Дәрістер Дәріс 1 Тақырыбы: Кіріспе



жүктеу 291 Kb.
бет7/28
Дата03.02.2022
өлшемі291 Kb.
#35269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
1-8 Дәрістер АГРОХИМИЯ

Калий. Өсімдіктердің жас болған ағзаларында протоплазмаға бай келеткаларында, өсімдіктердің ұрығында, жеміс түзілетін ағзаларында көп кездеседі. Ал өсімдіктердің жоғарыда аталған бөліктерінде заттар күштірек алмасады клеткалар түзіледі, өсуі де жоғары қарқынды болады.

Жоғары дәрежелі өсімдіктер қоректерінің ішінде ешқандай калий болмаса, өсімдік құрып кетеді немесе өте болымсыз вегетативтік өнім береді. Калий жетіспесе плазмаколлоидтарының ылғалды сақтап тұру қабілеті кемиді. Өсімдіктер жазғы қуаңшылық кезеңдерінде су тез буға айналатындықтан калийдің жетіспеуінен көбірек зәру шегеді. Сондай-ақ калий бүршік тамырларының дамуына, клеткаларының толысуына және бүршік түйнектерінің неғұрлым қаулап жетілуіне үлкен әсер етеді. Көміртектің түзілуіне және қозғалысына қатысады.



Кальций өсімдіктің барлық клеткаларында болады, көп мөлшерде қымыздық қышқыл кальций түрінде ескірген клеткаларда жиналады кейде пектин, фосфор, күкірт қышқылы тұздары түрінде жиналады. Өсімдіктегі кальцийдің 20-65 %-і суда ериді, қалған мөлшері сірке, тұз қышқылының әлсіз ерітінділерімен алынады. Кальцийдің жетіспеу ең бірінші тамырда байқалады. Өсімдіктегі қоректік заттармен судың негізгі бөлігін қабылдайтын тамыр түтікшелері түзілуін тоқтатады. Кальций жоқ болса тамыр жабысқақтанып шіриді. Сыртқы клеткалар бұзылады, себебі клетка қабырғаларын толықтыратын пектин заттарымен липоидтар кальцийдің болмауынан еріп кетеді.

Магний хлорофил, фитин, пектин заттарының құрамына кіреді. Өсімдікпен сіңірілетін барлық магнийдің 15-30 % - і хлорофил құрамында болады. Көп мөлшерде тұқым және өсімдіктің жас өсіп келе жатқан бөліктерінде болады, дәнде негізінен ұрықта болады. Ал тамыр және түйнек жемістілер, бұршақ тұқымдастар және қарақұмықта негізінен жапырақтарында болады. Магний хлорофил молекуласынның құрамына кіріп фотосинтез процесінде маңызды физиологиялық рөл атқарады. Магний өсімдіктегі тотығу-тотықсыздану процестеріне ықпал етеді. Ол фосфатаза және басқа ферменттерінің белсенділігін арттырады.

Темір. Өсімдіктерде темір аз мөлшерде, проценттің жүздеген бөлігі (бидай дәнінде 0,02, сабанда 0,03 %). Бір гектардан алынған өнімде 1-10 кг темір бар. Сондықтан оны жиі микроэлементтерге жатқызады. Өнімнің жалпы массасындағы темір мөлшері дәнді дақылдарда 1 га-дан алынған өнімде 1,5 кг асбұршақтарда 2,2 кг, қант қызылшасымен картопта 12 кг. Темірдің көп бөлігі өнімнің тауарлық емес бөлігінде болады.

Темір құрамына кірмегенмен хлорофил жасыл пигмент синтезіне қатысатын ферменттер құрамында болады.

Темір өсімдіктегі күрделі органикалық қосылыстардың тотығу-тотықсыздану процестерін реттейді. Демалу ферменттерінің құрамына кіретін болғандықтан өсімдік демалуында маңызды рөл атқарады. Құрамында темір бар ферридоксин ақуызы өсімдіктегі фотосинтез процесіне азотты заттардың түрленуіне қатысады. Бұршақтұқымдастар түйнегінде темір құрамды ақуыз гемоглобин бар. Темір жетіспеуінен өсімдіктерде өсу заттары (ауксин) синтезі баяулайды. Кейіннен ағарып кететін ақшыл сары жапырақтар түзіледі.

Күкірт барлық ақуыздар құрамында болады, цистин, метионин аминқышқылдарында, өсімдік майларында (қыша, сарымсақ) витаминдерде (тиамин, биотин) бірқатар антибиотиктер құрамына енеді, соның ішінде пенициллин құрамына. Күкірт өсімдіктерде жүретін тотығу-тотықсыздану процестерінде, энзимдер белсенділігінде ақуыз алмасуында үлкен маңызға ие. Бұршақ тұқымдастарда түйнектің қалыптасуына оң ықпал етуіне байланысты атмосфера азотын қабылдауда маңызды.



Бор өсімдік гүлдерінің тозаңдану және ұрықтануында үлкен рөл атқарады. Бор жетіспеуінен гүлдер ұрықтанбай түсіп қалады, нәтижесінде тұқымдық өсімдік кемиді. Бор өсімдіктің өсуін, жемістер мен тамыр-жемістерде қанттың мөлшерін реттеп отырады. Мыстың, марганецтің, аллюминийдің уытын жойып, калийдің сіңірілуін күшейтеді, хлор мен азоттың сіңірілуін азайтады. Өсімдік ұлпаларын, әсіресе оның тамырларын оттекпен қамтамасыз етуді жақсартады. Басқа да микроэлементтер сияқты бордың ерекше маңыздылығы сонда, ол өсімдіктердегі тотықтыру процестерін реттеуге көмектеседі. Органикалық заттарды түзу үшін өсімдікке азоттың, фосфордың, калийдің және кальцийдің пайдалануын шұғыл арттырады.


жүктеу 291 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау