Тақырыбы: Күрделі сөздердің емлесі.
Мақсаты:
Күрделі сөздердің емлесі туралы түсінік, мәлімет беру.
Жоспар:
1.Тіркесті күрделі сөздердің емлесі
2.Біріккен сөздердің емлесі
3.Қос сөздердің емлесі
Қазақ жазуы үнемі өзгерiп, емлесi жаңару, толығу үстiнде. Соған
қарамастан қазiргi қазақ орфографиясының төл тiлiмiздiң табиғатына қайшы
түсер кереғар тұстары аз емес. Осының өзi жазу емлесiнiң ғасырлар бойғы
жазу дәстүрiнiң, жазу тәжiрибесiнiң, дағдысының негiзiнде қалыптасатын өте
күрделi құрылым екенiн көрсетедi. Қазақ жазу емлесiндегi қайшылықтардың
пайда болуы, алдымен, тіліміздегі күрделі сөздердің бірде бөлек,
енді бірге
жазылуымен байланысты. БАҚ құралдары мен оқулық беттерінде күрделі
сөздердің жазылуына байланысты қайшылықтар әлі күнге дейін кездеседі.
Сөздердiң бiрге не бөлек жазылуы туралы мәселе, күрделi сөздердiң
бiрiккен сөз және тiркескен құрама сөз түрлерiн бiрбiрiнен ажырату
мәселесiнен туындайды. Себебi: бiрiккен сөз деп қабылданса – бiрге,
тiркескен құрама сөз деп есептелiнсе бөлек жазылады. Сондықтан да болар
күрделi /қүрама/ сөздердiң жазылу емлесiнiң /бiрге, бөлек, дефис арқылы/
қалыптасу тарихы, алдымен, күрделi сөз түрлерiн ажырату критерийлерiн
анықтауға ұмтылудан бастау алғаны мәлiм. А.Байтұрсынұлы күрделi
сөздердiң үндесу
заңына сәйкес келгенiн- бiрге, келмейтiндерiн бөлек
таңбалайды. Кiрiккен сөз болудың бiрiншi шарты мағыналық тұтастығы: бiр-
ақ нәрсенi атап, бiр сөздiң орнына жүредi. Бiрақ бұл шарт барлық сөздерге
бiрдей өлшеуiш бола алмайды.Қ. Жұбанов: «Кiрiккен сөзбен кiрiкпеген сөз
тiркесiнiң қайсысы екенiн айыруға ең қолайлы, әрiсенiмдi жол – ол екпiнiне
қарау». Мысалы: қарға қара құс десек, мұндағы
қара құскiрiкпеген тiркес
екенi анық. Өйткенi қара сөзiнде екпiн бар, әрi ол екпiн соңындағы құс
сөзiнiң екпiнiнен анағұрлым басым. Ал, бүркiт – «қарақұс тұқымынан» десек,
мұндағы қарақұс кiрiккен сөз екенi анық. Өйткенi, мұнда қара деген
бөлшекте түк екпiн жоқ, қара мен құстың екеуiне ортақ жалғыз-ақ екпiн бар,
о да қара сөзiнде емес, құс сөзiнде.
Бiрiктiрiп не бөлек жазылуға тиiстi сөздердi айырудың қиындығы
ресми орфографиялық ережелердiң кейде бiрiздi,
дәл болмауынан
орфографиялық сөздiктерде ала-құла, қарама-қарсылық күштi болды: бiр
сөздiкте бiрге жазылған сөздер екiншi сөздiкте бөлiп жазылған... Сөз бен
сөздi қосып жаңа сөз жасау процесi үздiксiз дамып жатуынан пайда болған
өзгерiстер орфографиялық ережелерге iлеспей, олардан ауытқып, асып-түсiп
жатады.
Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiнде /1983/ бөлек жазылатын
сөздердiң 6 түрлi тобы көрсетiлген:
1. Мемлекет, республика, облыс, мекеме, үйымның күрделi атаулары.
2. Анықтауыш пен анықталушы сөздер.
3. Күрделi сан есiм, күрделi сын есiмдер.
4. Күрделi етiстiктер.
5. Есiм, елiктеуiш сөздер мен етiстiктерден қүралған күрделi сөздер.
6. Идиомалық, фразалық тiркестер.
1988 жылғы орфографиялық сөздікте бірге жазылатын сөздер:
1. Тұлғасы өзгерiп барып бiрiккен сөздер /бүгiн, биыл, алаңғасар т.б./
2. еш, әр, кей, бiр, әлде сөздерiмен бiрiккен есiмдiк, үстеу
сөздер
/ешқандай, ештеңе, бiржолата т.б./
3. Термин сөздер /баспасөз, еңбеккүн, көкжиек/.
4. Құрал- жабдық атаулары / шаңсорғыш, бесатар т.б/, мамандық, кәсiп,
қызмет иелерiнiң аттары /өнертапқыш, темiржолшы, атқамiнер т.б/,ойын,
салт –дәстүр атаулар / ақсүйек, тоқымқағар, ақсарбас/.
5. Аң-құс, жан-жануар, құрт- құмырсқа, өсiмдiк атаулары /қарақұйрық,
ақбөкен, тасбақа, шегiртке, аққу/.
6. –тану, сымақ, аралық, фото, электр, радио, авто, авиа т.б сөздерiмен
келген тiркестер / халықаралық, радиоқабылдағыш, автоқалам т.б/.
Орфографиялық
сөздіктің
сөздерді
дұрыс
жазу
нормасын
қалыптастыратын негізгі қызметінен басқа: а) сол тілдің сөздік қорын
түгендейтін; ә) тілде жарыса қолданылатын лексикалық бірліктердің әдеби
вариантын бекітетін; б) өзге тілді өкілдердің сол тілдегі барлық сөздердің
(жазылуы қиындық тудыратын да, тудырмайтын да) емлесін қарау үшін
қажетті ақпарат беретін қосалқы қызметтері бар.
2001 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Ахмет Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институты «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» 4-
басылымын (50 000 сөз) 1500 данамен басып шығарды. Сөздіктің алғы
сөзінде: «3-басылымы өңделіп, толықтырылды. Сөзтізбеге бұрын енбей
қалған сөздер, ғылыми-техникалық, қоғамдықсаяси терминдер енгізілді,
бірге немесе бөлек жазылатын сөздер айқындалып, реттелді.
•
Аң, құс, жәндік, өсімдік атауларына байланысты күрделі
сөздердің де біразы сөздікте біріктіріліп жазылған. Мысалы: ақбас (өс.),
ақкіс, аққайран, ақсары (құс), ақшұнақ (өс.), қарақас, қараматау (өс.),
қарақұлақ (зоол.), тасбеде (өс.), суқұзғын, сужылан, суқоңыз, субүркіт,
суықторғай, т. б.
•
Біршама
тіркестер - ауыз омыртқа, бел омыртқа, төс қалта, көк
сүт, тай қазан, қара көже, қара ет, қызыл асық, қызыл су, азу тіс, ит тіс, қасқа
тіс, сүт тіс, қыз қуу, кәрі жілік, ашық хат, темір қазық (жұлдыз атауы), аш
ішек, тоқ ішек, тік ішек, тоң май, іш май, бет орамал, қол орамал, жалаң аяқ,
жалаң бас, төс темір, тоты құс деген сияқты
біраз сөздер сөздікте бөлек
жазылған.
2005 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Ахмет Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институты «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» 5-
басылымын (53 000сөз) 3000 данамен басып шығарды.
Сөздікте бөлек жазылып келген май шам, жел диірмен, ақ таңдақ,іш
құса, тоң май сынды сөздер бірге жазылды.
2007 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Ахмет Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институты «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» 6-
басылымын 100000 данамен басып шығарды. Бұл сөздік бұрын ресми түрде
бекітілген (1983 ж.) «Қазақ тілі орфографиясы негізгі ережелерінің» ең соңғы
редакцияланған нұсқасы негізге алынды.
Орфографиялық ережелердің
аталмыш редакцияланған нұсқасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
терминология комиссиясында бекітілді.Сондықтан ол жазу нормаларын
заңдастыруда басшылыққа алынатын нормативті құжат деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: