1889 жылы орыс ғалымы Н. М. Ядринцев
Монғолиядағы Орхон өзенінің
құйылысынан ерекше үлкен төрт қырлы, биіктігі үш метрдей екі құлыптас тапты. Бұл
ескерткіштердің үш қырындағы жазулар түп-нұсқа жағынан ХҮІІ ғасырдан бастап Енисей
өзені бойынан табылған құпия жазу таңбаларына ұқсас болып шықты. Бұл жазулар
сыртқы нұсқалық көрінісі жағынан Скандинавия руналарына ұқсас болғандықтан, шартты
түрде руникалық, яғни құпия таңбалар деп аталды. 1894 жылы Күлтегін ескерткішінің
тұңғыш аудармасы берілді.
Руникалық жазу тараған географиялық алқапқа барлау жасасақ, ол Монғолия мен
Сібірден бері қарай басталып,
Жетісуды көктей өтіп, Венгрияға дейінгі ұлан-байтақ
аймақтың әр жерінен табылып келді.
Түркі тайпаларының тұңғыш әріптік жазуы болған руникалық алвафиттің шығу
тегі әлі күнге дейін шешілмеген жұмбақ. 1894 жылы осы жазудың кілтін тапқан
профессор В. Томсен көне түркі руникалық алфавиті арамей (парсы-арамей) әріптік
жазуының әсерімен шықты деген жорамалды ұсынған болатын. Түркологтардың біразы
осы пікірге қосылды. Ал енді бір ғалымдар (Н. Аристов, И. А. Батманов)
бұл ешбір
алфавиттің ықпалынсыз-ақ өздігінен жасалып, түркі таңбаларының негізінде туған төл
жазу деп санайды. Академик Ю. Клапорт руникалық алфавит көне грек (грек және
финикей) жазуымен негіздес деген пікірді ұстанады.
Белгілі түркітанушы ғалым А.С.Аманжолов руникалық жазудың біздің жыл
санауымызға дейінгі 1 мың жылдықтың ортасынан біздің заманымыздың 1 мың
жылдығының аяқ кезіне дейін түркі тілдес халықтардың қарым-қатынасына қызмет етіп,
1500 жыл бойы қолданыста болған төл жазуы екендігі бүгінде еш күмән
туғызбайтындығын айтады [2, 144 б.]
Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер
жазуынан көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан төрт мың жыл
бұрын жасалған болатын. Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі
бір сөзге сәйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Қытай жазуындағы таңбалар біртіндеп
өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына
айқындалған.
Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді:
олар сөздің
дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Сондықтан қытай тілінде омонимдер әр түрлі
иероглифтермен белгіленеді, бірақ олардың дыбысталуы мен морфологиялық құрылысы
біркелкі болады. Жазудың идеографиялық принципін қазіргі тілдердегі сандардың
таңбаларынан да көруге болады. Мысалы, “5” деген цифрды алалық. Бұл цифрдың сандық
мағынасын орыс та, қазақ та, неміс те, ағылшын да, басқалар да түрліше емес, бірдей
ұғынады. Бірақ бұл цифрлардың атының дыбысталуы әр тілде әртүрлі. Цифр белгілі бір
ұғымды санның таңбасы ретінде көрсетеді, бірақ ол таңбаның цифр атының
дыбысталуына ешбір қатысы болмайды. Осы ерекшелік – идеограммалдар мен
идеографиялық жазуға да тән нәрсе. Идеограммаларды цифрлар
тәрізді таңбалар деп
түсіну керек.
Қазіргі кездегі идеограммалар (математикалық, химиялық, астрономиялық, және
т.б. ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен немесе сөз тіркестерімен айтылатын
ғылыми терминдерді білдіреді. Мысалы, О-“кислород”, -түбір. Ғылым саласында жаңадан
пайда болған ұғым, ең алдымен, сөз тіркесімен айтылады да, осыдан кейін барып ол
арнаулы таңбамен белгіленеді. Пиктографиялық жазуға қарағанда, идеографиялық
жазудағы идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнелейді.
Идеографиялық жазу сөйлеудің мазмұнынын білдірумен бірге, оның бөлшектері -
сөздерді, сөздердің
синтаксистік орын тәртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонетикалық
жағынан да ажыратып бере алады.
3. Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде
таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық
мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан
буын жазуын негізгі үш топқа бөліп қарауға болады:
Мұның бірінші түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулары, майя жазуы,
лигатуралы дыбыстық корей жазуы жатады.
Буын жазуының екінші түріне крит-микен буын жазуы, кипр, эфиопия және
жапон буын жазулары жатады.
Буын жазуының үшінші түріне үнді жазуының әр түрлі жүйелері (кхарошти,
брахми, және т.б.) енеді.
4. Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды. Әріп жазуының пайда
болуының дүниежүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің
ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан
дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-
қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы
таңбалардың мұндай
шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы
(алфавит) – сөздерді ғана емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық жағы мен
грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.
Достарыңызбен бөлісу: