Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



жүктеу 482,3 Kb.
бет1/3
Дата01.01.2018
өлшемі482,3 Kb.
#6892
түріПротокол
  1   2   3

1-Модуль. Компьютерлік желі түрлері


Глоссарий:

Желі – жіберу құрылғысы мен мәліметтерді өңдеуді жасаушы объекттер жиынтығы.

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желелерді бір – бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі.

Хаттама (протокол)- бірыңғай стандарт, ережелер.

Логикалық арна – бір жүйеден басқаға ақпаратты беру жолы.

Трафик (traffic) – ақпарат алмасуының хабарлар ағыны.

Архитектура – желідегі жұмыс станцияларының өзара әрекеттестігінің функциясы мен құрылымын, анықтайтын байланысты концепция.
Тақырып №1. Компьютерлік желі түрлері

Дәрістің мақсаты: Компьютерлік желі түрлерімен танысу, олардың түрлері арасындағы айырмашылықтарды айыру.

Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:

  1. Желі ұғымын қарастыру

  2. Желі түрлерімен танысу

  3. Ақпараттық және коммуникациялық желі ұғымдарын қарастыру

  4. Желінің бірыңғай және иреархиялық түрлерін қарастыру

  5. Желіні қолданудың артықшылықтары

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).

Желі дегеніміз – бұл жіберу құрылғысы мен мәліметтерді өңдеуді жасаушы объекттер жиынтығы. Халық аралық стандарттаушы кәсіпорындар есептеуіш желіні – бір бірімен тәуелсіз байланысқан құралдардың арасында мәліметті бит-бағдарланған тізбек ретінде жіберу деп қарастырады.

Желі негізінен жекеше мекемелерде болады және әлдебір аумақты алады, аумақтық танымы бойынша мыналарға бөлінеді:


  • Локальдық есептеуіш желілері (ЛЕЖ) немесе Local Area Network (LAN), бір немесе бірнеше жақын орналасқан мекемелерде орналасады. ЛЕЖ негізінен қандай да бір ұйымдарда (корпорация, мекеме) орналасады, сондықтан корпорациялық деп аталады.

  • Үлестірілген компьютерлік желі, глобальды немесе Wide Area Network (WAN), әр түрлі мекемелерде, қалаларда және елдерде орналасып территориялық, араласқан және глобальдық болады. Осыдан глобальды желілер 4 түрге бөлінеді: қалалық, аймақтық, ұлттық және трансұлттық. Өте үлекн аумақтық бөлінген желілерге мысал ретінде: Internet, EUNET, Relcom, FIDO-ны атауға болады.

Жалпы жағдайда желі құрамына келесі элементтер кіреді:

  • Желілік компьютер (желілік адаптермен қамтылған);

  • Байланыс каналдары (кабельді, спутникті, телефонды, цифрлық, талшықты-оптикалық, радиоканалды және т.б.);

  • Сигнал түрлендірулерінің коптеген түрлері;

  • Желілік құралдар.

Екі түрлі желілік ұғымдарды айырады: коммуникациялық және ақпараттық желі. (1-сурет)

Коммуникациялық желі ақпаратты беруге арналған, және де мәліметтерді түрлендіруге байланысты тапсырмаларды орындайды. Коммуникациялық желі физикалық құралдарды қолдану типімен айырылады.



Ақпараттық желі ақпаратты сақтауға арналған және ақпараттық системалардан тұрады. Коммуникациялық желі базасында ақпараттық желі тобы құрылуы мүмкін.


Сурет 1 Ақпараттық және коммуникациялық желілер

Компьютерлік желі ақпараттық жүйеден және байланыс каналдарынан тұрады.

Ақпараттық жүйені ақпаратты сақтауға, өңдеуге және беруге болатын обьекті айтуға болады. Ақпараттық жүйе құрамына: ақпаратты өңдеу және мәліметті беру процесіне арналған компьютерлер, программалар, қолданушылар және басқа да құраушылар кіреді. Қолданушының тапсырмаларын орындауға арналған ақпараттық жүйе – жұмыс станциясы (client). Желіде жұмыс станциясы дербес компьютерден айырмашылығы ақпаратты беруге және желілік программалық жабдықтама арналы желілік картасы бар.

Сигнал беретін жолы мен құралын байланыс арнасы деп аталынады. Сигналдарды беру құралдарын абоненттік, физикалық және арна деп татайды.

Байланыс арнасы (data link) желілік құралдар мен физикалық байланыс құралдары арқылы байланыс тізбегі құрылады. Физикалық байланыс құралдары есулі ќос өткізгіш, коаксалды кабель, оптикалық канал немесе эфир негізінде құралады. Ақпараттық жүйенің физикалық коммуникациялық желі арнасы және коммуникация әрекеттестігі арасында логикалық арна орнатылады.

Логикалық арна – бір жүйеден басқаға ақпаратты беру жолы. Логикалық арна бір немесе бірнеше физикалық арналар маршруты бойынша қаланады. Логикалық арнаны физикалық канал және коммуникация торабының маршруды деп атауға болады.

Желідегі ақпарат обьектер арасында ауысу процедурасы арқылы ақпарат блоктарымен беріледі. Бұл процедуралар ақпарат алмасу протоколдары деп аталады.

Протокол – екі немесе бірнеше құрылғылар арасындағы ақпарат алмасуының форматы мен процедурасын орнататын ережелер жиынтығы.

Желі жүктелуінің параметрі трафик деп сипатталынады. Трафик (traffic) – ақпарат алмасуының хабарлар ағыны.

Желі сипаттамасына қатынау үрдісі қатты әсер етеді. Қатынау үрдісі дегеніміз - байланыс арнасына келесі болып кім қатынай алатынын және байланыс арнасына кіруді қалай басқаратынын анықтайды.

Барлық жұмыс станциялар физикалық байланыс арналары арқылы байланысқан белгілі структурасы – топология деп аталады. Топология – қандай жұмыс станциялары бір бірімен байланыса алатынын көрсететін физикалық желілік байланысты сипаттайды.

Негізгі элементтер құрамы өзінің архитектурасына байланысты болады. Архитектура – желідегі жұмыс станцияларының өзара әрекеттестігінің функциясы мен құрылымын, анықтайтын байланысты концепция. Ол техникалық және программалық желі құралдарының логикалық, функционалдық және физикалық организациясын қарастырады. Архитектура желідегі элементтер аппараты және программалық ќамтамасыз ету құрылуы және жұмыс істеуін анықтайды.

Архитектураның 3 түрі бар: терминал-басты компьютер архитектурасы, клиент-сервер архитектурасы, бір рангілі архитектура.

Жергілікті есептеу желілері бірыңғай және иерархиялық болып бөлінеді. Бірыңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз – ресурстары осы сәтте басқа компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен, ОЖ құралдарымен жасалады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгілейді.

Бірыңғай желілердегі операциялық жүйелер ортақ ақпараттық ресурстардың оқылуын және редакциялануын, «бөтен компьютерден» программаларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралдарын қамтамасыз етеді.

ОЖ Windows 95-те компьютерлік жүйенің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар:



  • MS Exchange программасы – пошталық алмасу программасы, ол хабарлар мен файлдардың нақты пайдаланушыларға (жұмыс станцияларына) немесе топтың барлық пайдаланушыларына жіберілуін қамтамасыз етеді;

  • Shedule+ программасы әркімнің өз жұмысының кестесін жобалау және қажет болған жағдайда ол жөнінен желідегі жұмыс тобының басқа пайдаланушыларымен бір пікірге келу, келісу құралы (мысалы, ортақ жиналыстарды, бірлесіп істейтін жұмыстардың жай-жапсарын пысықтау үшін).

Иерархиялық желілер. Иерархиялық жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады.

Иерархиялық желілердегі сервер – бөлектенетін ресурстардың тұрақты сақтау қоймасы. Сервердің өзі тек иерархияның одан жоғары деңгейіндегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бәлкім, бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылықты винчестерлерден, жоғары жылдамдықты желілік картадан (100 Мбит/с жәнеәне одан да көп) тұрады.

Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау амалын арнайы адам мен – желінің басқарушысы белгілейді. Бірлесе пайдаланатын ақпараттың сақталуы үшін жауапкершілік те соның мойнында.

Жергілікті иерархиялық желілерде мәліметтерді өңдеу екі объектінің: клиент пен сервер арасына бөлінген. Клиент, жоғарыда айтып өткеніміздей, жұмысшы станциясы, бұл сөздің мағынасына жұмысшы станциясын пайдаланушыны да қосуға болады. Бірақ, сонымен бірге жұмысшы станциясынан сервердің ресурстарына енуді жүзеге асыратын арнаулы компьютерлік программа да «клиент» деп аталады. Мәліметтерді өңдеу кезінде клиент қандай да бір күрделі немесе арнаулы процедураларды орындау үшін серверге сұрату дайындайды, мысалы, файлды санау, жазбаларды іздестіруді жүзеге асыру және т.б. Сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да, қорытындысын клиентке қайта жібереді. Әдетте, сервер жалпы пайдаланудағы мәліметтерді сақтауға, оларға енуге және мәліметтерді клиентке жолдауға жауап береді. Мәліметтерді алған клиент оларды өңдеп, өңдеудің нәтижесін пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады. Кейде мәліметтерді өңдеуді сондай-ақ сервер де орындайды.

Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалық қамтамасыз ету екі бөліктен тұрады:

- серверде орнатылатын желілік операциялық жүйе;

- жұмыс станциясындағы программалық қамтамасыз ету, бұл жұмыс станциясында бар операциялық жүйенің басқаруында жұмыс істейтiн программалар жиынтығынан тұрады. Әлбетте, әр түрлі жұмыс станцияларында бір желіге алуан түрлі операциялық жүйелер орнатылуы мүмкін.

Үлкен иерархиялық желілерде желілік операциялық жүйе ретінде UNIX пайдаланылады. Орта көлемдегі желілерде қазіргі уақытта Windows NT желілік операциялық жүйесі қойылады. Мұндайда серверде Windows NT Server деп аталатын оның серверлік бөлігі, ал жұмысшы станцияларында Windows NT Workstation клиенттік бөлігі орнатылады немесе клиенттің программасы ретінде Windows 95 пайдаланылуы мүмкін.

Серверді иерархиялық желілерде пайдалану жолдарына байланысты серверлердің мынадай типтерін бөліп айтуға болады:

файлдық сервер – бірлесіп өңдейтін файлдар, бірлесіп пайдаланатын программалар сақталатын және оларға пайдаланушы адамның қолы жетуін қамтамасыз етуші компьютер;

деректер базаларының серверідеректер базасы файлдарын сақтау, өңдеу, басқару жәнеәне жұмыс станциясынан келіп түскен сұраныс бойынша ақпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;

басып шығару сервері – басып шығару құрылғысы, қолданушылардың қолы жетуге қолайлы желілер қосылған компьютер, ол басылым сұранысына қызмет етеді, олардың орындалу кезегін ұйымдастырады;

пошта сервері – жергілікті желілер бойынша да, ішкі модем бойынша да жіберілетін және алынатын ақпараттар сақтаулы компьютер. Оны пайдаланушы адам өзіне ыңғайлы кез келген уақытта өз атына келіп түскен ақпаратын жібере алады.

Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

 құжаттарды бірге пайдалану;

 құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әр түрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

 компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

 сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;

 қымбат тұратын қорларды – принтерлерді, CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы программаларды (мысалы, мәтіндік процессорларды немесе мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т.б.


Қазіргі кездегі желілерді көптеген түрге жіктеуге болады: компьютердің қашықтығы, топологиясы, тағайындалуы, қызметтің берілу тізімі, басқару принципі, коммутация методтары, қатынау методы, жіберу орта түрі, мәліметті беру жылдамдығы және т.б..

Желілерді қолдану артықшылығы

Компьютерлік желілер адамдар мен компьютер арасында мәліметті беру және жеткізу жылдамдығын беретін ынтымақтастық нұсқасы. Компьютерлерді бір-біріне біріктіруді 30 жыл бұрын бастады. Компьютерлердің мүмкіндігі өсіп және ДК-лер әр-біреуге қол жеткізерлік.

Желіге қосылған компьютерлер ақпаратты алмасуда, ақпаратты сақтау құрылғысы және перифериялық құралдарды қолданады

Ресурс пен ақпаратты желі арқылы бөлуге болады. Төменде жеке компьютер көмегімен орындау қиын болатын, желідегі жұмыс станциясының көмегімен шығарылатын негізгі тапсырмалар берілген:

Компьютерлік желі перифериялық құралдарды қолдануға мүмкіндік береді:


  • Принтерлер;

  • Плоттерлер;

  • Дисктік жинақтауыштар;

  • Приводтар CD-ROM;

  • Дисковод;

  • Стриммерлер;

  • Сканерлер;

  • Факс модемдері;

Ақпараттық ресурспен бірге компьютерлік желіні қолдануға мүмкіндік береді:

  • Каталогтар;

  • Файлдар;

  • қолданбалы бағдарламалар;

  • ойындар;

  • мәліметтер қоры;

  • тексттік процессор.

Компьютерлік желі мәліметтер бүтіндігін сақтап ортақ мәліметтер қоры және файл мен жазбалардың бўєаттап, қатынау мүмкіндігімен қамтамассыз етіп, коппайдаланушы программамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді кез келген ЛВС стандарттында құрылған программаларды басқа да желілерде қолдануға болады.

Ресурстың үйлесімді қолданылуы уақыт пен қорларды үнемдейді. Мысалы, принтерді коллективті жұмыс орнында қолдану кезінде барлығына бір принтер сатып алу әр біреуіне жеке сатып алуынан әлдеқайда үнемді және жұмысшылармен дискедамен жүгірмей ақ желі арқылы мәліметті басып шығаруға болады.

Электронды почта ұйымдастығы. ЛВС-ты почталық қызмет ретінде ғана емес сонымен қатар қызметтік жазбаларды, баяндамаларды және де басқа қолданудыларға хабарлама жазуға болады.

Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:

1) Компьютерлік желі түрлеріне өмірде мысал келтіру

2) Глобальды желіге қатынауды іске асыру

3) Жергілікті желіге қосылу элементтерімен жұмыс жасау



Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,5,6,7,8,11,13
Тақырып №2. Желінің есептеу топологиясы

Дәрістің мақсаты: Желінің есептеу топологиясымен танысу

Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:

  1. Топология ұғымын қарасытыру

  2. Жұлдызша топологиясымен танысу

  3. Сақина топологиясымен танысу

  4. Шина топологиясымен танысу

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).

жүктеу 482,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау