіпбек Аймауытов еді.
Қазіргі кезде қайта құру заманы арқасында нарықтық экономикалық қатынастар құрылып, Қазақстан егемендік алды, осыған орай біз де көптеген мәселелерді жаңа ғана біліп, жалтақтамай, ешкімнен қорықпай айта бастадық. Жүсіпбек сияқты еліміздің әрі білімді, әрі өнерлі, әрі мәдениетті азаматтары қазақ халқына Ресей патшасының көрсеткен зорлық-зомбылығын, одан кейін кеңес өкіметі жасаған асыра сілтеулерді сол кездің өзінде ашық айтқанды. Бұған бір ғана дәлел ретінде Аймауытовтың мына сөзіне ден қойып көрейікші: "Патшаның отаршылдық, озбырлық саясаты кімнің болса да арқасына аяздай батты. Қазақтың жерін тілгілеп, келімсек мұжықтарға аударып әпере бастады, тілін бұзуға, дінін бұзуға ауылнай, школ, миссионерлер тартты, әдет-ғұрпын, салт-санасын өзгертіп, орысқа бас июге жаңа закон, мировой судья, крестьянский начальниктер шығарды. Қазақты ішінен тоздыруға сайлау (штат) деген шырға тастап, өзді-өзін жұлыстырды, қырқыстырды".
Ресейдің отарлау саясаты тек қана жерді алып қоймай, халықтың бірлігіне ауыз сала бастап еді. Оны жақсы түсінген Жүсіпбек былай дейді: "Полиция, стражник, урядник, казак-орыстардың қамшысы қазақ даласын жайлады. Қазақтың бұрынғы елдігі, берекесі кетті. Партияға кіруге, азуға, тозуға айналды... Қазақтың басына туған осындай қара күндерді көзі қарақты азамат көрмеске, сезбеске, қайғырмасқа болмады; көрді, қынжылды, жанға батқан соң ашынды, ұлт сезімі ояна бастады. 1905 жылғы өзгерістен былай қазақтың қамын ойлаймын деген азаматтар ұлт мұңын сөйлеп, ұлт мәселесін қолға ала бастады".
XX ғасырдың басында пайда болған ұлттық бостандық идеясы, тәуелсіздік идеясы, отаршылдыққа қарсы күрес идеясы, міне, осылай, Жүсіпбек Аймауытовтың көрсеткеніндей дүниеге келді және одан әрі қарай өте қиын да күрделі жағдайларда дамып, жетіле бастады. Сол кездегі талпынып-талаптанып өсіп келе жатқан жас қазақ интеллигенциясының сана-сезімі мен әлеуметтік-саяси көзқарастарының қалыптасуына әсерін тигізген ықпалдарды ол былай бейнелейді: "Бір жағынан, үй іші әкеге, әлеумет рубасыға бағынған, тапқа, жікке бөлінбеген қазақ ішінде туып-өскен болса, екінші - татар медресесінде оқып, түрікшілік, исламдық рухында тәрбиеленсе, үшінші - патша саясаты шымбайға батып, отаршылдықтың зардабы қазақтың ұлтшылдық сезімін оятқан дәуірдің ұлы болса, төртінші - орыс зиялыларының қаймағы бұқарашыл, халықшыл болып жатқанын сезіп білсе, бесінші - Батыстың, қала берсе, орыс ақындарының санашылдық (идеализм), дарашылдық школынан сабақ алса... Сөз жоқ, ұлтшыл, түрікшіл, санашыл, дарашыл ақын болып шуғуы керек".
Жазушының замандастарына берген бұл анықтамасы өте нақты, ақиқатқа жақын. Себебі, оның өзінде де осы аталған көптеген қасиеттер бар, ол да - сол қоғамның, сол ортаның, сол заманның жемісі.
1905 жылдан кейін қоғамдық ой-сана ояна бастауын қазақ қауымында ұлт-азаттық идеясы пайда болуының алғашқы тұсы десек, Жүсіпбек мұның екінші кезеңін былай көрсетеді: "1916 жыл - қазақтың басы¬на қара күн туған тарихи ауыртпалық жылы еді. Патша өкіметінің 25 июньде шығарған жарлығы бойынша қазақ сықылды бұратана халықтар соғыс майданындағы қара жұмысқа айдалды. Қазақ шаңырағы теңселді, қазақ даласы қан жылап күңіренді". Ал үшінші кезеңі турасында: «1917 жылғы февраль төңкерісі қазақ азаматтарына ұлт сезімінің көтерілуіне зор себеп болды, - дейді. - Ауылда сөйленіп жүрген ұлт қамы, ұлт мұңы іс жүзінде жарыққа шығатындай көрінеді, қазақ азаматы мәре-сәре болды. Төңкерістің болғанына, бостандық туғанына қарық болып, кенелді. Әлеумет жұмысына араласа бастады». Бұдан қайраткердің қазақтың ұлттық бостандығы идеясына бірқалыпты, тоқтап қалған нәрсе ретінде емес, өзгеріп, жетіліп, дамып отыратын құбылыс түрінде қарайтынын аңғарамыз. Аймауытов жалпы адамзаттық құндылықтарды таптық мүддеден жоғары қойды және өз көзқарастары үшін соңғы күндерге дейін батыл күресті.
Ж.Аймауытовтың бұл айтқандары оның М.Әуезовпен бірігіп "Екеу" деген бүркеншік атпен жазған әдеби-сын мақалаларында да өз жалғасын тапты:
"Әдебиет тек қана сол уақытта жан-жақты дамып-жетіледі, егер де ақын-жазушылар өздерінің ойлары мен көзқарастарын еркін ортаға салуға мүмкіндік алса, жалпы мәдениет дамып-жетілсе, халықтың сана-сезімі басқа жоғарғы сатыға көтерілсе және ұлттың дамып-жетілуіне шовинистік көзқарастар мүмкіндік берсе, күш көрсету, күш арқылы мәселелерді шешуін қойса ғана жүзеге асуы мүмкін. Ал ұлтшылдықты жоюдың негізі езілген халықтардың экономикалық, саяси, құқылық, мәдени еркіндіктері теңейгенде ғана жүзеге асырылуы мүмкін".
Сол кездердегі ақындық жырлар мен фольклорды талдай отырып, сынның қандай сипатта болуының қажет екенін көрсетеді: "Сын, ең әуелі, талдап отырған шығармаға объективті баға беру керек, егер кемшілік болса, оны түзету жолдары мен әдістерін көрсету керек, сонымен қатар, түзетуге көмек беру керек, сынағанда сынға жазушыны алмай, жазылған еңбекті алып, достық ниетпен көмекке дайын екендігін сыншы міндетті түрде білдіруі керек", - деген талап-тілек бүгін де өз маңызын жойған жоқ.
"Октябрь қазақ ауылын айналып өтті" деген голощекиндік көзқарасты сынға ала отырып, "Екеу" терең әлеуметтік-саяси қорытындылар жасайды: "Қазақ ауылы үшін Октябрь революциясы үлкен кездейсоқтық, Октябрьге дейін олардың арасында коммунистер болған жоқ, халық саясаттан, саяси күрестен өте алыс болды, революцияға дейінгі ақын-жазушылар, зиялылар, "таптық" мүддеден гөрі, "жалпыхалықтық" мүддеге әлдеқайда жақын болды, яғни ұлттық-демократиялық бағытта болды, сондықтан да Голощекиндікі аспаннан алынған ой-қиял ғана еді".
Бұл көзқарастарда терең әлеуметтік-философиялық қорытындылар жатыр. Кеңес мемлекетінің кезінде, қанша ойланбай, жеңілдетіп айтамыз десек те, қазақ даласында көшпенді өмір ерекшелігінің әсерінен қалыптасқан қоғамдық қатынастарда капиталистік өмір салтына сай дамып жатқан Ресей мемлекетімен ешқандай да ұқсастық жоқ екендігі бас ауыртып дәлелдеуді қажет етпейтін еді. Сондықтан, қай қоғамды алып қарасақ та, оның ішкі объективті даму заңдылықтарымен санаспай, бір ұлттың немесе бір мемлекеттің, бір партияның ғана мүддесін қорғайтын қорытындылар жасап, оған барлық қоғамдық даму мен қалыптасуды бағындыруға тырысу ешқандай да жеміс әкелмейтінін Ж.Аймауытов пен М.Әуезов халқына да, коммунистердің басшыларына да жеткізе білді. Әрине, билеп-төстеп отырған большевиктер олармен санаспады, "халық жауы" атап, екеуін де қуғынға ұшыратты.
Жүсіпбек Аймауытов - азғана шығармашылық өмірінде көптеген мұра қалдырған ойшыл, оның көзқарастарының негізгі тақырыбы - халықтың азаттығы идеясы. Ол феодалдық-патриархалдық салтты, қалың бұқараның қараңғылығын, мешеулігін сынап, оларды оқу, білім, өнер жолына үгіттейді. Бас көтерер адамдарды ел қорғаны болуға шақырады. Қоғамда болып жатқан өзгерістердің бәрі революция нәтижесі екенін мойындайды.
Оның ұлттық қатынастар мәселесіне көзқарасына қазіргі кезең биіктігінен баға бермей, сол кездегі қазақ қоғамы деңгейінен қарап, негізгі этнос орыс пен қазақтың сол кездегі қатынастарына көңіл адуару керек, сонда ғана біз объективті баға бере аламыз.
«Қартқожа» - дейді автор, - қазағын, елін сүйеді... қазақ пен орыс төбелесіп жатса, орыстікі зорлық деп ұққысы келеді. Бірақ та орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды, орысты да бауыр тұтқысы келеді...
Ж.Аймауытовтың бұл көзқарастарынан адамдарды ұлтына бөлмей, жалпы адамгершілік құндылықтар тұрғысынан қарайтынын көреміз, сонымен қатар, коммунистік интернационализм идеологиясы қалыптастырған кеңес халқының қоғамдастығы деген түсініктен әрі екендігіне, сол кездің өзінде-ақ ол бұл түсініктің өмір сүре алмайтындығына көзі жеткендігін аңғарамыз.Қоғамдағы жүріп жатқан процестерді және оның болашағын жете түсінген ойшылдың көзқарастарын қарап, талдап отырғанда, біз нағыз халқын сүйген, сол халқы үшін жанын аямаған патриот ерлермен кеңес үкіметінің қалай күрескенін көреміз. Отанымыздың тарихында ақтаңдақ болып келген, соңғы кезде ғана шет жағасы мәлім бола бастаған Созақ көтерілісінің ұйымдастырушыларымен жасырын байланысы бар деп, Жүсіпбек Аймауытов 1929 жылы тұтқындалды. "ОГПУ органдары істі тергеп-тексеруге тиісінше қылмысты іс қозғау жайында қаулы қабылдамастан-ақ, бірден айыптау мақсатына кіріскен. Тергеу бір жылдан астам жүргізілген және заңсыз тұтқында ұсталған осынша ұзақ мерзім ішінде сол 14 айыпталушының қылмысын дәлелдерлік бірде-бір объективті дерек табылмаған. Контрреволюциялық ұйымының болғандығына дәлел жоқ, ондай ұйымның программасы, уставы туралы ешқандай нақты дерек жинай алмаған. Соған қарамастан, айыптау қорытындысы жасалған да, ешкімнің бекітуінсіз-ақ, соттан тыс органның қарауына берілген. Айыпталушылар іс материалдарымен таныстырылмаған, ешқайсысына да өздерін қорғау үшін мүмкіндік туғызылмаған. Осындай қолдан ұйымдастырылған жасанды іс бойынша жаңағы 14 адамға түгелдей сырттан үкім шығарылған", - дейді Аймауытовтың ісін қайта қарауға қатысқан бұрынғы ҚазКСР Жоғарғы Сотының Председателі Т.Қ. Айтмұхаметов
Міне, осылардың қатарында Ж.Аймауытовтың өмірі 1931 жылы, 42 жасында, нағыз творчестволық толысқан кезінде қыршынынан қиылды... Сөйтіп, шығармашылық өмірі өте ерте үзіліп, бергенінен берері көп жазушының, ғалымның, философтың ой өрісі, мүмкіндіктері кеңінен ашылмай, шегіне жетіп шарықтай алмай қалды. Соның өзінде жан-жақты, бай мұра қалдырып үлгергені таң қаларлық жай. Заманының сан қилы іркілісі мен сілкінісі, тар жол, тайғақ кешулері "адам ойын серпілтіп, лездетіп жетілдіріп, тездетіп алға жетелеп отыра ма деп еріксіз ойлайсың... Оның сол кезде жеткен биігіне (жазушылығы болсын, ғалымдығы болсын, теориялық ойының жетілу дәрежесі болсын) қазақ зиялылары көп кейін жетті деуге болады, ал оның жан-жақты дарындылығын айтсақ, оған тең адам қазақ ортасында кемде-кем деуге боларлық". Атақты жазушы Ғабит Мүсіреповтің ол туралы мына жазғаны көп нәрсені аңғартады: "Өз басым қазақта мұндай білімді, жан-жақты дарынды жанды әлі кездестіргенім жоқ. Мен білетін Жүсіпбек - тамаша жазушы, драматург, ақын, аудармашы, режиссер, әнші, музыкант, ғалым, көркем сынның негізін салған дарын. Оның драматургиялық шығармалары да шымыр,... көркемдік шоқтығы биік болып кеткен..." Бұған Жүсіпбектің ойшылдығын, философиялық ойының даму сатысының биіктігін, оның терең методологиялық және методикалық ойға негізделген ұстаздық қызметін қоссақ, Ғабекеңнің мұндай жанды "әлі кездестіргенім жоқ" деуінде үлкен шындық жатқанын аңғарамыз.

Қорытынды


Халық педагогикасы - ежелден халықпен бірге жасасып келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Ғалымдар тұжырымына сүйенсек, халық педагогикасы ғылым емес, ол халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, бірақ бір жүйеге келтірілмеген ұрпақ тәрбиесі жөніндегі эмпирикалық білімі мен тәжірибесінің жиынтығы, этнопедагогика ғылымының зерттеу объектісі, педагогика ғылымын тудырушы қайнар бұлақ.
Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі - тәрбиенің біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге дайындап, «сегіз қырлы, бір сырлы», жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған. Кез келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің түрлері (еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, т.б.) іштей сабақтасып жатады. Оны бесік жырынан, бата-тілектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.
Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.
Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін меңзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ыңтымақтастық принципімен қабысып жатыр.
Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, Мағжан Жұмабаевтың қазақ педагогикасын түзуі, Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын зерлей бастауы, үшеуінің қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде қалыптастырып, пән ретінде оқытуға ұсынуы ұлттық педагогиканың ( халық педагогикасы мен педагогикалық ойлардың), яғни қазақ этнопедагогикасының дамып қалыптасу жолдарын көрсетті.



жүктеу 64,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау