Дәріс сабақтарының конспектісі



жүктеу 400,43 Kb.
бет17/20
Дата09.08.2020
өлшемі400,43 Kb.
#31236
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
3f892adb-81f4-11e5-8348-f6d299da70eeIKS Lekcii kaz

Бақылау сұрақтары:

  1. Пайдаланушы интерфейстері қандай кластарға бөлінеді?

  2. GUI-ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?

  3. WUI-ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?

  4. HUI-ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?


14–ші дәріс. Компьютерлік иерархиялық жүйенің ақпараттық өзара қатынас интерфейсі.

Ақпараттық өзара қатынас деңгейінің жүйесі. Ақпараттық өзара қатынас деңгейінің интерфейстері мен хаттамаларының өзара қатынасы.

Ақпараттық өзара қатынас интерфейстерін WEB-қосымша мысалында қарастырайық. Бұдан бұрын қарастырылған пайдаланушылық WUI, қосымша деңгейінің программалық интерфейсімен тікелей байланысты екенін атап өту керек. Интернет торабындағы түрлі обектілердің өзара қатынасы ISO 7498 (ISO – International Organization for Standardization) жалпы халықаралық стандарттық ережелері мен талаптарына сай құрылады.

Бұл стандарт үш тақырыптан тұрады “Ақпаратты есептеу жүйесі – Ашық жүйелер өзара қатынасы – Эталонды модель”. Әдетте оны қысқаша – “Ашық жүйелердің өзара қатынасының эталонды моделі” деп атайды. 1983 жылғы осы стандарттың жарияланғаны көптеген белгілі телебайланыстағы компаниялардың және стандарттаушы ұйымдардың көп жылдық жұмысының қорытындысы болды. Осы құжаттың негізі болып табылатын негізгі мақсаты, жүйе аралық ақпараттық өзара қатынас процесін, нақты анықталған қызметімен деңгейлерге бөлу.

Өзара қатынас моделі ретінде OSI (Open System Interconnection) Америка ұлттық стандарт институты ұсынған құрылым болды ANSI (American National Standards Institute) ISO 7498 телебайланыс саласындағы стандарт болып табылады.

Әр салалы ұйымдық өзара қатынастың артықшылығы ол деңгейлік стандарттың дербес жоспарымен қамтамасыз етеді және ақпараттық есептеу жүйесінің программалық қамтамасыз етуі және құрылғының модульді болуы, осы саладағы техникалық дамудың деңгейіне ықпал етеді.

Көп деңгейлік модельді қолданғанда, торап түйіндерінің арасында ақпараттың орнын ауыстыру үшін, ең кіші бөлшектерге бөледі, демек мәселелерді жеңіл шешуге ықпал етеді. Көп деңгейлік модель ақпарат қалай бір қолданбалы программадан, мысалы кестені өңдеуден, басқа компьютерлік торапта тұрған, сол кестені өңдейтін екінші қолданбалы программаға өту жолын сипаттайды.

Мысалы 15-ші суретте көрсетілген А жүйеде Б жүйесіне жіберетін ақпарат бар. А жүйесінің қолданбалы программасы ,А жүйесінің 4-ші деңгейімен (жоғарғы деңгей) байланыса бастайды да, өз кезегінде, А жүйесінің 3-ші жүйесімен байланыса бастайды. Сөйтіп А жүйесінің 1-ші деңгейіне жетеді. 1-ші деңгейдің міндеті ақпаратты тораптың физикалық ортадан алып, беру. Осыдан соң ақпарат тораптың физикалық ортадан өткеннен кейін, Вжүйесіне келіп түседі де, В жүйенің әр деңгейінде өңделіп отырады. Бұл құбылыс кері ретпен 1-ші деңгейде сосын 2-ші деңгейде жүреді және т.с.с. В жүйесінің қолданбалы программасына жеткенше орындалады.



Көп деңгейлік модель өзара қатынастағы жүйенің деңгейімен тікелей байланыстыру бағытын ұстамайды демек, А жүйесінің әрбір деңгейі оған берілген. В жүйесінің сәйкес деңгейімен байланыс орнату үшін, А жүйесінің аралас деңгейінің көмегіне сүйенуі керек. Мысалы үшін А жүйесінің 4-ші деңгейі В жүйесінің 4-ші деңгейімен байланысқа түсуі керек дейік. Ол үшін А жүйесінің 4-ші деңгейі А жүйесінің 3-ші деңгейінң көмегіне сүйену керек. Сонда 4-ші деңгей “көмек алушы” болып есептелінеді, ал 3-ші деңгей “көмек беруші” болып есептелінеді.

15-ші сурет.



Көрсетілетін қызмет туралы ақпарат деңгейлер арқылы, арнайы ақпараттық блоктар арқылы беріледі. Бұл тақырып деп аталынады. Тақырып әдетте берілген қолданбалы ақпараттың алдында болады.


16-шы сурет. Әртүрлі деңгейдегі деректердің инкапсуляция блоктары.


Мысалы, А жүйесі В жүйесіне бір мәтінді жібергісі келеді дейік. Мәтін “деректер” немесе “ақпарат” деп аталынады. Бұл мәтін А жүйесінің қолданбалы программасынан, осы жүйенің жоғары деңгейіне беріледі. А жүйесінің қолданбалы деңгейі, В деңгейінің қолданбалы деңгейіне белгілі бір ақпаратты жіберуі керек, сондықтан ол өз деңгейінің басқарушы ақпаратты тақырып түрінде, берілетін тиісті нақты мәтіннің алдына орналастырады. Осындай жолмен құрылған ақпараттық блок, өз өзіне меншікті басқарушы ақпаратпен оны ескерте алатын А жүйесінің 3-ші деңгейіне беріледі.

Хабарлама мөлшері, төмен деңгейлер арқылы торапқа жеткенге дейін өседі. Мұнда мәтіннің түпнұсқасы және онымен түгелдей байланысқан басқарушы ақпарат, В жүйесіне көшеді және В жүйесінің 1 деңгейімен жұтылады. В жүйесінің 1 деңгейі түскен ақпараттан тақырыбын бөліп алады және өңдейді, содан кейін ол келіп түскен ақпараттық блокты қалай өңдейтінін анықтайды. Мөлшерлері азайтылған ақпараттық блок 2-ші деңгейге беріледі. Ол берілетін деңгейдің тақырыбын бөледі және оның орындайтын әрекетін білу үшін сараптайды. Қашан ақпараттық блок В жүйесінің қолданбалы бағдарламаларына жеткенде, ол тек түпнұсқалы мәтінге ие болу керек.

Тақырып және мәліметтер құрылымы салыстырмалы түрде, сол сәтте ақпараттық блокты сараптайтын деңгейге тәуелді болады. Мысалы, 2 деңгейдегі ақпараттық блок, осы деңгейдің және оның ізінен тізілетін тақырыптан құралады. Бірақ 2 деңгейдің мәліметтері 3 және 4 деңгейлердің тақырыбынан да тұруы мүмкін. Сонымен қатар, 2 деңгейдің тақырыбы 1 деңгейге қарапайым мәлімет болып келеді. Тақырып түріндегі әрбір жүйенің деңгейіндегі ақпараттық блок тексерілген қосындымен сәйкес келетін КонтСум арқылы аяқталады. Бұл концепция 16-шы суретте бейнеленеді.

Берілген модель бір-біріне салынған матрешканы еске түсіреді. Олардың ішіндегі ең кішкентайы – пайдаланушының мәліметтері, ал барлық қалғандары тағайындау нүктесіне мәліметтерді жеткізу үшін қызмет етеді .

Басқаша айтқанда, бұл жұмыстың механизмі нәтижесінде жоғары деңгейдегі әрбір пакет төмен деңгей протоколының “ конвертіне “ салынады.

ISO 7498 стандартына сәйкес ақпараттық өзара қатынастың жеті деңгейі (қабаттары) белгіленеді:

1. Физикалық деңгейі (Physical Layer)

2. Каналдық деңгейі (DataLink Layer).

3. Тораптық деңгей (Network Layer).

4. Транспорттық деңгей ( Transport Layer).

5. Сессиялық деңгей ( Session Layer).

6. Ұсыну деңгейі ( Presentation Layer).

7. Қосымша деңгейі ( Application Layer).

Екі не одан да көп жүйенің ақпараттық өзара қатынасы, ішкі деңгейілік жүйелердің ақпараттық өзара қатынасының жиынтығын береді. Сайып келгенде, локальді ақпараттық жүйелердің әрбір қабаты, сәйкесінше алыстатылған жүйенің қабатымен өзара қатынаста болады.



Анықтама.

Протокол – аттас деңгейлердің объектілерінің өзара қатынас алгоритмдерінің (ережелері ) жиынтығы.

Ақпараттық жүйелердің қабаттары (деңгейлері) бір-бірімен өзара қатынаста болады. Онда тікелей өзара қатынасқа тек көршілес деңгейлер қатысады. Әдетте, орта деңгей төменгі деңгей ұсынатын қызметтерді пайдаланады, ал өзі, өз кезегінде жоғарғы деңгейге қызмет етеді.



Анықтама .

Интерфейс – берілген деңгейдің объектісімен өзара қатынасы сәйкес жүзеге асатын ережелердің жиынтығы.

Тораптық өзара қатынастың иерархиялық ұйымдасуы, мәліметтердің тасымалдау технологияларында орны басылған өнделген құрылымдарды және олардың өзгерістерге тез бейімделуін қамтамасыз етеді. Мысалы, физикалық тасымалдауыш арқылы мәліметтерді тасымалдаудың жаңа әдісіне көшкенде, тек қана төменгі деңгейде өзгеріс орын алады. Егер протоколдар жүйесі ISO 7498 талаптарына сәйкес ұйымдасса, жоғарғы деңгей өзгеріссіз қалады. Тәжірибе жүзінде берілген стандарттың талаптары протокол стектері түрінде жүзеге асады.



Анықтама

Стек – өзара қатынас протоколдарының иерархиялық ұйымдасқан тобы.

Стекке жататын протоколдар арнайы интерфейс иемденеді. Олар тек сол стектің сәйкес деңгейлерінің протоколдарымен өзара қатынасы үшін арналған. Мұндай стектердің мысалы ретінде ТСР/ IP стегін келтіруге болады.

Әдетте, 7-5 деңгейлер жоғарғы болып есептеледі және нақты тораптың ерекшіліктерін көрсетпейді . Пайдаланушының (хабарлама) мәліметтер блогы осы деңгейлермен біртұтас ретінде қарастырылады. Өзгерістерді тек мәліметтердің өздері өткеруі мүмкін.

Кейде 1-3 және 4 деңгейлер OSI төменгі деңгейлері болып саналады. Бұл деңгейлердің әрбірінде мәліметтерді ұсыну форматы анықталады. Стектің 4-деңгейінен біріншіге өту барысында пайдаланушының хабарламасы тізбектей фрагментеледі және сәйкес деңгейдің мәліметтер блогінің тізбегіне түрленеді.



Анықтама .

Инкапсуляция – фрагментелген мәліметтер блогының бір деңгейден басқа деңгейдегі мәліметтер блогына орын ауыстыру процесі.

Әдетте, жоғары деңгей протоколдар деректері – төмен деңгейдегі протоколдар деректерінің блогына инкапсуляцияланады (тораптық-каналдық). Сонымен қатар, аттас деңгейдегі протоколдар үшін де инкапсуляция орындалуы мүмкін.


Әдебиет: 1нег.[20-26], 2нег. [80-98], 7қос.[100-117], 9қос.[211-234].


жүктеу 400,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау