«Тәртіп» Акционерлік қоғамы үшін қатты қалдықтарды жинау және
шығару - күн сайын жүзеге асырылатын негізгі міндеттердің бірі болып
табылады. Біз үшін ешқандай шектеулер, мерекелер, демалыс күндері,
орындалмайтын жұмыстар болмайды. Қаланың әр ауданында жинақталған
ҚТҚ-ды
бірінші
жыл
шығарып
отырғанымыз
жоқ.
Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) – қатты түрдегі коммуналдық
қалдықтар.
Коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде және адамның тіршілік әрекеті
нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, оның ішінде өзінің құрамы
мен сипаттамасы жағынан ұқсас келетін өндірістік қалдықтар.
Өндіріс қалдықтары – толық немесе ішінара бастапқы тұтынушылық
қасиеттерін жоғалтқан және өндіріс процесінде жұмыс (қызмет)
орындалғаннан кейін пайда болатын шикізаттың, материалдардың,
бұйымдардың, заттардың қалдықтары.
Қалдықтардың пайда болу нормативтері – бекітілген бір уақыт аралығы
ағымында көрсетілген жағдайларда анықталған орында жинақталған, белгілі
бір түрдегі қалдықтардың санын шектейтін экономикалық және техникалық
көрсеткіш.
Қалдықтарды жинау – белгілі бір уақыт аралығында қалдықтарды алып
кетуге байланысты және қалдықтармен кейінгі уақытта істелетін
жұмыстарды қамтамасыз ету үшін жасалатын іс-әрекет.
Қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою жөніндегі іс-шаралар.
Әрбір клиентке жеке қызмет көрсетеміз, ыңғайлы кесте бойынша
жұмыс істейміз, қалдықтарды шығаруға жоспардан тыс өтінімдерді
қабылдаймыз. ҚТҚ Алматы облысы, Қарасай ауданында орналасқан
қалдықтарды шығару үшін арнайы жасалған полигонға тасымалданады.
Қатты қалдықтар тек Алматы облысының Қарасай ауданында
орналасқан арнайы тағайындалған полигонына шығарылады.
Қауіпті емес өндірістік қалдықтарды тасымалдау (үлкен көлемді
қоқыстар, құрылыс қалдықтары, жапырақтар, ағаш кесінділері)
Құрылыс қалдықтары түрлі ғимараттар мен құрылыстар салу, жөндеу
және бөлшектеуден туындайтын қалдықтарды қамтиды. Құрылыс алаңын
тазарту мақсатында құрылыс қоқыстары тез арада шығарылуы қажет.
Құрылыс, жөндеу және әрлеу компаниялары қоқысты уақытылы шығаратын,
әрі жоғары деңгейде жұмыс жасайтын мамандармен қызмет ететіндігі
таңқаларлық емес.
Қарды, мұзды жинау және шығару
Қыс маусымы – коммуналдық қызмет үшін өте қарбалас уақыт. Қардың
үлкен мөлшері көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын
тежейді, пайдалы ауданның кеңістігін азайтып, автотұрақтардағы орынның
бірқатарын азайтады. Осы күрделі мәселені шешу үшін барлық қажетті
жабдықтары бар қар шығаруға арналған мамандандырылған компанияның
қызметтеріне жүгіну қажет.