Эксперименттік есептерді шығару үшін, арнаулы құрал-жабдықтардың көмегімен тәжірибе жасап, нәтижесінде алынған шамалар арқылы есеп шығарылады. Эксперименттік есептерді шығару үрдісінде оқушылардың қызығушылығы артып, бақылағыштығы дамып, құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары мен икемділіктері жетіледі. Оқушылар физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тереңірек танып біледі.
Графиктік есептер деп график бойынша берілген есепке керекті шамаларды анықтап шығаруға болатын есептерді айтады.
Графиктік есептерді шығару үрдісінде графиктерді салу, графиктерден қажетті шамаларды тауып, есептеулерде қолдана білуге дағдыланады. Графиктерді салу, тұрғызу кезінде оқушылар физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті түсінуге, ұқыптылыққа үйренеді, яғни олардың танымдық және политехникалық мәні өте зор.
Физикалық есеп шығару үрдісінің дидактикалық талдамы.
Барлық физикалық есептер белгілі бір дидактикалық мақсаттарда шығарылады. Мұндай әрбір мақсатқа есептің нақты бір түрі сәйкес келеді.
Кіріспе – мақсаттану (проблемдік) есептері.
Оқыту нәтижесі болу үшін, оқушылардың білім алуға қажет мақсаттануын қалыптастыру керек. әрбір адамның белгілі бір деңгейдегі ақпарат алу қажеттігі болады. Мұндай ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру тұлғаны рухани байытып, оның тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ақпаратты қабылдаушы жүйені, қарапайым түрде, ақпараттар алмасу жолын бөгеуші сүзгілер жүйесі ретінде қарастыруға болады. Мұнда жүйеге ( тұлға) кіруші ақпарат пен оған мағынасы жағынан (жүйе ішінде) сәйкес келетін ақпаратты бөліп қарастыру керек. Сөңғысы көптеген сүзгілер жүйесінен өтіп, жүйеден шығардағы ақпарат. Дидактикалық тілде бұл мынаны білдіреді:
Мұғалімнің оқушыларға беретін ақпаратын оқушылар көріп немесе естіп қабылдайды. Бірақ әрбір оқушының сезім мүшелерімен қабылдайтын ақпараты өңдейтін өз “сүзгілер жүйесі” болады. Оқушылар жеткілікті дәрежеде дайын болмаса немесе дұрыс бағдарланбаса қабылданатын ақпараттың оқушы үшін мағнасы болмайды, яғни ақпарат сенімге, намымға, түсінікке, ғылыми көзқарасқа айналмайды.
Сондықтан мұғалімнің негізгі міндеті, оқушылардың алдағы жұмысқа (есеп шығаруға) белсенді қызығушылығын қалыптастыру. Бұл мәселені оқушыларға оқу материалын оқып-білудің және физика саласындағы жаңа ебдейліктерді меңгерудің қажеттігін көрсететін, кіріспе-мақсаттану немесе проблемдік тапсырмалар арқылы шешуге болады.
Проблемдік тапсырма кіріспе сабағында тұжырымдалып, жаңа тақырыпты меңгеру барысында шешілуі мүмкін. Яғни оқушылардың алдына проблемдік мәселе қою мұғалімнің болашақта ұсынатын ақпаратын мағналы ететін жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |